Негізгі мәселелер:
бизнес үшін ұзақ арзан несиелердің қол жетімсіздігі;
кәсіпорындарда инновация енгізу үшін айналым қаражаттарының жетіспеушілігі;
отандық кәсіпорындардың инновациялық белсенділігінің төмен деңгейі.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
Балпық ауылындағы еңбек нарығындағы жағдай 2014-2016 жылдар кезеңде, еңбек деңгейінің артуымен сипатталады, халықтың экономикалық белсенділігінің төмендеуіне, жұмыссыздық деңгейінің өсуіне жол берілген жоқ. Экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 2014 жылмен салыстырғанда 1191 артып 7324 адамды құрады (2014ж. - 6133 адам).
Балпық би ауылында іске асыруған "Жұмыспен қамту-2020 жол картасы" бағдарламасы айтарлықтай көмек көрсетті жұмысқа орналастыруға және жаңа серпіліс берді жұмыспен қамтылғандардың санының өсуі 6926 адам болса, 2016 жылы 7185 адам.
Жұмыссыздар саны 2016 жылы 139 құрады, 2014 жылмен салыстырғанда 7 адамға азайды (2014ж. - 271).
Жұмыссыздық деңгейі 2,9% - ға дейін қысқарды, 2016 жылға 4,4% - ға, 2014 жылы "Жұмыспен қамту-2020 жол картасы" бағдарламасы шеңберінде және "Дипломмен ауылға" бағдарламасы аясында жұмысқа орналастыру ұлғайып отыр. Жастар арасында және жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2014 жылы 2,2% - дан, 2016 жылы -1,7% - ға дейін азайды. Әйелдер жұмыссыздық деңгейі 2014 жылы 2,3% дан 2,0% - ға азайды.
Жыл сайын Балпык би ауылында өнеркәсіп саласында, ауыл шаруашылық, сауда және басқа да экономика саласына жаңа жұмыс орындары құрылады. Жұмысқа орналасу мәселесі бойынша 301 адам жұмысқа орналастырылды 278 адам, 2014 жылы жүгінгендер 371 адам жұмысқа орналастырылды 368.
Халық өмірінің деңгейі
Әлеуметтік атаулы көмекті 2014 ж-31 адам, 2015 ж-29 адам алып 2 адамға азайды.
Жалпы алғанда әлеуметтік көмектің 17 түрімен 3845 адам қамтылып, бюджеттен 67 млн. теңгеге көмек көрсетілді.
Қолданыстағы заңнамамен көзделген төлемдермен қатар, ауданда жергілікті өкілді органдардың шешімімен әлеуметтік көмектің қосымша түрлері көрсетіледі.
Атап айтсақ, тұрғын үй көмегі 6 млн. 163 мың теңге сомасына 277 отбасына көрсетілді.
Жыл сайын ауылдық жерлерде тұратын білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт қызметкерлері отын сатып алуға жәрдемақы алады. Осындай көмекті 17 млн. теңгеге 1799 адам алды.
Ата–анасы жоқ және тұрмысы төмен отбасыларынан шыққан 24 студент жоғары және арнаулы орта оқу орындарында облыс әкімінің гранты бойынша білім алуда.
Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай 8 ҰОС-на қатысушыларға 400 мың теңге көлемінде бір жолдық материалдық көмек берілді.
Ұлы Отан соғысына қатысушы мен мүгедектер, Ауған соғысына қатысушылар және Чернобыль апатынан зардап шеккен азаматтар санаторлық-курорттық ем алуда.
Саланың даму жағдайына SWOT-талдау:
Күшті жақтар
Жұмыссыздық деңгейінің төмендету;
Халқының жұмыспен қамтылуына ықпал етудің кешенді жоспары әзірленді;
2 жылда ММӘК жүгінгендер санының 43,8%-ке төмендеуі;
Орташа төлем көлемінің 1,2 есе өсуі, бұл жеке мекен-жай көмегінің күшеюін білдіреді;
Мекен-жай әлеуметтік көмегін алушылар құрамында жұмысқа қабілетті халықтың үлестік салмағының 30,4%-тен 30,2%-ке дейін төмендеуі;
Мүгедектердің қоғамда интеграциялануы бойынша шараларды жүзеге асыру.
|
Әлсіз жақтар
Жастар мен әйелдер арасында жұмыссыздықтың сақталуы;
Еңбек нарығында жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынысының теңсіздігі;
Экономиканың мамандарға деген қажеттілігін анықтау тетігінің жоқтығы;
Жекелеген өңірлерде білікті мамандардың жетіспеушілігі байқалады;
Әсіресе ауылда тұрақты жұмыс орындарының болмауы;
Медико-әлеуметтік мекемелерде медициналық білімі бар білікті мамандардың жетіспеушілігі;
Арнайы әлеуметтік көмек көрсететін мамандарға еңбек ақы төлеу деңгейінің төмендігі;
Әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің барлығы мүгедектерге қол жеткізумен және көліктік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілмеген;
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелерінің бұзылуы.
|
Мүмкіндіктер
Тұрақты немесе уақытша жұмыс орындарына орналастыру, кәсіби дайындыққа және қайта дайындауға, қоғамдық жұмыстарға жіберу, әлеуметтік жұмыс орындарын құру, сондай-ақ мекен-жайлық сипатын күшейту арқылы әлеуметтік көмекті оңтайландыру жөніндегі бағдарламаларды жүзеге асыруға бағытталған жұмыспен қамтудың белсенді нысандарын қолдану;
Жұмыс берушілердің қажеттіліктеріне сәйкес, жұмыссыз халықты кәсіби дайындау және қайта дайындау бағдарламаларын жүзеге асыру;
Өңірде дайындау жүргізілмейтін мамандықтар бойынша шетелдік жұмыс күшін тарту;
Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік бағдарламалардың белсенді спекторларын кеңейту;
Ауыл халқына басымдық таныта отырып, жұмыссыз және пайдасыз өз ісімен шұғылданушылардың кәсіпкерлік бастамаларын дамытуға ықпалдасу;
Жобалау және құрылыс кезінде ғимараттар мен құрылыстардың мүгедектер үшін қол жетімділігін қамтамасыз ету нормаларын сақтау;
Жұмыс орындарында еңбек жағдайын жақсарту;
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша әзірленген ережелер мен нұсқаулықтарды сақтау.
|
Қауіптер
Экономикалық дағдарыстың теріс әсерінің салдарынан жұмыссыздықтың өсуі;
Коммуналдық қызметтерге тарифтердің артуы тұрғын үй көмегін алушылардың көбеюіне алып келеді.
|
Негізгі мәселелер:
табыстың төмен деңгейі, о.і. ауыл халқының;
барлық мұқтаж жандарды арнайы әлеуметтік қызметтермен толық қамтымау;
жүйе-неврологиялық медико-әлеуметтік мекемелерде орын тапшылығы;
мүмкіндігі шектеулі жандарға қол жетімді өмір сүру ортасының жеткіліксіздігі.
Әлеуметтік саладағы негізгі проблемалар:
жұмыссыздық, әсіресе жастар, ЖОО және ТжКО мекемелердің түлектер арасында;
халықтың өзін-өзі жұмыспен қамтылғандар санының едәуірлігі;
төмен деңгейдегі табыс көлемімен халық санының едәуірлігі.
Білім беру
2011 жылдан 2015 жылдар аралығында білім саласында білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстары жүргізілді, оның аясында обылста білім берудің қол жетімділігін және сапасын қамтамасыз ету шараларын жүргізілді.
Орта білім
Аудан орталығы Балпық би ауылында 4 жалпы орта білім беру мемлекеттік мекемесі жұмыс істейді, онда 2560 орын бар: ОМ.Н.Алдабергенова 740 орындық, № 2 ОМ.М.Құрманов 940 орындық мектеп-гимназия.К.К.Жалайыр 600 орындық № 1 ОМ.Б.Құндақбаева көшесі, 280 орындық. Мектептерде 2854 бала оқыды.
ОМ.Н.Алдабергенова 1961 жылы салынды, ғимарат типтік үлгіде, 2008 жылы күрделі жөндеу жүргізілді,. Штаттық саны 138,94 бірлік, оның ішінде педставка 88,94 бірлік. Мектепте 1-сыныптан 11-сыныпқа 37 сынып-комплетте 826 оқушы бар, мектепалды даярлық тобында-108 оқушы. Кең жолақты интернетке қосылған.
Мектеп жанындағы спорт алаңдары және мектеп ғимараты ағымдағы және күрделі жөндеуді қажет етеді.
ОМ № 2.Медеубая Құрманов 1971 жылы салынды, Ғимарат типтік. 2014 жылы ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстары өткізілді. Мектепте 1-11 сынып аралығында 46-сынып-комплетіде 929 оқушы бар, мектепалды даярлық тобында-72 оқушы. Кең жолақты интернетке қосылған.
.К.К.Жалайыр атындағы орта мектеп-гимназиясы 2008 жылы салыды. Ғимарат типтік. Мектепте 1-11 сыныптарда 26 сынып-комплетіде 626 оқушы бар, мектепалды даярлық тобында 55 оқушы. Кең жолақты интернетке қосылған.
сыртқы қабырғаларының ағымдағы жөндеу және күрделі жөндеуді талап етіледі
№ 1 ОМ.Б.Құндақбаева атындағы орта мектеп 2013 жылы салынды.. Ғимарат типтік. Мектепте 1-11 сыныптарда 26 сынып-комплетіде 473 оқушы бар, мектепалды даярлық тобында-32 оқушы бар. Кең жолақты интернетке қосылған.
Жалпы төрт мектептерде 292 мұғалім бар, оның 272-і жоғарғы білімді, 20 мұғалім орта-арнайы біліммен, 110 жоғарғы және бірінші санаттағы мұғалімдер. педагог кадрларға тапшылық жоқ.
Мектепке дейінгі білім беру
Балпық би ауылында 4 мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру мекемесі жұмыс істейді, 760 орынды. Мектепке дейінгі 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту деңгейі 79,5% құрады.
Қосымша білім беру
Аудан орталығында орналасқан Музыкалық мектеп 2002 жылдан бастап жұмыс істейді,онда –473-і бала қамтылған. Оқыту сыныптары бойынша домбыра, фортепьяно, вокал, хореография, қобыз және бейнелеу өнері. 2014 жылы күрделі мектепке жөндеу өткізілді және материалдық-техникалық жарақтандырылды. Мектеп жасындағы балаларды қосымша білім берумен 17,0 % қамтылған.
Саланың даму жағдайына SWOT-талдау:
Күшті жақтар (S)
Жаңа мектепке дейінгі мекемелерді ашу есебінен балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен қамтуды арттыру;
Орта білім беруді әрбір жанды нормативтік қаржыландыру әдісін байқап көру қаржыландырудың жаңа нысандарына ауысуды жеңілдетеді;
Жастар саясаты бойынша іс-шараларды үнемі өткізу.
|
Мүмкіндіктер (O)
Мектепке дейінгі жастағы балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту деңгейін 2020 жылға 100%-ке жеткізу және мектепке дейінгі мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында заманауи мектепке дейінгі мекемелердің құрылысын бюджеттік қаржыландыруды кеңейту және жекеменшіктік қаржыландыруды ынталандыру;
Білім беру ұйымдарын жарақтандыру, о.і. Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында жаңа үлгідегі кабинеттермен қамтамасыз ету;
Білім беруді дамытудың мемелекеттік бағдарламасының аясында мектеп педагогтарының біліктілігін үш деңгейлі жүйе бойынша арттыру;
|
Әлсіз жақтар (W)
Балалардың мектепке дейінгі ұйымдарына кезектілікті сақтау;
Жастардың нысаналы топтарын толық қамтымау.
|
Қауіптер (T)
Мектепке дейінгі білім беру саласының жеткіліксіз қаржыландырылуы мектепке дейінгі жастағы балаларды қамту деңгейінің төмен және мектепке дейінгі мекемелердің материалдық-техникалық базасының нашар болуын түсіндіреді;
Қолданыстағы мерзімі 45 жылдан астам мектептер санының көптігі;
Өндірістік білім беру оқытушылары мен шеберлерінің еңбекақы көлемінің төмен деңгейіне байланысты, техникалық және кәсіби білім беру мекемелерінен кетуі;
Халық тарапынан жастар шараларының қабылданбауы.
|
Негізгі мәселелер:
бейімделген мектептердің болуы;
күрделі жөндеді қажет ететін мектептердің болуы;
білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жаңарту және нығайту;
білім берудің қосыша ұйымдарының жетіспеушілігі;
оқығысы және жұмыс жасағысы келмейтін жастар бар.
Денсаулық сақтау
Балпык би округінде 3 мемлекеттік денсаулық сақтау мекемесі және 4 жекеменшік мекеме халыққа қызмет көрсетеді ,атап айтсақ –ол аудандық орталық аурухана емханасымен. Тұргын саны -16548
Орталық аурухансы 125 төсек қоры бар ішінде –терапия ,хирургия,балалар ,жұқпалы аурулар,перзентхана бөлімдері бар және аусымына 250 науқас қабылдайтын 2015 жылы құрылысы аяқталған жаңа емхана бар
Орталық аурухананың ғимараты 1971 салынған ,2008 жылы сонғы құрделі жөндеу жұмыс жұргізілген.
2015 жылы жаңа емхананың құрылысы аяқталып іске қосылды ,жалпы соммасы-1152,5 млн тг республикалық қаражат оның ішінде 360,0 млн тг –медициналық құрал жабдықтар соның арқасында медициналық құрал жабдықтармен қамтамасыз етілуі-92,3 пайызды құрады
Жылдан жылға дәрінер мамадардың саны ұлғауда -«дипломмен ауылға» бағадрлама арқасында 2014-2016 ж аралығында аудан орталығына 13 жас маман келіп орналастыМаманмен қамтылуы- 10 мын тұрғынға шаққанда -31,5 ал құрады орта буын мамадар-84,6 құрады Сонымен қатар маман тапшылығы сақталуда атап айтсақ ол –неврапатолог,акушер гинеколог,хирург,окулист мамадар жетіспеушілік
Мамадардың белсенді атқарылған іс-шаралардың арқасында бір шама жақсы нәтижелері байқалады –жалпы өлім –жітім 2014ж-7,5 2016ж-7,6 нәресте өлімі 2014-4,4 2016ж-4,1 қатерлі ісік ауруының өлім-жітімі 2014ж-47,8 2016 ж-36,6 құрады
Саланың даму жағдайына SWOT-талдау:
Күшті жақтар (S)
Халық денсаулығының негізгі көрсеткіштерінің оң серпіні:
- жалпы өлімнің төмендеуі;
- туберкулезден қайтыс болудың азаюы;
- қан айналымы жүйесінің ауруларынан қайтыс болудың төмендеуі;
- ана және нәресте өлімінің азаюы;
- халықтың өмір сүру ұзақтығының артуы.
Халық үшін дәрі-дәрмек құралдарының қол жетімділігін және сапасын арттыру, денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық техникамен жарақтануының жақсаруы (магниттік-резонанстық және компьютерлік томографтар).
|
Мүмкіндіктер (О)
Әлемдік деңгейдегі жаңа технологияларды енгізу, шебер-класстарды өткізу, шықпа айналымдарды жүргізу, барлық жерде жоғары тұрған буын мамандарының көмегімен диагностика жүргізуге және емдеу тәсілдерін анықтауға мүмкіндік беретін телемедицинаны енгізу арқылы ауруды анықтау және емдеудің жаңа тәсілдерін дамыту.
Алматы қаласының ғылыми орталықтары мен жоғары оқу орындарын тартумен дәрігерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету (Алматы қаласының Алматы облысының елді мекендеріне жақын орналасуы).
Медициналық қызмет көрсету саласында жекеменшік денсаулық сақтау секторын тарту.
Салауатты өмір салтын дамыту саласында облыс халқының денсаулығын нығайту бойынша ҮЕҰ-мен ынтымақтастық.
Халық денсаулығын сақтау мәселелері бойынша халықтың науқастануын және өлімінің алдын алу және азайту бойынша әрі қарайғы ведомствоаралық өзара әрекеттестік (экология ІІД, халықтың құқығын қорғау жөніндегі комитетпен, халықтың құрылымдармен және басқа да ведомстволармен өзара әрекет).
|
Әлсіз жақтар (W)
Дәрігер мамандарымен аз қамтылу;
Медициналық ұйымдар үлгілі емес бейімделген ғимараттарда орналасқан;
Медициналық ұйымдар жалдамалы ғимараттарда орналасқан.
|
Қауіптер (Т)
Созылмалы аурулардың өсуі және бұрын белгісіз болған аурулардың пайда болуы.
Халықтың тамақтану сапасының мәселелері және арудың алдын алуға және салауатты өмір салтын жүргізуге қатысты нигилизм.
Ауылдық денсаулық сақтау дәрігерлерінің 30-35,0%-і зейнеткерлік алдындағы және зейнеткерлік жас аралығында, бұл алдағы уақытта дәрігер мамандарының тапшылығына алып келуі мүмкін.
|
Негізгі мәселелер:
дәрігер мамандарының тапшылығы;
медицина қызметкерлерінің еңбекақы төлемінің төмен деңгейі;
медицина қызметкерлерінің тұрғын үймен жеткіліксіз деңгейде қамтамасыз етілуі;
Мәдениет
Балпық би ауылында аудандық мәдениет үйі және кітапхана орналасқан.
Мәдениет ұйымдарының жүйесін кеңейту мақсатында Балпық би ауылында орналасқан аудандық мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтіп қолданысқа берілді.
Сонымен қатар жыл сайынғы дәстүрге айналған Көксу, Ескелді, Қаратал аудандардың Мәдениет күндері ауданымызда өткізілді.
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында Балпық би ауылында орналасқан М.Сеңгірбаев атындағы орталық саябақты және орталық алаңды абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар өткен жылы жыл сайынғы дәстүрге айналған Көксу, Ескелді, Қаратал аудандардың Мәдениет күндері ауданымызда өткізілді.
Өткен жылы аудан бойынша 1000-нан аса мәдени іс-шаралар өткізіліп, оған 10 мыңнан аса адам қатысты.
Жалпы алғанда облыс өңірлерінің әлеуметті-экономикалық даму қарқының көрсеткіштері бойынша аудан алдыңғы орында келеді.
Аудан аумағындағы мәдени-саяси шаралар белгіленген жоспар бойынша жүргізілді. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай аудан көлемінде ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылды. Аудандық мәдениет үйінде Қалқа Жапсарбаевтың 130 жылдығына орай облыстық ақындар айтысы өтті.
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша ағымдағы жылы мен күрделі жөндеу жұмыстары және Мамбет ауылдық мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстары іске асырылды.
2016 жылы жыл сайынғы дәстүрге айналған Көксу, Ескелді, Қаратал аудандардың Мәдениет күндері ауданымызда өткізілді. 1500 – ге жуық адамды қамтыған концерттік бағдарламалар өткізілді. Ауыл кітапханаларына жаңа оқулықтар алып келінді. Жалпы оқырман саны 2016 жылға қарағанда 18% - ға өсті.
Салының даму жағдайына SWOT-талдау:
Күшті жақтар
бәскеге қабілетті мәдениет инфрақұрылымын құру мүмкіндігі;
шараларды өткізуден түсетін кірістердің өсуі.
|
Мүмкіндіктер
мәдениет ғимарттарын күрделі жөндеу және материалдық-техникалық базасын нығайту.
|
Әлсіз жақтар
Әлеуметтік инфрақұрылымның жеткіліксіз дамуы және әлеуметтік салаға инвестициялардың төмен деңгейде салынуы;
Нормативтік-құқықтық базаның жетілмегендігі, өңірлердегі мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасының төмен деңгейі, мамандандырылған кадрлардың тапшылығы.
|
Қауіптер
Қолда бар артықшылықтарды орынсыз пайдалану.
|
Негізгі мәселелер:
мәдениет және кітапхана жүйелерінің жеткілікті дамымауы;
ауылдық кітапханалардың барлығы облыстық, ұлттық кітапханалардың ресурстарына қол жеткізе алмайды;
үйлер мен клубтар күрделі жөндеуді қажет етеді;
музыка-дармалық театрына үлгі ғимаратының құрылысы қажет.
Дене шынықтыру және спорт
Ауданда 109 спорт нысандары бар. Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі жұмыс жасайды.
Спортты дамыту салауатты өмір салтына қол жеткізуде және халықтың өмір сүру сапасын жақсартудағы маңызды факторлардың бірі болып табылады.
Қазіргі кезде аудан халқының 26,6 % яғни 10 мың 754 жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен айналысады.
Біздің мақсатымыз – 2020 жылға облыс халқының 30% спортпен шұғылдануға тарту.
Осы мақсатта 2014 жылы ауданның 4 мектептерінің (Алғабас, Жарлыөзек, Мұқаншы, Еңбекші) спорт алаңына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
2014 жылдан бастап барлық ауылдық округтерге спорт ісі жөнінде нұсқаушы әдіскер штаттары беріліп өз жұмыстарын атқаруда.
Саланың даму жағдайына SWOT-талдау:
Күшті жақтар (S)
Дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын, барлық жастағы халық санының 4%-ке артуы.
|
Мүмкіндіктер (O)
Дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің, жай спорт ғимарттарының құрылысы, спорт объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайту.
|
Әлсіз жақтар (W)
ауданда спорт кешендерінің жоқтығы;
|
Қауіптер (T)
Материалдық-технкалық базаның және спорт инфрақұрылымының төмен деңгейі.
|
Негізгі мәселелер:
Көпшілік және балалар-жасөспірімдер спортының нашар дамуы. Мектеп стадиондары нашар қалыпында, қысқы спорт түрлері жеткілікті дамымаған.
Тұрғын жерлерде және көпшілік демалатын жерлерде қарапайым спорт алаңдары мен жабдықтардың жеткіліксіз болуы;
Қаладағы спорттық мекемелер мен жабдықтар тұрғындар мен жоғары білікті спортшылардың сұраныстарын қанағаттандырмайды;
Спорт инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуы, спорттық ұйымдарды материалдық-техникалық жабдықтау деңгейінің төмендігі;
Кәсіпорын, ұйымдар мен мекемелерде көпшілік дене шынықтыру және сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыратын инструктор-әдіскерлер жоқ;
Құрылыс
Құрылыс жұмыстардың көлемі 68,6 млн. теңгені құрап (2014 ж-61,2 млн.тенге), былтырғы жылғы сәйкес мезгілмен салыстырғанда 153 % пайызға орындалды.
Облыстық бюджет қаражаты есебінен Балпық би ауылында 50 коммуналдық тұрғын үйдің құрылысы аяқталып қолданысқа берілді.
2016 жылы 7346 шаршы метр тұрғын үй іске қосылды, оның 3341 шаршы метрі бюджет есебінен, 4005 шаршы метрі тұрғындар есебінен.
Сонымен қатар, Балпық би ауылында екі 20 пәтерлі коммуналдық тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде, 20 және 50 пәтерлі жалгерлік тұрғын үй салуға жобалау сметалық құжаттамасы дайындалды.
Достарыңызбен бөлісу: |