Көксу ауданының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы


Саланың даму жағдайына SWOT-талдау



жүктеу 3,52 Mb.
бет6/10
Дата26.05.2018
өлшемі3,52 Mb.
#18056
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Саланың даму жағдайына SWOT-талдау:

Күшті жақтар (S)

  1. Меншікті құрылыс материалдарының болуы;

  2. Үлкен құрылыс тәжірибесі бар кәсіпорындар

Мүмкіндіктер (O)

  1. «Өңірлерді дамыту 2020» бағдарламасын және «Нұрлы Жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасын жүзеге асыру;



Әлсіз жақтар (W)

  1. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу үшін кезекте тұрған азаматтар санының өсуі.

  2. Инженерлік жүйелер тартылған ЖТҚ-на берілетін жер телімдерінің аз болуы.

Қауіптер (T)

  1. «Өңірлерді дамыту -2020» және «Нұрлы Жол» бағдарламаларының аясында тұрғын үй құрылысын қаржыландырудың қысқаруы;

  2. Құрылыс материалдарының қымбаттауы.




Негізгі мәселелер:

  • Тұрғын үй құрылысын жеткілікті қаржыландырмау, қолданысқа енгізілетін тұрғын үйлердің көлемі үйге кезекті айтарлықтай кемітуге мүмкіндік бермейді.

  • Жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысын жеткіліксіз қаржыландыру;


Автомобиль жолдары және көлік

Ауданда жалпы қолданыстағы автокөлік жолдары 262 шақырым, оның ішінде 58 шақырымы республикалық маңызы бар, 204 шақырымы облыстық маңызы бар. Жергілікті жолдар 223,8 шақырымды құрайды, оның ішінде асфальт төселгені – 99,2 шақырым, қиыршық тас төселгені – 77,8 шақырым және топырақ төселген – 46,8 шақырым. Аудан арқылы ұзындығы – 168 шақырымды құрайтын теміржол магистралі өтуде.

Облыстық және аудандық маңызы бар автокөлік жолдарында 23 көпір, 237 су өтетін трубалар бар.

2012 жылы Бозтоған ауылының Марлен көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді 1170 м2, Қазақстанның 10 жылдығы ауылының Нурманбетов көшесіне 3720 м2, Көксу бекетінің Байтулаков көшесінің 3930 м2, балпық би ауылының Қарынбай батыр көшесінің 6420 м2 орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2013 жылы Бозтоған ауылының Бейсек көшесіне 1800 м2, Балпық би ауылының Сейфуллин 1200 м2, Ескелді би 2400 м,2, Маметов көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2014 жылы ауданның ішкі жолдарын орташа жөндеуге барлығы 61341,0 мың теңге бөлінді. Жамбыл ауылы Сәрсенов көшесіне 10880,0 мың теңге, Мұсабек ауылы Андасов көшесіне 15963,0 мың теңге, Мұқыры ауылы Әбілтаев көшесіне 34498,0 мың теңге бөлініп, Балпық би ауылы Мырзабеков көшесіне 36833,0 мың теңге, Көкбастау ауылы Абай көшесіне 22617,0 мың теңге бөлініп, орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы ағымды жөндеуге 2014 жылы республикалық бюджеттен 10,1 миллион теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алуды «Фирма Талдықорған Жолдары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жеңіп алды. ПЧ-45 ауылындағы Рысқұлов көшесінің жолын, Мұқыры ауылындағы Сейфуллин және Жексенбай көшесінің жолын, Көкбастау ауылындағы Қойшыбеков көшесінің жолын және Мәмбет ауылындағы Мұратбеков көшесі мен Жамбыл көшесінің жолын, Жамбыл ауылындағы Шаухаров көшесіндегі өткелдеріне ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2015 жылы ауданның ішкі жолдарын орташа жөндеуге барлығы 109328,0 мың теңге бөлінді. Балпық би ауылы Солтанбай батыр көшесіне 15315,0 мың теңге және Темірбаев көшесіне 21389,0 мың теңге, Балпық би ауылы Қабылиса көшесіне 55414,0 мың теңге бөлініп, толығымен тапсырды.

Ағымды жөндеу жұмыстарына 16210,0 мың теңге бөлінді. Балпық ауылдық округінің көпірлі өткелдерін ағымды жөндеу жұмыстарына 7174,0 мың теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы болып «Ақжол-Ырыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі атанып, жұмыстарды осы жылдың сәуір айында бастап, шілде айында тапсырды. Және де Балпық би ауылы Измайлов көшесін ағымды жөндеуіне 8654,0 мың теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы болып «Талдықорған-Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі атанып, ағымды жөндеу жұмыстары осы жылдың маусым-шілде айында жүргізіліп бітті.

Саланың даму жағдайына SWOT-талдау:


Күшті жақтар (S)

1. Қанағаттанарлықсыз жағдайдағы автомобиль жолдары үлесінің 40,5%-тен 33%-ке дейін қысқаруы;




Мүмкіндіктер (O)

  1. «Нұрлыжол» және «Қазақстан Республликасының көлік жүйесінің инфрақұрылымын 2020 жылға дейін дамыту және интеграциялау» мемлекеттік бағдарламаларының аясында көлік инфрақұрылымын дамыту жобаларын жүзеге асыру;

  2. Әрекет етуші көлік-логистикалық орталықтарын кеңейту және жаңарту, сондай-ақ жаңа көлік-логистикалық орталықтардың құрылысы есебінен көлік инфрақұрылымының қуатын арттыру;



Әлсіз жақтар (W)

1.


2. Автомобиль жолдарының тозуы;

3. аудан аумағын жолаушы маршруттық хабарламасымен толық қамтымау;




Қауіптер (T)

  1. Көлік инфрақұрылымын дамыту жобаларын жүзеге асыру үшін бөлінген бюджеттік қаражаттарды секвестрлеу;





Негізгі мәселелер:

аудан ішілік тасымалдын болмауы;

-таксилерге арналған тұрақ жоқ.

Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылығы
Балпық би ауылында 53 көп пәтерлі тұрғын үй орналасқан, оның 47 күрделі жөндеуді қажет етеді (88,6%).

Балпық би ауылының 3 көп пәтерлі тұрғын үйі күрделі жөндеуден өткен, 3 көп пәтерлі тұрғын үй бойынша жоба-сметалық құжаттама әзірленген.

Саланың даму жағдайына SWOT-талдау:

Күшті жақтар (S)

  1. Балпық би ауылында 570 абонент қосылған орталық қазандық жұмыс істеуде, олардың ішінде 518 көп қабатты тұрғын үйлердің пәтерлері, 27 тұрғын үй, 25 әкімшілік ғимараттар қосылған.

Мүмкіндіктер (O)

  1. Көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу және термомодернизациялау жөніндегі жобаларды жүзеге асыру кондоминиум объектілерінің техникалық жағдайын және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

  2. 2020 жылға дейін күрделі жөндеуді талап ететін тұрғын үйлер санын 21,8% төмендету.

Әлсіз жақтар (W)

1. Халықтың кондоминиум объектілерінің жалпы мүлкін ұстауға нашар белсенділік танытуы;

2. Өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында тиісті деңгейде көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу жұмыстары жүргізілмейді.


Қауіптер (T)

  1. Көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу және термомодернизациялау жөніндегі жобаларды мемлекеттік бюджеттен қаржыландырудың жеткіліксіздігі.


Негізгі мәселелер:

  • Кондоминиум нысандарының инженерлік желілерінің пайдалану ұзақтығынан 2 есе көп уақыт өту салдарынан тозуы деңгейінің өсуі.

  • Кондоминиум нысандарының тозуы.

  • Өңірлерді дамыту 2020 бағдарламасының (ҚР тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңартудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы) аясында кондоминиум объектілерінде жөндеу жұмыстарын жүргізуді қаржыландырудың жеткіліксіздігі.


Электрмен жабдықтау

Барлық электр желісінің ұзындығы 102 шақырымды құрайды, ал тозуы 56%. КТБ және ТБ саны 42 дана, ал тозуы 65%. Көше жарықтандыру жүйесі ауылдың 38 көшесінде орнатылған. 2015 жылы 61,5 млн. теңгеге Сейфуллин, Жангелдин, Исабаев, Амангелді, Момышұлы, Измайлов және Тазабұлақ көшелерінде көше жарықтандыру тіректері орнатылған.

Балпық би ауылының электр желілерімен қосымша қуат пен сапалы қызмет ұсыну мақсатында және электр желілеріндегі энергия жоғалтуды азайту үшін Ынтымақ ш/а мен Амангелді көшесінде қосымша КТБ орнату қажет.
Саланың даму жағдайына SWOT-талдау:

Күшті жақтар (S)

1Балпық би ауылында 2015 жылға электр энергияны пайдалану көрсеткіші 25,5% өсті.



Мүмкіндіктер (O)

  1. Қалпына келетін қуат көздерін дамыту

Әлсіз жақтар (W)

1. Қуат өндірісі үшін қалпына келетін көздерді дамытудың және пайдаланудың жеткіліксіздігі.

2. Электрмен қамту инфрақұрылымының тозу деңгейінің өсуі(60%);

3. Электр желілеріндегі үлкен жоғалтулар.


Қауіптер (T)

1. ГЭС орналасқан аймақтарындағы өзен және су айдынының су деңгейінің төмендеуі.




Проблемалық мәселелер:

  • Электр желілерінің техникалық жағдайын қанағаттандырмайды, тозу деңгейі 56%, электр энегиясын жоғалту 12,1%.


Ауыз су және су бұру

Балпық би ауылының ауыз су жүйесі 1960 жылы қолданысқа берілді. Жер асты суы пайдаланылады. Балпық би ауылында 5 суқақпасы орналасқан. Ауыз су жүйесінің ұзындығы 68 шақырым. Ауыз су жүйесіне «Көксу су құбыры» МКК қызмет көрсетеді.

2016 жылы ауылдың ауыз су жүйесін жаңғырту жұмыстары аяқталды.

Ауыл тұрғындарының 83,6% ауыз су жүйесімен қамтамасыз етілген.



Ауыл тұрғындарын толықтай сапалы ауыз су жүйесімен қамтамасыз ету үшін 2017-2020 жылдар аралығында ауыз су жүйесін қайта жаңғырту және құрылысын салу жұмыстарының 2 кезеңі жоспарлануда. Болжам бойынша нысан құны 904,0 млн. теңге. Сонымен қатар Балпық би ауылын сумен қамтамасыз етуді арттыру үшін су таратқышты реконструкциялау мен салу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. ҚМЖ сомасы 93,9 млн.теңге.

Ауыз су жүйесінің тозу деңгейі 30% құрайды.

Балпық би ауылының кәріз жүйесі өткен ғасырдың 60 жылдары салынған. Бүгінгі күнге желінің ұзындығы 7,6 шақырымды құрайды, «Көксу су құбыры» МКК қызмет көрсетеді. Халыққа көрсетілетін су бұру қызметін жақсарту мақсатында 3 сорғы бекетін және 6 шақырым кәріз жүйесін салу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар жалпы сомасы 592 млн. теңгені құрайтын тазартқыш қондырғыларын салу және Балпық би ауылының кәріз жүйесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Өртке қарсы көлемі 100м3 құрайтын 2 резервуар, кәріз суларын жинайтын көлемі 350м3 құрайтын 2 резервуар және көлемі 700м3 құрайтын 2 биореактор салынды. Тазабұлақ, РТС және Ынтымақ шағын аудандарында 3,5 шақырым кәріз жүйелері салынып, тазарту қондырғылары орнатылды.

Ауыл тұрғындарының 25% кәріз жүйесімен қамтамасыз етілген. Кәріз жүйесінің тозу деңгейі 20% құрайды.



Саланың даму жағдайына SWOT-талдау:

Күшті жақтар (S)

  1. Халықтың сапалы ауыз суға қол жеткізудің 83,6% көрсеткішіне жетті.

  2. Орталықтандырылған кәріз жүйесі жұмыс істеуде.




Мүмкіндіктер (O)

1. Ауыл халқын ауыз сумен қамтамасыз етілуін арттыруға мүмкіндік беретін Өңірлерді дамыту 2020 жылға дейін дамыту бағдарламасын жүзеге асыру;

2. Сумен қамту жүйелерінің техникалық жағдайын жақсарту, су тазарту және су дайындау шығындарын арттыру;

3. Заманауи технологияларды енгізу;

4.Материалды-техникалық базаны жарақтандыру арқылы қолдану қызметін жетілдіру.


Әлсіз жақтар (W)

1. Сумен қамту объектілерінің және жүйелерінің қатты тозуы және соның салдарынан авариялардың, шығындардың, ауыз су сапасының төмен деңгейде болуы;

2. Жаңа сумен қамту жүйесінің құрылысына және әрекет етушілерін қайта жаңғыртуға мемдекеттік және жеке инвестициялардың жеткіліксіздігі;

3. Сумен қамту қызметтерін көрсететін көптеген коммуналдық кәсіпорындардың қызметтеріне әрекет етуші тарифтер жүйелерде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін қажет шығындарды өтемейді;

4. Ауылдық елді мекендерде сумен қамту және су бөлу жүйелеріне қызмет көрсету жөніндегі кәсіпорындардың жеткіліксіз деңгейде материалдық-техникалық жарақтандырылуы.


Қауіптер (T)

1. Ұңғымаларды пайдалану режимін бұзу салдарынан жер асты сулардың сапасының төмендеуі;

2. Ұзақ мерзім бойы пайдалану нәтижесінде орын алған сумен қамту объектілерінің қанағаттанарлықсыз техникалық жағдайы; қаржыландырудың жетіспеушілігі.


Негізгі мәселелер:

Қызмет көрсету жөніндегі кәсіпорындардың жеткіліксіз деңгейде материалды-техникалық жарақтандырылуы.

Сумен қамту объектілерінің және жүйелерінің қатты тозуы және соның салдарынан авариялардың, шығындардың, ауыз су сапасының төмен деңгейде болуы.
Жылумен қамту, газбен қамту
Балпық би ауылында орталық жылыту қазандығы салынған. Аталған нысанға қызмет көрсету мақсатында «Көксу жылу» МКК құрылды. Бүгінгі күнге жылу жүйесінің ұзындығы 11,6 шақырымды құрайды. 2013 жылы қазандықты кеңейту жүргізіліп бұрын орнатылған 2 дана қазандыққа қосымша 3 дана КВ-ГМ-3,65 қазандықтары орнатылды. Аталған жағдай қазандықтын қуатын өсіру арқылы қосымша абоненттерді қосуға мүмкіндік берді.

Балпық би ауылындағы қазандықтын қуаты 15,7 Гкал/сағ құрайды. Сонымен қатар жыл сайын 8-10% жылу жүктемесінің өсуі байқалады. Сонымен қатар тек жылу беру қызметін көрсете отырып тәулігіне 17 тонна мазут отыны жағылады. Жылу жүйесінің тозу деңгейі 10% құрайды.

«Көксу ауданы Балпық би ауылының жылу жүйелерін қайта жаңғырту және құрылысын салу» нысаны бойынша жоба-сметалық құжаттама дайындалды. Нысанның жалпы сомасы 226,357 млн.теңге, 2017 жылға қарастырылған.

Қазіргі уақытта Балпық би ауылын газбен қамту Талдықорған қаласынан алып келетін балондағы сүйытылған газбен жүргізіледі. Тасымалдауышлар «Алаугаз» және «Жетісугаз» ЖШС.

Балпық би АГТБ (автоматты газ тарату бекеті) құрылысын салу жұмыстары аяқталды. Құрылыс-монтаж жұмыстарының сомасы 689,173 млн. теңге.

Сонымен қатар «Көксу ауданы Балпық би ауылының ішкі газбен қамту жүйесінің құрылысын салу» нысаны бойынша жоба-сметалық құжаттама өңделді. Жобаның жалпы сомасы 1297,944 млн. теңге, инвестор ЖШС «BSP-Group».



Саланың даму жағдайына SWOT-талдау:

Күшті жақтар (S)

  1. Балпық би ауылында 2010 жылдан бастап орталық қазандық жұмыс істеуде;

  2. Балпық би АГТБ (автоматты газ тарату бекеті) құрылысын салу жұмыстары аяқталды.

Мүмкіндіктер (O)

  1. Газдандырудың арқасында ауданның экологиялық жағдайын жақсарту;

  2. Бюджеттік мекелеріне арналған дизель отыннына жұмсалатын қаражаттың азайтылуы.

Әлсіз жақтар (W)

1. Табиғи газды пайдалануға арналған газ құбырларының жоқтығы.



Қауіптер (T)

  1. Жаңа орталықтандырылған газ жүйесінің құрылысына жұмсалатын қаражаттың жетіспеуі.


Негізгі мәселелер:

  • Табиғи газды пайдалануға арналған газ құбырларының жоқтығы.

2.1.2. Әлеуметтік сала
Демографиялық әлеует
Ауданда 2017 жылдың 1 қаңтарына халық саны 41,2 мың адамды құрады немесе ел халқының – облыс халқының 2,1%.

2014 жылмен салыстырғанда қала тұрғындарының саны 1300 адамға көбейді.

Осы кезеңде көші-қонның теріс сальдосы байқалады: 2014 ж.- 154 адам, 2015 ж.- 292 адам, 2016 ж.- 330 адам. Халықтың ауылдық жерлерден көшуі жұмыстың жоқтығынан және еңбекақының төмен болуынан орын алады.
Еңбек нарығы
Әлеуметтік қорғау саласының басты басымдықтарының бірі халықтың әл-ауқатын жақсарту.

Әлеуметтік салада халықты жұмыспен қамту шаралары аясында жұмысқа орналасуға ниет білдірген 884 жұмыссыздың 761-і жұмысқа орналастырылды жұмысқа орналасу деңгейі 86 пайыз 318 жұмыс орындары ашылды.

251 адам қоғамдық жұмысқа тартылып, 30 жұмыссыз азамат кәсіби оқытуға және жастар тәжірибиесіне 22 түлек жіберілді.

Аудан бойынша 1481 мүмкіндігі шектеулі азамат бар, оның 110 азамат І-топтағы, 682 азамат ІІ-топтағы, 517 азамат ІІІ-топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтар болса, 16 жасқа дейінгі мүгедектер саны 172 бала. Оның ішінде жұмысқа жарамды жастағылар саны 1032 азамат, еңбекке қабілеттісі 381 азамат, жұмыс жасайтындары 344 азамат. 2014 жылы 52 мүмкіндігі шектеулі азаматтар жұмысқа орналастырылды.

Жалпы алғанда әлеуметтік көмектің 17 түрімен 3845 адам қамтылып, бюджеттен 67 млн. теңгеге көмек көрсетілді.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламаның бірінші бағыты бойынша 12 адам жұмыспен қамтылды.

Бағдарламаның екінші бағыты бойынша мал шаруашылығын және кәсіпкерлігін кеңейту мақсатына 34 жұмыссыз азаматқа мал шаруашылығын дамытуға, жеке ісін ашуға және кәсібін кеңейтуге 83 млн.теңгеге көлемінде несие берілді.

Сонымен қатар, 33 жұмыссыз азамат әлеуметтік жұмыс орындарына жіберіліп, тұрақты жұмыспен қамтылды.

2011-2014 жылдар аралығында кәсіптік қайта даярлау курсына жіберілген 46 жұмыссыз азаматтың 38 азаматы тұрақты жұмысқа орналастырылды. Жастар тәжірибесіне 38 жас түлек жіберіліп, оның 8 жас түлек тұрақты жұмысқа орналастырылды. 26 мүмкіндігі шектеулі азаматтарға бағдарлама негізінде көмек көрсетіліп оның 18-і жұмысқа орналастырылды.

Негізгі мәселелер:


  • жұмыссыздық, әсіресе жастар мен әйелдер арасында сақталуда;

  • өз бетімен жұмыспен қамтылғандар саны айтарлықтай болып отыр;

  • жұмыс күшіне сұраныс мен ұсыныстың сәйкессіздігі, ол жоғары білімі бар мамандардың артықшылығы мен білікті жұмысшылардың жетіспеушілігімен күрделенеді;

  • еңбек және өндірістік тәртіпті бұзу сақталуда.


Халықтың өмір сүру деңгейі

2012 жылдан 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін әлеуметтік атаулы көмек түрі 5,2 млн.теңге соммасынада көрсетілді. Соның ішінде 2012 ж-118 адамға, 2,4 млн.тг., 2013 ж-59 адам, 1,8 млн.тг., 2014 ж-31 адам, 0,8 млн.тг. атаулы әлеуметтік көмек түрін алу саны азаюы байқалуда.

Жалпы алғанда әлеуметтік көмектің 17 түрімен 3845 адам қамтылып, бюджеттен 67 млн. теңгеге көмек көрсетілді.

Қолданыстағы заңнамамен көзделген төлемдермен қатар, ауданда жергілікті өкілді органдардың шешімімен әлеуметтік көмектің қосымша түрлері көрсетіледі.

Атап айтсақ, тұрғын үй көмегі 6 млн. 163 мың теңге сомасына 277 отбасына көрсетілді.

Жыл сайын ауылдық жерлерде тұратын білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт қызметкерлері отын сатып алуға жәрдемақы алады. Осындай көмекті 17 млн. теңгеге 1799 адам алды.

Ата–анасы жоқ және тұрмысы төмен отбасыларынан шыққан 24 студент жоғары және арнаулы орта оқу орындарында облыс әкімінің гранты бойынша білім алуда.

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай 8 ҰОС-на қатысушыларға 400 мың теңге көлемінде бір жолдық материалдық көмек берілді.

Ұлы Отан соғысына қатысушы мен мүгедектер, Ауған соғысына қатысушылар және Чернобыль апатынан зардап шеккен азаматтар санаторлық-курорттық ем алуда.

Әлеуметтік саладағы негізгі проблемалар:

жұмыссыздық, әсіресе жастар, ЖОО және ТжКО мекемелердің түлектер арасында;

халықтың өзін-өзі жұмыспен қамтылғандар санының едәуірлігі;

төмен деңгейдегі табыс көлемімен халық санының едәуірлігі.



Саланың даму жағдайына SWOT-талдау:

Күшті жақтар

  1. Облыс халқының жұмыспен қамтылуына ықпал етудің кешенді жоспары әзірленді;

  2. 2 жылда ММӘК жүгінгендер санының 43,8%-ке төмендеуі;

  3. Орташа төлем көлемінің 1,2 есе өсуі, бұл жеке мекен-жай көмегінің күшеюін білдіреді;

  4. Мекен-жай әлеуметтік көмегін алушылар құрамында жұмысқа қабілетті халықтың үлестік салмағының 30,4%-тен 30,2%-ке дейін төмендеуі;

  5. Мүгедектердің қоғамда интеграциялануы бойынша шараларды жүзеге асыру.




Әлсіз жақтар

  1. Жастар мен әйелдер арасында жұмыссыздықтың сақталуы;

  2. Еңбек нарығында жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынысының теңсіздігі;

  3. Экономиканың мамандарға деген қажеттілігін анықтау тетігінің жоқтығы;

  4. Жекелеген өңірлерде білікті мамандардың жетіспеушілігі байқалады;

  5. Әсіресе ауылда тұрақты жұмыс орындарының болмауы;

  6. Медико-әлеуметтік мекемелерде медициналық білімі бар білікті мамандардың жетіспеушілігі;

  7. Арнайы әлеуметтік көмек көрсететін мамандарға еңбек ақы төлеу деңгейінің төмендігі;

  8. Әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің барлығы мүгедектерге қол жеткізумен және көліктік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілмеген;

  9. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелерінің бұзылуы.

Мүмкіндіктер

  1. Тұрақты немесе уақытша жұмыс орындарына орналастыру, кәсіби дайындыққа және қайта дайындауға, қоғамдық жұмыстарға жіберу, әлеуметтік жұмыс орындарын құру, сондай-ақ мекен-жайлық сипатын күшейту арқылы әлеуметтік көмекті оңтайландыру жөніндегі бағдарламаларды жүзеге асыруға бағытталған жұмыспен қамтудың белсенді нысандарын қолдану;

  2. Жұмыс берушілердің қажеттіліктеріне сәйкес, жұмыссыз халықты кәсіби дайындау және қайта дайындау бағдарламаларын жүзеге асыру;

  3. Өңірде дайындау жүргізілмейтін мамандықтар бойынша шетелдік жұмыс күшін тарту;

  4. Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік бағдарламалардың белсенді спекторларын кеңейту;

  5. Ауыл халқына басымдық таныта отырып, жұмыссыз және пайдасыз өз ісімен шұғылданушылардың кәсіпкерлік бастамаларын дамытуға ықпалдасу;

  6. Жобалау және құрылыс кезінде ғимараттар мен құрылыстардың мүгедектер үшін қол жетімділігін қамтамасыз ету нормаларын сақтау;

  7. Жұмыс орындарында еңбек жағдайын жақсарту;

  8. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша әзірленген ережелер мен нұсқаулықтарды сақтау.

Қауіптер

  1. Экономикалық дағдарыстың теріс әсерінің салдарынан жұмыссыздықтың өсуі;

  2. Коммуналдық қызметтерге тарифтердің артуы тұрғын үй көмегін алушылардың көбеюіне алып келеді.




Негізгі мәселелер:

  • барлық мұқтаж жандарды арнайы әлеуметтік қызметтермен толық қамтымау;

  • жүйе-неврологиялық медико-әлеуметтік мекемелерде орын тапшылығы;

  • мүмкіндігі шектеулі жандарға қол жетімді өмір сүру ортасының жеткіліксіздігі.


Білім беру

2011 жылдан 2015 жылдар аралығында білім саласында білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстары жүргізілді, оның аясында обылста білім берудің қол жетімділігін және сапасын қамтамасыз ету шараларын жүргізілді.



Мектепке дейінгі білім беру
Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтамасыз ету үшін Айнабұлақ ауылындағы мектеп интернаты бала бақша ғимаратына ауыстырылып ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 50 балаға арналған бала бақша ашылып қолданысқа берілді.

Қазіргі таңда ауданда 13 балабақша және 11 шағын орталықтар жұмыс істеуде, мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылу деңгейі 81,8 %.

1-кесте – Мектепке дейінгі ұйымдар жүйесін дамыту серпіні


Балабақшалар саны/қамтылған балалар

Шағын орталықтардың саны/қатылған балалар

3-тен 6 жас аралығындағы балаларды жалпы қамту

%

01.01.2015 жылға кезекте тұрған адамдардың болуы

2012ж

2013ж

2014ж

2012ж

2013ж

2014ж

2012ж

2013ж

2014ж

10/1210

11/1270

13/1430

15/400

14/380

10/280

71,9

77,9

81,2

361


Орта білім беру

2014 жылы Балпық би ауылында орналасқан музыка мектебінің ғимаратына және Қызыларық орта мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп қолданысқа берілді.

Ағымдағы жылы М.Құрманов атындағы №2 орта мектебінің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе апатты жағдайдағы мектептердің санын азайту мақсатында Кеңарал аулдындағы 120 орындық мектебінің құрылысы аяқталып іске қосылады.

Ауданның 22 мектебінде жаратылыстану-техникалық бағытта 25 сыныпта 283 оқушы және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 8 сыныпта 87 оқушы оқытылады.

Білім ошақтарының материалдық техникалық жабдықталуы ойдағыдай, білім алуға барлық жағдай бар. Аудандағы барлық мектептердің компьютерлік техникамен жабдықталуы жақсарды, ауданды 1 компьютерге 5 оқушы. Жаңа модификациялар кабинеттерімен қосымша ауданның 5 орта мектептері қамтылды (Көксу бекетінде орналасқан Мұқаншы және Мұқыры ауылында орналасқан Қ.Жарсарбаев атындағы орта мектептері химия кабинеттерімен, Айнабұлақ ауылындағы №12 мектеп, Мұсабек ауылындағы Қызыларық және Жетіжал ауылында орналасқан Жетіжал орта мектептеріне физика кабинетімен қамтылды).

Аудан мектептерінің барлығы 100 пайыз интернет желісіне қосылған оның ішінде, 44 пайызы кеңжолақты Интернетке қосылды. Мектептердегі 504 негізгі пән оқу кабиненттерінде 89 интерактивті тақта орнатылған немесе 17 пайызға қамтылған, мектептер бойынша 12 лингафонды-мультимедиялық кабинеттер (48%), жаңа модификациялық кабинеттер 6 биология (24%), 8 химия (32%), 11 физика (44 %) жабдықталды.

Сондай –ақ, электрондық оқыту жүйесіне ауданның 4 мектебі қосылды (Балпық би кентіндегі Қазақ орта мектеп-гимназиясы, Н.Алдабергенов,Мұқыры ауылында орналасқан Қ.Жапсарбаев,Теректі ауылында орналасқан Т.Исабаев атындағы мектептері қосылды). Осы оқу жылында Б.Құндақбаева атындағы орта мектебін қосу жоспарлануда.

Оқулықтармен қамтылу деңгейі 99,9 %. Жергілікті бюджеттен кітаптар алуға 19,6 млн.теңге бөлінді. Барлық мектептерде аз қамтылған отбасыларын балалары оқулықтармен тегін қамтамасыз етілді

Педагог мамандардың теориялық-әдістемелік білілім-біліктілігін арттыру бойынша өткен оқу жылы ішінде 426 педагог қысқа мерзімді арнайы курстарда және 119 педагог Кембридж университеті бағдарламасы бойынша үш айлық деңгейлі курстан өттіп білімін жетілдірілді. Олардың 57 үшінші деңгейде, 20 екінші деңгейде, 42 бірінші деңгейде біліктілігін арттырды.

Облыс көлемінде өткен білім олимпиадаларда 42 мектеп оқушылары белсене қатысып 33 оқушы жүлделі орындарға ие болды. «Дарын» және «Зерде» ғылыми жобалар байқауларында 61 оқушы қатысып 52-і жүлделі орынға ие болды. Байқоңыр қаласында өткен «Ғылым әлемін ашамыз» атты халықаралық ғарыштық зерттеулер бойынша ғылыми жоба жарысына 5 оқушы қатысып 5-де жүлделі орынды иеленді.

Өткен оқу жылында 347 оқушының 252-і Ұлттық бірыңғай тест тапсырып, Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы бойынша аудандағы орташа балл 70,5 (2013 ж-70,0) құрады.

“Алтын белгі” белгісіне 16 үміткердің 5 және Үздік аттестатқа 3 үміткердің 2 білімдерін растады.



Балалардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау жүйесі

Ауданның білім бөлімі органының қамқорлығында ата-танасының қарауынсыз қалған балалар саны 38, оның ішінде: 35 бала туған туысқандарының қарауында. Қазақстандық отбасылардың патронаттық тәрбиесінде – 3 бала. Азаматтардың қамқорлығындағы балалар басқа да мемлекеттік әлеуметтік көмек түрлерін алуда: асыраушыны жоғалту жағдайында алынатын зейнетақылары, мүгедектікпен байланысты зейнетақылары, сонымен қатар мекен-жай жәрдемақысы.



Жаздық демалысты ұйымдастыру:

Жаз кезінде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, оларды сауықтыруды және жұмыспен қамтуды ұйымдастыру мақсатында 1-10 сыныптар аралығындағы 6142 бала толығымен қамтылды. Оның ішінде 4045 бала демалыс және сауықтырумен қамтылса, еңбекпен – 2557 бала қамтылды.

Жастар саясаты

Жалпы аудан бойынша 14 пен 29 жас аралығында 9082 жастар бар.

Көксу ауданының жастар ресурстық орталығының 2014 жылғы жоспарына сәйкес барлығы 80 іс-шара өткізіліп, оған 5 мыңнан аса жас қатысты.

Өткізілген социологиялық сауалнаманың қорытындылары бойынша 2014 жылы 14-тен 29 жас аралығындағы халықтың мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырылуымен қанағаттану деңгейі жалпы сауалнама жүргізілген 300 адамның 60,7%-н құрады. 2012 жылмен салыстырғанда (52,5%) бұл көрсеткіштің жақсарғаны байқалады.



Жастардың қанағаттану деңгейін әрі қарай жақсарту үшін мемлекеттік тапсырысты арттыру, Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020 бағдарламасын жүзеге асыру және Бизнестің жол картасы – 2020, Агробизнес-2020 аясында жастар кәсіпкерлігін қолдау есебінен білім берумен қамту шаралары қабылданатын болады.

Саланың даму жағдайына SWOT-талдау:

Күшті жақтар (S)

1.Жаңа мектепке дейінгі мекемелерді ашу есебінен балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен қамтуды арттыру;

2.Орта білім беруді әрбір жанды нормативтік қаржыландыру әдісін байқап көру қаржыландырудың жаңа нысандарына ауысуды жеңілдетеді;

3.Жастар саясаты бойынша іс-шараларды үнемі өткізу.




Мүмкіндіктер (O)

  1. Мектепке дейінгі жастағы балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту деңгейін 2020 жылға 100%-ке жеткізу және мектепке дейінгі мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында заманауи мектепке дейінгі мекемелердің құрылысын бюджеттік қаржыландыруды кеңейту және жекеменшіктік қаржыландыруды ынталандыру;

  2. Білім беру ұйымдарын жарақтандыру, о.і. Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында жаңа үлгідегі кабинеттермен қамтамасыз ету;

  3. Білім беруді дамытудың мемелекеттік бағдарламасының аясында мектеп педагогтарының біліктілігін үш деңгейлі жүйе бойынша арттыру;

  4. Жастармен жұмыстың байқап көрілген әдістерін қолдану, жастарға арналған бренді шараларды тұрақты жүргізу.

Әлсіз жақтар (W)

  1. Балалардың мектепке дейінгі ұйымдарына кезектілікті сақтау;

  2. Жастардың нысаналы топтарын толық қамтымау.

Қауіптер (T)

  1. Мектепке дейінгі білім беру саласының жеткіліксіз қаржыландырылуы мектепке дейінгі жастағы балаларды қамту деңгейінің төмен және мектепке дейінгі мекемелердің материалдық-техникалық базасының нашар болуын түсіндіреді;

  2. Қолданыстағы мерзімі 45 жылдан астам мектептер санының көптігі;

  3. Өндірістік білім беру оқытушылары мен шеберлерінің еңбекақы көлемінің төмен деңгейіне байланысты, техникалық және кәсіби білім беру мекемелерінен кетуі;

  4. Халық тарапынан жастар шараларының қабылданбауы.

Негізгі мәселелер:

  • бейімделген мектептердің болуы;

  • күрделі жөндеді қажет ететін мектептердің болуы;

  • білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жаңарту және нығайту;

  • білім берудің қосыша ұйымдарының жетіспеушілігі;

  • оқығысы және жұмыс жасағысы келмейтін жастар бар.


Денсаулық сақтау

Қөксу аудандық орталық аурухананың 2016 жылы атқарылып отырған барлық іс-шаралар Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылы 1 ақпандағы №922 Жарлығымен бекітілген ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» Мемлекеттік бағдарламаның аясында өткізіліп отыр.

Көксу ауданында 40565 тұрғын тұрады, оның 38757 оның ішінде 10119 -і 14 жасқа дейінгі балалар, 1793-ы жасөспірімдер, 28653 -і ересектер). Аудан халқына 125 орындық орталық аудандық аурухана, күніне 250 адам қабылдайтын емхана, 9 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 9 фельдшерлік-акушерлік, 9 медициналық пункттер және 1 жекеменшік ТОО «Көксу Мед» атты емхана қызмет көрсетеді.

2015 жылы алғашқы медициналық-санитарлық жәрдемді жақсарту үшін Балпық би ауылында күніне 250 адам қабылдауға арналған емхананың құрылысы аяқталып, іске берілді. Сондай-ақ, Мұсабек ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысы аяқталып, Мұқыры ауылдық дәрігерлік амбулаториясының ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Ауданда 28 мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелері бар. Аталған медициналық мекемелерде 70 дәрігер және 289 орта медициналық жұмысшылар жұмыс істейді. 2014 жылы 10 мың адамға шаққанда дәрігерлемен қамтылу 15,7 құрады ал 2016 ж-18,1 көтерілді, медбикелермен 2014 ж– 65,7-тің орнына 2016 ж 71,1 -і көтерілді.
Материалдық –техникалық базасын нығайту мақсатында 2014 жылы 89 млн.теңге реанимобиль, узи және жүрек ақауын тексеруге арналған медициналық құрал жабдықтары алынды.

Ауданымызда оң демографиялық ахуал қалыптасып, тұрғындардың әлеуметтік маңызы бар ауруларға шалдығуы азайды.

Атап айтсақ жалпы өлім-жітім бір денгейде -2014 жылы 1000 тұрғынға шаққанда -7,5 құраса 2016 жбүл көрсеткіш-7,6 құрады

Нәресте өліміне келсек 2014ж-4,4 1000 тірі туылғанға шаққанда ,ал 2016 ж-5,7 құрады

Ана өлімі тіркелген жоқ

Жалпы өлім-жітімнің басты себебі ол қан тамыр аурулары ,сол сепептен өткізіліп жатқан скринингтік бағдарламалар арқасында аталған қан тамыр ауруының аурушандығы 2014ж салыстырғандаөсуы байқалады 2014ж-1532,5 2016ж -1722,4 өлім-жітіме келсекбұл көрсеткіш азайып отыр атап айтсақ -2014ж 1000 тұрғынға шаққанда -160,8 құраса ,2016 жылы-135,6 құрады

Және өмір сүрудін ұлғайғанына байланысты индикатордың бірі ол қатерлі ісік ауруының аурушандығы мен өлім-жітімі,аурушандық 2014ж 100 мың тұрғынға шаққанда -163,3,2016 ж-153,6, өлім-жітімі-2014ж-67,8,2016ж-36,6

Туберкулез ауруына келсек 2014 жылы аурушандық 100 мың тұрғынға шаққанда -68,2 құрады ал 2016 ж-55,6,өлім жітімі 2014-2,5 (1 жағдай) ал 2016 ж-тіркелген жоқ


Саланың даму жағдайына SWOT-талдау:

Күшті жақтар (S)

  1. Халық денсаулығының негізгі көрсеткіштерінің оң серпіні:

- жалпы өлімнің төмендеуі;

- туберкулезден қайтыс болудың азаюы;

- қан айналымы жүйесінің ауруларынан қайтыс болудың төмендеуі;

- ана және нәресте өлімінің азаюы;

- халықтың өмір сүру ұзақтығының артуы.


  1. Дәрі дәрмектің халыққа қамтамасыз етунуің оң нәтижесі

  2. Медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базалырының жақсаруы

  3. Жылжымалы медициналық кешен арқылы шалғай орналасқан аудан тұрғындарына мамандырылған медициналық көмектің қол жетімдігін ұйымдастырылуы

Мүмкіндіктер (О)

  1. Әлемдік деңгейдегі жаңа технологияларды енгізу, шебер-класстарды өткізу, шықпа айналымдарды жүргізу, барлық жерде жоғары тұрған буын мамандарының көмегімен диагностика жүргізуге және емдеу тәсілдерін анықтауға мүмкіндік беретін телемедицинаны енгізу арқылы ауруды анықтау және емдеудің жаңа тәсілдерін дамыту.

  2. Алматы қаласының ғылыми орталықтары мен жоғары оқу орындарын тартумен дәрігерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету (Алматы қаласының Алматы облысының елді мекендеріне жақын орналасуы).

  3. Медициналық қызмет көрсету саласында жекеменшік денсаулық сақтау секторын тарту.

  4. Халық денсаулығын сақтау мәселелері бойынша халықтың науқастануын және өлімінің алдын алу және азайту бойынша әрі қарайғы ведомствоаралық өзара әрекеттестік (экология ІІД, халықтың құқығын қорғау жөніндегі комитетпен, халықтың құрылымдармен және басқа да ведомстволармен өзара әрекет).

Әлсіз жақтар (W)

  1. Дәрігер мамандарымен аз қамтылу;

  2. Медициналық ұйымдар үлгілі емес бейімделген ғимараттарда орналасқан;

  3. Медициналық ұйымдар жалдамалы ғимараттарда орналасқан.

Қауіптер (Т)

  1. Созылмалы аурулардың өсуі және бұрын белгісіз болған аурулардың пайда болуы.

  2. Халықтың тамақтану сапасының мәселелері және арудың алдын алуға және салауатты өмір салтын жүргізуге қатысты нигилизм.

  3. Ауылдық денсаулық сақтау дәрігерлерінің 30-35,0%-і зейнеткерлік алдындағы және зейнеткерлік жас аралығында, бұл алдағы уақытта дәрігер мамандарының тапшылығына алып келуі мүмкін.


Негізгі мәселелер:

  • дәрігер мамандарының тапшылығы;

  • медицина қызметкерлерінің еңбекақы төлемінің төмен деңгейі;

  • медицина қызметкерлерінің тұрғын үймен жеткіліксіз деңгейде қамтамасыз етілуі;

  • ст Айнабулак дәрігерлік амбулатория және ст Көксу амбулаторияларына ФАП Акшатоган Енбекши-Казах жаңа ғимарат салуы қажет

  • кұрделі жөндеу жұмыстары кажет-Ауруханаға,Алғабас амбулаториясына ,Муканчи медициналық пунктіне Жетыжал амбулаториясына


Мәдениет

Ауданда 10 мәдениет үйі және клуб, 9 кітапхана және Мұқыры ауылындағы халық театры және үлгілі балалар оркестірі жұмыс істейді.

Мәдениет ұйымдарының жүйесін кеңейту мақсатында Балпық би ауылында орналасқан аудандық мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтіп қолданысқа берілді.

Сонымен қатар жыл сайынғы дәстүрге айналған Көксу, Ескелді, Қаратал аудандардың Мәдениет күндері ауданымызда өткізілді.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында Балпық би ауылында орналасқан М.Сеңгірбаев атындағы орталық саябақты және орталық алаңды абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

2016 жылы Көксу, Ескелді, Қаратал аудандардың Мәдениет күндері ауданымызда өткізілді.

Өткен жылы аудан бойынша 1000-нан аса мәдени іс-шаралар өткізіліп, оған 10 мыңнан аса адам қатысты.

Жалпы алғанда облыс өңірлерінің әлеуметті-экономикалық даму қарқының көрсеткіштері бойынша аудан алдыңғы орында келеді.



Салының даму жағдайына SWOT-талдау:

Күшті жақтар

  1. халықтың жалпы мәдениетке деген артып келе жатқан қызығушылығы;

  2. бәскеге қабілетті мәдениет инфрақұрылымын құру мүмкіндігі;

  3. шараларды өткізуден түсетін кірістердің өсуі.

Мүмкіндіктер

  1. халық саны 5000 және одан артық адамды құрайтын елді мекендерде мәдениет үйлерін ашу, музыка-дармалық театрының үлгі ғимаратының құрылысы, мәдениет және мұрағат объектілерінің ғимарттарын күрделі жөндеу және материалдық-техникалық базасын нығайту.

Әлсіз жақтар

  1. Әлеуметтік инфрақұрылымның жеткіліксіз дамуы және әлеуметтік салаға инвестициялардың төмен деңгейде салынуы;




Қауіптер

  1. Қолда бар артықшылықтарды орынсыз пайдалану.




Негізгі мәселелер:

  • мәдениет және кітапхана жүйелерінің жеткілікті дамымауы;

  • ауылдық кітапханалардың барлығы облыстық, ұлттық кітапханалардың ресурстарына қол жеткізе алмайды;

  • үйлер мен клубтар күрделі жөндеуді қажет етеді;



Дене шынықтыру және спорт

Ауданда 109 спорт нысандары бар. Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі жұмыс жасайды.



Спортты дамыту салауатты өмір салтына қол жеткізуде және халықтың өмір сүру сапасын жақсартудағы маңызды факторлардың бірі болып табылады.

Қазіргі кезде аудан халқының 26,6 % яғни 10 мың 754 жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен айналысады.

Біздің мақсатымыз – 2020 жылға облыс халқының 30% спортпен шұғылдануға тарту.

Осы мақсатта 2014 жылы ауданның 4 мектептерінің (Алғабас, Жарлыөзек, Мұқаншы, Еңбекші) спорт алаңына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2014 жылдан бастап барлық ауылдық округтерге спорт ісі жөнінде нұсқаушы әдіскер штаттары беріліп өз жұмыстарын атқаруда.

Саланың даму жағдайына SWOT-талдау:


Күшті жақтар (S)

  1. Дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын, барлық жастағы халық санының 4%-ке артуы.

Мүмкіндіктер (O)

  1. Дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің, жай спорт ғимарттарының құрылысы, спорт объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайту.




Әлсіз жақтар (W)

  1. ауданда спорт кешендерінің жоқтығы;

  2. ауданда стадионның күрделі жұмысы қажеттілігі.

Қауіптер (T)

  1. Материалдық-технкалық базаның және спорт инфрақұрылымының төмен деңгейі.




Негізгі мәселелер:

  • Көпшілік және балалар-жасөспірімдер спортының нашар дамуы. Мектеп стадиондары нашар қалыпында, қысқы спорт түрлері жеткілікті дамымаған.

  • Тұрғын жерлерде және көпшілік демалатын жерлерде қарапайым спорт алаңдары мен жабдықтардың жеткіліксіз болуы;

  • Қаладағы спорттық мекемелер мен жабдықтар тұрғындар мен жоғары білікті спортшылардың сұраныстарын қанағаттандырмайды;

  • Спорт инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуы, спорттық ұйымдарды материалдық-техникалық жабдықтау деңгейінің төмендігі;

  • Кәсіпорын, ұйымдар мен мекемелерде көпшілік дене шынықтыру және сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыратын инструктор-әдіскерлер жоқ;



Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп
Есеп беру мерзімі бойынша (2014-2016жж.) жедел жағдайда талай отырып, қылмыстардың саны өскеніне қарамастан (2014ж.-356, 2015ж.-388, 2016ж.-452),аудан көлеміндегі жедел жағдай бақыланып отырғаны көрініп тұр. Жыл сайын қылмыстарды ашу жалпы пайызы өсуде, 2014 жылы 80,8% болса, 2016 жылдың 12 ай бойынша 87,3% құрады.

13-тен 19-ға дейін, яғни 46,1%-ға ауыр қылмыстардың, 3-тен 6-ға дейін аса ауыр қылмысатрдың саны өскен.



Аудан көлемінде орын алған қылмыстардың басым түрі мүлікті қылмыстар болып қалып отыр. Бөтен мүлкін ұрлықтардың саны азайса да (2014ж.-262, 2016ж.-229), 3-тен 11-ге дейін тонаулар, 9-дан 15-ке дейін алаяқтық сияқты қылмыстардың саны өскен. Сонымен қатар жеке тұлғаға қарсы жасалатын басқа қылмыстардың саны көбейген: 1-ден 4-ке дейін адам өлтіру, 3-тен 4-ке дейін деенсаулыққа қасақана зиян келтіру, 1-ден 6-ға дейін зорлау.
Тұлғаға қарсы қылмыстар

(2016 жыл мен 2014 жыл салыстрғанда )

Бұрын жасаған тұлғалармен қайта қылмысты жасау фактілері едәуір өскен. 2014 жылы осы көрсеткіш 10 болса, 2015 жылы – 32, ал 2016 жылы 215-ке дейін өскен. 4-тен 6-ға дейін жасы кәмелетке томағандармен жасалған қылмыстар көбейді. Профилактикалық шараларды өткізу барысында көшеде жасалған қылмыстар саны 36-дан 22-ге дейін төмендеген.

Құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында, аудан ортылығындажедел жағдайдың талдауын және полиция кешенді күштерін пайдалану тиімділігін ескере отырып, АІІБ жол патрулдык полиция экипаждардың және жаяу жүру маршруттар қайта қаралды.

Жол-көлік оқиғалардың алдын алу бойынша қабылданып жатқан шараларға қарамастан, олардың саны өсіп барады. 2016 жылы 12 ай ішінде 52 ЖКО, 2014 жылы – 43 ЖҚКО тіркелді. Олардың салдарынан қаза болғандардың саны 10-нан 17-ге дейін өскен, жарақат алғандар – 78 (2014ж.-80). ЖКО-ды жасау негізгі себебі көлік жүргізушілер белгіленген жылдамдық режимін сақтамайтыны және жол жүру қатысушылардың төмен тәртібі.



жүктеу 3,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау