Курсы: семестрі: Құрастырушы: Тагабаева Л. М


Жаңа тақырыпты бекіту. 20



жүктеу 0,86 Mb.
бет8/9
Дата21.11.2018
өлшемі0,86 Mb.
#23195
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9

10. Жаңа тақырыпты бекіту. 20 мин (22%)

Оқушылардың білім деңгейін тест және ситуациялық есептерді шешуіне байланысты бағалау.



Тесттер:

1. Операция алдында хирург қолын өңдеуге арналған қандай дезинфекциялаушы кұралдарды колдана алады ?

  1. калий перманганатының ерітіндісі

  2. сулема ерітіндісі

  3. диоцид

  4. хлоргексидин биглюконаттын 0,5% спирттік ерітіндісі

  5. сутегінін аскын тотығы

  6. құмырсқы қышкылының ерітіндісі (первомур)

  7. фурациллин

Жауаптардын дұрыс комбинациясын табыныз:

А) 2,4,6 Б) 3,4,6 В) 1,6,7 Г) 2,5,6 Д) 3,6,7

2. Дұрыс сақтаудың шарттарын орындағанда хлорлы әктңн 10 % - тік ағартылған ерітіндісін қанша күн сактауға болады ?

  1. 1-3

  2. 5-7

  3. 10-12

  4. 14-15

  5. 1-ай

3. Мына дезинфекциялаушы ерітінділерді дайындау үшін не қажет ?

1. хлорлы әктң 10%-тік ағартылған ерітіндісі және 10 литр су

2. хлорлы әктің 0,1 % - тік жұмыс ерітіндісі
Сәйкестіктерді табыңы
з:

а) 100 мл хлорлы әктің 10 % - тік ерітіндісі және 10 литр су

б)1 кг хлорлы әк және 10 литр су



в) 100 г хлорлы әк және 1 литр су

г) 10 мл хлорлы әктің 10 % - тік ерітіндісі және 1 литр су

4. Бөлімшедегі бөлмелерді ылғалды тазалау қандай дезинфекциялаушы
ерітіндімен жүргізіледі?

  1. хлорлы әктің 10% - тік ерітіндісімен

  2. хлорлы әктің 2 % - тік ерітіндісімен

  3. 0,5 % хлорамин ерітіндісімен

  4. 3 % хлорамин ерітіндісімеи

  5. 3 % кальций гипохлоридімен

5. Палаталардын санитарлық тазалауы кай уақытта аякталуы керек?

  1. 8.00

  2. 9.00

  3. 10.00

6- Аурухана бөлімшелеріндігі бөлмелерді тәулігіне неше рет ылғалды тазалау керек1?

а) 1


6)2

в) 3


г)4

д) 5

7.Егу кабинетіне неше рет генеральды тазалау жүргізіледі ?

  1. Айына бір рет

  2. екі аптада бір рет

  3. аптасына бір рет

  4. аптасына екі рет

  5. кунделікті

  1. Аптасына бір рет егу кабинетіне жүргізілетін тазалау аталады:

а)қорытынды

б)күнделікті

с)ағымды


  1. Егу кабинетін күнделікті тазалау жүргізіледі

  1. 0,2 % хлорамин ерітіндісін

  2. 10%хлорамин ерітіндісін

  3. 1 % хлорамин ерітіндісін

  4. 5 % хлорамин ерітіндісін

10. Хлорлы әктің 5 % - тік ерітіндісін калаи дұрыс дайындау керек ?

а) 10 литр су және 50 мл хлорлы әктін 10 % - тік ерітіндісі

б) 5 литр су және 5 л хлорлы эктін 10% -тік ерітіндісі

в) 10литр су және500мл хлорлы әктің 10 % - тік ерітіндісі

г) 7 литр су және 3 л хлорлы әктің 10 % - тік ерітіндісі

д) 10 литрсу және 1л хлорлы әктің 10%-тік ерітіндісі
Ситуациялык есептер

1. Медбике егу кабинетін күнделікті тазалау үшін сабын - содалы ерітіндіні

колданды. Оны дайындау ушін 10 литр суға 1 кг сабын, 1 кг сода алды. Қандай концентрациядағы ерітінді дайындалды? Осындай ерітіндімен егу кабинетін күнделікті тазалауға болады ма?

2. Плевральды пункция жасауға медбике дәрігерге көмектесуі

(ассистент болуы ) керек болды. Медбике колды өндеудің қандай денгейін колдану керек?. Бұған қандай ерітінділерді алуға болады ?.

3. Медбике хирургия бөлімшесіне түнгі кезекшілікке келді. Оның сырткы көрінісі мынадай: таза, өтектелген халат, қалпак, калпақ астынан жиналған шаштын ұшы шығып тұр, тырнактары - 4 мм, лак жағылған.
11. Сабақты қорытындылау. 5 мин (6%)

Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады.


12. Үйге тапсырма беру. 5 мин (6%)

Н -1, 2 - бөлім , 154 – 173 бет




12 - сабақ

1. Сабақтың тақырыбы: Өзіне өзі қызмет ету тапшылығы бар науқастарға күтім көрсету принциптері.

2. Сағат саны: 2 (90 мин - 100%)

3. Сабақ түрі: теориялық

4. Сабақтың мақсаты:

оқыту: Оқушыларды өзіне өзі қызмет ету тапшылығы бар науқастарға күтім көрсету принциптерімен таныстыру.

тәрбиелік: Оқушыларды өзіне өзі қызмет ету тапшылығы бар науқастарға күтім көрсету кезінде кішіпейілділікке тәрбиелеу.

дамыту: Оқушыларды науқастарға күтім жасау қабілетін дамыту.

5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б) оқыту орны: № 2, 3, 4 бөлмелер.

6. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

1. «Мейірбике ісінің негіздері» Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.

2. «Мейірбике ісі негіздері» пәні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағы. М.Ш.Нурманова., Ж.Т.Матакова., Э.Т.Беискулова –Қарағанды,2012.

3. «Науқас адамдарды жалпы күту» Санов С.- Қарағанды,2013



Қосымша (Қ)

1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА



7. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

8. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%)

  • Бөлімшедегі емдеу сақтандыру тәртібі

  • Науқасты жалпы күту міндеттері

  • Емдеу мекемелерінде науқастардың физикалық режимдері

  • Бөлімшедегі тәртіп және оның маңызы


9. Жаңа сабақты түсіндіру : 40 мин (44%)

Жоспар:


  • Ауыр халдегі науқастарға күтім жасау;

  • Функционалды керуетті пайдалана отырып науқасқа күтім

  • Өзіне өзі қызмет ету тапшылығы бар науқастардың төсек орнын ауыстру;

  • Өзіне өзі қызмет ету тапшылығы бар науқастардың іш киімін ауыстру.

Ауыр халдегі науқастарға күтім жасау

Күнделікті өмірде науқастардың күтімі науқасқа көмек көрсету, олардың түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бағытталады. Ауыр халдегі науқасқа тамақ беру, сусын беру, жуынтыру, қозғалту, ішек пен несеп жолдарын тазалықта ұстау керек. Мұндай көлемдегі күтімге кіші мейірбике немесе науқастың туыстары көмектеседі. Науқастың күтімін ұйымдастыруда барлық медицина қызметкерлер міндетті түрде белсене атсалысуы керек. Төсектік тәртіпте жатқан науқастар өзінің физиологиялық қажеттіліктерін жатқан күйде шығаруға мәжбүр болады.Мұндай жағдайда науқастарға астынан салынатын дәрет қабылдау ыдыстарын қояды. Дәрет қабылдаған ыдыстарды ыстық сумен әбден жуып, 1 – 2 пайыз хлорлы әк немесе 3 пайыз хлорамин лизол ерітіндісімен тазалайды. Жағымсыз иістерді жою үшін ыдыстарды әлсіз калий перманганаты ерітіндісімен шаю керек.

Функционалды керует

Функционалды керует ерекше құрлымдық кереует болып есептеледі, бірнеше бөліктерден құралған, қалпын қолмен ауыстыруға, бұрылуға болады. Керуеттің бас жағы мен аяқ жағы тез арада керекті қалыпқа қоюға болады. Бүл керуерттерді арнайы бұрағыштармен бұрауға болады: керует алды столдар, тамшы қоятын штатив, судно және несеп шығарғыш заттарды қоятын жеке ұяшығы бар. Функционалды керуетті ауыр жатқан науқастарға ыңғайлы қалыпқа келтіруге және қозғалтуға тиімді болу үшін және медбикеге ауыстыруға тиімді.

Ұстау жүргенде көмек көрсету, науқасты төсекте ауыстыру үшін. Медициналық жұмысшы науқасты күткен кезде қауіпсіз бірнеше әдіс шаралары. Науқасқа дұрыс қарамағанда арқасын жарақаттап алуы мүмкін және медбике күту кезінде бір жерін ауыртып алуы мүмкін. Күту кезінде ыңғайлы әдісті қолдану, омыртқаға және транспорттау кезінде денеге салмак, аз түсу.

Емдеу мекемелерінде қарапайым немесе арнайы кереуеттер кдлданады. Тұтқалардың көмегімен олардың бас және аяк жағын көтеріп немесе томен түсіруге болады. Жартылай отырғызу үшін бас жагын котереді, ондай жағдайға лайықталмаса бірнеше жастық қойылады. Қандай жағдай болса да науқастың ауыр халін жеңілдету үшін, оныц жатып түруына ыцғайлы жағдай жасау керек.

Науқастарға төсек пен ішкиімдерін 7 күиде бір рет ауыстырып отыру керек. Егер ластанса, мерзімін күттірмей жаңа төсек пен ішкиім беріледі. Босанған эйелдерге төсекті 3 күнде бір рет, ал ішкиімдер мен орамалды күн сайын беріп отырады.

Ауыстырылған тосектер мен киімдерді жабық ыдыстарға немесе қапқа салып, уақытша санитарлық бөлмелерде сақтайды, одан эрі зарарсыздандыруға жібереді. Таза киім-төсектер арнайы бөлінген бөлмеде сақталады. Бөлімде олардың тэуліктік коры болуы керек. Киім-төсектер мен оларды сақтайтын ыдыстар болім бойынша таңбаланады. Наукасты ауруханадан шығарғаннан кейін киім-тесектерін, ал жастык, жамылғыш пен матрацтары ластанған жағдайда ауыстырылып, зарарсыздандыру камерасына откізеді.

1. Кереуетке матрац төсейді, үсті біркелкі тегіс болуы керек.

2. Үстіне ақжайма жауып, шетін матрацтың астына жібереді, қажет болса оныц үстіне клеенка, жаялык жаяды.

3. Жастықтың тысын кигізіп кереуеттің бас жағына қояды.



Төсекті ауыстыру

Егер науқас катан төсек тэртібінде болса:

1. Таза ақжайманы көлденең орайды.

2. Наукастьщ кеудесін көтеріп, жастыкты алып, тысын ауыстырады.

3. Бұрынғы ақжайманы бас жағынан беліне дейін орайды.

4. Таза ақжайманы босаган жерге жайып, жастықты бас жағына қояды, науқастың басын жастыққа салады.

5. Науқастын жамбасын, аяғын көтеріп бұрынғы акжайманы алып тастап, тазасын жаяды.

6. Наукасты жатқызып, ақ жайманың шеттерін матрацтың астына түзейді.

7. Жамылғыштың тысын алмастырып, науқастың үстіне жабады.

8. Ауыстырылған лас тосектерді қапқа салады.

9. Қолды асептикалық ерітіндімен өңдейді. Егер науқасқа төсекте қозғалуға рұқсат болса:

1. Таза ақжайманы үзыннан орайды.

2. Науқастьщ басын көтеріп, жастықты алады.

3. Науқасты бір бүйіріне аударып, сол қалпында ұстайды.

4. Бұрынғы ақжайманы үзынынан наукаска қарай орайды.

5. Таза ақжайманы босаған жерге үзынынан жаяды.

6. Науқасты аркасымен таза ақжайма жағына бұрып, бүііірімен жатқызады.

7. Бүрынғы ақжайманы алып тастап, тазасын жаяды.

8. Наукасты жаткызып, ақжайманың шеттерін матрацтың астына түзейді.

9. Жастықтың тысын ауыстырып, басының астына салады.

10. Жамылғыштың тысын алмастырып, науқастың үстіне жабады.

11. Ауыстырылған лас төсектерді қапқа салады.

12. Қолды асептикалық ерітіндімен өңдейді.

Ішкі киімдерді ауыстыру

1. Науқастың кеудесін көтереді.

2. Үстіндегі бұрынғы койлегін шүйдесіне дейін орайды.

3. Көйлегін басынан шыгарып алып, колдарын босатады (егер қолы закымданган болса, алдымен сау колын шығарып, содан кейін ауру колын шыгарады).

4. Таза көйлекті қолдарынан бастап кигізеді (алдымен зақымданган колына, содан кейін сау қолына кигізеді).

5. Көйлекті басынан кигізіп, арқасы мен ішін жазып түсіреді.

6. Ауыстырылган лас киімдерді қапқа салады.

7. Қолды асептикалык ерітіндімен өңдейді



10. Жаңа тақырыпты бекіту. 20 мин (22%)

Оқушылардың білім деңгейін тест және ситуациялық есептерді шешуіне байланысты бағалау.



Тесттер

1 .Стационарда емдік- қорғау тәртібінің бөлімшелері келесі элементке бөлінеді



  1. науқастың психикасын қамтамасыз ету тәртібі

  2. аурухана ішілік инфекцияның алдын алуды қадағалау

  3. асептика жөне антисептикалық ережелерді сақтау

  4. күнделікті ішкі тәртіпті сақтау

  5. рационалды физикалық, тәртіпті қамтамасыз ету (қозғалу активтілігі)
    Дүрыс жауап комбинациясын тандаңыз

2,4,5 1,2,4 1,3,5 1,4,5 барлық жауабы дүрыс

2. Емдік профилактикалық мекемелерінде науқас қандай физикалық активті режимді қолданады ?

  1. жату режимі

  2. төсектік режимі

  3. қатаң төсектік режимі

  4. жартылай отыру режимі

  5. палаталық режим

  6. жалпы режим

Дұрыс жауап комбинациясын таңдаңыз

1,3,4,7


2,4,5,6

2,3,6,7


1,2,3,5

2,3,5,7


3. Ұқсастығын тап

  1. палаталық режим

  2. жалпы режим

  3. асханадан тамак, ішу

  4. палатада тамақтану

  5. баспалдақтан көтерілу

  6. таза ауада серуендеу

  7. палатада жүру

  8. гигиеналық, ванна қабылдау

4. Науқас қатаң төсектік режимі

  1. төсекте бүрылуға болады

  2. тұруға болады, жатуға да болады, бірак, палатадан шықпай

  3. шектеусіз төсекте активті қимылдау

  4. төсекте науқасты бұрылуға рұқсат етпейді

5. Науқастың төсектік режимі бұл

  1. төсектен тұрмай, төсекте бұрылуға болады

  2. тұруға, жатуға да болады, бірақ палатадан шықпай

  3. шектеусіз төсекте активті қимылдау

  4. науқасқа төсекте бұрылуына рұқсат етілмейді

6. Науқастың жалпы режимі бұл

  1. төсектен тұрмай, төсекте бұрылуға болады

  2. тұруға, жатуға да болады, бірақ палатадан шықпай

  3. шектеусіз төсекте активті қимылдау

  4. науқасқа төсекте бұрылуына рұқсат етілмейді

7. Науқастың палаталық режиміне не жатады ?

  1. төсектен тұрмай, төсектен бұрылуға болады

  2. тұруға, жатуға да болады, бірақ палатадан шықпай

  3. шектеусіз төсекте активті қимылдау

  4. науқасқа төсекте бұрылуына рүқсат етілмейді

8. Науқас ессіз жағдайда, төсекте қандай қалып қолданады

  1. активті

  2. пассинті

  3. мәжбүрлі

9. Қандай керуетті бас және аяқ жағын тез керекті қалыпқа келтіру қалай аталады өтеру, түсіру)

  1. функционалды

  2. стандартты

  3. хирургиялық

  4. каталка

10. Отырған науқастын аяғын төмен түсіріп, науқастың кіші қан айналымда қан үйығанын қалай аталады ?

  1. шытнтақ, тізе

  2. ортопноэ

  3. пассивті

  4. Фаулер

  5. Симса


Ситуациялық есеп

1. Науқастар дем алып жатқан кезде палатаға медбике кіріп, айқайлап науқасқа дәріні уақытылы ішпегенсің деп ұрысты. Медбике дүрыс істеді ма?

  1. Палатаға каталкамен науқасты жеткізді, бас жағы аяқ жағына қараған. Каталка дұрыс койылғанба ? Палатаға қалай кіру керек.

11. Сабақты қорытындылау. 5 мин (6%)

Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады.



12. Үйге тапсырма беру. 5 мин (6%)

Н-1, 1 - бөлім, 4 – 154 бет



13 - сабақ

1. Сабақтың тақырыбы: Медициналық мекемелерде емдік тамақтануды ұйымдастыру. Науқасты тамақтандыру.

2. Сағат саны: 2 (90 мин - 100%)

3. Сабақ түрі: теориялық

4. Сабақтың мақсаты:

оқыту: Оқушыларды медициналық мекемелерде емдік тамақтануды ұйымдастырумен және науқасты тамақтандыру принциптерімен таныстыру.

тәрбиелік: Оқушыларды Науқасты тамақтандыру кезінде кішіпейілділікке тәрбиелеу.

дамыту: Оқушыларды медициналық мекемелерде емдік тамақтануды ұйымдастыру қабілетін дамыту.

5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б) оқыту орны: № 2, 3, 4 бөлмелер.

6. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

1. «Мейірбике ісінің негіздері» Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.

2. «Мейірбике ісі негіздері» пәні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағы. М.Ш.Нурманова., Ж.Т.Матакова., Э.Т.Беискулова –Қарағанды,2012.

3. «Науқас адамдарды жалпы күту» Санов С.- Қарағанды,2013



Қосымша (Қ)

1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА



7. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

8. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%)

  • Ауыр халдегі науқастарға күтім жасау;

  • Функционалды керуетті пайдалана отырып науқасқа күтім

  • Өзіне өзі қызмет ету тапшылығы бар науқастардың төсек орнын ауыстру;

  • Өзіне өзі қызмет ету тапшылығы бар науқастардың іш киімін ауыстру.


9. Жаңа сабақты түсіндіру : 40 мин (44%)

Жоспар:


  • Тамақ блогы және үлестіру бөлмесіне порционник құру

  • Ауыр науқастарды тамақтандыруды ұйымдастыру

  • Дайьн тамақты сақтау, тарату және тасымалдау

  • Ауыр халде жатқан науқасқа гастростома, зонд арқылы тамақтандыруын

  • тік ішек арқылы қоректік қоспаларды енгізу техникасын

  • Тамақ блогы және үлестіру бөлмесіне порционник құру

  • Ауыр науқастарды тамақтандыруды ұйымдастыру


Стационарда емдік тамақтарды ұйымдастыру. Стационарда емдік тамақтарды жалпы басқаратын бас дәрігер немесе оның орынбасары ал бөлімшелерде-бөлімше меңгерушісі.

Диетолог- дәрігер барлық бөлімшелерді емдік тамақтармен қамтамасыз етуін ұйымдастырады, диеталық медбикемен басқарылады. Диетолог- дәрігердің нұсқауын барлық тамақ блогы жұмысшыларына қатысты. Диетолог - дәрігер тағайындалудың дұрыстығын және емдік тамақтарды қолдануын, олардың нәтижесін талқылап, жеті күндік тамақтану тәртібін құрастыру, жаз,қыс айларында диета түріне олардың сапасына, химиялық құрылымын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ ол тамақ блогының жұмысын, дайын болған тамақты қарап бақылайды. Диеталық медбике тамақ блогы жұмысына жөне санитарлық-гигиеналық ережелерді ұстануын бақылайды. Дәрігер- диетологқа бағынады.

Оның міндеттері:

  • тамақ сапасын анализдеу, дұрыс сақталуын бақылау

  • Дәрігер диетологтың басқаруымен күнделікті ас мәзірін тамақ картотекасына
    сәйкестігін қүрастыру.

  • Диеталардың химиялық кұрамын және энергетикалық құндылығьн санау.

  • Медициналық құжаттарды толтыру.

Тамақтанудың санитарлық- гигиеналық тәртібі.

  1. Аурухананың тамақ блогы құрылысы, мазмұны, тамақ дайындауын қатаң кадағалау қажет.

2Тамақ блогында көзге көрінетін жерде «Санитарлық ереже« ілініп түрады. Тамақ блогы, үлестіру бөлмесі және буфеттердің жұмысшыларын инструкцияға қатысты медициналық қараудан өткізіледі.

  1. Тамақ блогы қызметкерлері тек қана санитарлық минимумнан сынақ тапсырғаннан кейін ғана жіберіледі

  2. Тамақ блогы бөлімшесінде асхана ыдыстарын жууға катаң тыйым салынады. Бұны тек қана бөлімше буфеттерінде жуады.

  3. Тамақ блогы және буфет құрал-жабдықтары аурухана және емхана табельдері құрал-жабдықтарына сәйкес керек.

  4. Орталықтандырылған тамақ заттарын тасымалдау болмағанда және нақты әкелуге арнайы транспорт жылына бір рет паспортизациядан өтеді.

  5. Аурухана бөлімшелеріндегі буфеттер қамтамасыз етілуі тиіс:

  • суық және ыстық су

  • екі секциялы жуғыш ванналар, олар канализацияға қосылған, ыдыстарды шаятын және кептіретін сеткалар.

  • Тамақты қыздыратын электроплита

  • Ыдыстарды, тамақтарды сақтайтын шкафтар (нан,тұз,қант)

  • Бір науқасқа шаққанда ыдыс жиынтығы

  • Жуғыш және дезинфекциялайтын заттар

  • Жинастыратын заттар (шелк, ветошь,щеткалар)

  • Таңбаланған «буфетка арналған«

  • Дайын болған тамақты екі сағат ішінде тасу керек.

  • Науқастарға тамақты буфетші немесе бөлімшенің кезекші медбикесі таратады

  • Бөлімшелердің барлық науқастары асханада тамақтанады. Науқастардың тамақтары (үйден келген шкафта, сөрелерде (құрғақ тамақтар) ал тез бұзылатын тоңазытқышта сақталады

  • Порционникті және порционник талаптарын құрастыру

  • Дәрігер науқасқа диетаны тағайындап немесе болдырмау жөне ауру тарихына стол нөмірі жазылады

  • Палата медбикесі тағайындау парағына диета туралы мәліметтерді таңдайды

  • Медбике порционникті 2 экземплярда жасайды

  • Онда стол туралы мәлімет және науқастар залы және оларды қабылдайтын.Бір экземплярды бөлімшенің аға медбикесіне тапсырады ол басқасын таратушыға берілген порционникте палата нөмірі, аты-жөні,наукастың тамақтанатын орнын көрсетеді, асхана, палата.

  • Порционникті аға медбике таңертең ұсынады. Науқастар саны, емдік столдар туралы мәліметтерді береді. Порционникті аға медбике және бөлімше меңгерушісі талаптар жазады. Таңертең қүжаттарды аурухананың диеталық мейіркешіне береді.

Науқастарға тамақ үлестіру

  • 1 Тамақты бөлімшеде буфетші және палата медбикесі таратады. Ыстық тамақ, температурасы 60С, ал суық тамақ 15С төмен болмау керек.

  • 2 Жалпы тәртіптегі науқастар асханада тамақтанады.

  • 3 Төсектегі науқастарға тамақты палатаға арнайы столдарда әкелінеді.

  • 4 Тамақты үлестірмес бұрын медбике таңбалаңған халат киіп, қольн жуады.

  • 5 Бөлімшелерді жинайтын санитаркалар тамақ үлестіруге жіберілмейді.

  • Қалған тамақ қалдықтарын және лас ыдыстарды науқастың жанына қалдырмау қажет.

  • Науқастарды тамақтандыру.

  • Белсенді, енжар және жасанды түрлері болып бөлінеді.

Егерде науқас өзі тамақтанатын болса жалпы тәртіп, бос қозғалатын, оған тамақ ішетін жерді көрсетіңіз. Егерде науқас өздігінен палатада тамақтанса (палаталық немесе төсектегі тәртіп) алып келген тамақтың, сырткы түріне, оның тем- сын бақылаймыз. Тамақты подносқа салып әкелген жөн. Тамақтанғаннан кейін ыдыстарды жинап, керует маңындағы стол немесе сөрелерді сүртеміз. Егерде науқас медбикенің көмегімен тамақтандырылса( қатаң төсек төртіп) науқасты тамақтандырмас бұрын палатадағы барлық емдік процедураларды аяқтау керек. Физиологиялық бөлінулер, палаталарды тазалау, бөлмені желдету науқастың қолын жуып немесе дымқыл жылы сүлгімен сүртіп, көкірегіне салфетка қоямыз.

Жылы тамақты тумбаға немесе керует маңындағы столға қоямыз.

Науқасты ыңғайлы отырғызамыз{ жартылай отырғызып немесе отырғызып)

Науқастың жанына отырыңыз себебі сізге ыңғайлы болу үшін .

Егерде науқасты отырғызып тамақтандыру қиын болса онда сол қолмен тамақты қасықпен береміз.

Тамақтанғаннан кейін ыдыстарды аламыз. Науқастың аузын шайып және қолдарын жуамыз, төсек орнына тамақ қалдықтарын қағып науқасты жатқызамыз.

Тісі жоқ науқастарды тамақтандыру.



Толық немесе жартылай тісі жоқ науқастарды сұйық және езілген тамақтармен тамақтандырамыз.

Тамақтану тәртібі

Емдеу мекемелерінде 4рет тамақтандырады. Асқазан, ішек, жүрек-қан тамыр жүйесі аурулары 5-6 рет тамақтанады.

Диета 1

Белгілеудің қолданылатын кезі: ішкі ірінді жара ауруларының асқынуы басылған кезде, тыртықтаньш біткен кезде, сондай-ақ ауру бетінің қайтуы кезінде 2-3 ай бойы, гастриггың асқыну кезеңіндегі жоғары секрециясы.

Днета 2

Белгілеудін қолданынатын кезі: қатпа (іш қату)



Белгілеудін мақсаты; перисталтиканы (қуыс мүшелерін созылып , жиырылуы) күшейту, ішті босатуды реттеу.

Диета 3

Белгілеудің қолданылатын кезі; секрециялық кемшілігі бар созылмалы гастрит. Асқынбаған созылмалы энтероколит(тоқ ішек пен аш ішектің кабынуы.) Шайнау аппараты қызметінің бұзылуы. Операциядан және жедел инфекциядан сауығу кезінде, сондай-ак асқазан-ішек жолын сақтау қажеттілігі көрсетілген басқада жағдайларда .

Белгілеудің мақсаты; асқазан мен ішектің секрециялық және қозғалыс қызметін келтіруге жәрдемдесу, асқазан ішек жолын механикалык сақтау.

Диета 4.

Белгілеудің қолданылатын кезі; гастроэнтероколиттер(қарын мен аш ішек, тоқ ішектердің қабынуы), жедел энтероколиттер мен созылмалы энтероколит асқынуы. Ішекке операция жасалғаннан кейін жедел дизентерия. Емдеудің мақсаты: ішекті механикалық және химиялық сақтау : перистальтика мен ішектің кебу процесін кұшейтетін тағамдар бермеу.

Диета 5

Белгілеудің қолданылатын кезі бауыр мен өт шығаратын жолдардың созылмалы аурулары( холецистит, гепатит, бауыр циррозы) асқынбаған және асқазан мен ішектің аурулары болмаған кезде.Боткин ауруынан сауығып келе жатқаңда

Белгілеудің мақсаты; бауырдың бұзылған қызметін қалпына келтіруге көмектеседі.

а) оған гликогеннің жиналуына;



б)тамақ майын (әсіресе, қиын балқитын ) шектеу жолымен май алмасуын нормаға келтіруген липотрондық ұйқы безіне әсер ететін заттарды енгізуге ;

в) ішектің қызметін реттей отырып , бауырдың улануын азайтуға :

г) өттің бөлінуін жылдамдату;



д) бауырды тітіркеңдіріп , ауруды асқындыратын тағамдык заттарға әсерін тигізеді.

Диета 6.

Белгілеудің қолданылатын кезі; қүяң мен несеп қышкылдары диатезі. Эритемия және ет пен балық тағамдарын жеуге болмайтын басқа да жағдайларда Белгілеудің мақсаты; пуриндік алмасуды нормаға келтіруге және несеп қышқылының эндогендік жасауларын азайтуға көмектесу.

Диета 7.

Белгілеудің қолданылатьш кезі; сауыға бастау кезеңіндегі жедел нефрит. Несеп түнбасындағы өзгерістері аз созылмалы нефрит. Гипертониялық аурулар және тұзсыз диетаны қажет ететін басқа да жағдайлар. Екіқабат әйелдердін нефропатиясы.



Белгілеудің мақсаты; бүйрекгің қызметін шамалап сақтау жоғары қан қысымы мен ісікке әсер ету.

Диета 8.

Белгіленудін колданылатын кезі; арнайы тамақтану режимін талап етпейтін тамақ қорыту органдарының , бауыр мен жүрек-қан тамыры жүйесінің ауруы жоқ семіздік,

Белгілеудің мақсаты ; шектен тыс семіздікті болдырмау және оны жою үшін зат алмасуға әсер ету.

Диета 9.

Белгілеудің қодданылатын кезі: ацидозы мен ішкі мүшелерінің ауруы жоқ кантты диабет.

Белгілеудін мақсаты: көмірсутегін дүрыстап ұстауға жағдай жасау, май алмасуы бүзылуының алдын алу.

Диета 10.

Белгілеуге қолданылатын кезі; жүрек- қан тамыры жүйесінің аурулары:

а) 1 дәрежелі қан айналымы - қан айналымы жеткіліксіз кездегі және алмасу кезендегі жүректің ревматикалық ақауы;

б) 1 және 2 дәрежелі гипертониялық аурулар. Нерв жүйесінің аурулары. Созылмалы нефрит жэне несеп тұнбасының өзгерістері бар пиелонефрит, жедел және созылмалы пиелит.

Белгілеудің мақсаты; қан айналымына неғұрлым қолайлы жағдай жасау нерв жүйесін қоздыратын заттарды болдырмау, азоттық заттардың шығуын жақсарту және несеп шығаратын жолдарды тітіркендіретін тағамдарды қолданбау.

Диета 11.

Белгілеудің қолданылатын кезі; егер басқа ішкі мүшелерінің аурулары болмаса, өкпе туберкулезінің асқынған, басылған немесе созылмалы кезеңінде.

Белгілеудің мақсаты; организімнің туберкулез инфекциясына қарсылығын арттыруға көмектесу. Сырқаттың жалпы тамақтануын жақсарту және витаминдер қорын жинауға көмектесу.

Диета 13.

Белгілеудің қолданылатын кезі; инфекциялық аурулар жедел, қызбалы кезеңдерде, баспалар, құрт тәрізді соқыр ішек өскінін алып тасталғаннан кейінгі 2-3 күндегі асқазанның бір бөлігін кесіп тастаған соң көрсетулер бойынша 8-9 күннен кейін.



Белгілеудің мақсаты; сырқаттың температурасы көтерілген қызба кезеңінде жөне операциядан кейін күш- қуатын жинауга көмектесу, қарын-ішек жолын сақтау.

14 диета

Белгілеудің қолданылатын кезі; несепті сілтілі реакция бар және фосфорлы калий тұзының шөгіндісі түзетін фосфатурия.



15 Диета.

Белгілеудід қолданылатын кезі; тамақ қорыту мүшелерінің күйі қалыпты және арнайы емдік диета, сонымен қатар белгілеудің қажеті жоқ барлық сырқаттар ауырған жағдайда.

Белгілеудін мақсаты; емдеу мекемесі жағдайында сырқатты физиологиялық нормаларға сай тамақпен қамтамасыз ету.
Жасанды тамақтандыру

Жасанды тамақтандыру организмге асқазан зондының, клизманың көмегімен немесе парентеральды қоректі заттарды енгізу.

Зонд арқылы тамақтандыру

Көрсетілімдері: ес-түссіз жатқан науқастар, ас қорыту жүйе өтімсіздігі. Дайындаңыз: жіңішке стерильді зонд диаметрі 0,5-0,8 мм, вазелин немесе глицерин, воронка немесе Жане шприці, сұйық тамақ (тәтті шай, морс, гомогенді эмульсиялар) фонендоскоп, лейкопластыр, түйрегіш, зондты жабатын қабық, шприц.

Істеу қажет:

  1. Қолыңызды жуыңыз

  2. процедурамен науқасты таныстырыңыз

  3. Стерильді зондтты вазелин немесе глицеринмен майлаңыз

  4. Науқастың басын артқа шалқайтамыз

  5. Стерильді зондты төменгі мұрын жолдары арқылы 15-18 см тереңдікке
    енгіземіз

  6. Сол қолдың саусағымен жұтқыншақтағы зондты анықтап оны артқы
    жұткыншақ клеткасына қысыңқыраймыз, себебі зонд трахеяны үзбес үшін

  7. Науқастың басын аздап алға қисайтып және оң қолмен зондты өңештің
    ортаңғы бөлігіне дейін итереміз. Егер дем шығарған кезде ауа зондтан
    шықпаса, ал науқастың дауысы сақталады, яғни зонд өңеште тұр.

  8. Зондты мына қашықтықта енгіземіз, формула бойынша(бойы/см )100;

  9. Шприцке ауа толтырып оны зондқа жалғау керек

  10. Фонендоскопты эпигастральді бөлікке қоямыз

  11. Фонендоскоптың көмегімен ауаны зонд арқылы асқазанға жібереміз,

дауыс естілсе онда ауа асқазанға түскенін білдіреді

12.3ондты зажиммен қысып, тұйық ұшына лоток түсіреміз

ІЗ.Зондтың тұйық ұшына Жане шприцін немесе воронканы кигіземіз

14. Воронкаға немесе Жане шприціне тамақ қүямыз

15.3ажиммен қыстырылған зондты босатамыз

16. Асқазанға тамақты жылы күйінде, поршенді жәй басып немесе воронканы асқазан денгейінен жоғары көтереміз

17.Воронкаға таза су кұйып, воронканы аламыз. Зондтың тұйық ұшын пробкамен жабамыз

18.3ондтың тұйык ұшын киімге немесе наукастың басына бекітіп, себебі зонд оған кедергі жасамау үшін. Жасанды тамақтандыру кезінде 2-3 апта зондты шығармайды.

Профилактика мақсатында науқасты тамақтандыру кезінде патогенді микрофлора дамымас үшін зондты екі сағат сайын жуамыз.

Қоректендіру клизма (ректальді тамақтандыру).

Көрсетілімдері: қоректендіру клизмасы организмге резорбтивті әсер етуіне

негізделген. Оларды көп мөлшерде (12 л-ге дейін), дәрілік заттар (0,9% натрий

хлорид ерітіндісін, 5 % глюкоза, аминқышқыл ерітінділері) қолданылады.

Қоректік клизма салмастан 1 сағат бұрын ішекті толық босату үшін тазарту

клизмасын жасайды. Шағын мөлшердегі қоректік клизманы (200-500 мл)



резеңке грушаның көмегімен жасайды. Құятын сұйықтын температурасы 37-38 °С.

Парентеральді тамақтандыру.

Көрсетілімдері: асқорыту жолы бітелу белгілері, ісік, өңеш, асқазан, ішек операцияларынан кейін әлсіреген науқастарды операцияға дайындау. Осыған байланысты келесі препараттарды қолданады. Көмірсулар - 10 % глюкоза ерітінділері, белоктар- аминкышқылдар, ыдыраған белок молекулалары күйінде. гидролизин, белокты гидролизат казеин, фибриносол, аниналон, аминопептид, аминокровин, альвизин, левмин, полиамин және т.б. Алғашқыда 30 мин. 10-20 тамшы / мин., майлы эмульсия күйінде: липофундин, интралипид. Парентеральді тамақтандыру тамыр ішіне енгізіледі. Жібермес бүрын ерітіндіні 37-38 ° С булы моншада жылытамыз. Алғашқы 10-15 минутта 15-20 там/ мин, кейіннен 60 там/ мин дейін жібереміз. 500 мл препаратты 3-5 сағатта жібереміз.

Ескерту: белокты препараттарды науқастарға жылдам жібергенде оларда ыстық, беттері қызарып, тыныс алуы киындайды. Парентеральды тамақтандырғанда тәулікті ескеру қажет.

10. Жаңа тақырыпты бекіту: 40 мин (44%)

Оқушылардың білім деңгейін тест және ситуациялық есептерді шешуіне байланысты бағалау.



Тесттер:

1. Науқастардың тамақтану рационында белок, май, көмірсу ара қатынастары кандай болуы керек.

А) белок ара қатынасы жоғары

Б) белок, май, көмір су ара қатынасы ауру түрімен байланысты

В) 1:1:4 белок, май, көмірсуге сәйкес

Г) май ара қатынасы жоғары

2. Сау адамның тамақтану рационына не кіреді
А) 80-100 г белок

Б) 400-500 г көмірсу

В) 200 г май

Г) витаминдер, микроэлементтер



3. 1 г көмір су организімге қанша ккал береді
А) 0,3 ккал

Б) 4,1 ккал

В) 5,5 ккал

Г) 7,3 ккал



4. 1 г май организімге қанша ккал береді
А) 4,1 юсал

Б) 3,3 ккал

В) 9,3 ккал

Г) 8,8 ккал



5. Көмір су ненің қүрамында болады
А) крахмал

Б)ет


В) қант

Г) жұмыртқа



6. Тамақтану тәртібі бұл-

А) кулинарлық емдеу сипаттамасы

Б) тамақ, ішу уақьпъі және жиілігі

В) тамақтың сапалық құрамы

Г) тамақтың мөлшерлік құрамы

7. Қажет диета жөне оны қолдану ұзақтығы анықталды.

А) диеталық медбике

Б) аға медбике

В) дәрігер

Г) палаталық медбике

8. Порционник талаптарын ас блогына құрастыру есебі:
А) палаталық медбике

Б) аға медбике

В) бөлімше меңгерушісі

Г) диеталык медбике



9. Порционник ішіне кіретін мәлімеггер
А) өр түрлі диеталық столдардың саны
Б) науқастар саны

В) палаталар аталуы

Г) тамақтану төртібі

10. Тамақты кім үлестіреді

А) кіші мед. қызметкері

Б) буфетші

В) палаталық медбике

Г) диеталық дөрігер



Ситуациялық есептер:

1. Түнде науқасқа асқазан жара ауруымен бөлімшеге келіп түсті. Берілген науқасқа мәліметтерді кім ұсынды?

2. Науқастарға тамақты үлестіретін кім жөне қашан өткізілді? палатада ауыр халде жатқан науқастар біреуінде емдік процедуралар аяқталады, ал екіншісінде физиологиялық бөлінулер қабылданып жатыр. Басқа науқастар тамақ іше ме ?

11. Сабақты қорытындылау: 5 мин (6%)

оқытушымен кері байланыс, практикалық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады.



13. Үйге тапсырма беру: 5 мин (6%)


14 - сабақ

1. Сабақтың тақырыбы: Дене қызуын өлшеу, тамыр соғуды зерттеу. Қан қысымын өлшеу. Тыныс алуды бақылау.

2. Сағат саны: 2 (90 мин - 100%)

3. Сабақ түрі: теориялық

4. Сабақтың мақсаты:

оқыту: Оқушыларды дене қызуын өлшеуді, тамыр соғуды зерттеуді, қан қысымын өлшеуді, тыныс алуды бақылаудың қағидаларымен таныстыру.

тәрбиелік: Оқушыларды дене қызуын өлшеу, тамыр соғуын зерттеу кезінде және қан қысымын өлшеу кезінде кішіпейілділікке тәрбиелеу.

дамыту: Оқушыларды науқаспен қарым – қатынас қабілетін дамыту.

5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б) оқыту орны: № 2, 3, 4 бөлмелер.

6. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

1. «Мейірбике ісінің негіздері» Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.

2. «Мейірбике ісі негіздері» пәні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағы. М.Ш.Нурманова., Ж.Т.Матакова., Э.Т.Беискулова –Қарағанды,2012.

3. «Науқас адамдарды жалпы күту» Санов С.- Қарағанды,2013



Қосымша (Қ)

1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА



7. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

8. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%)

  • Тамақ блогы және үлестіру бөлмесіне порционник құру

  • Ауыр науқастарды тамақтандыруды ұйымдастыру

  • Дайьн тамақты сақтау, тарату және тасымалдау

  • Ауыр халде жатқан науқасқа гастростома, зонд арқылы тамақтандыруын

  • тік ішек арқылы қоректік қоспаларды енгізу техникасын

  • Тамақ блогы және үлестіру бөлмесіне порционник құру

  • Ауыр науқастарды тамақтандыруды ұйымдастыру


9. Жаңа сабақты түсіндіру : 40 мин (44%)

Жоспар:


  • тамыр соғуын анықтау орындары мен әдістерін

  • тамыр соғуының сипаттамасы

  • артериалдық қысымды өлшеу әдісі

  • тыныс алу түрлері: қалыпты (кеуделік, құрсақтық, аралас), патологиялық (Куссмаул, Биот, Чейн-Стокса)

  • тыныс алу сипаттамасы: жиілігі, тереңділігі, ырғағы

  • тамыр соғуын санау

  • тамыр соғуын тіркеу

  • артериалды қан қысымын өлшеу

Тамыр соғуын анықтау және оның сипаттамасы:



Артериалды тамыр соғуы – қанның артериалды жүйеге атқылауы кезінде пайда болатын, тамыр қабырғаларының ырғақты тебіренуі. Тамыр соғуының сипаты, оның қабырғаларының жағдайына, әсіресе созылуына байланысты.

Тамыр соғуының ырғақтығы – пульс толқыны аралығындағы үзіліс бойынша анықталады. Егер пульстік тебіренуі артерия қабырғасының пульстік тебіренуі тең уақыт аралығында пайда болса пульс ырғақты (дұрыс). Ырғақтылық бұзылған кезде тамыр соғу толқыны дұрсы ауыспайды – артериалдық пульс.

Тамыр соғуының жиілігі – 1 минутта анықталады. Дені сау адамның тыныш жиілігін минутына 60-80. Жүрек жиырылуы тез болғанда (тахикардия), тамыр соғуының толқыны асады, пульс жиілейді. Ал жүрек соғуы төмендегенде (брадикардия) – пульс сиректейді. Егер пульс ырғақты болса, оның жиілігін 30 минутта анықтап, 2-ге көбейту керек. Егер пульс ырғақсыз болса, оның жиілігін 2 қолда бірдей 1 минуттан анықталып, шыққан санды қосып, 2-ге бөледі.

Тамыр соғуының күші – тамырдың соғу тербелісінің таралуын түгел тоқтатуға қажетті күшпен анықталады. Тамырдың қатты соғу дәрежесін шамамен ең жоғарғы қан қысымының мөлшерімен шамалауға болады. Қан қысымы неғұрлым жоғары болған сайын, тамыр соғұрлым қатты соғады. Артериалды қысым көтерілгендегі тамырдың соғуы қатты болады.

Тамыр соғуының толықтығы – тамыр соғуының жылдамдығы – тамырдың соғу толқынының көтеріліп, түсуімен анықталады.

Тамыр соғуының биіктігі – тамыр соғуының толықтығымен байланысты. Тамыр жақсы соғуы кезінде саусақтың астынан тамырдың қатты толқынып, ал нашар кезінде тамырдың әлсіз соғуын, тамыр соғуының толқыны аз білінер – білінбес сипап білуге болады. Бұл жүрек бұлшық еті жұмысының нашарлағанын көрсетеді. Әсіресе білінер – білінбес соғуы тамырдың білінбей соғуы деп аталады. Тамыр соғуын анықтаудың мақсаты: жүрек – қан тамыр жүйесін қызметіг бағалау. Тамыр соғуын анықтау орындары: кәрі – жілік артериясы, ұйқы, самай, ұршық сан, тізенің асты, тобық артериялары.

Кәрі – жілік артериясында тамырдың соғуын анықтау


жүктеу 0,86 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау