Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 17



жүктеу 15,34 Kb.
Pdf просмотр
Дата15.05.2018
өлшемі15,34 Kb.
#13699


ҚҰЛАҚТАНДЫРУ 

Қазақстан  Республикасы,  010000,  Астана  қаласы,  Қабанбай  батыр  даңғылы,  17 

мекен-жайы  бойынша  орналасқан  «ҚазМұнайГаз»  Барлау  Өндіру»  акционерлік  қоғамы 

(бұдан әрі - Қоғам) осымен өзінің акционерлерін Қоғамның Директорлар кеңесі Қазақстан 

Республикасы, 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 17, (Қоғамның атқарушы 

органының  орналасқан  жері)  1401  конференц-залы,  мекен-жайы  бойынша  2017  жылдың                 

14  ақпанында  10  сағат  30  минутта  мынадай  күн  тәртібімен  өткізілетін  акционерлердің 

кезектен тыс жалпы жиналысын (бұдан әрі - Жиналыс) шақыру туралы шешім қабылдағаны 

туралы хабарлайды: 

1.  Директорлар  кеңесінің  мүшелеріне  олардың  өз  міндеттерін  орындағаны  үшін 

сыйақылар мен өтемақылар төлеудің мөлшері мен шарттарын белгілеу.  

Қоғамның  директорлар  кеңесі  Жиналысты  шақырудың  бастамашысы  болып 

табылады (2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 46 шешім). 

Жиналысқа  қатысушыларды  тіркеудің  басталу  уақыты  –  2017  жылдың  14  ақпаны                  

9 сағат 30 минут. 

Жиналысқа  қатысушыларды  тіркеудің  аяқталу  уақыты  –  2017  жылдың  14  ақпаны                  

10 сағат 15 минут. 

Кворум болмаған жағдайда Жиналыс осы күн тәртібімен осы мекен-жай бойынша 

2017 жылдың 15 ақпанында 10 сағат 30 минутта өткізілетін болады. 

Жиналысқа қатысуға құқы бар акционерлердің тізімі жасалған күні мен уақыты  – 

2017 жылдың 13 қаңтары 23 сағат 59 минут. 

Күн  тәртібінің  мәселелері  бойынша  материалдармен  акционерлер  Жиналыс 

өткізілетін күнге дейін кем дегенде 10 күн бұрын Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 

17, 5-ші қабат, 507 кабинет  мекен-жайы бойынша Қоғамның ғимаратында жұмыс күндері 

сағат  9.00-ден 18.30-ға дейін, сондай-ақ  

www.kmgep.kz

. сайтында таныса алады. Қоғамның 

акционері  сұрау  салған  жағдайда  Жиналыстың  күн  тәртібінің  мәселелері  жөніндегі 

материалдар ондай акционерге сұрау салу алынған күннен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде 

жолданатын  болады,  бұл  ретте  құжаттардың  көшірмелерін  жасауға  және  құжаттарды 

жеткізуге арналған шығыстарды акционер өзіне алады. 

Жиналысты өткізудің тәртібі: 

-  Жиналыс  келген  акционерлерді  (олардың  өкілдерін)  тіркеу  жүргізілгеннен  кейін 

ашылады.  Акционердің  өкілі  оның  Жиналысқа  қатысу  және  дауыс  беру  өкілеттігін 

растайтын сенімхат ұсынуы қажет. Тіркеуден өтпеген акционер (акционердің өкілі) кворум 

белгілеу кезінде ескерілмейді және дауыс беруге қатысуға құқы болмайды




-  басымдықты  акцияның  меншік  иесі  болып  табылатын  акционер  Жиналысқа 

қатысуға және ол қарастыратын мәселелерді талқылауға қатысуға құқылы; 

- шақырылған адамдар Жиналысқа қатыса алады, бұл ретте ондай адамдар Жиналыс 

төрағасының рұқсатымен Жиналыста сөз сөйлеуге құқы бар; 

- Жиналыс кворумның болуы шартымен жарияланған уақыт бойынша ашылады

-  Жиналыстың  төрағасын  сайлауды  Жиналыс  жүргізеді.  Жиналыстың  хатшысы 

Қоғамның корпоративтік хатшысы болып табылады; 

- Жиналыс өз жұмысында үзіліс жасау туралы және жұмыс уақытын ұзарту туралы, 

оның  ішінде  Жиналыстың  күн  тәртібінің  жекелеген  мәселелерін  қарауды  келесі  күнге 

ауыстыру туралы шешім қабылдауға құқы бар

- Жиналыс күн тәртібінің барлық мәселелері қаралғаннан кейін және олар бойынша 

шешімдер қабылданғаннан кейін ғана жабық деп жариялана алады. 

Жиналыс  өткізудің  өзге  де  мәселелері  Қазақстан  Республикасының  «Акционерлік 

қоғамдар туралы» Заңында және Қоғамның Жарғысында айқындалған. 

Күн тәртібінің мәселелері бойынша сырттай дауыс беру қарастырылмаған. 

Жиналыс  Қазақстан  Республикасының  «Акционерлік  қоғамдар  туралы»  Заңының 



35-52 баптарына сәйкес өткізіледі. 

 

жүктеу 15,34 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау