Негізгі мәселелер:
Адамдар көп шоғырланатын жерлерді, аудан орталығында бейне бақылаудың жоқтығы;
Жолда жұру қауіпсіздігіне теріс әсер ететін жол жүру қатысушылардың төмен тәртібі.
Азаматтық қорғаныс
Ауданда 2014-2016 жылдар аралығында орта есеппен жыл сайын 120 төтенше жағдайлар туындады. 2014 ж-32 жағдай, 2015 ж-49 жағдай, 2016 ж-39 жағдай, жалпы мерт болғандар саны 2 адам, 2014 ж-1 адам, 2015 ж-1 адам, 2016 ж-0 адам материалдық шығын 5 млн.438 мың теңгені құрады. 2014 ж- 1604 мың.тг., 2015 ж- 1905 мың.тг., 2016 ж-1928 мың тг.
Халық, объектілер және аумақтар үшін басым тәуекел факторы – маусымдық су тасқындары мен су басулар болып табылады.
Жағалауды нығайту бойынша атқарылған жұмыстар су басу мен ғимараттардың бүліну алаңын төмендетуге септігін тигізді.
Азаматтық қорғаныс шараларының уақытылы әрі сапалы басқарылуы байланыстардың санына тәуелді.
Аудан халқына жер сілкіну туралы ақпарат 4 минут бұрын қолданыстағы барлық ескерту құралдарымен (электросиреналар, телерадиодан тарату, жылжымалы қатты сөйлейтін құрылғылар) қамтамасыз етіледі.
Азаматтық қорғаныс шараларын басқару үшін қалада телефон, ұялы телефон, телеграф және қолданыстағы барлық каналдар бойынша радио баланыс қолданылады.
Негізгі мәселелер:
мұздықтардың барынша еруі, климаттың өзгеруіне байланысты жаңа көлдердің пайда болуы және ескілерінің толуы;
күшті жер сілкіністерін қысқамерзімді болжау және облыс халқының сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған микросейсмикалық мәліметтердің мониторингі локальді жүйесін қалыптастыру бағдарламасының аяқталмағандығы;
ауданның барлық елді мекендері өртке қарсы қызметпен қамтылмаған.
2.1.4. Инфрақұрылым
Байланыс және коммуникациялар
Көксу ауданында байланыс қызметін көрсететін екі монополистік мекеме көрсетеді АҚ «Телеком» және АҚ «Қазпочта».
Аудан көлемінде 7 телефон станциясы бар (Балпық би, Мұқыры, Амангелді, Алғабас, Талапты, Көксу ауылдарында) және 2 негізгі станция бар. барлқ станциялар сандық жүйеде.
Барлық сиымдылғы 5988 номер.
Ауданның барлық елді мекендері телефон байланысымен қамтылған.
Интернет жүйесіне қосылғандар 1409 бірлікті құрады. Қосылғандардың 92 пайызы кең жолақты интернет жүйесіне қосылған (1300 абонент).
Саланың даму жағдайына SWOT-талдау:
Күшті жақтар (S)
Аудан елді мекендерінің телекоммуникация қызметтерімен қамтамасыз етілуі.
|
Мүмкіндіктер (O)
Ақпараттық қоғамды дамыту.
|
Әлсіз жақтар (W)
Құрылыс құнының жоғарылылығы және шектелген талаптар.
Оқытушыларды кәсіби дайындаудың жоғары емес деңгейі.
|
Қауіптер (T)
1. Құрылысты қаржыландырудың қысқаруы, құрылыс материалдарының және құралдардың қымбаттауы.
2. Халықтың аталған курстарға келу деңгейінің төмендігі.
|
Негізгі мәселелер:
Ұялы байланыс саласында бәсекелестіктің өсуіне байланысты абоненттер басымдықтарының ұялы байланыс пайдасына өзгеруі себебінен тіркелген телефон байланысынан абоненттердің кетуі байқалады.
Құрылыс
Құрылыс жұмыстардың көлемі 7336 млн. теңгені құрап (2013 ж-4784 млн.тенге), былтырғы жылғы сәйкес мезгілмен салыстырғанда 153 % пайызға орындалды.
2014 жылы 4419 шаршы метр тұрғын үй іске қосылды. Оның 3619 шаршы метрі тұрғын үй жеке тұрғындар есебінен.
Қолжетімді баспана -2020» бағдарламасы аясында Теректі ауылында 10 жалгерлік тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, қолданысқа берілді.
Сонымен қатар, Балпық би ауылында екі 20 пәтерлі коммуналдық тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде, 20 және 50 пәтерлі жалгерлік тұрғын үй салуға жобалау сметалық құжаттамасы дайындалды.
Саланың даму жағдайына SWOT-талдау:
Күшті жақтар (S)
Меншікті құрылыс материалдарының болуы;
|
Мүмкіндіктер (O)
«Өңірлерді дамыту 2020» бағдарламасын және «Нұрлы Жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасын жүзеге асыру;
|
Әлсіз жақтар (W)
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу үшін кезекте тұрған азаматтар санының өсуі.
Инженерлік жүйелер тартылған ЖТҚ-на берілетін жер телімдерінің аз болуы.
|
Қауіптер (T)
«Өңірлерді дамыту -2020» және «Нұрлы Жол» бағдарламаларының аясында тұрғын үй құрылысын қаржыландырудың қысқаруы;
Құрылыс материалдарының қымбаттауы.
|
Негізгі мәселелер:
Тұрғын үй құрылысын жеткілікті қаржыландырмау, қолданысқа енгізілетін тұрғын үйлердің көлемі үйге кезекті айтарлықтай кемітуге мүмкіндік бермейді.
Жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысын жеткіліксіз қаржыландыру;
Автомобиль жолдары және көлік
Ауданда жалпы қолданыстағы автокөлік жолдары 262 шақырым, оның ішінде 58 шақырымы республикалық маңызы бар, 204 шақырымы облыстық маңызы бар. Жергілікті жолдар 223,8 шақырымды құрайды, оның ішінде асфальт төселгені – 99,2 шақырым, қиыршық тас төселгені – 77,8 шақырым және топырақ төселген – 46,8 шақырым. Аудан арқылы ұзындығы – 168 шақырымды құрайтын теміржол магистралі өтуде.
Облыстық және аудандық маңызы бар автокөлік жолдарында 23 көпір, 237 су өтетін трубалар бар.
2012 жылы Бозтоған ауылының Марлен көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді 1170 м2, Қазақстанның 10 жылдығы ауылының Нурманбетов көшесіне 3720 м2, Көксу бекетінің Байтулаков көшесінің 3930 м2, балпық би ауылының Қарынбай батыр көшесінің 6420 м2 орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
2013 жылы Бозтоған ауылының Бейсек көшесіне 1800 м2, Балпық би ауылының Сейфуллин 1200 м2, Ескелді би 2400 м,2, Маметов көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
2014 жылы ауданның ішкі жолдарын орташа жөндеуге барлығы 61341,0 мың теңге бөлінді. Жамбыл ауылы Сәрсенов көшесіне 10880,0 мың теңге, Мұсабек ауылы Андасов көшесіне 15963,0 мың теңге, Мұқыры ауылы Әбілтаев көшесіне 34498,0 мың теңге бөлініп, Балпық би ауылы Мырзабеков көшесіне 36833,0 мың теңге, Көкбастау ауылы Абай көшесіне 22617,0 мың теңге бөлініп, орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы ағымды жөндеуге 2014 жылы республикалық бюджеттен 10,1 миллион теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алуды «Фирма Талдықорған Жолдары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жеңіп алды. ПЧ-45 ауылындағы Рысқұлов көшесінің жолын, Мұқыры ауылындағы Сейфуллин және Жексенбай көшесінің жолын, Көкбастау ауылындағы Қойшыбеков көшесінің жолын және Мәмбет ауылындағы Мұратбеков көшесі мен Жамбыл көшесінің жолын, Жамбыл ауылындағы Шаухаров көшесіндегі өткелдеріне ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді.
2015 жылы ауданның ішкі жолдарын орташа жөндеуге барлығы 109328,0 мың теңге бөлінді. Балпық би ауылы Солтанбай батыр көшесіне 15315,0 мың теңге және Темірбаев көшесіне 21389,0 мың теңге, Балпық би ауылы Қабылиса көшесіне 55414,0 мың теңге бөлініп, толығымен тапсырды.
Ағымды жөндеу жұмыстарына 16210,0 мың теңге бөлінді. Балпық ауылдық округінің көпірлі өткелдерін ағымды жөндеу жұмыстарына 7174,0 мың теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы болып «Ақжол-Ырыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі атанып, жұмыстарды осы жылдың сәуір айында бастап, шілде айында тапсырды. Және де Балпық би ауылы Измайлов көшесін ағымды жөндеуіне 8654,0 мың теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы болып «Талдықорған-Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі атанып, ағымды жөндеу жұмыстары осы жылдың маусым-шілде айында жүргізіліп бітті.
Саланың даму жағдайына SWOT-талдау:
Күшті жақтар (S)
1. Қанағаттанарлықсыз жағдайдағы автомобиль жолдары үлесінің 40,5%-тен 33%-ке дейін қысқаруы;
|
Мүмкіндіктер (O)
«Нұрлыжол» және «Қазақстан Республликасының көлік жүйесінің инфрақұрылымын 2020 жылға дейін дамыту және интеграциялау» мемлекеттік бағдарламаларының аясында көлік инфрақұрылымын дамыту жобаларын жүзеге асыру;
Әрекет етуші көлік-логистикалық орталықтарын кеңейту және жаңарту, сондай-ақ жаңа көлік-логистикалық орталықтардың құрылысы есебінен көлік инфрақұрылымының қуатын арттыру;
|
Әлсіз жақтар (W)
1.
2. Автомобиль жолдарының тозуы;
3. аудан аумағын жолаушы маршруттық хабарламасымен толық қамтымау;
|
Қауіптер (T)
Көлік инфрақұрылымын дамыту жобаларын жүзеге асыру үшін бөлінген бюджеттік қаражаттарды секвестрлеу;
|
Негізгі мәселелер:
аудан ішілік тасымалдын болмауы;
-таксилерге арналған тұрақ жоқ.
Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылығы
Балпық би ауылында 53 көп пәтерлі тұрғын үй орналасқан, оның 47 күрделі жөндеуді қажет етеді (88,6%).
Балпық би ауылының 3 көп пәтерлі тұрғын үйі күрделі жөндеуден өткен, 3 көп пәтерлі тұрғын үй бойынша жоба-сметалық құжаттама әзірленген.
Саланың даму жағдайына SWOT-талдау:
Күшті жақтар (S)
Балпық би ауылында 570 абонент қосылған орталық қазандық жұмыс істеуде, олардың ішінде 518 көп қабатты тұрғын үйлердің пәтерлері, 27 тұрғын үй, 25 әкімшілік ғимараттар қосылған.
|
Мүмкіндіктер (O)
Көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу және термомодернизациялау жөніндегі жобаларды жүзеге асыру кондоминиум объектілерінің техникалық жағдайын және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
2020 жылға дейін күрделі жөндеуді талап ететін тұрғын үйлер санын 21,8% төмендету.
|
Әлсіз жақтар (W)
1. Халықтың кондоминиум объектілерінің жалпы мүлкін ұстауға нашар белсенділік танытуы;
2. Өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында тиісті деңгейде көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу жұмыстары жүргізілмейді.
|
Қауіптер (T)
Көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу және термомодернизациялау жөніндегі жобаларды мемлекеттік бюджеттен қаржыландырудың жеткіліксіздігі.
|
Негізгі мәселелер:
Кондоминиум нысандарының инженерлік желілерінің пайдалану ұзақтығынан 2 есе көп уақыт өту салдарынан тозуы деңгейінің өсуі.
Кондоминиум нысандарының тозуы.
Өңірлерді дамыту 2020 бағдарламасының (ҚР тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңартудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы) аясында кондоминиум объектілерінде жөндеу жұмыстарын жүргізуді қаржыландырудың жеткіліксіздігі.
Электрмен жабдықтау
Барлық электр желісінің ұзындығы 102 шақырымды құрайды, ал тозуы 56%. КТБ және ТБ саны 42 дана, ал тозуы 65%. Көше жарықтандыру жүйесі ауылдың 38 көшесінде орнатылған. 2015 жылы 61,5 млн. теңгеге Сейфуллин, Жангелдин, Исабаев, Амангелді, Момышұлы, Измайлов және Тазабұлақ көшелерінде көше жарықтандыру тіректері орнатылған.
Балпық би ауылының электр желілерімен қосымша қуат пен сапалы қызмет ұсыну мақсатында және электр желілеріндегі энергия жоғалтуды азайту үшін Ынтымақ ш/а мен Амангелді көшесінде қосымша КТБ орнату қажет.
Саланың даму жағдайына SWOT-талдау:
Күшті жақтар (S)
1Балпық би ауылында 2015 жылға электр энергияны пайдалану көрсеткіші 25,5% өсті.
|
Мүмкіндіктер (O)
Қалпына келетін қуат көздерін дамыту
|
Әлсіз жақтар (W)
1. Қуат өндірісі үшін қалпына келетін көздерді дамытудың және пайдаланудың жеткіліксіздігі.
2. Электрмен қамту инфрақұрылымының тозу деңгейінің өсуі(60%);
3. Электр желілеріндегі үлкен жоғалтулар.
|
Қауіптер (T)
1. ГЭС орналасқан аймақтарындағы өзен және су айдынының су деңгейінің төмендеуі.
|
Проблемалық мәселелер:
Электр желілерінің техникалық жағдайын қанағаттандырмайды, тозу деңгейі 56%, электр энегиясын жоғалту 12,1%.
Ауыз су және су бұру
Балпық би ауылының ауыз су жүйесі 1960 жылы қолданысқа берілді. Жер асты суы пайдаланылады. Балпық би ауылында 5 суқақпасы орналасқан. Ауыз су жүйесінің ұзындығы 68 шақырым. Ауыз су жүйесіне «Көксу су құбыры» МКК қызмет көрсетеді.
2016 жылы ауылдың ауыз су жүйесін жаңғырту жұмыстары аяқталды.
Ауыл тұрғындарының 83,6% ауыз су жүйесімен қамтамасыз етілген.
Ауыл тұрғындарын толықтай сапалы ауыз су жүйесімен қамтамасыз ету үшін 2017-2020 жылдар аралығында ауыз су жүйесін қайта жаңғырту және құрылысын салу жұмыстарының 2 кезеңі жоспарлануда. Болжам бойынша нысан құны 904,0 млн. теңге. Сонымен қатар Балпық би ауылын сумен қамтамасыз етуді арттыру үшін су таратқышты реконструкциялау мен салу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. ҚМЖ сомасы 93,9 млн.теңге.
Ауыз су жүйесінің тозу деңгейі 30% құрайды.
Балпық би ауылының кәріз жүйесі өткен ғасырдың 60 жылдары салынған. Бүгінгі күнге желінің ұзындығы 7,6 шақырымды құрайды, «Көксу су құбыры» МКК қызмет көрсетеді. Халыққа көрсетілетін су бұру қызметін жақсарту мақсатында 3 сорғы бекетін және 6 шақырым кәріз жүйесін салу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар жалпы сомасы 592 млн. теңгені құрайтын тазартқыш қондырғыларын салу және Балпық би ауылының кәріз жүйесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Өртке қарсы көлемі 100м3 құрайтын 2 резервуар, кәріз суларын жинайтын көлемі 350м3 құрайтын 2 резервуар және көлемі 700м3 құрайтын 2 биореактор салынды. Тазабұлақ, РТС және Ынтымақ шағын аудандарында 3,5 шақырым кәріз жүйелері салынып, тазарту қондырғылары орнатылды.
Ауыл тұрғындарының 25% кәріз жүйесімен қамтамасыз етілген. Кәріз жүйесінің тозу деңгейі 20% құрайды.
Саланың даму жағдайына SWOT-талдау:
Күшті жақтар (S)
Халықтың сапалы ауыз суға қол жеткізудің 83,6% көрсеткішіне жетті.
Орталықтандырылған кәріз жүйесі жұмыс істеуде.
|
Мүмкіндіктер (O)
1. Ауыл халқын ауыз сумен қамтамасыз етілуін арттыруға мүмкіндік беретін Өңірлерді дамыту 2020 жылға дейін дамыту бағдарламасын жүзеге асыру;
2. Сумен қамту жүйелерінің техникалық жағдайын жақсарту, су тазарту және су дайындау шығындарын арттыру;
3. Заманауи технологияларды енгізу;
4.Материалды-техникалық базаны жарақтандыру арқылы қолдану қызметін жетілдіру.
|
Әлсіз жақтар (W)
1. Сумен қамту объектілерінің және жүйелерінің қатты тозуы және соның салдарынан авариялардың, шығындардың, ауыз су сапасының төмен деңгейде болуы;
2. Жаңа сумен қамту жүйесінің құрылысына және әрекет етушілерін қайта жаңғыртуға мемдекеттік және жеке инвестициялардың жеткіліксіздігі;
3. Сумен қамту қызметтерін көрсететін көптеген коммуналдық кәсіпорындардың қызметтеріне әрекет етуші тарифтер жүйелерде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін қажет шығындарды өтемейді;
4. Ауылдық елді мекендерде сумен қамту және су бөлу жүйелеріне қызмет көрсету жөніндегі кәсіпорындардың жеткіліксіз деңгейде материалдық-техникалық жарақтандырылуы.
|
Қауіптер (T)
1. Ұңғымаларды пайдалану режимін бұзу салдарынан жер асты сулардың сапасының төмендеуі;
2. Ұзақ мерзім бойы пайдалану нәтижесінде орын алған сумен қамту объектілерінің қанағаттанарлықсыз техникалық жағдайы; қаржыландырудың жетіспеушілігі.
|
Негізгі мәселелер:
Қызмет көрсету жөніндегі кәсіпорындардың жеткіліксіз деңгейде материалды-техникалық жарақтандырылуы.
Сумен қамту объектілерінің және жүйелерінің қатты тозуы және соның салдарынан авариялардың, шығындардың, ауыз су сапасының төмен деңгейде болуы.
Жылумен қамту, газбен қамту
Балпық би ауылында орталық жылыту қазандығы салынған. Аталған нысанға қызмет көрсету мақсатында «Көксу жылу» МКК құрылды. Бүгінгі күнге жылу жүйесінің ұзындығы 11,6 шақырымды құрайды. 2013 жылы қазандықты кеңейту жүргізіліп бұрын орнатылған 2 дана қазандыққа қосымша 3 дана КВ-ГМ-3,65 қазандықтары орнатылды. Аталған жағдай қазандықтын қуатын өсіру арқылы қосымша абоненттерді қосуға мүмкіндік берді.
Балпық би ауылындағы қазандықтын қуаты 15,7 Гкал/сағ құрайды. Сонымен қатар жыл сайын 8-10% жылу жүктемесінің өсуі байқалады. Сонымен қатар тек жылу беру қызметін көрсете отырып тәулігіне 17 тонна мазут отыны жағылады. Жылу жүйесінің тозу деңгейі 10% құрайды.
«Көксу ауданы Балпық би ауылының жылу жүйелерін қайта жаңғырту және құрылысын салу» нысаны бойынша жоба-сметалық құжаттама дайындалды. Нысанның жалпы сомасы 226,357 млн.теңге, 2017 жылға қарастырылған.
Қазіргі уақытта Балпық би ауылын газбен қамту Талдықорған қаласынан алып келетін балондағы сүйытылған газбен жүргізіледі. Тасымалдауышлар «Алаугаз» және «Жетісугаз» ЖШС.
Балпық би АГТБ (автоматты газ тарату бекеті) құрылысын салу жұмыстары аяқталды. Құрылыс-монтаж жұмыстарының сомасы 689,173 млн. теңге.
Сонымен қатар «Көксу ауданы Балпық би ауылының ішкі газбен қамту жүйесінің құрылысын салу» нысаны бойынша жоба-сметалық құжаттама өңделді. Жобаның жалпы сомасы 1297,944 млн. теңге, инвестор ЖШС «BSP-Group».
Саланың даму жағдайына SWOT-талдау:
Күшті жақтар (S)
Балпық би ауылында 2010 жылдан бастап орталық қазандық жұмыс істеуде;
Балпық би АГТБ (автоматты газ тарату бекеті) құрылысын салу жұмыстары аяқталды.
|
Мүмкіндіктер (O)
Газдандырудың арқасында ауданның экологиялық жағдайын жақсарту;
Бюджеттік мекелеріне арналған дизель отыннына жұмсалатын қаражаттың азайтылуы.
|
Әлсіз жақтар (W)
1. Табиғи газды пайдалануға арналған газ құбырларының жоқтығы.
|
Қауіптер (T)
Жаңа орталықтандырылған газ жүйесінің құрылысына жұмсалатын қаражаттың жетіспеуі.
|
Негізгі мәселелер:
Табиғи газды пайдалануға арналған газ құбырларының жоқтығы.
2.1.5. Экология және жер ресурстары
Экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында жылда жас көшеттер отырғызылады, қураған ағаштар кесіліп апта сайын сенбілік жүргізіледі.
Ауданда 10 ауылдық елді мекенде 19 қатты тұрмыстық қалдықтарды тастайтын жер белгіленген, жалпы жер көлемі 38 га.
2012 жылы «Жергілікті өзін-өзі басқаруды қаржылық қолдау» төртінші басымдылық аясында қатты тұрмыстық қалдықтар полигоның жайластыру және рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлерді жою, бойынша 3 жоба (іс-шаралар) 3 ауылдық елді мекенде іске асырылады.
Жоғары көрсетілген жобаларға (іс-шараларға) республикалық бюджеттен 5,2 млн.теңге бөлінді.
Балпық би ауылының кәріз жүйелерінің құрылысы және қайта жаңғырту объектісі бойынша 592 537 мың теңгеге «TranscomInternational-TN»ЖШС-мен келісім шарт жасалынған, объектіде құрылыс жұмыстар 2013 жылдың қараша айының 28 күні аяқталып, мемлекеттік комиссиямен қабылданды. Объекті бойынша Тазабұлақ, РТС, Ынтымақ шағын аудандарында және Қабылиса көшелерінде 3 км кәріз жүйелері салынып, тазарту қондырғылары орнатылды. Балпық би ауылының 1400 тұрғын үйлер мен ғимараттары қосылады деп күтілуде.
Саланың даму жағдайына SWOT-талдау:
Сильные стороны
Қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару әлемдік тәжірибеде зерттелген сала болып табылады – оны жаңғырту үшін тексерілген технологиялар мен шешімдер бар.
Қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару нарығы әлеуетті инвесторлар мен қаржыландырудың жеке меншік көздеріне ашық болып табылады, қатты тұрмыстық қалдықтарды «жасыл» энергетиканы дамыту мақсатында пайдалану әлеуеті бар.
|
Возможности
Тұрмыстық қатты қалдықтармен жұмыс істеу жүйесінде өңірлік тәсілді еңгізу, қалдықтарды қайта өңдеу мен кәдеге жаратудың көлемін арттыру.
Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинаудың, тасымалдаудың және қайта өңдеудің елеулі және экономикалық тұрғыдан тиімді тәсілдеріне қол жеткізу.
Қоқыс тастайтын жерлерді қайта өңдеу, дүние жүзілік стандарттарға сай келетін тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарын салу.
|
Слабые стороны
Қалдықтарды, оның ішінде қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинаудың дамымаған жүйесі, қалдықтарды алдын ала өңдеусіз көму.
Қалдықтарды қайта өңдеудің және кәдеге жаратудың төмен деңгейі.
|
Угрозы
Қалдықтар жинақталған аймақтарда төтенше экологиялық жағдайлардың пайда болуы.
Жинақталатын қалдықтардың көп есе ұлғаюы.
|
Негізгі мәселелер:
ауаны және ағызғы суларын ластайтын заттардан тазарту деңгейінің жеткіліксіздігі;
қоқыс өңдеу зауытының болмауына байланысты қатты тұрмыстық қалдықтарды жою қиындығы;
суару жүйелерінің қанағаттанарлықсыз жағдайы су ресурстарын орынсыз пайдалануға алып келеді.
қалдықтар мен қоқыстарды өңдейтін зауыттың жоқтығына байланысты тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу мен жою мәселесі;
тұрғындар тартылған тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау жүйесінің жоқтығы;
тұрмыстық қатты қалдықтарды басқарудың аймақтық жүйесінің және облыстың аудан орталықтарында тұрмыстық қатты қалдықтарды алғашқы сұрыптау үшін уақытша алаңдардың жоқтығы;
мамандандырылған техника мен құрал-жабдықтардың жетіспеушілігі, сонымен қатар тұрғындардың тұрмыстық қатты қалдықтарын шығарылуын жүзеге асыру бойынша жұмыстарды ұйымдастырудың әлсіздігі.
2.1.6. Мемлекеттік қызметтер
2016 жылы «100 қадам» ұлт жобасын жүзеге асыру аясында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» заңы қабылданды, үш сатылы конкурстық таңдаумен мемлекеттік қызметтік карьералық үлгісі енгізілді. Заң күшіне енген күнінен бастап, мемлекеттік қызметке қайта келгендер саны үш есе артып, ауысулар қысқарды.
Өткен жылдары мемлекеттік қызметтен мамандардың кетуі күрделі жүйелі проблема болатын. Қазір бағалау мамандардың кетуін тұрақты түрде төмендетуді белгіледі. Облыстың мемлекеттік қызметшілерінің ауысуы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен бекітілген 9%-тен аспайды және 2016 жылы 9,5%-ті құрады (жыл қорытындысы бойынша – 13 адам) (2015 жылы -11,7% ).
Еңбекақының төмен деңгейі, жұмыс орнының ұзақтығы, үнемі төленбейтін қоса орындаушылық білікті мамандардың мемлекеттік қызметтің орта және төменгі деңгейлерінен кетуінің негізгі себебі болып табылады, сондай-ақ мемлекеттік органдар жұмыстарының тиімділігіне әсер етеді.
«100 қадам» ұлт жоспарының аясында аталған мәселені нәтижелер бойынша еңбекке ақы төлеуді енгізу арқылы шешу көзделеді (бонустық жүйе).
Мемлекеттік қызмет саласындағы реформалардың қандай да бір кезексіздігін де атап өту қажет, талаптар мен әрекеттерді алдын ала қатаңдату жасанды түрде «кадрлық ашығуға» алып келуі мүмкін.
Жергілікті атқарушы органдар деңгейінде мамандар тапшылығы проблемасын жеке атап өту қажет (аудандар мен ауылдар). 2016 жылы атқарушы органдардың 33 бос орындарына (136) бір орынға 1,1 адам ғана үміткер болатын. Ауылда мемлекеттік қызмет мамандарының тапшылығы саладағы жалпы проблемалар тұрғысынан (жоғары жүктеме және төмен төлем) да, төменгі лауазымдар деңгейінде мемлекеттік қызметке орналасуға біліктілік талаптары мен талаптарының қатаңдығы тұрғысынан да орын алды. Бүгінгі күні аудандық маңызы бар қала және ауыл әкімдігінің бас маманы лауазымына ортадан кейінгі немесе техникалық және кәсіби білімі бар тұлғаларға орналасуға заңнамалық тұрғыда мүмкіндік берілді. Сондай-ақ, аудан және ауылдық деңгейдегі бас маман лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейтіні белгіленген.
Жалпы, ауылда мемлекеттік қызмет мамандарының жетіспеушілігі «100 қадам» ұлт жоспарының аясында түйіндес реформалардың орындалмау қаупін туғызады. Осыған байланысты, ауылдық деңгейдегі «Б» корпусындағы мемлекеттік қызметшілер үшін қосымша әлеуметтік, құқықтық кепілдемелерді енгізу қажет.
Саланың даму жағдайына SWOT-талдау:
Күшті жақтар
Ммлекеттік қызмет жүйесінің меритократия, тазалық және транспаренттігі қағидаларын күшейту.
Мемлекеттік қызмет тартымдылығын арттыру.
Тәжірибеге бағдарланғандығына басымдық таныта отырып, мемлекеттік қызметшілерді оқыту жүйесін дамыту.
Әрбір мемлекеттік қызметшінің қызмет тиімділігін бағалау жүйесі.
Бағалау нәтижелері бойынша бонустар төленеді.
|
Мүмкіндіктер
«Әлеуметтік лифттерді» құру, мемлекеттік ұйымдарда корпоративтік басқару тәжірибесінің тиімділігін барлық жерде тарту және енгізу, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін нығайту;
Мемлекеттік қызметті дамытуға маңызды салым енгізетін жоғары білікті және кәсіби қызметкерлерді тиімді пайдалану және ұстау үшін таланттарды басқару жүйесін енгізу.
Мемлекеттік қызметшілерді тұрақты оқыту бағдарламасын жүзеге асыру.
|
Әлсіз жақтар
Жаңа басшы тағайындалған кезде «Командалық ауыстыру» жағдайы сақталуда.
|
Тәуекелдер
Ауылдық жерлерде мамандар тапшылығы.
|
Негізгі мәселелер:
еңбекақы төлеу деңгейінің төмендігі;
жұмыс орнының өте ұзақ болуы;
төленбейтін үстеме жұмыс.
НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР, МАҚСАТТАР, НЫСАНАНЛЫ ИНДИКАТОРЛАР ЖӘНЕ ОЛАРҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ЖОЛДАРЫ
1-БАҒЫТ. Экономика
1-мақсат. Өнеркәсіпті тұрақты дамытуды қамтамасыз ету.
Саланы 2020 жылға дейін дамыту басымдықтары болып төмендегілер табылады:
- өңдеу өнеркәсібінің бәсеке қабілеттілігін арттыру;
№
|
Нысаналы индикаторлар
|
Өл.бірл
|
2015 нақты
|
2016 нақты
|
2017 бағалау
|
2018
|
2019
|
2020
|
Қарж. көзі
|
|
Өңдеу өнеркәсібі өнімін шығарудың НКК
|
%
|
100,5
|
109,3
|
101,1
|
101,9
|
102,4
|
102,9
|
КБ
|
|
Өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі
|
%
|
92,2
|
92,5
|
90,0
|
90,5
|
88,8
|
90,0
|
КБ
|
Қол жеткізу жолдары:
Жаңа өнеркәсіп өндірістерін ашу және әрекет етушілерін кеңейту;
Облыстың Индустрияландыру картасының жобаларын жүзеге асыру;
«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасының және басқа да бағдарламалардың аясында отандыру тауар өндірушілердің экспортқа бағдарланған өндірістерін қаржылай қолдау;
Жергілікті нарықтың жаңа және қосыша мүмкіндіктерін таныстыруды көздейтін сұхбат алаңдарын, дөңгелек үстелдерді, семинар-кеңестерді, форумдарды, конкурстарды ұйымдастыру.
Қалпына келетін энергия көздерінің үлесін арттыру және дамыту шараларын жүзеге асыру (шағын СЭС құрылысы);
2-мақсат. АӨК субъектілерінің бәсеке қабілеттілігін арттыру үшін жағдай жасау
Саланың 2020 жылға дейін даму басымдықтары болып төмендегілер табылады:
сапаның халықаралық стандарттарына ауысу, отандық өнімдердің ішкі нарығын арттыру және сыртқы нарығын кеңейту;
басым бағыттардың алаңдарын арттыру, өсірудің ресурс үнемдеу технологиясына көшу;
жоғары өнімді асыл тұқымды жануарлардың генофондын сақтау есебінен жануарлардың генетикалық әлеуетін арттыру;
суат құрылыстарын қайта жаңғырту есебінен етті мал шаруашылығын, жем өндірісін және қырда мал бағу шурашылығын дамыту;
ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу үлесін және қосылған құны жоғары бәсекеге қабілетті өнім шығаруды арттыру.
№
|
Нысаналы индикаторлар
|
Өл.бірл
|
2015 нақты
|
2016 нақты
|
2017 бағалау
|
2018
|
2019
|
2020
|
Қарж. көзі
|
|
Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестициялардың НКК
|
%
|
3355
|
84,1
|
129,7
|
122,7
|
123,0
|
123,0
|
АШБ
|
|
Тағам өнімдері өндірісінде негізгі капиталға инвестициялардың НКК
|
%
|
81,8
|
166,8
|
107,6
|
108,6
|
109,6
|
110,6
|
АШБ
|
|
Ұйымдастырылған шаруашылықтарда ірі қара мал және ұсақ мал басының үлесі
- ІҚМ
- ҰМ
|
%
|
37,5
51,6
|
34,4
53,7
|
44,2
58,0
|
47,1
59,0
|
49,9
60,0
|
50,0
60,0
|
АШБ
|
|
Табиғи өзгеруге қатысатын ірі қара мал және ұсақ мал басының үлесі
- ІҚМ
- ҰМ
|
%
|
31,4
14,3
|
31,6
15,6
|
39,3
16,0
|
39,5
16,6
|
40,1
17,8
|
40,1
19,1
|
АШБ
|
|
Мерзімі бұзылып берілген субсидиялардың үлесін азайту
|
%
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
АШБ
|
|
Етті экспорттау,
|
тонна
|
105
|
0
|
0
|
394
|
492
|
589
|
АШБ
|
Қол жеткізу жолдары:
АӨК-нің өндірістік және өңдеу салаларының әлеуетін игеру;
Мемлекеттік қолдау құралдарының кең ауқымын пайдалану;
Жаңа қуаттарды құруға не әрекет етушілерін кеңейтуге инвестициялар тарту;
Ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімділігін және малдардың өнімділігін арттыруға мүмкіндік беретін заманауи агротехнологияларды пайдалану;
Ауыл шаруашылығы өнімін дайындау, сақтау және өткізу жүйесін дамыту;
Бұрын отырғызылған бақтардан егін жинау;
Ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту;
Жайылым шаруашылықтарын, жем өндірісін және қырда мал бағуды суландыру үшін суат құрылыстарын салу/қайта жаңғырту;
Қант қызылшасының және жүгерінің егістік алқаптарын арттыру;
Жылыжай шаруашылықтарының жүйесін кеңейту;
Қызылағаш, Бүйен, Покатилов су қоймаларын салу;
«Сыбаға» бағдарламасының аясында өндіруші-бұқаларды, «Құлан» бағдарламасының аясында жылқылар сатып алу;
«Ырыс» бағдарламасының аясында және мемлекеттік жекеменшік кәсіпкерлік аясында «Жетісу» ӘКК ҰК АҚ арқылы отбасылық шағын сүт-тауарлық фермаларды салу/кеңейту;
Мемлекеттік жеке-меншік кәсіпкерлік аясында «Жетісу» ӘКК ҰК АҚ арқылы Ақсу қант зауытын қалпына келтіру;
Аудан аумағында эпизоотикалық ахуалды қамтамасыз ету;
Алматы қаласының айналысында азық-түлік белдеуін қһдамыту мақсатында ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және өңдеу жөніндегі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру;
3-мақсат. Су шаруашылығын дамыту
Саланы 2020 жылға дейін дамытудың басымдықтары болып төмендегілер табылады:
-игерілмей жатқан жерлерді толық игеру, су жүйелерін қалпына келтіру
№
|
Нысаналы индикаторлар
|
Өл.бірл
|
2015 нақты
|
2016 нақты
|
2017 бағалау
|
2018
|
2019
|
2020
|
Қарж. көзі
|
|
Жеке қаражат есебінен су жүйелерін қалпын келтіруге тартылған инвестицияның НКК
|
%
|
0
|
0
|
0
|
0
|
0
|
0
|
АШБ
|
Қол жеткізу жолдары:
Су жүйелерін жеке қаражат есебінен жөндеу
4-мақсат. Шағын және орта кәсіпкерлікті және сауданы дамыту
Саланы 2020 жылға дейін дамытудың басымдықтары болып төмендегілер табылады:
- экономиканың шикізаттық емес басым секторларында жобаларды жүзеге асыру кезінде ШОБ-қа мемлекеттік қолдау көрсету;
- әркет етуші тұрақты жұмыс орындарын сақтау және жаңаларын құру;
- шетелдік инвесторлар мен бизнесмендердің «келуін» ұйымдастыру;
- кәсіпкерлердің біліктілігін арттыру орталығы.
№
|
Нысаналы индикаторлар
|
Өл.бірл
|
2015 нақты
|
2016 нақты
|
2017 бағалау
|
2018
|
2019
|
2020
|
Қарж. көзі
|
|
Тіркелгендердің жалпы көлеміндегі әрекет етуші шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің үлесі
|
%
|
79,4
|
82,5
|
82,6
|
83,1
|
83,5
|
83,7
|
КБ
|
|
Бөлшек сауда көлемінің НКК
|
%
|
101,3
|
103,7
|
101,2
|
101,8
|
102,1
|
102,8
|
КБ
|
|
«Бөлшек сауда» қызмет түріндегі сауда алаңы 2000 ш.мтерден кем емес сауда объектілерінің санын арттыру
|
Бірл.
|
0
|
0
|
0
|
0
|
0
|
0
|
КБ
|
Қол жеткізу жолдары:
Аудандық Сарапшылар кеңестерінің қызметіне белсенді қатысу арқылы кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктерінің қызметін жандандыру;
«Бизнестің жол картасы – 2020» Бағдарламасының аясында ШОБ субъектілерін қолдау;
Тағам өнімдеріне бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету, ішкі нарықты өз өндірісіндегі тауарлармен толықтыру;
Кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша дөңгелек үстелдер, кездесулер және т.б. өткізу;
Әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағасының шекті жол берілетін көлемінің сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізу;
Жаңа сауда объектілерін, базарлар мен қызмет көрсету нысандары ашу;
Сауда базарларының заманаиу нысанға кезеңмен көшуі.
5-мақсат. Инновацияларды дамыту және инвестициялар тарту
Саланы 2020 жылға дейін дамыту басымдығы болып төмендегілер табылады:
- индустриялдық аймақтар мен өнеркәсіптік алаңдарды дамыту есебінен инновациялық және инвестициялық қызметті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау;
- мемлекеттік-жекеменшік әріптестігін дамыту.
№
|
Нысаналы индикаторлар
|
Өл.бірл
|
2015 нақты
|
2016 нақты
|
2017 бағалау
|
2018
|
2019
|
2020
|
Қарж. көзі
|
|
Жан басына шаққанда негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны
|
%
|
142,9
|
86,5
|
100,1
|
100,5
|
101,1
|
101,7
|
КБ
|
|
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлеміндегі сыртқы инвестициялардың үлесі
|
%
|
8,2
|
38,8
|
87,3
|
90,0
|
91,2
|
92,0
|
КБ
|
|
2015 жылға шикізаттық емес секторда негізгі капиталға инвстициялардың өсуі (мемлекеттік бюджеттен инвестицияларды есептемегенде)
|
%
|
103,8
|
104,2
|
107,5
|
114,3
|
123,3
|
144,5
|
КБ
|
|
Әрекет етуші кәсіпорындар санынан инновациялық белсенді кәсіпорындардың үлесі
|
%
|
10,3
|
12,5
|
14,2
|
15,8
|
18,9
|
20,8
|
КБ
|
|
Жалпы өңірлік өнім көлеміндегі инновациялық өнім үлесін арттыру
|
|
1,4
|
1,9
|
2,4
|
2,9
|
3,3
|
3,9
|
|
|
Әзірленген құжаттамаларға оң қорытындыларды алған МЖӘ жобалардың санын көбейту және олар бойынша конкурсты жариялау
|
МЖӘ жобалары бойынша конкурстық құжаттамаларға оң қорытындыларды алған жобалардың саны (жыл сайын кемінде)
|
|
|
|
|
|
1
|
КБ
|
Қол жеткізу жолдары:
«2015-2019 жылдарға арналған МИИДБ», «Агробизнес 2020», «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыруға белсенді қатысу есебінен бизнестің инвестициялық белсенділігін арттыру;
Форумдар, семинарлар және дөңгелек үстелдер өткізу;
Индустриялдандыру картасы аясында жобаларды жүзеге асыру;
«Мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі» заңының аясында инновацияларды дамыту, инвестициялар мен инвесторларды тарту үшін қолайлы жағдай жасау;
Инвестициялық жобаларды тарту және жүзеге асыру арқылы индустриялды аймақтар мен өнеркәсіп алаңдарын дамыту;
6-мақсат. Экономикалық өсім орталықтарын дамыту
Аудан орталығы Балпық би ауылын дамыту
Шағын және орта кәсіпкерлікті және сауданы дамыту
2020 жылға дейін дамытудың басымдықтары болып төмендегілер табылады:
- әркет етуші тұрақты жұмыс орындарын сақтау және жаңаларын құру;
- шетелдік инвесторлар мен бизнесмендердің «келуін» ұйымдастыру;
- кәсіпкерлердің біліктілігін арттыру орталығы.
|
Нысаналы индикаторлар
|
2015 нақты
|
2016 нақты
|
2017 бағалау
|
2018
|
2019
|
2020
|
Ақпарат көзі
|
1
|
Тіркелгендердің жалпы санындағы белсенді ШОБ субъектілерінің үлесі, %
|
78,1
|
79,5
|
80,2
|
80,7
|
81,3
|
81,7
|
КБ
Ауыл әкімі
|
Қол жеткізу жолдары:
Жаңа және әрекет етуші өнеркәсіп өндірістерін ашу;
Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға белсенді қатысу есебінен бизнестің инвестициялық белсенділігін арттыру;
«Мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі туралы» заңының аясында инновацияларды дамыту, инвестициялар мен инвесторлар тарту үшін жағдай жасау;
Өнеркәсіп, шағын және орта бизнес және туризм объектілерін ашу, дамыту және салу арқылы экономикалық қызметті дамыту;
Әлеуметтік сала объектілерін, жолдарды және сумен қамту, жылумен қамту, су бөлу жүйелерін салу және қайта жаңғырту арқылы әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту.
Еңбек және әлеуметтік қорғау
2020 жылға дейін дамытудың басымдықтары болып төмендегілер табылады:
- халықтың жұмыспен қамтылуын экономика салаларында жаңа жұмыс орындарын құру арқылы арттыру;
- өз ісімен шұғылданушыларды, жұмыссыздарды және халықтың нысаналы тобына кіретін тұлғаларды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту;
- кадрлық әлеуетті дамыту;
№
|
Нысаналы индикаторлар
|
2015 нақты
|
2016 нақты
|
2017 бағалау
|
2018
|
2019
|
2020
|
Ақпарат көзі
|
1
|
Жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі, %
|
4,0
|
3,8
|
3,5
|
3,2
|
3,1
|
3,0
|
ЖҮӘББ
Ауыл әкімі
|
2
|
Жұмысқа қабілетті мекен-жай әлеуметтік көмегін алушылардың үлесі
|
0,2
|
0,2
|
0,1
|
0,1
|
0,1
|
0,1
|
ЖҮӘББ
Ауыл әкімі
|
Қол жеткізу жолдары:
МӘК және МБЖ алушылар арасынан жұмысқа қабілеттілерін жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту;
Аз қамтылған отбасыларының жұмысқа қабілетті мүшелеріне келісілген ақшалай көмекті енгізу, әлеуметтік қолдау шараларын көрсетудің меке-жайлылығын күшейту;
Арнайы әлеуметтік көмекті алушылар үшін жасына және денсаулық жағдайына барынша сай келетін, өмір сүру үшін қолайлы үй жағдайын жасау;
Арнайы әлеуметтік қызметтерді сапалы көрсету;
Жеке қалпына келтіру бағдарламасын сапалы және барынша орындау;
Әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін бейімдеу, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қол жетімді ортаны қамтамасыз ету;
Медико-санитарлық мекемелер жүйесін кеңейту;
Азаматтарға, бірінші кезекте егде жастағы азаматтарға, балалы отбасыларына, мүгедектерге әлеуметтік қолдау және мемлекеттік әлеуметтік көмек көрсетудің жедел шараларын қабылдау;
Әлеуметтік қызметтер көрсету саласында бәсекелестікті дамыту және мемлекеттік емес секторды тарту үшін жағдай жасау;
Мекемелер мамандарының кәсіби біліктілік деңгейін мамандарды оқыту, біліктілігін көтеруді ұйымдастыру арқылы арттыру;
Халықтың табысын арттыру, жаңа өндірістерді құру және әрекет етушілерін кеңейту, шағын және орта бизнесті дамыту және жұмыспен қамтудың белсенді нысандарын дамыту есебінен табысы күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесін азайту;
Халықтың арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша ақпараттануын арттыру;
Үкіметтік емес ұйымдар арасында мемлекеттік тапсырысты орналастыруды кеңейту;
Көлік инфрақұрылымын жақсарту
2020 жылға дейін даму басымдықтары болып төмендегілер табылады:
- Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға белсенді қамыту есебінен бизнестің инвестициялық белсенділігін арттыру;
«Мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі туралы» заңының аясында инновацияларды дамыту, инвестицияларлы және инвесторларды тарту үшін қолайлы жағдай жасау жасау;
№
|
Нысаналы индикаторлар
|
2015 нақты
|
2016 нақты
|
2017 бағалау
|
2018
|
2019
|
2020
|
Ақпарат көзі
|
1
|
Жақсы және қанағаттанарлық жағдйдағы автомобиль жолдары үлесінің артуы, %
|
54,2
|
56,3
|
60,5
|
62,8
|
65,1
|
67,4
|
ЖКАЖБ
ауыл әкімі
|
Қол жеткізу жолдары:
Жолдарды қайта жаңғырту, күрделі жөндеу, оларды жол қозғалысының заманауи талаптарына сәйкестендіру;
Жол жөндеу жұмыстарының сапасын жақсарту;
Коммуналдық секторлың инженерлік инфрақұрылымын жаңарту
2020 жылға дейін даму басымдығы болып төмендегілер табылады:
- көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу, су, жылу, электрмен қамту жүйелерін салу және қайта жаңғырту бойынша өңірлерді 2020 жылға дейін даму және «Нұрл Жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламаларын жүзеге асыру;
- халықтың ауыз сумен және су бөлу, жылумен және газбен қамту қызметтерімен қамтамасыз етілу деңгейін арттыру;
- қалпына келетін энергия көздерін дамыту.
№
|
Нысаналы индикаторлар
|
2015 нақты
|
2016 нақты
|
2017 бағалау
|
2018
|
2019
|
2020
|
Ақпарат көзі
|
1
|
Жаңғыртылған/салынған жүйелердің үлесі %
|
|
|
|
|
|
|
ТКШБ
ауыл әкімі
|
|
оның ішінде жылумен қамту *
|
-
|
-
|
-
|
3
|
3
|
3
|
ТКШБ
ауыл әкімі
|
|
сумен қамту*
|
0
|
30
|
2
|
2
|
2
|
2
|
ТКШБ
ауыл әкімі
|
|
электрмен қамту*
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
ТКШБ
ауыл әкімі
|
|
су бөлу*
|
-
|
-
|
-
|
2
|
2
|
2
|
ТКШБ
ауыл әкімі
|
2
|
Ауылдық елді мекендердің орталықтандырылған қызметтерге қол жеткізуі:
|
|
|
|
|
|
|
ТКШБ
ауыл әкімі
|
|
сумен қамту
|
83,6
|
83,6
|
83,6
|
100,0
|
100,0
|
100,0
|
ТКШБ
ауыл әкімі
|
|
су бөлу
|
25,0
|
25,0
|
25,0
|
35,0
|
45,0
|
50,0
|
ТКШБ
ауыл әкімі
|
3
|
жылу жүйелерінің тозуын төмендету,%
|
10,0
|
10,0
|
10,0
|
10,0
|
10,0
|
10,0
|
ТКШБ
ауыл әкімі
|
4
|
Электрмен қамту жүйесінің тозуын төмендету, %
|
56,0
|
56,0
|
56,0
|
56,0
|
56,0
|
56,0
|
ТКШБ
ауыл әкімі
|
Достарыңызбен бөлісу: |