Саланың даму жағдайында SWOT – талдау
Күшті жақтар:
Жер және су ресурстарымен қамтамасыз етілуі;
Органикалық өнім өндірісінің және оны экспорттаудың жоғары әлеуеті;
Айтарлықтай мемлекеттік қолдау.
|
Әлсіз жақтар:
Заманауи агротехнологиялық білімді таратудың төмен деңгейі;
АӨК субъектілерінің пайдалылығының төмен деңгейі;
Қаржыландыру және сақтандыру жүйесінің төмен тиімділігі.
|
Мүмкіндіктер:
Саланы тиімді мемлекеттік қолдауды қалыптастыру;
АӨК бірқатар салаларында импортты алмастыру және экспорттық әлеуетті жүзеге асыру;
Суару жүйелерін және су қоймаларын қалпына келтіру.
|
Қауіптер мен тәуекелдер:
Табиғи-ауа райы жағдайының қолайсыз өзгеруі;
Бағаның ішкі/сыртқы конъюктурасының нашарлануына негізделетін макроэкономикалық тәуекелдер;
БСҰ-на және КО-на кіруге байланысты, халықаралық нарықтағы бәсекелестіктің өсуі;
Жануарлар мен өсімдіктер ауруларының таралуы және қоршаған ортаның ластануы.
|
Негізгі мәселелер:
өсімдік шаруашылығында шаруашылықтардың бытыраңқылығы және жер бөлулердің шағын көлемдері ғылыми-негізделген егістік айналымын сақтауға және заманауи технологияларды кеңінен пайдалануға мүмкіндік бермейді;
ауыл шаруашылығы техникасының тозу деңгейі - 80%-тен астам;
мал шаруашылығында орта және ірі тауарлық өндірісінің жеткілікті дамымауы кең ауқымды будандастыру-асылдандыру жұмысын тежейді, ауыл шаруашылығы жануарларын дұрыс жемдеуге кедергі келтіреді;
жайылым айналымының болмауынан жайылым шаруашылықтарының түсімі төмен, шөптердің өсуі нашар болып келеді;
суару жүйелерінің тозу деңгейі – 70% құрады.
сапалы шикізаттың болмауы және дайындау-өткізу жүйесінің нашар дамуы салдарынан өңдеу және қуаттардың жүктелу деңгейі төмен;
бірқатар азық-түлік өнімдері бойынша импортқа тәуелділік.
Шағын және орта бизнес
Аудан экономикасын дамытудың басым бағыты болып шағын және орта бизнесті дамыту табылады.
Тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны (әрі қарай – ШОК) аудан бойынша 2016 жылы 3416 бірлікті құрады, бұл 2014 жылғы деңгейден 7,7%-ке жоғары (3171 бірлік).
ШОК белсенді субъектілерінің саны 2014 жылы 2465 бірлікті құраса, 2015 жылы – 2610 бірлік, бұл 2014 жылғы деңгейден 5,9%-ке төмен, 2016 жылы – 2819 бірлік немесе 2014 жылғы деңгейге қатысты 354 бірлікке артты немесе 14,4%.
Жалпы тіркелген ШОК субъектілерінің санынан белсенді субъектілердің үлесі 2016 жылы 82,5%-ті құрады.
ШОК құрылымында ұйымдастырушылық-құқықтық нысан бөлінісінде тіркелген субъектілердің айтарлықтай үлесі жеке кәсіпкерлерге тиесілі (орташа есеппен 2014 – 2016 жылдары – 63,4%). ШФҚ белсенді субъектілердің жалпы санынан орташа есеппен – 32,8%-ті, заңды тұлғалар 3,8%-ті алып жатыр.
ШОК саласында жұмыспен қамтылғандар саны 2016 жылы 8015 адамды құрады, бұл 2014 жылғы деңгейден 3,5%-ке жоғары (8296 мың адам).
ШОК субъектілері 2015 жылы 2477 млн. теңгеге өнім шығарды, бұл 2014 жылғы деңгейден 4,7%-ке артық (2014 жылы – 2365,2 млн. теңге).
Ұйымдастырушылық-құқықтық нысан бөлінісінде ШОК субъектілерімен өндірілген өнімнің айтарлықтай үлесі заңды тұлғаларға тиесілі (орташа есеппен 2014 – 2016 жылдары – 42,4%). ШОК субъектілері өндірген өнімнің жалпы көлемінен ШФҚ орташа есеппен – 28,6%-ті, ЖК 29,0%-ті алып жатыр.
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының аясында құралдар бөлінісінде, қаржылай қолдауға ие болған жобалар саны
Қолдау құралдары
|
2014
|
2015
|
2016
|
Үш бағыт бойынша субсидиялау,
|
0
|
3
|
30
|
Кепілдендіру
|
0
|
0
|
0
|
Гранттар
|
2
|
2
|
4
|
Өндірістік инфрақұрылымды дамыту
|
0
|
0
|
0
|
Б
ЖК-2020 бойынша шараларды жүзеге асыру нәтижесінде 2014 – 2016 жылдары 18 орындары құрылды.
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының аясында құрамдастар бөлінісінде, оқудан өткен қатысушылардың саны
Қолдау құралдары
|
2014
|
2015
|
2016
|
1 бизнес кеңесшісі
|
60
|
60
|
60
|
2 бизнес кеңесшісі
|
0
|
0
|
0
|
Топ-менеджментті оқыту
|
0
|
0
|
0
|
Іскерлік байланыстар
|
0
|
0
|
0
|
«Бизнес кеңесшісі» құрамдасы бойынша шағын және орта кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау аясында 2012 – 2014 жылдары - 180 кәсіпкер кәсіпкер оқытылды.
Саланың даму жағдайына SWOT- талдау:
Күшті жақтар(S)
Халық санының жоғары болуы;
Ауылдық кәсіпкерлікті белсенді түрде дамыту;
Әкімдік және Кәсіпкерлер палатасы, Даму қоры арасындағы жөнге қойлған жұмыс;
|
Мүмкіндіктер (O)
ЖӨӨ-гі ШОК үлесінің өсу факторы ретінде Бизнестің жол картасы – 2020 бағдарламасын және бизнесті дамытудың өңірлік бағдарламаларын жүзеге асыру;
Жаңа бизнес-бастамаларды экспортқа бағдарланған өндірістерді мемлекеттік қолдау;
Моноқалалардың ШОК-н Өңірлерді дамыту 2020 бағдарламасының аясында қолдау шаралары;
|
Әлсіз жақтар (W)
Қаржы-несие ресурстарының жеткіліксіздігі, яғни жаңа іс бастағысы келетін азаматтар сұралатын несие сомасын қамтамасыз ету үшін кепілдеме көлемінің жеткіліксіздігіне байланысты бизнестерін ұйымдастыру мүмкіндігінен айырылады;
Өңірлер бөлінісінде шағын кәсіпкерлікті дамыту деңгейі бойынша жоғары теңсіздіктің сақталуы.
|
Қауіптер (T)
ШОК қаржыландырудың жеткіліксіздігіне байланысты алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізбеу;
Халықтың төлем қабілеті деңгейінің төмендігі ШОК тауарлары мен қызметтеріне сұраныстың өсуіне кедергі келтіреді;
|
Негізгі мәселелер:
Қаржы-несие ресурстарының жеткіліксіздігі, яғни жаңа іс бастағысы келетін азаматтар сұралатын несие сомасын қамтамасыз ету үшін кепілдеме көлемінің жеткіліксіздігіне байланысты бизнестерін ұйымдастыру мүмкіндігінен айырылады;
Өңірлер бөлінісінде шағын кәсіпкерлікті дамыту деңгейі бойынша жоғары теңсіздіктің сақталуы.
Сауда
Бөлшек сауда айналымының көлемі 2016 жылы 3669,7 млн. теңгені құрады, бұл 2014 жылғы деңгейден 36,1%-ке артық (2788,4 млн. теңге).
Өңірде 321 сауда және қызмет көрсету объектілері әрекет етеді, оның ішінде 219 бөлшек сауда дүкендері, 2 сауда базарлары бар. 2016 жылы 2014 жылмен салыстырғанда сауда және қызмет көрсету саласының 3 объектілері ашылды, оның ішінде 1 дүкен, 2 тұрмыстық және сервистік қызмет көсрету объектілері.
2014 жылдан 2016 жыл аралығында саланы дамыту заманауи сауда нысандарына ауысуға, бөлшек тауар айналымында ірі сауда жүйелерінің үлесін көбейтуге, сондай-ақ сауда базарларының инфрақұрылымына қойылатын талаптарды арттыруға бағытталған Қазақстан Республикасында сауданы дамытудың 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламасының аясында жүргізілді.
Бөлшек сауданы жаңартудың төмен үдемелілігінің негізгі себебі көлеңкелі нарықтың жасырын қарсы әрекет етуіне, бизнес үшін ынталандырудың, кәсіпкерлерде өтемақылардың жеткіліксіздігіне байланысты болады. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасында заманауи сауда объектілерінің құрылысы және базарларды қайта жаңғырту үшін қолдау шараларының болуына қарамастан, аталған құралдары пайдалану заңнаманың дамымағандығымен тежеледі.
Өңірде бөлшек сауданы әрі қарай дамыту ҚР 2020 жылға дейін қызмет көрсету саласын дамыту бағдарламасын ескерумен, сауда базарларын жаңарту, электрондық сауданы дамыту, заманауи сауда нысандарын дамыту бағытында жүргізіледі.
Саланың даму жағдайына SWOT-талдау:
Күшті жақтар(S)
Алматы қ. ірі тұтыну нарығына ұтымды жақын орналасуы;
Облыс аумағынан Еуропа-Қытай халықаралық дәліздерінің өтуі үшін географиялық қолайлы орналасуына қарай маңызды тарнзиттік әлеуетінің болуы;
Сауда көлемдерін дамыудың және халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етудің оң серпіні;
Әлеуметтік маңызды тауарларға бөлшек сауда бағасы мониторингінің қалыптасқан жүйесі.
|
Мүмкіндіктер (O)
КО елдерімен өткізу нарығын кеңейту, сондай-ақ Қытаймен шекаралық ынтымақтастықты дамыту;
ҚР 2020 жылға дейін қызмет көрсету саласын дамыту бағдарламасының аясында бөлшек сауданы мемлекеттік қолдау шараларын пайдалану;
Халық санының өсуіне және облысқа жоғары білікті мамандарды тартуға қолайлы жағдай жасау;
Жаңа өндірістерді дамыту мүмкіндігіне негізделетін жұмыспен қамту өсімінің келешегі..
|
Әлсіз жақтар (W)
Облыста ішкі тұтыну нарығының шектеулі көлемі және логистиканың жеткіліксіз дамуы;
Бөлшек сауда секторының облыс орталығында және 4 ауданда шоғырлануы (12 ауылдық аудандарда сауда және қызмет көрсету саласының жеткіліксіз деңгейде дамуы);
Бөлшек сауда, ретсіз сауда мәселелері бойынша, қоғамдық тамақтану, қызмет көрсету саласы бойынша заңнама олқылықтары, сондай-ақ нормативтік-құқықтық актілерде заманауи терминологияның болмауы;
Өңірдің бөлшек сауда секторының нашар инвестициялануы;
Дайын өнімнің экспортқа бағытталуының нашарлығы.
|
Қауіптер (T)
ЕАЭО және БСҰ аясында бәсекелестіктің күшеюі;
Азық-түлік тауарларын және оларды жасауға арналған шикізаттың сырттан әкелінуіне жоғары тәуелділік облыстың азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп тудырады;
Бөлшек сауда базарларының көлеңкелі тауар айналымының өсуі;
Ескірген сауда нысандарының төмен бәсеке қабілеттілігінің консервациясы.
|
Негізгі мәселелер:
сауда қызметін реттеу саласында нашар заңнамалық қамтамасыз етілу;
сауда базарларында көлеңкелі айналым деңгейінің жоғары болуы;
ішкі сауда инфрақұрылымының жеткіліксіз даму деңгейі.
Инновациялар және инвестициялар
Есепті кезеңде негізгі капиталға тартылған инвестицияның көлемі 13240,8 млн. теңгені құрады немесе 2014 жылғы сәйкес мерзімге қарағанда өсу қарқыны –2,4 есені құрады.
Инвестиция құрылымында 5314,2 млн. теңге немесе 40,1%-ы кәсіпорындардың, ұйымдар мен халықтың өз қаражаты есебінен, 5134,2 млн. теңге немесе 38,8%-і бюджеттік инвестициялар есебінен игерілді.
Негізгі капиталған салынған инвестициялардың құрылымы
|
|
|
|
млн. теңге
|
Қаржыландыру көздері
|
2014 ж. нақты
|
2015 ж. нақты
|
2016 ж. нақты
|
2016 ж. қарағанда 2014ж. %
|
Негізгі капиталға салынған инвестициялар – барлығы
|
10498,2
|
14777,7
|
13240,8
|
126,1
|
Меншікті қаражат
|
4802,5
|
1211,9
|
1749,7
|
36,4
|
Қарыз қаражат
|
0
|
0
|
3384,5
|
|
Шетелдік инвестициялар
|
0
|
0
|
0
|
|
Банктер несиелері
|
54,1
|
0
|
0
|
625 р
|
Бюджеттік инвестициялар
|
5641,6
|
13565,8
|
8106,6
|
143,6
|
Жан басына шаққандағы негізгі капиталға салынған инвестициялар
Атауы
|
2014 ж. нақты
|
2015 ж. нақты
|
2016 ж. нақты
|
2014 ж. қарағанда 2016ж. %
|
Жан басына шаққандағы негізгі капиталған салынған инвестициялар, мың теңге
|
257,3
|
367,6
|
318,3
|
123,7
|
Өсім қарқыны, %
|
159,3
|
142,9
|
86,5
|
-
|
2014 жылы жан басына шаққандағы негізгі капиталға салынған инвестициялар 258,6 мың теңгені құрады немесе 2012 жылға – 176,7% саны 39,6 мың адам болғанда).
Шикізаттық емес секторда негізгі капиталға салынған инвестициялар (мемлекеттік бюджеттен инвестицияларды қоспағанда) 2014 жылы 6,7 млн. теңгені құрады, бұл негізгі капиталған салынған инвестициялардың жалпы көлемінің – 0,1%.
Инновациялық қызмет
Облыста инновацияларды, жаңа технологияларды дамыту және енгізу және инвестициялар тарту үшін «Алматы облысының өңірлік даму орталығы» ЖШС жұмыс жасайды.
Сондай-ақ ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерінің тиімділігін арттыру әжне ғылыми-зерттеу жобалары коммерцияландыру мақсатында Алматы облысында Ілияс Жансүгіров атындағы ЖМУ-дің негізінде, кейіннен өндіріске енгізілетін жаңа технологияларды, үлгілер мен қызметтерді әзірлейтін Ғылыми-зерттеу кластері мен Ғылым және инновациялық технологияларды коммерцияландыру кеңсесі құрылды.
Саланың даму жағдайына SWOT- талдау:
Күшті жақтар (S):
Табиғи ресурстардың барлық дерлік түрлерінің болуы;
Ауыл шаруашылығы дамыған және өңдеу өнеркәсібінің үлесі жоғары өңір;
Құрылыс индустриясы өсімінің жоғары қарқыны;
Өңір инфрақұрылымын (жолдар, газдандыру, электрмен қамту және т.б.) белсенді дамыту;
Ұтымды географиялық орналасу (Алматы қ., Қытай, Қырғызстан);
«Қорғас-Шығыс қақпа» АЭА» құру (ол индустриялдық аймақты, мультимодальді логистикалық аймақты және Қорғас ШЫХО қамтиды);
Бағдарламалар («Жол картасы», «Өнімділік – 2020», МҮИИДБ, «Қалпына келетін энергия көздерін дамыту», «Экспорттаушы – 2020», «Агробизнес 2020») аясында жаңа жобаларды жан-жақты қолдау.
|
Әлсіз жақтар (W):
Облыс аудандарының дамуының теңсіздігі – Алматы қаласынан шалғай орналасқан аудандар айтарлықтай төмен көрсеткіштермен және төмен белсенділікпен сипатталады;
Облыстың импортқа тәуелділігі;
Туристік инфрақұрылымның нашар дамуы;
Облыстың көлік-коммуникациялық инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуы салдарынан өңірдің инвестициялық тартымдылығының төмендеуі;
Әлеуметтік инфрақұрылымның жеткіліксіз дамуы және әлеуметтік салаға инвестиция салудың төмен деңгейі.
|
Мүмкіндіктер (O):
Ауыл шаруашылығында өндіріс өсімінің келешегі, оның ішінде ауыл шаруашылығын дамытуда инновациялық тәсілдер негізінде;
Өңір табысының транзиттік жүк және жолаушы ағымдарын жандандыру есебінен айтарлықтай өсуі;
Қолда бар табиғи ресурстар негізінде – ауыл шаруашылығы өнімін өңдеудің дамытға жүйесін, құрылыс индустриясын, туристік кластерді дамыту;
Әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін дамытуға, экологиялық ахуалды жақсартуға мемлекеттік және жеке инвестицияларды тарту – әлеуметтік әріптестік.
|
Қауіптер (T):
Дағдарыс кезеңінде республикалық трансферттердің қысқару мүмкіндігі;
Өңірдің сейсмикалық белсенділігі;
Білікті мамандардың жетіспеушілігі;
Облыстың көлік-коммуникациялық инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуы салдарынан өңірдің инвестициялық тартымдылығының төмендеуі;
Азық-түлік тауарларын және олардың өндірісі үшін шикізатты сырттан әкелуіге жоғары тәуелділік облыстың азық-түліктік қауіпсіздігіне қауіп туғызады;
Облыс экономикасының шикізаттық бағдарлануының сақталуы және соның салдарынан облыстың мұнай-газ ресурстары сарқылған жағдайда экономикалық дағдарыстың орын алуы.
|
Достарыңызбен бөлісу: |