Өңдеу Мамандығы: «Мейірбике ісі» Курсы: 3 Семестрі: 5



жүктеу 0,84 Mb.
бет1/5
Дата01.01.2020
өлшемі0,84 Mb.
#25710
  1   2   3   4   5

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацептика Академиясы

Техникалық және кәсіби білім беру факультеті

Мейірбике ісі анестезиология және реаниматология курсымен кафедрасы

Мейірбике ісі негіздері
пӘні бойынша Әдістемелік өңдеу

Мамандығы: «Мейірбике ісі»

Курсы: 3

Семестрі: 5


Құрастырушы: Джураева Г.Р.

ШЫМКЕНТ 2013

Кафедра мәжілісінде қаралды және бекітілді

«_____» ____________ № «____» хаттама

Бекітемін

Кафедра меңгерушісі _________________________

1 – сабақ

1. Сабақтың тақырыбы: Ауыр халдегі науқастарға күтім жасау. Физиологиялық қажеттіліктерін өтеуге жайлы жағдай жасауға арналған функционалдық кереует қолдану

2. Сағат саны: 180 мин (100%)

3. Сабақ түрі: практикалық

4. Сабақтың мақсаты:

оқыту: Оқушыларды ауыр халдегі науқастарға күтім жасауға, физиологиялық қажеттіліктерін өтеуге жайлы жағдай жасауға арналған функционалдық кереует қолдануға үйрету.

тәрбиелік: Оқушыларды ауыр халдегі науқастарға күтім жасау кезінде, физиологиялық қажеттіліктерін өтеуге жайлы жағдай жасауға арналған функционалдық кереует қолдану кезінде этикалық – деонтологиялық принциптерді сақтауға тәрбиелеу.

дамыту: Оқушыларда ауыр халдегі науқастарға күтім жасау, физиологиялық қажеттіліктерін өтеуге жайлы жағдай жасауға арналған функционалдық кереует қолдану

қабілеттілігін дамыту.



5. Оқыту әдісі: рольдік ойындар, жағдайды модельдеу

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б) оқыту орны: № 2, 3, 4 бөлмелер.

7. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

Мейірбике ісінің негіздері Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.



Қосымша (Қ)

1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.



8. Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин (12%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 28 мин (30%)

  • Дене биомеханикасына түсінік

  • Пациентті төсекте қозғалысы

  • Пациентті төсекте әртүрлі қалыпта (Фаулер қалпы.Симса, арқамен, ішімен, жанымен жатқызу қалпы)

  • Пациенттің жарақат алуын ескерту

  • Емдік - қорғау тәртібі

  • Пациенттің активті режимі қатаң төсектік, палаталық, еркін

  • Пациентті төсекте жатқызу. активті, пассивті, мәжбүрлі

10. Жаңа сабақты түсіндіру : 54 мин (60%)

Ауыр халдегі науқастарға күтім жасау

Күнделікті өмірде науқастардың күтімі науқасқа көмек көрсету, олардың түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бағытталады. Ауыр халдегі науқасқа тамақ беру, сусын беру, жуынтыру, қозғалту, ішек пен несеп жолдарын тазалықта ұстау керек. Мұндай көлемдегі күтімге кіші мейірбике немесе науқастың туыстары көмектеседі. Науқастың күтімін ұйымдастыруда барлық медицина қызметкерлер міндетті түрде белсене атсалысуы керек. Төсектік тәртіпте жатқан науқастар өзінің физиологиялық қажеттіліктерін жатқан күйде шығаруға мәжбүр болады.Мұндай жағдайда науқастарға астынан салынатын дәрет қабылдау ыдыстарын қояды. Дәрет қабылдаған ыдыстарды ыстық сумен әбден жуып, 1 – 2 пайыз хлорлы әк немесе 3 пайыз хлорамин лизол ерітіндісімен тазалайды. Жағымсыз иістерді жою үшін ыдыстарды әлсіз калий перманганаты ерітіндісімен шаю керек.

Функционалды керует

Функционалды керует ерекше құрлымдық кереует болып есептеледі, бірнеше бөліктерден құралған, қалпын қолмен ауыстыруға, бұрылуға болады. Керуеттің бас жағы мен аяқ жағы тез арада керекті қалыпқа қоюға болады. Бүл керуерттерді арнайы бұрағыштармен бұрауға болады: керует алды столдар, тамшы қоятын штатив, судно және несеп шығарғыш заттарды қоятын жеке ұяшығы бар. Функционалды керуетті ауыр жатқан науқастарға ыңғайлы қалыпқа келтіруге және қозғалтуға тиімді болу үшін және медбикеге ауыстыруға тиімді.

Ұстау жүргенде көмек көрсету, науқасты төсекте ауыстыру үшін. Медициналық жұмысшы науқасты күткен кезде қауіпсіз бірнеше әдіс шаралары. Науқасқа дұрыс қарамағанда арқасын жарақаттап алуы мүмкін және медбике күту кезінде бір жерін ауыртып алуы мүмкін. Күту кезінде ыңғайлы әдісті қолдану, омыртқаға және транспорттау кезінде денеге салмак, аз түсу.



11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 62 мин (70%)

Ауыр халдегі науқастарға күтім жасауды, физиологиялық қажеттіліктерін өтеуге жайлы жағдай жасауға арналған функционалдық кереует қолдануды үйрену



12. Жаңа тақырыпты бекіту. 18 мин (20%)

Тесттер

1 .Стационарда емдік- қорғау тәртібінің бөлімшелері келесі элементке бөлінеді



  1. науқастың психикасын қамтамасыз ету тәртібі

  2. аурухана ішілік инфекцияның алдын алуды қадағалау

  3. асептика жөне антисептикалық ережелерді сақтау

  4. күнделікті ішкі тәртіпті сақтау

  5. рационалды физикалық, тәртіпті қамтамасыз ету (қозғалу активтілігі)
    Дүрыс жауап комбинациясын тандаңыз

2,4,5 1,2,4 1,3,5 1,4,5 барлық жауабы дүрыс

2. Емдік профилактикалық мекемелерінде науқас қандай физикалық активті режимді қолданады ?

  1. жату режимі

  2. төсектік режимі

  3. қатаң төсектік режимі

  4. жартылай отыру режимі

  5. палаталық режим

  6. жалпы режим

Дұрыс жауап комбинациясын таңдаңыз

1,3,4,7


2,4,5,6

2,3,6,7


1,2,3,5

2,3,5,7


3. Ұқсастығын тап

  1. палаталық режим

  2. жалпы режим

  3. асханадан тамак, ішу

  4. палатада тамақтану

  5. баспалдақтан көтерілу

  6. таза ауада серуендеу

  7. палатада жүру

  8. гигиеналық, ванна қабылдау

4. Науқас қатаң төсектік режимі

  1. төсекте бүрылуға болады

  2. тұруға болады, жатуға да болады, бірак, палатадан шықпай

  3. шектеусіз төсекте активті қимылдау

  4. төсекте науқасты бұрылуға рұқсат етпейді

5. Науқастың төсектік режимі бұл

  1. төсектен тұрмай, төсекте бұрылуға болады

  2. тұруға, жатуға да болады, бірақ палатадан шықпай

  3. шектеусіз төсекте активті қимылдау

  4. науқасқа төсекте бұрылуына рұқсат етілмейді

6. Науқастың жалпы режимі бұл

  1. төсектен тұрмай, төсекте бұрылуға болады

  2. тұруға, жатуға да болады, бірақ палатадан шықпай

  3. шектеусіз төсекте активті қимылдау

  4. науқасқа төсекте бұрылуына рұқсат етілмейді

7. Науқастың палаталық режиміне не жатады ?

  1. төсектен тұрмай, төсектен бұрылуға болады

  2. тұруға, жатуға да болады, бірақ палатадан шықпай

  3. шектеусіз төсекте активті қимылдау

  4. науқасқа төсекте бұрылуына рүқсат етілмейді

8. Науқас ессіз жағдайда, төсекте қандай қалып қолданады

  1. активті

  2. пассинті

  3. мәжбүрлі

9. Қандай керуетті бас және аяқ жағын тез керекті қалыпқа келтіру қалай аталады өтеру, түсіру)

  1. функционалды

  2. стандартты

  3. хирургиялық

  4. каталка

10. Отырған науқастын аяғын төмен түсіріп, науқастың кіші қан айналымда қан үйығанын қалай аталады ?

  1. шытнтақ, тізе

  2. ортопноэ

  3. пассивті

  4. Фаулер

  5. Симса

Ситуациялық есеп

Науқастар дем алып жатқан кезде палатаға медбике кіріп, айқайлап науқасқа дәріні уақытылы ішпегенсің деп ұрысты. Медбике дүрыс істеді ма?

  1. Палатаға каталкамен науқасты жеткізді, бас жағы аяқ жағына қараған. Каталка дұрыс койылғанба ? Палатаға қалай кіру керек.

13. Сабақты қорытындылау. 4 мин (4%)

Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады.



14. Үйге тапсырма беру. 4 мин (4%)

Н-1, 1 - бөлім, 4 – 154 бет



2 - сабақ
1 Сабақтың тақырыбы: Аяқтың, шаштың, көздің, құлақтың, мұрын мен ауыз құысының күтімі

  1. Сағат саны: 180 мин (100%)

  2. Сабақ түрі: практикалық

  3. Сабақтың мақсаты:

  • оқыту: оқушыларға аяқтың, шаштың, көздің, құлақтың, мұрын мен ауыз құысының күтімін үйрету

  • тәрбиелік: Оқушыларда аяқтың, шаштың, көздің, құлақтың, мұрын мен ауыз құысының күтімін жасау кезінде этика және деонтологиялық заңдылықтарға тәрбиелеу.

  • дамыту: оқушыларда ауыр халдегі науқастардың аяғына, шашына, көзіне, құлағына, мұрын мен ауыз құысына күтім жасау қабілеттілігін дамыту.

5. Оқыту әдісі: көрме, пікірталас.

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, буклеттер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б) оқыту орны: № 2, 3, 4 бөлмелер.

7. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

  1. Мейірбике ісінің негіздері Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.

Қосымша (Қ)

1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.



8. Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин (12%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 28 мин (30%)

- емдік-профилактикалык мекемелердің күрылыс түрлері, олардың күрылымы;

- жеке ЕПҰ бағыттары;

- ЕПҰ түрлері медбикелік кызметкерлердін негізгі бағыттары;

- медбикенің күкығы мен міндеттері;

- стационардын кұрал-жабдықтары, күрылымы және күрылысы;

- аурухана қүрылысы.
10. Жаңа сабақты түсіндіру : 54 мин (60%)

Жоспар:


  • Активті және пассивті науқастардың аяқтарын және шашын күту;

  • Күтуге арналған құралдар мен материалдар. Оларды дайындау;

  • Шаш, аяқ, жыныс мүшелерінің және анальды саңылаудың түкті бөлімдерінің туалетін жасау тәсілі; күту құралдарын өңдеу;

  • Әйелдерді және ерлерді жуындырудың ерекшеліктері;

  • Көзді, құлақты туалетін жасау тәсілі; күту құралдарын өңдеу;

  • Ауыз және мұрын қуыстарын күту тәсілі; күту құралдарын өңдеу;

Ұзақ төсекте жатқан науқастарға үнемі шаш күтімі керек. Ер адамдарға шашын қысқа етіп қысқартады, аптасына бір рет гигиеналық ванна және шашты жуудан өткізіп тұру керек. Ұзын шаштары бар әйелдердің шашын күніге жиі тісті жеке тарағымен тарап, тұру керек. Бөтен тарақпен пайдалануға қатаң тиым салынады. Қысқа шаштарды түбінен ұшына қарай тарайды. Ұзындарын паралель шоғырларға бөліп ұшынан бастап, үзбей тарайды. Сірке қышқылына малынған жиі тарақ кір мен сіркені оңай алады.

Басты жақсы жуу үшін түрлі сабынсулар мени балалар сабынын қолданған дұрыс. Егер науқастың жағдайы болса, гигиеналық ванна кезінде басты да жуып жіберу керек. Егер науқас төсектен тұра алмаса, басын төсекте жуады. Науқастың шаштарын мейірбике әр күні тексеріп тұруы керек. Сабындау кезінде шаш түбіндегі теріні мұқият сабынмен ысқылау керек. Сонан соң шаштарды құрғатып, таралады. Басты жуып болғани соң басқа орамал тағылып, суықтаудың алды алынады. Басты жуу мен тырнақтарды қысқарту аптасына бір рет жасалады.

Ауыр жағдайдағы науқастың аяғын төсекте жуу.

Клеенка, жылы су, ыдыс, сабын, губка, сүлгі, қайшы және қолғап дайындау керек. Процедура алдында қолды жуып алып, құрғатып, қолғап киіп алу керек. Сонан соң матрацты тізе астына орап, клеенка төселеді, жылы суы бар ыдыс торға қойылады. Жеке губкамен, сабынмен аяқтары жуылып, сонан соң құрғатылады. Егер тырнақтары өсіп кеткен болса, оларды қысқарту керек. Қайшыны қолданып болған соң зарарсыздандырылып, аяқ жууға арналған барлық заттар алынып тасталады. Қолдар жуылып, кептіріледі.



Науқастың тырнақтары қалай қысқартылады?

Тырнақтарды қысқарту үшін кішкентай қайшыны қолданады. Қысқарту кезінде теріні зақымдап алмау керек. Процедурадан соң қайшыны спирт немесе 0,5% хлорамин ерітінідісіне малынған дәкемен сүрту керек.



Науқастарды қалай жуындырады?

Ұзақ төсекте жататын, патасына бір рет гигиеналық ванна қабылдамайтын науқастарды; күніне бірнеше рет жуындырып тұру керек, өйткені шап аралықта жиналған зәр немесе нәжіс қалдықтары теріні зақымдап, жауыр дамуына алып келеді. Жуындыру үшін калий перманганатының әлсіз ерітіндісін немесе кез келген басқа зарарсыздандырушы ерітінді қолданылады. Ерітінді жылы (35-38С) болуы керек. Жуындыруға лоток, құман, Эсмарх кружкасы, корнцанг, стерильді мақта, дәке, клеенка, жөргек, сабын, судно, қолғап қажет. Тұрмыс сабыны кесіндісін майдалап, суға көпіртеді. Жиі әйелдерді жуындырады.



Көзді күту

Жалпы режимдегі науқастар ертеңгі туалет кезінде көздерін өздері күтеді.

Төсектегі науқастарға әр күні көзін күтіп тұру керек.

Мақсат: ауыр науқастың көзін күтіп, дәрілік заттар тамызу, процедуралар жасау.

Құралдар мен материал: Стерильді пипетка; Лоток; Стерильді шиша қалақша; Көз ванночкасы; Тампондар; Көз тамшылары, мазь; Фурациллиннің 0,02% немесе натрий гидрокарбонатының 1-2% ер-і; Қолданылған материалдарға арналған лоток; Дез.ер-і бар ыдыс.

Көз таулеті: Қолдарды өңдеу; Стерильді лотокқа 8-10 тампон салып, оны антисептикалық ерітіндімен құю; Науқасты жатқызу; Тампонды шамалы сығып көздің сыртқы бұрышынан, ішіне қарай кірпіктерді және қабақтарды 4-5 тампонмен сүрту керек.

Көзді жуу


  1. Көз ванночкасына тағайыналған дәріні құю керек.

  2. Науқастың басын ванночканың үстіне еңкейтіп, көз терісіне тығыз жанастыру керек те, басын көтеріп кірпігін жиі қағуы керек.

  3. 1 минуттан соң науқасқа ванночканы көзін алмай стол үстіне қоюды өтінеміз, сонан соң басын көтереміз.

  4. Көзін құрғақ томпонмен сүртеміз.

Көздерді химиялық күйіктерде және кірпіктерді жапсыратын бөлінділер дамығанда жуамыз. Басын арқасына шалқайтып, самайына аққан суға арнап лоток қоямыз. Жуу үшін дистильденген су, салқын қайнатылған су, физиологиялық ерітінді қолданылады.

Күйіктер кезінде көзді жуу үшін күйдірген ерітінді түріне қарай ерітінді таңдайды. Процедураны жасар алдында мейірбике мұқият қолын жуады. Ерітіндіні резиналы баллон немесе арнайы ыдысқа – ундинкаға алады. Судың қатты ағысымен алдымен жабысқан қабақтарды, сонан соң сол қолдың бірінші және екінші саусақтарымен ашып, самайдан мұрынға қарай бағыттап көз алмасын жуады. Сонымен қатар қарапайым мақта түйіршігін қолдануға да болады.



Көзге тамшылар тамызу, Көз мазін жағу

Тамшы тамызу үшін арнайы пипетка қолданылады, ол алдымен қайнатылады. Сол қолмен төменгі қабақты абайлап тартып, науқасақа қарама-қарсы жаққа қарауын өтініп, мұрын жанынан 1 тамшы тамызамыз, сонан соң екіншісін тамызып, көзін жұмуды өтінеміз.

Көз мазін тюбиктен немесе арнайы қалақшамен жағады. Мазь және қалақша стерильді болуы керек. Науқастың қабағын төмен тартып, мазді жағып саусақпен шырышты қабатқа жағады.

Құлақты күту

Сыртқы құлақ жолында сарғыш-қоңыр түсті бөлінді - құлық жиналады. Оның жиналуы естуді төмендетеді. Сау құлақты күту, үнемі оны сабынды сумен жуып тұруға бағытталған. Сыртқы құлақ жолын өткір заттармен тазалауға мүлдем болмайды. Өйткені ол қабырғасын немесе құлақ пердесін зақымдауы мүмкін.

Ұзақ төсекте жатқан науқастарға үнемі мейірбике құлағын тазалап тұруы керек.

Құлақ жолынан құлықты және іріңді бөліндіні тазалау

Құралдар мен материалдар: Жане шприці; Лоток; Мақта; Сутегі асқын тотығының 3% ер-і; Дәке; Стерильді пипетка; Дәрілік заттар; 1:5000 35-37С фурациллин ер-і.

Құлаққа сутегі асқын тотығының 3% ер-ң бірнеше тамшысын тамызады, сонан соң мақтамен құлықты алып тастайды. Егер де құлық көп жиналған болса Жане шприцімен немесе резиналы баллонмен жуады.

Құлақтан құлықты фурациллин ер-н жуады. Оны мейірбике дәрігер қатысуымен және көргеннен кейін жасайды. Науқасты отырғызып, иығына плеенка жауып, қолына бүйрек тәрізді лотокты береді. Жане шприціне 37С фурациллин ер-н алады. Шприц ұшына процедура кезінде құлақ аппаратын зақымдап алмас үшін резиналы трубка киіледі. Құлақ қалқанын артқа және жоғары тартып, құлақ жолының артқы – жоғарғы қабырғасымен ер-і жібереді. Құлық бөліктермен немесе толығымен шығады. Құлақ жолын процедура біткен соң мақтамен сүртіп, спиртпен өңдейді.



Сыртқы құлақ жолын құрғақ тазалау

Егерде құлақтан ірің шығатын болса, оны үнемі құрғақтай немесе ылғады тазалаудан өткізіп тұру керек. Құрғақ тазалау үшін, құлақ зондына мақтаны орап алып, оны күйдіру керек. Осы кезде мақта зарарсызданады. Сонан соң мақтамен сыртқы құлақ жолын тазалауға болады. Мақтаны құлаққа абайлап, құлақ қалқанын артқа және жоғары тартып енгізеді. Қолданылған мақтаны зондтан алу үшін, оны марль дәкемен ұстап алу керек. Процедураны құлақ жолы тазарғанша қайталау керек.



Сыртқы құлақ жолын ылғалды тазалау

Егерде ірің қатып қалған болса, онда ылғалды тазалау қолдануға болады. Ол құлықты тазалағандай, бірақ шприцке жай су емес, калий перманганатының немесе бор қышқылының әлсіз жылы ерітіндісін жинап жүзеге асырылады. Процедурадан соң науқас басын жуған құлағы жағына қисайтуы керек. Құлақтан сұйықтық қалдықтары шыққан соң, оны құрғақ етіп сүртеді де, 2-3 сағатқа марль тығынын қояды.



Мұрынды күту

Ауыр науқастардың мұрынында көп шырыш және шаң жиналып, тынысты тарылтады. Сонымен қатар науқастың жағдайын ауырлатады.

Әлсізденген науқастар мұрынын өздері тазалай алмайды, сондықтан мейірбике оған көмектесіп тұруы керек.

Құралдар мен материалдар:



  • Лоток, мензурка, вазелин майы, мақта тығындары, қолғап, дез. ерітіндісі бар ыдыс.

Мұрынға вазелин майын немесе глицеринді басын шалқайта тамызып, 2-3 минуттан соң мақтамен тазалайды.

Ауыз қуысын күту

Белсенді науқастар әр күні азанда және кешке ауыз қуысын тұзды сумен (1 стакан суға ¼ шәй қасық тұз) шайып, тісін жуып тұруы керек.

Ауыр науқастарға мейірбике әр тамақтанған соң ауызын сүртіп тұруы керек. Ол үшін мақтаны бор қышқылының 5% ерітіндісіне, немесе натрий гидрокарбонатының 2% ер-е, калий перманганатына, жылы суға батырып алады.

Құралдар мен материалдар



  • Қолғап, шпатель, мақта, пинцет немесе қысқыш, зарарсыздандырушы ер-і немесе жылы су;

Орындалуы: науқасты жартылай отырғызып немесе басын жанына бұрып, мейірбике пинцетпен мақтаны алып, зарарсыздандырушы ерітіндіге батырып алған соң, науқастың тілі мен тісін сүртеді. Сонан соң науқас ауызын шаяды.

Стоматит дамыған кезде ауыз қуысы қалай күтіледі?

Ауыр науқастарды жиі стоматит дамиды – ауыз қуысы шырыш қабатының қабынуы. Тамақтану кезінде ауырсыну, сілекей ағу, дене қызуының жоғарылауы орын алады.

Шырышты қабатқа медикаментозды ем ретінде шаю және аппликациялар қолдануға болады.

Стоматиттің емі зарарсыздандырушы ерітінділер қолданумен жүзеге асырылады. Осы ерітінділерді ауыз шаю мақсатында да қолдануға да болады.



Аппликациялар - марльды дәкелерді зарарсыздандырушы ерітіндіге батырып ауыз қуысына қояды. Процедураны күніне бірнеше рет қайталайды.

Шаю алмұрт тәрізді баллонмен немесе Жане шприцімен жасалады. Науқастың кеудесі клеенкамен жабылып, баллонға немесе Жане шприціне антисептикалық ерітіндіні алады. Науқастың басын жанына бұрып, иегінің астына лоток қойылады. Протез тістері алынса, алып тастау керек. Ауыз бұрышын жоғары тартып, ұртына баллон немесе шприцтің ұшын енгізіп, шамалы қысыммен ауыз қуысын шаяды. Кейде науқастардың еріні кеберсіп, жаралар пайда болады. Ол кезде ерініне суға малынған марль дәке қойып, кез келген маймен майласа болады. Ауызды қатты ашып, пайда болған қабықтарды ашуға, тіс щеткесімен қолдануға болмайды.

Афтозды стоматит дамығанда ауыз қуысы қалай күтіледі?

Жоғары дене қызуы немесе қан айналым бұзылысы бар науқастарды кейде афтозды стоматит дамиды, және ауыздан жағымсыз иіс шығады. Ол кезде негізгі сырқатты емдеп, ауызды иісті кетіретін заттармен (натрий гидрокарбонатының 2% немесе натрий хлоридінің 1% ерітінділерімен, басқа да ерітінділермен немесе дезодаранттармен) шайып тұру керек.



11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 62 мин (35%)

  • тәжірибелік дағдыларды машықтану: манипуляция жасауға арналған құралдар мен материалдарды дайындауды, бастың шашты бөлігін өңдеу, аяқты жуу, тырнақтарын қысқарту, пациентті жуындыру, күтім құралдарын өңдеу.

жүктеу 0,84 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау