1. ПАСПОРТ (негізгі сипаттамалар)
Атауы
|
Көксу ауданының 5 жылға арналған даму бағдарламасы
|
Әзірлеу үшін негіздеме
|
Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылдың 18 маусымындағы «Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» №827 Жарлығы;
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылдың 4 наурызындағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің әрі қарай әрекет етуінің бірқатар мәселелері туралы» №931 Жарлығы.
|
Өңірдің негізгі сипаттамалары
|
Аудан аумағы 7066 км2. Аудан Алматы облысының солтүстік бөлігінде орналасқан.
Аудан құрылымына 34 елді мекені бар 10 ауылдық округ кіреді.
2016 жылдың 1 қаңтарына халық саны 40,9 мың адамды құрады. Көксу ауданы аграрлық аймаққа жатады.
Көксу ауданы республикалық маңызы бар автомагистральдар өтеді.
Маңызды фактордың бірі ауданның ішкі нарыққа жақын орналасуы: Алматы қаласы мегаполисі.
|
Бағыттар
|
Экономиканы дамыту.
Әлеуметтік саланы дамыту.
Қоғамдық қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету.
Инфрақұрылымды дамыту.
Экологияны және жер ресурстарын дамыту.
Мемлекеттік қызметтер.
|
Мақсаттар
|
Экономиканың сапалы және тұрақты өсімін қамтамасыз ету
Жоғары технологиялық, экспортқа бағдарланған өндірістерді құрумен өндірісті әртараптандыру арқылы өнеркәсіпті үдемелі дамытуды қамтамасыз ету
АӨК субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдай жасау
Шағын және орта кәсіпкерлікті және сауданы дамыту
Аудан кәсіпорындарының өнімдерін әрі қарай жылжыту
Инновацияларды дамыту және инвестициялар тарту
Ауылдық аумақтарды дамыту
Білім берудің сапасын және қол жетімділігін қамтамасыз ету, балалардың заңды мүдделерін қорғау және күзету жүйесінің тиімділігін арттыру
Халықтың денсаулығын жақсарту
Халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу шараларының тиңімділігін арттыру және азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау
Халықтың әл-ауқатын арттыруға жәрдемдесу
Мәденет саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру
Бұқаралық спортты дамыту және туризм индустриясын үдемелі дамыту
Үштілділікті дамыту үшін жағдай жасау
Азаматтар мен ұйымдардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен қолдануға ауысуына жәрдемдесу
Тұрғын үй құрылысын дамыту
Көліктік инфрақұрылымды жақсарту
Коммуналдық сектордың инженерлік инфрақұрылымын жаңарту
Ауданның экологиялық жағдайын жақсарту және жер телімдерін тиімді пайдалану
Мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру және оларды көрсету тәртібін жетілдіру
|
Нысаналы индикаторлар
|
2020 жылға дейін:
Бағыты: экономика
Өнеркәсіп:
Өңдеу өнеркәсібіндегі өнім шығарудың нақты көлемінің индексі – 102,9%;
Өңдеу өнеркәсібінің үлес салмағы 90,0 %;
Агроөнеркәсіп кешені:
Ауыл шаруашылығында негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ – 123,0%;
Азық-түлік өнімдері өндірісінде негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ – 110,6%;
Ұйымдастырылған шаруашылықтардағы ірі қара мал басының үлесі - 50,0% және ұсақ мал басы – 60,0%;
Тұқымдық өзгертулерге қатысатын ірі қара мал басының үлесі – 40,1% және ұсақ мал – 19,1%;
Мерзімі бұзылып берілген субсидиялар үлесінің азаюы – 0%;
Су шаруашылығының (су шаруашылығының объектілері) және гидромелиоративті жүйелермен жабдықтардың негізгі капиталына мемлекеттік емес инвестициялардың нақты көлемі индексі – 0%.
Шағын және орта бизнес, сауда:
Тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы көлеміндегі әрекет етушілерінің үлесі – 81,7%;
Бөлшек сауда айналымының нақты көлем көрсеткіші – 102,8%;
«Бөлшек сауда» қызмет түріндегі сауда алаңы 2000 ш.метрден кем емес сауда объектілері санының артуы – 4 бірл.
Инновациялар және инвестициялар:
Жан басына шаққандағы негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны – 132,2%;
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлеміндегі сыртқы инвестициялардың үлесі – 24,0%;
Әрекет етуші кәсіпорындар санынан инновациялық белсенді кәсіпорындардың үлесі – 20,8%;
Жалпы өңірлік өнімнің жалпы көлеміндегі инновациялық өнім үлесінің артуы – 3,9%.
Экономикалық өсім орталықтарын дамыту Балпық би ауылы
Тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы көлеміндегі әрекет етушілерінің үлесі– 81,7%;
Жұмыссыздық деңгейі– 3,0%;
Мекен-жай әлеуметтік көмегін алушылар қатарындағы жұмысқа қабілеттілерінің үлесі –0,1%;
Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі – 67,4%;
Жалпы ұзындықтан жаңартылған жүйелер үлесі: жылумен қамту – 3%, газбен қамту– 0%, электрмен қамту – 0%,сумен қамтамасыз ету -2%;
Орталықтандырылған сумен қамту жүйесіне қол жеткізетін халықтың үлесі-100 %. Су б-лу 0ызмет3не -50%;
Жылу жүйелерінің тозуын төмендету -10%;
Электр жүйесінің тозығын төмендету -56%;
Бағыт: Әлеуметтік сала
Білім беру:
Әрекет етуші апаттық және үш ауысымды мектептер саны – 0;
Мектеп бітірушілерінің арасында табиғи-математикалық пәндер бойынша оқу бағдарламаларын сәтті (үздік/жақсы) игерген оқушылардың үлесі – 48,7%;
Мүмкіндігі шектеуді оқушылардың жалпы санынан инклюзивті білім берумен қамтылған балалар – 24,5%;
Балаларды (3-6 жас) мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен қамту – 100,0%, оның ішінде жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар жүйесін дамыту есебінен – 3,6%;
14-тен 29 жас аралығындағы халықтың мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуымен қанағаттану деңгейі – 86,8%;
Денсаулық сақтау:
100 мың тірі туғандарға шаққанда ана өлімінің төмендеуі – 0;
1000 тірі туылғандарға шаққанда нәресте шетінеуінің азаюы – 6,6;
100 мың адамға шаққанда қатерлі ісіктен қайтыс болудың азаюы – 45,4;
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау:
Жұмыссыздық деңгейі – 4,9%;
Жұмысқа орналастыру мәселелер бойынша жүгінген адамдардың ішінен жұмысқа орналастырылғандардың үлесі – 95,9%;
Жүгінген нысаналы топтардың ішінен тұрақты жұмысқа орналасқандардың үлесі – 79,3%;
Жастар жұмыссыздығының деңгейі (15-28 жас) – 2,3%;
Әйелдер жұмыссыздығының деңгейі – 4,2%;
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша жүгінген, жұмысқа қабілетті жастағы мүгедектердің жұмысқа орналасқандарының саны – 18 адам;
Мекен-жай әлеуметтік көмегін алушылар қатарындағы жұмысқа қабілеттілерінің үлесі – 25%;
Әлеуметтік арнайы қызметтерді көрсетумен қамтылған тұлғалардың үлестік салмағы (оларды алуға мұқтаж тұлғалардың жалпы санынан) – 100%;
Мәдениет:
1000 адамға шаққанда мәдениет ұйымдарына келушілердің орташа саны: кітапханаларға – 350 адам;
Дене шынықтыру және спорт:
Дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын, барлық жастағы халықты қамту – 30,2%;
Балалар мен жасөспірімдердің жалпы санынан балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектептерінде, дене шынықтыру дайындығының спорт клубтарында дене шынықтырумен және спортпен айналысатын 7-18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерді қамту – 13,2%.
Туризм:
Өткен жылмен салыстырғанда ішкі туризм бойынша (резиденттер) орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер саны –108,5%;
Өткен жылмен салыстырғанда кіру туризмі бойынша (резидент еместер) орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер саны – 0%;
Өткен жылмен салыстырғанда тәулігіне берілген жатын орын санының артуы – 102,2%.
Үштілділікті дамыту:
Мемлекеттік тілді меңгерген ересек халықтың үлесі – 100%;
Ағылшын тілін меңгерген ересек халықтың үлесі – 15%;
Үш тілді (мемлекеттік, орыс және ағылшын) меңгерген ересек халықтың үлесі – 13%.
Бағыт: Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп
Көшелерде жасалған қылмыстардың үлестік салмағы – 9,8%;
100 зардап шеккендерге шаққанда жол-көлік оқиғаларында қаза тапқандар санының азаюы – 17,0%;
Кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстардың үлестік салмағы – 1,1%;
Бұрын қылмыс жасағандармен жасалған қылмыстардың үлестік салмағы – 13,6%;
Төтенше жағдайларға қарсы әрекет ету инфрақұрылымымен қамтамасыз етілу деңгейі – 41,6%.
Бағыт: Инфрақұрылым
Байланыс және коммуникация:
100 тұрғынға шаққанда тіркелген телефон байланысы желілерінің тығыздығы – 12%;
Интернет пайдаланушыларының үлесі – 35%;
Халықтың сандық сауаттылығының деңгейі – 80%.
Құрылыс:
Құрылыс жұмыстарының көлемі 11055 млн.тенге;
Құрылыс жұмыстарының нақты көлем көрсеткіші – 103,0%;
Қолданысқа енгізілген тұрғын ғимараттардың жалпы алаңы 2020 жылы 5,4 мың ш.метрді құрайды;
Жолдар және көлік:
Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі – 71%;
Жолаушы автокөлік хабарламасымен қамтылмаған елді мекендер үлесі – 5,9%.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы:
Күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум объектілері үлесінің азаюы -21,8%;
Орталықтандырылған сумен қамту және су бөлу жүйелеріне қол жеткізу – 100%;
Елді мекендердің орталықтандырылған сумен қамту жүйесіне қол жеткізуі – 100%, су бөлу жүйесіне – 2,9%;
Жалпы ұзындықтан жаңартылған жүйелер үлесі: жылумен қамту – 0%, газбен қамту– 0%, электрмен қамту – 0%.
Бағыт: Экология және жер ресурстары:
Орман шаруашылығының негізгі капиталына инвестициялардың нақты көлемі индексі – 0;
Ағаш егу шаруашылығы плантациясының негізгі капиталына мемлекеттік емес инвестициялардың нақты көлемі индексі – 0;
Жануарлар дүниесін қайта өндірудің негізгі капиталына тартылған мемлекеттік емес инвестициялардың нақты көлемінің индексі – 0%;
Тұрмыстық қатты қалдықтардың түзілуіне байланысты оларды кәдеге жарату үлесі – 6%;
Облыстың, республикалық маңызы бар каланың, астананың халқын қалдықтарды жинау және тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтермен қамту – 19,6%;
Экологиялық талаптар мен санитариялық қағидаларға сәйкес келетін тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыру объектілерінің үлесі (оларды орналастыру орындарының жалпы санынан) – 8,8%;
Атмосфералық ауаға ластаушы заттардың нормативті көлемі – 2,4 тонна, су объектілеріне төгу – 0 тонна;
Жергілікті атқарушы органдардың қарамағында орналасқан мемлекеттік орман қоры аумағында орманмен жабылған алқап ауданы – 4 га;
Жергілікті атқарушы органдардың қарамағында орналасқан мемлекеттік орман қоры ауданында бір орман өртінің орташа ауданы – 0 га;
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің ауыл шаруашылығы айналымына тартылған үлесі 2020 жылы 3,7%-ті құрайды;
Жыртылған жер құрамындағы ауыспалы егіс үлесі (ауыспалы егіс алқабы) – 80,5%;
Табиғи жайылымдық жерлердің құрамындағы жайылымдық ауыспалы егістің үлесі (азықтық ауыспалы егіс) – 14,6%.
Бағыт: Мемлекеттік басқару
Мемлекеттік қызметшілердің таза ауыспалылығы (мемлекеттік қызмет жүйесінен кету) – 6,0%.
|
Қажетті ресурстар
|
Қажетті ресурстар:
2016 ж. – 5845,5 млн. теңге
2017 ж. – 3229,5 млн. теңге
2018 ж. – 6109,3 млн. теңге
2019 ж. – 9303,5 млн. теңге
2020 ж. – 28065,3 млн. теңге
Барлығы: 52553,1 млн. теңге.
|
2.АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ
2.2 Аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына талдау.
2.2.1 Экономикалық дамуы
Өнеркәсіп
ауданда 14 өнеркәсіптік кәсіпорындар жұмыс жасайды, олардың ішінде 1-сі ірі және 3 орта кәсіпорындар, олардың үлесіне өндірілетін өнім көлемінің 84,3%-ке жуығы тиесілі.
2016 жылы өнеркәсіп өндірісінің құрылымында 0,3% тау-өндіру өнеркәсібіне және кеніштерді игеруге тиесілі, 92,5% - өңдеу өнеркәсібіне, 5,8% - электрмен қамтуға, газ, бу беруге және әуе конденсациялауға, 1,4% - сумен қамтуға, кәріз жүйесіне, қалдықтарды жинауды және бөлуді бақылауға тиесілі.
2014 жылдан 2016 жылдар аралығындағы кезеңде өнеркәсіп өндірісі 73,4%-ке артып, 11119,3 млрд. теңгені құрады (2014 жылы – 6576,8 млрд. теңге). Қолданысқа жаңа 7 объект енгізіліп, 135 жұмыс орны құрылды.
Ауданның жалпы облыстық тауарлық өндірісіндегі үлесі 2014 жылғы 1,6 проценттен 2016 жылы 1,2 процентке өсті.
Осы кезеңде өнеркәсіп өнімінің нақты көлем көрсеткішінің 2014 жылғы 105,1%-тен 2016 жылы 109,8%-ке жетті.
Тау-өндіру өнеркәсібі және кеніштерді игеру
Салада 2 кәсіпорын әрекет етеді, оның ішінде 2 «Палм-Ес» ЖШС- гі алтын қоспалары бар рудаларды өңдеу зауыты, «Нұр-Тас» қиыршық тас өңдеу зауыты.
Индустриялдық даму
2012-2014 жылдары тағам өнімдерінің, тұрмыстық химия, құрылыс материалдары, медициналық препарттар өндірісін және электр қуаты объектілерінің құрылысын арттыруға бағытталған жаңа қуаттарды енгізу бойынша шаралар жүзеге асырылды.
Индустриялды аймақтар мен өнеркәсіптік алаңдарды дамыту
Инвестициялық тартымдылықты арттыру, жоғары технологиялық өндірісті дамыту, жалпы ішкі өнімді арттыру, сондай-ақ аудан аумағында жаңа жұмыс орындарын құру үшін индустриялды аймақтар мен өнеркәсіптік алаңдарды қалыптастыру жөніндегі жұмыстар жүргізілуде.
Сонымен қатар, Балпық би ауылында көлемі 8 га болатын инфрақұрылымы жүргізілген өнеркәсіптік алаң бар.
Қазақстандық мазмұнды дамыту
Ұлттық компаниялардың, мемлекеттік органдардың, жүйе құраушы кәсіпорындардың тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуларында қазақстандық мазмұн үлесін арттыру бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізіледі.
Саланың даму жағдайына SWOT- талдау:
Күшті жақтар
Аудан қант қызылшасының өндірушісі болып табылады.
2. Құрылыс индустриясын дамыту үшін қатты пайдалы қазбалардың айтарлықтай қорлары бар.
3. Индустриялды аймақтар мен өнеркәсіп алаңдарын құру.
4. Алматы қ. ірі тұтыну нарығына жақын ұтымды орналасқан.
|
Мүмкіндіктер
1. Жалпы таралған пайдалы қазбалардың айтарлықтай әлеуетінің негізінде құрылыс материалдарының өнеркәсібін дамыту келешегі.
2. Кең шикізат ресурстары тағам өнеркәсібін дамытуға мүмкіндік береді.
3. Кіші өзендерде энергетика объектілерін дамыту келешегі, қалпына келетін энергетика.
4. Бәсекелестік артықшылықтарға ие кәсіпорындарды мемлекеттік қолдау.
|
Әлсіз жақтар
Өнеркәсіпте Алматы қаласына созылған өндіріс күшетірн орналастырудағы аумақтық теңсіздік.
2. Жаңа өндірістердің құрылысын және әрекет етушілерін жаңартуды талап ететін кластерлерді дамыту және жетіспейтін буындарын құру қажеттілігі.
3. Кәсіпорындардың көпшілігінің технологиялық жабдықтармен аз қамтылуы, негізгі өндіріс қорларының айтарлықтай ескіруі.
3. Электр қуатының тапшылығы және жоғары тарифтері.
|
Қауіптер
1. Электр қуатының мүмкін болатын тапшылығы және өнеркәсіптік даму қарқынының баяулауы.
2. Өңдеу салалары өнімдерінің энергялық, еңбек және материалдық сыйымдылығының өсуі және соның салдарынан өнімнің бәсеке қабілетсіздігі.
3. Әлем нарықтарындағы жағдайдың нашарлауы отандық өнімге сұраныстың әлсіреуіне және өнеркәсіп өндірісінің төмендеуіне алып келеді.
|
Негізгі мәселелер:
кәсіпорындардың көпшілігінің технологиялық жабдықтармен аз қамтылуы, негізгі өндіріс қорларының айтарлықтай ескіруі;
қолда бар өндіріс қуаттарының толық жүктелмеуі;
салаға салынатын инвестициялар тұрақсыз сипатқа ие;
Агрокешенді комплексі
Аграрный сектор района - многопрофильный, развито поливное и богарное земледелие, овцеводство, мясомолочное скотоводство, коневодство.
Аудан көлемінде 1806 ауыл шаруашылығы субъектілері және 9442 үй шаруашылығы тіркелген.
Ауданда ауыл шаруашылығы құрылымдарының көлемі 538,7 мың. гектар немесе облыс көрсеткішімен салыстырғанда 6,2% құрайды, оның ішінде, егістік жері– 28,9 мың.га, оның 17,8 мың. га суармалы жер.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының алқабы 31,7 мың. гектарды құрайды. Ауданның басым дақылдарына дәндік дақылдары, оның ішінде жүгері, бидай, арпа, техникалық дақылдар, қант қызылшасы, картоп –көкөніс-бақша және мал азағы дақылдары.
Картоп, көкөніс-бақша дақылдарының көлемі өткен жылдармен салыстырғанда 7 га көбейіп, 1879 га жерге себіледі, барлық егістік көлемінің 5,9 % қамтиды. Ауданда көкөніс дақылдарынан көбіне сәбіз, асханалық қызылша, жуа, қызанақ, қияр, қырыққыбат (80%) өсіріледі.
Дәндік дақылдарының көлемі 10,1 мың.га, бидай егістік құрымының 49%, арпа– 49% қамтиды.
Майлы дақылдардың барлық көлемі 11,7 мың.га, егістік құрылымда майлы дақылдардың алатын көлемі 94,8%.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімі төмендегі көрсеткіштермен сипатталады (мың.тонн):
Өнім түрлері
|
2014ж.
|
2015ж.
|
2016ж.
|
2016 жыл 2014 жылға
|
%
|
+,-
|
Дәндік дақылдар барлығы
|
22,4
|
24,9
|
25,0
|
111,6
|
2,6
|
Қант қызылшасы
|
7,2
|
24,9
|
43,6
|
6р
|
36,4
|
Майлы дақылдар
|
25,1
|
25,8
|
25,2
|
100,4
|
0,1
|
Картоп
|
18,6
|
18,6
|
18,6
|
100,5
|
0,0
|
көкөніс
|
25,2
|
25,2
|
25,6
|
101,6
|
0,4
|
Бақша дақылдары
|
2,6
|
2,6
|
2,6
|
100,0
|
0
|
Жеміс жидек
|
1,6
|
1,3
|
1,4
|
87,5
|
-0,2
|
Мүйізді ірі қара етінің экспорттық әлеуетін дамыту жобасы шеңберінде 5494 мал басымен 60 фермерлік шаруашылық құрылды (5494 тіркелген аналық бас, асыл тұқымды бұқалардың бары 58, қажеттілігі 121).
«Сыбаға» бағдарламасы арқылы жыл басынан 7 шаруа 74,5 млн.теңгеге 541 бас ірі қара мал алды (жоспар 500 бас).
Сонымен қатар, 800 басқа арналған мал бордақылау алаңында 694 бас мал бордақылануда (86,8 пайыз).
«Алтын Асық» бағдарламасы аясында 8 шаруа қожалығы 2198 бас алды (жоспар 1850 бас).
«Құлан» бағдарламасы негізінде «Шаңырақ» ЖШС-і 40 млн. теңгеге 200 бас алынды (жоспар 47 бас).
2014 жылы ауылшаруашылығын қолдауға Үкімет тарапынан берілген субсидия көлемі 262,7 млн.теңге, оның ішінде егін шаруашылығы бойынша 135,2 млн.теңге мал шаруашылығы бойынша 127,5 млн.теңге.
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімнің көлемі 15602 млн. теңге немесе өсу қарқыны 113 % .
Ауыл шаруашылығы дақылдарының барлық егістік алқабы 31710 гектарды құрады .
Былтырғы жылмен салыстырғанда дәнді дақылдар (100,1%), дәндік жүгері (125%), майлы дақылдар (104%) картоп (100,2%), көкөніс (100,1%) және жеміс-жидек дақылдарының (100,3 %) егіс көлемі артты.
Мал шаруашылығында мал басы мен құстар саны өсті. 8200 тонна ет (2013 жылға 102,2%), 16639 тонна сүт (100%), 460 тонна жүн (100,9%) өндірілді.
Малды селекциялық-асылдандыру жұмыстарының көрсеткіштері жылдан жылға жақсаруда, қазіргі таңда ауданды асыл тұқымды малдың үлес салмағы облыс көлемінде жоғарғы деңгейде.
Мүйізді ірі қара етінің экспорттық әлеуетін дамыту жобасы шеңберінде 5494 мал басымен 60 фермерлік шаруашылық құрылды (5494 тіркелген аналық бас, асыл тұқымды бұқалардың бары 58, қажеттілігі 121).
«Сыбаға» бағдарламасы арқылы жыл басынан 7 шаруа 74,5 млн.теңгеге 541 бас ірі қара мал алды (жоспар 500 бас).
Сонымен қатар, 800 басқа арналған мал бордақылау алаңында 694 бас мал бордақылануда (86,8 пайыз).
«Алтын Асық» бағдарламасы аясында 8 шаруа қожалығы 2198 бас алды (жоспар 1850 бас).
«Құлан» бағдарламасы негізінде «Шаңырақ» ЖШС-і 40 млн. теңгеге 200 бас алынды (жоспар 47 бас).
2014 жылы ауылшаруашылығын қолдауға Үкімет тарапынан берілген субсидия көлемі 262,7 млн.теңге, оның ішінде егін шаруашылығы бойынша 135,2 млн.теңге мал шаруашылығы бойынша 127,5 млн.теңге.
Саланың негізгі проблемалары:
Достарыңызбен бөлісу: |