Курсы: 1,2 Семестр: 1, 2, 3



жүктеу 3,95 Mb.
Pdf просмотр
бет29/32
Дата17.01.2020
өлшемі3,95 Mb.
#26986
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32

Әміре қайда барды?
Ол қай қалаға барды?
Париж қаласында қанша концерт берді?
ООӨЖ:Ребус құрастыру
ОӨЖ: [5] 345бет,мәтін бойынша сұрақтар құрастыру
Әдебиеттер:
[5] 345 бет
Тақырыбы: Баяндауыштың жасалу жолдары
Майра Мұхамедқызы
Сабақтың мазмұны мен мақсаты

Баяндауыштың жасалу жолдары турал мағлұмат беру. Түрлі жаттығуларды 
орындауға қажетті тілдік материалдарды меңгерулері

Жаңа сөздер мен сөз тіркестерін пайдалана отырып сұхбаттасу

Әнші Майраның өмірімен таныстыру, шығармашылық жолынан мағлұмат беру
Әлемдік әнші- Майра Мұхамедқызы
               Майра Мұхамедқызы Қытайда туып, сонда білім алған. Мәскеудегі  Чайковский
атындағы   вокальдік   байқауға   қатысу   үшін   Қытайда   үш   мың   талапкер   жарысқа   түсіп,
солардың   ішінен   бес   адам   таңдап   алынды.   Сол   бес   әншінің   бірі   -   Майра   Мәскеуден
абыроймен оралады.
                Қазақстанға   Майра   1994   жылы   оралып,   консерваторияда   Нәдия   Шәріпованың
ұстаздығымен   білімін   жетілдіреді.   Қазір   опера   театрындағы   қажырлы   еңбегі   үшін
Қазақстан   Республикасының   еңбек   сіңірген   әртісі   атағы   берілді.   Абай   атындағы
мемлекеттік опера және балет театрында «Қыз Жібек», «Травмата», «Ригалетто» секілді
көптеген қойылымдарда басты рөлдерді орындайды.
        Қазір Майра Мұхамедқызы  дүниежүзілік биікке көтерілді. 2004 жылдан Париждің
Гранд-операсы   Майрамен   келісім-шарт   жасап,   ол   Лос-Анжелес,   Вашингтон   опера
театрларында әнші болды. Францияның түрлі операларында Пуччинидің «Богемасында»,
Мейербердің «Африканкасында», Беллини, Доницетти, Верди сияқты композиторлардың
операларында басты рөлде ойнаған. Францияның басқа да опера 
театрлары Майрамен 2007 жылға дейін келісім - шарт жасаған.
                Майра   Францияда   әлемге  әйгілі   Рональдо   Аланье,   Нжело   Жоржью,   Марчелло
Альварес сияқты т.б. ұлы әншілермен бірге ән айтқан. Мұндай дүниежүзілік дәрежедегі
қазақ   әншілерін   көрсету   өте   қиын,   олар   бірлі-жарым   ғана.   Майра   Мұхамедқызы
дүниежүзілік дәрежеге өзінің әншілік талантымен ғана емес, керемет еңбекқорлығымен
жеткен.
Мәтінмен жұмыс
1.Мәтінді мәнерлеп оқу
2. Мәтінді аудару
3. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру
Семантикалық карта толтыру


Аты-жөні
Туған жылдары
Айналысқан істері
Еңбектері
Бақылау сұрақтары
1. Майра  кім?
2. Ол қайда тұрды?
3. Қандай қойылымдарда басты рөлді ойнады?
4. Майра кімнің ұстаздығымен білімін жетілдірді?
5. Ол қай қалаға барды?
6. Кімдермен концерт берді
ООӨЖ: [3] 142бет, ереже жаттау
ОӨЖ: [5] 350бет, сұрақтар құрастыру
Әдебиеттер:
[3] 142бет,
 [5] 350бет,
Тақырыбы:  Тұрлаусыз мүшелер. Айман-әлем әртісі
Сабақтың мазмұны мен мақсаты 

Тұрлаусыз мүшелер  туралы мағлұмат беру. Түрлі жаттығуларды орындауға қажетті
тілдік материалдарды меңгерулері 

Жаңа сөздер мен сөз тіркестерін пайдалана отырып сұхбаттасу

 Айман Мұсаходжаеваның өмірі мен шығармашылық жолынан мағлұмат беру
Айман-Әлем әртісі
         Айман көп балалы Мұсаходжаевтар отбасында  дүниеге келген.Айманның әкесі: 
«Осы қызымды өмірге келгелі төбем көкке, қолым айға жеткендей көтеріңкі көңілде 
жүрмін, қызымның аты айдай сұлу-Айман болсын», -деп, өз шешімін айтты.
         Айман деген есім жиналғандар көңілінен шықты, бірақ жылдар өткенде, осы Айман 
атты нәресте аты әлемге әйгілі скрипкашы болатынын, оған жер жүзіндегі ең зәулім 
театрларда ду қол шапалақтап қошемет көрсетілетінен, талантына хандар мен 
ханшайымдар бас иетініне ешкім көріпкелдік білдірмеген.
         Ал Айман- 5 дүркін халықаралық конкурстардың лауреаты, Қазақстан Жастар 
Одағының лауреаты, Қазақстан халық әртісі, көптеген жоғары оқу орындарының 
профессоры, Өзбекстанға еңбегі сіңірген әртіс, Халықаралық шығармашылық 
академиясының академигі, әлем әртісі.
         Айман мектепте оқып жүрген кезінен бастап, концерттерге қатысып, кәсіби 
мамандыққа төселе берді. Күләш Бәйсейітова атындағы республикалық арнайы 
музыкалық орта мектепті ойдағыдай бітірді. Жыл сайын өткізілетін Күләш Бәйсейітова 
атындағы конкурста Айман тек бірінші орынды жеңіп алып, көзге түскен.
        1976 жылы училищенің педагогикалық ұжымы Айманды күзде Мәскеуде өтетін 
Бүкілодақтық іріктеу сайысына қатысуға ұсынды. Іріктеу сайысының қорытындысында 
әділқазы алқасы  бірауыздан Советтер Одағының халықаралық сайыста намысын тек 
Қазақстандық Айман ған қорғай алады деп шешті, Югославиядағы сайысқа Айман 
жолдама алды.
        Белградта 20-27 қазанда 1976 жылы жас скрипкашылардың халықаралық сайысы 
өтеді. Жас ерекшеліктері  30-ға дейін. Оған 26 скрипкашы әр елден қатысты. Белград 


сайысында Айман үлесіне тигені жүлделі төртінші орын үшін берілген диплом, 
орындаушылық таланты үшін тағайындалған югослав музы-
канты Бранко Паевич атындағы сыйлық пен диплом,  көрермендер белгілеген «Алтын 
арфа» жүлдесі болды.
       Белград сайысынан кейін Айманды музыка әлемі жақсы тани бастады және музыка 
әлемінде «Жаңа жұлдыз пайда болды» деген мақалалар жарық көре бастады.
       Мұнан кейін 1981 жылы Генуядағы, 1982 жылы Финляндиядағы, 1983 жылы 
Токиодағы, т.б. бүкіләлемдік конкурстарда Айман үнемі жүлдегерлер тобында орын алып 
келді. Айманның үлкен жетістіктерін халқымыз мақтаныш етеді.
Мәтінмен жұмыс
1.Мәтінді мәнерлеп оқу
2. Мәтінді аудару
3. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру
Тапсырмалар
Семантикалық карта
Аты-жөні
Туған жылдары
Айналысқан істері
Еңбектері
Тапсырмалар: [5] 356-357бет,
1-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз
2-тапсырма. Сөйлемді аяқтаңыз
3-тапсырма. Сөйлемді талдаңыздар
Бақылау сұрақтары:
1. Айман деп кім ат берген?
2. «Алтын арфа » жүлдесін қашан алды?
3. Айман кім?
 ООӨЖ: [3] 144-145бет, мысалдар келтіру
 ОӨЖ: [5] 353бет, сұрақтар құрастыру
 Әдебиеттер:
 [3] 144бет,
 [5] 353бет,
Тақырыбы: Сөйлем. Оқшау сөздер. Кәсіби сөздермен жұмыс
Сабақтың мазмұны мен мақсаты 

Оқшау сөздер туралы мағлұмат беру

Өз мамандықтары бойынша кәсіби сөздерін меңгерту

Өзінің болашақ мамандығы туралы айта білуі
Оқшау сөздер
      Сөйлемде басқа сөздермен граммматикалық байланысқа түспей, тек айтылатын ойға 
қатысы бар сөздер кездеседі. Олар сөйлем мүшесі бола алмайды, себебі басқа сөздермен 
грамматикалық байланысқа түспейді. Олар-қаратпа сөз, қыстырма сөз және одағай 
сөздер.
         


жүктеу 3,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау