ӨМІРЗАҚ АЙТБАЙҰЛЫ
ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНІҢ
ТЕРМИНОЛОГИЯСЫ
МƏСЕЛЕЛЕРІ
Алматы
2013
УДК 80/81
ББК 81.2-3
А 32
Айтбайұлы Ө.
Қазақ тіл білімінің терминологиясы мəселелері – Алматы:
«Абзал-Ай» баспасы, 2013. – 400 бет.
ISBN 978-601-7172-23-7
Кітапта қазақ тілі лексикасының ең күрделі де бай саласы –
терминологияның жүз жылға таяу тарихы зерттеліп, оның жасалу,
қалыптасу, даму жолдары сараланған.
Əдеби тілдің, оның ішінде ғылым тілінің өркендеуіне септігін
тигізген терминдік жүйе туралы бұрын-соңды айтылған əр алуан
пікірлерді сарапқа сала отырып, автор өзіндік топшылауларын алға
тартады, термин жасау принциптеріне өзінің тың көзқарасын ұсынады.
Сондай-ақ, қазақ əдеби тіл лексикасының үлкен бір тармағы –
қоғамдық жəне гуманитарлық ғылымдар терминологиясы ғылыми
талданады. Терминологияның тіл құрылымындағы орны, оның
жасалу көздері мен жолдары, сондай-ақ жазу мен аударманың термин
қалыптастырудағы, тіл байытудағы рөлі деген мəселелерді ғылыми
тұрғыдан талдауға талпыныс жасалады.
Жұмысты жазу барысында А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл
білімі институты Терминология мен аударма теориясы бөлімінің
картотекалық қорының материалдары кеңінен пайдаланылды.
А32
© Айтбайұлы Ө., 2013
© «Абзал-Ай», 2013
УДК 80/81
ББК 81.2-3
ISBN 978-601-7172-23-7
Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігі
Тіл комитетінің тапсырысы бойынша
«Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың
2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»
аясында шығарылды
ҚАЗАҚ
ТЕРМИНОЛОГИЯСЫНЫҢ
ДАМУЫ МЕН
ҚАЛЫПТАСУЫ
4
КІРІСПЕ
Жалпы, тіл – өмірдің сəулесі, қоғамдық құбылыстардың
айнасы іспетті нəрсе. Қоғамда болып жатқан неше алуан
өзгеріс, жаңалық атаулының бəрі əуелі тілден орын тебеді
де, содан соң халық мұрасына айналады. Ендеше, тілді зерт-
теу арқылы, оның түп негізін терең тексеру арқылы тұтас бір
халық, ұлт өмірінің өткелдерін, тарихи кезеңдерін анықтауға
болады. Сонымен бірге қоғам өмірінің даму кезеңдерін зер-
делеу нəтижесінде тілдің де эволюциялық өсу өрісін сара-
лай, жіктей аламыз.
Ал қалыптасу, даму дегеніңіз барлық уақытта бірқалыпты
жүріп отырмайтыны белгілі. Қазақ тілі тарихынан да біз
осыны аңғарамыз. Бұл тіл өзінің бастауын сонау көне
замаңдардан алады, біздің жыл санауымыздан бұрын
тайпалық, рулық қарым-қатынас құралы ретінде пайда
болып, кезеңінде түрлі қауымдастықтар мен патшалық,
хандықтарға, құрылымдар мен ірі мемлекеттерге қызмет
еткен (Найман, Керей, Үйсін, Қаңлы мемлекеттері, Түрік
қағанаты, Алтын Орда, Көк Орда т.т.). Халық басынан өткен
осынау тарихи дəуірлер ізі əрдайым тілімізде сақталып, бізге
жетіп отырған, əсіресе «түрік халықтарының көбіне ортақ
түбірлердің» (Ə. Қайдаров) қазақ тілінде көптеп табылуы
зерттеушілерді осындай ойға жетелейді.
Терминологиялық лексика, міне, осы халықтық тіл
негізінде пайда болады. Мұның да өзіндік жасалу жолдары,
қалыптасу тарихы бар. Бұл, негізінен, ғылыми ой-пікірдің
өрбуіне, техника мен мəдениеттің дамуына орай туындай-
тын арнайы лексика.
Қазақ тілінің терминдік жүйесін осы тұрғыдан зерде-
леп байқасақ, қилы-қилы қызықты да күрделі кезеңдерге
кезігеміз. Ең алдымен, терминологиялық лексиканың пай-
да болу, жасалу, қалыптасу тарихын Қазан төңкерісіне
дейін, төңкерістен кейін деп екіге бөліп қарау керек сияқты.
Төңкеріске дейінгі кезең қазақ терминологиясы үшін жар-
5
тымды материал бере қоймағанмен, терминжасамның ал-
ғашқы нышандарын нұсқайды. Болашақта терминденуге
қажетті тірек сөздердің бəрін сол кезеңнен табамыз.
Төңкерістен бергі жерде пайда болған терминологиялық
лексиканы əлденеше кезеңге бөліп қарау лазым. Неге десеңіз,
75 жыл шамасында бұрынғы Одақ құрамындағы ұлттар мен
ұлыстар тілінде аса күрделі жаңалықтар пайда болды. Оның
бəрі қоғам өміріндегі сан қилы құбылыстар мен қозғалыстарға
байланысты туған еді. Тіл дамуына ықпал еткен ұлы дүбір-
төңкеріс, ұжымдастыру, тəркілеу, ашаршылық, репрессия,
бесжылдықтар, соғыс, тың игеру, коммунизм шеруі, қайта
құру, тəуелсіздік т.т. тарихи оқиғалар еді. Осылардың қай-
қайсысы да қазақ тілінің сөздік құрамына көптеген жаңалық-
тар əкелді. Əрқайсысының мəңгі таңбаланып, ізі қалды. Сол
бір кезеңдерде пайда болған терминдік атаулар (социализм,
революция, кеңес, колхоз, совхоз, бесжылдық, тың игеру,
халық жауы, аға лейтенант, фронт, тиімділік, сапа, салауат-
тық, нарықтық экономика, егемендік, тəуелсіздік т.б.)
арқылы біз ел тарихын, халық тарихын оқитындай
дəрежедеміз. Өмірде болып жататын неше алуан құбылыс,
қозғалыстардың бəрін өрнектеп, баяндауға алдымен
ұмтылатын сөздер легі – терминдер. Сондықтан бұлар бір
есептен алдыңғы шептегі сарбаздар іспетті.
Термин сөздерді қозғалысқа салып, көктемгі қызғалдақтай
қаулататын тағы бір сала ғылыми-техникалық прогресс
болып табылады. Тілдегі көптеген терминдердің пайда бо-
луы, негізінен, ғылым мен техниканың өмірге дендеп енуіне
тікелей байланысты. Сондай-ақ, өнер, білім, оқу, ағарту,
бас-пасөз бен баспа жұмыстарының қауырт қолға алынуы да
терминологиялық лексиканың қанат жаюына сеп. Осы тек-
тес сан салада туындап, қолданысқа еніп жататын терминдік
лексика көбіне-көп игерусіз, өз бетінше өмір кешіп жатады.
Ендеше, еліміз тəуелсіздіктің туын жоғары көтеріп, Бірік-
кен Ұлттар Ұйымына мүше болып отырған қазіргі кезеңде тіл
тағдырына, оның ішінде əлемдік деңгейде өріс тапқалы тұрған
Достарыңызбен бөлісу: |