20жж. соңғы кезеңінде мемлекеттің реттеу актілері өздерінің мақсаты жағынан жүзеге аспайтын, мән-мағанасы жағынан бүлдіруші актілер болды.
Шабындық және егістік жерді қайта бөлу арқылы байлардың ауылдағы жер билеу үстемдігін жою, сонымен қатар бай шаруашылықтары қорының молайып, өркендеуін шектеу шаралары көзделген болатын.
Шындығында 1926—1927жж. жүзеге асырылған шабындық және егістік жерді қайта бөлудің түркілікті қорыстындысы тым салмақты болды. 1.360 мың дес. Шабындық және 1250мың.дес. егіндік жер қайта бөлінді. Сонда шабындықтың 61,6% кедейлер, 8,8% ауқаттылар, ал 1926ж. егіндікті қайта бөлу кезінде (бес округ бойынша) оның 59,3% кедейлер, 31,7% орташалар мен 9% ауқатты шаруашылықтар алды. Бұл реформаның бастапқы кезінен-ақ әлсіз жақтары біліне бастады.
Қайта бөлуді жүзеге асыру барысында өзекті жағдай мүлде ескерілмеді: ауылдың іс жүзінде тіршілік етіп жатқан шаруашылық құрылымдарында жерді бөліп беру өздігінен ешбір қайшылықты жоя алмады. Жерді шаруашылық мұқтажына пайдаланбаса және ауылдағы жіктелуді жұмсарту, орташалайықтап қолданбаса, онда жөнді еш нәрсе шықпайды. Осындай мүмкіндікті жасау үшін шаруашылықта екінші дәрежедегі өндіріс қоры (жұмыс көлігі, ауылшаруашылық құрал-жабдықтары, тұқым т.б.) болуы қажет. Бірақ күш-қуаты аз, жалаңаш-жалпы кедейлер, сонымен қатар орташа шаруашылықтың бір бөлігі (яғни қайта бөлінген жерді алушылардың көпшілігі) бұл жөнінен құр қол болатын. Осы жағдайда жеткен көптеген дәрменсіз, кедей шаруашылықтар одан бас тартып, бұрынғы иелеріне, яғни ауқатты байларға беруіне тура келеді.
Шабындық жерді қайта бөлу ісінің де кедергілері аз болмады. Реформа шартына байланысты, шабындықтарды қайта бөлу жан басына қарай өткізілетін болды, ал бұрынғы дәстүр бойынша, қауым әділеттің өзге жолына тоқтайтын, бұл мал санына қарай бөлінеді деген ұғым. Осы жағдай белгілі бір кедейдің жер бөлісте бір жарып қалған от басы көп, бала-шағалы от басы байлардың айдап салуымен “ата-баба аруағын” аттап, жөн-жобаны бұзғаны үшін көпшілік алдында “моральдік қысымға” алынатындығы даусыз еді.
Бұл жағдайда, байдың шалғынды шабындығын ала қоятын тәуекешіл кедейдің табылуы қиын еді, сол себепті ауыл “шонжарына” тиімді тәртіп көп ұзамай өз қалпына келді. Жағдайдың кері бағытпен кері дамуының мүмкіндігіне себеп болған жағдай “еңбекші бұқараның саяси белсенділігінің әлсіздігінен, олардың өздерінің таптық мүдделерін жете түсінбеуінен” емес, дәстүрлі қоғамда әлеуметтік кепілдеме түрінба байқалатын және қанаушылық қатынасты бүркеп тұратын туыстық байланыстар кедейлерге күн көріс қорегін табуға, қайта бөлісте тиген бай шабындығын пайдаланғаннан гөрі, әлдеқайда мол мүмкіндік туғызар еді.
Сонымен қатар, жоғарыда көрсеткендей, еңбекші адам өзі өмірде қауымнан тыс қаламын деп ойламайды, себебі қауым оның өмір-тіршілігінің кепілі болды. Өзінің тәуелді екенін жете түсінетін адам қауымнан тыс шаруашылық шешімін қабылдамау, тіпті оны ойына да алмайды, яғни бұл жағдайда жалпыға ортақ мүдде басым болып отырды, шын мәнінде бұл мүдде мен мақсат ұйымдық-шаруашылық қаракетімен бірге, өндірістің өзін де меншіктеп, уысынан шығармайтын қанаушы топтың қолында болды. Шаруаның өзін билет-төстейтін байға қарсы келуі, қауымның қатардағы мүшесі өзін барша қауымға қарсы қойғаны болып шығатын, бұл өзі отырған бұтақты кескенмен бірдей.
Осы жағдайда, экономикалық артықшылық тұрғысынан қарағанда реформа әр уақытта, әр жерде социуымды ұйымдастырудың дәстүрлі түрімен жарыста, бәсекелестікте озып шыға алмады. Ірі байлардың “жартылай феодалдардың” еңбек құралын (ең алдымен малын) тәрткілеп алу, сол сияқты олардың өздерін бала-шағасымен тұрған аймағынан жер аударуы одан да қатал мақсатты орындауға бағытталды.
Аса ірі байлардың малын тәркіге салу мәселесі 1923ж. наурызда облыстың ІІІ партия конференциясында қойылды. Бірақ, сол уақытта экономикалық және саяси дағдарыстан шығуға бағытталып жүргізіліп жатқан жаңа саясат стратегиясы коммунистерді тежеп ұстап тұрды. Алдағы болатын экономикалық аласапран мен идеологиялық догманың біреуін таңдауларына тура келді. 20жж. Басындағы дағдарыстан есеңгіреп қалған жүйе біріншісін таңдап алды. Бірақ, 1927ж. қарашада Қазақстанның IV партия конференциясы байларды экспроприациалау идеясына қайта оралды, “олардан мал мен құрал-жабдықтың бір бөлігін тартып алуы мүмкін” — деп есептелді, жергілікті партиялық “теорияшылдардың” пікірінше, бұл “ауылды орташаландыруға және оның өндіргіш күштерін дамытуға апарып жеткізуге, сөйтіп пролетариаттың ауыл еңбекшілерімен одақ құруы линиясын бұрынғыдан бетер бекітуге” тиіс болды. 1927ж. желтоқсан айында Республика өкіметінің жоғарғы буындарында ірі-ірі байлар шаруашылығын тәркіге салу жөніндегі заң жобасын әзірлеу үшін комиссия құрылды. 1928ж. наурыз айында Қазақстан өлкелік Комитетінің Бюросы заң жобасын бірнеше рет қарап, нақтылай түсті және онымен БК(б)П ОК мен БОАК-ты таныстырды. Сол жылы 15 тамызда Өлкелік Комитет науқанға тікелей басшылық ететін комиссияны құрды, Комиссия төрағасы болып Е.Ерназаров тағайындалды, оның құрамына О.Исаев, Н.Нұрмақов, Ғ.Тоғжанов, О.Жандосов және басқалар кірді. 1928ж. 27 тамызда Орталық Атқару Комитеті мен Республика Халық Комиссарлары Кеңесінің мәжілісінде тәркілеу жөніндегі Заң жобасы қабылданып, жарлық қаулы түріндегі құжатқа айналды. Республика округтерінде тәркілеуді өткізу жөніндегі өкілдер тағайындалды. Ауыл-ауылдарға тікелей мыңнан аса өкіл жіберілді, демеу комиссияларында 4700 адам жұмыс жасады.
Қаулыға сәйкес Республика бойынша көшпелі аудандарда 400 аса малы бар (ірі қораға шаққанда) 700 шаруашылықты, жартылай көшпелі аудандарда 300 және отырықшы аудандарда 150 шаруашылықты тәркіге салу белгіленді. Науқанды 1928ж. 1 қарашасында аяқтау жоспарланды. (кейіннен оны 10 күнге ұзартты).
Науқан қорытындысы туралы құжаттар бойынша, іс жүзінде 696 шаруашылық тәркіге салынды, олардың 619 тұрған округтен тыс жерге жер аударылды. Олардан ірі қараға шаққанда 145 мыңдай малы тартылып алынды.
Бай шаруашылығын тәркілеу
Қазақстанда ірі байларды тәркілеу мәселесі 1923ж. наурыз айында облыстық ІІІ партия конференциясында қойылды. Алайда ол кезде экономикалық және саяси дағдарыстан шығуға бағытталған жаңа экономикалық саясат стратегиясы коммунистерді тежеп ұстап тұрды. Алдағы экономикалық аласапран мен идеологиялық догманың біреуін таңдауға тура келді. 20жж. дағдарыстан күйзелген жүйе біріншісін таңдап алды. 1927ж. қараша айында Қазақстанның IV партия конференциясы байларды экспроприациалау идеясына қайта оралды, “олардан мал мен құрал-жабдықтың бір бөлігін тартып алуды мүмкін” деп есептеді, жергілікті партиялық “теорияшылдардың” пікірінше, бұл — “ауылды орташаландыруға және оның өндіргіш күштерін дамытуға апарып жеткізуге, сөйтіп пролетариаттың ауыл еңбекшілерімен одақ құруы линиясын бұрынғыдан бетер бекітуге тиіс” болды.
1927ж. желтоқсан айында Республика өкіметінің жоғарғы буындарында ірі байлар шаруашылығын тәркіге салу жөніндегі заң жобасын әзірлеу үшін комиссия құрылды. 1928ж. наурыз айында Қазақстан өлкелік Комитетінің Бюросы заң жобасын бірнеше рет қарап, нақтылай түсті және онымен бірге БК(б)П ОК мен БОАК-ты таныстырды. Осы жылы тамыз айында Өлкелік Комитет науқанға тікелей басшылық ететін комиссияны құрды. Комиссия төрағасы болып Е.Ерназаров тағайындалды, оның құрамына О.Исаев, Н.Нұрмақов, Ғ.Тоғжанов, О.Жандосов және басқалар кірді. 1928ж. 27 тамызында Орталық Атқару Комитеті мен Республика Халық Комиссарлары Кеңесінің мәжілісінде тәркілеу жөніндегі Заң жобасы қабылданып, жарлық қаулы түріндегі құжатқа айналды. Республика округтерінде тәркілеуді өткізу жөніндегі өкілдер тағайындалды. Ауылдарға тікелей мыңнан аса өкілдер жіберілді, демеу комиссияларында 4700 адам жұмыс атқарды.
Қаулыға сәйкес Республика бойынша көшпелі аудандарда 400-ден аса малы бар (ірі қараға шаққанда) жартылай көшпелі аудандарда 300 және отырықшы аудандарда 150 аса малы бар шаруашылықты тәркіге салу белгіленді. Науқанды 1928ж. 1 қарашасында аяқтау жоспарланды (кейін ол 10 күнге ұзартылды).
Науқан қорытындысы туралы құжаттарда, іс жүзінде 696 шаруашылық тәркіге салынды, оның 619 тұрған округтерінен тыс жерге жер аударылды. Олардан ірі қара малға шаққанда 145 мыңдай мал тартып алынды.
Алайда жарияланған статистикалық құжаттарды талдаған кезде, тәркіленіп алынып “тең” бөліске түскен мал саны, шаруашылықты бір қалыпты жүргізу тұрғысынан қараған кезде, кедей жарлылардың шаруашылығын көтермелеуге жетпеді. Мысалы, Қарқаралы округінде тәркіленген малды 198 малсыз шаруашылық, қарауында 1-ден 5-ке дейін малы бар 1374 және қолдарында 6—7-ден малы бар 27 шаруашылық алды. Шамамен есептегеннің өзінде, бұл шаруашылықтардың халыққа ең аз мөлшермен алғанда, барлығы 12.139 мал қажет еді. Ал, оларға барлығы 2065 мал ғана берілді, яғни 5 мың мал жетпей қалған. Қызылорда округінде жетпеген мал саны 9 мың бас болды. Басқа округтерде де жағдай тура осындай болды.
Бұл санақ тек бір нәрсені байқатады: шаруашылықтардың кейбір бөлігінде шаруаны жүргізуге қажетті мал саны ең төменгі мөлшердің өзіне де жетпеді. Қарауына бірнеше мал тиген осындай шаруашылықтар қауымға кіргенде тепе-тең жағдайда болғандықтан, өзінің әлеуметтік жағдайын жақсарту үмітінен айырылды, “ұзамай тәркіден алған малы сатылды, не сойылды”, қағаз жүзінде мұндай шаруашылық орташа деп есептелсе де, шындығында бұрынғыша қауымның кіріптар мүшесі болып қала берді, сөйтіп енді басқа деңгейде қаналатын болды. Уақытында Т.Рысқұлов нұсқау беруші орындар назарын осы жағдайға аударған болатын.
Тәркілеу тек оң іс деп танылды, себебі қаулы бойынша, ол ауылды “қансорғыш-қанаушылардан” азат ету мақсатын көздеді деп көрсетті. Бірақ, тәркілеуді өткізу барысында қол үшін берушілер комиссиясы дейтіндер жиі-жиі жазылған нұсқаулар шегінен шығып кете берді, сөйтіп қауымдық кооперациядан тыс күн көре алмайтын, қарауында 300—400 қоралы қойы бар, орта дәулетті адамдарды да есепке алды. Тап күресі мен әлеуметтік әділет үшін күресушілерге бұл мал соншалықты байлық болып көрінді, оны тез арада тәркіге салып, қолма-қол жарлы-кедейлерге берілуі қажет деп санады.
Осындай “ауыл байларын” жойып, мал-мүлкінен айыру салдарынан көптеген қауымдастықтар өндіріс құралдарын ұдайы өндіруге және малды жинастырып, керекті өнімді өндіруге міндетті түрде қажет малдан айрылып қалды да, ұзамай мүшелері жалаңаш-жалпы жарлылар қатарын толықтырды. Ал, өте байлар малы тартылып алынып, кезінде өздеріне сауынға берген малы тәркіге тағы да түсіп азып-тозды. Барлығының нәтижесі бірдей болды.
Ұжымдастыру
Қазақстан ұжымдастыруда негізінен 1932ж. көктемінде (көшпелі және жартылай көшпелі аудандардан басқасы) аяқтауға тиісті аймақтық топқа жатқызылды. Республикалық партия, кеңес орындарында осы тым қысқа мерзімнің өзі қайткен күнде де “секіріп өтілуге тиіс” кедергі ретінде қабылданды.
Мұның соңы тез арада қоғам денінің процент қуалаушылық дертіне шалдығып, жазылмайтын дертіне ұрындырды. Аудандар мен округтер жеңіске жеткені жайлы, жарысқа түсіп, газеттер “колхоз майданынан” күн сайы түскен ақпараттар беруге үлгермей жатты.
Егер 1928ж. Қазақстанда барлық шаруашылықтың 20% ғана ұжымдастырылса, 1930 сәуіріне дейін 50,5%, ал 1931ж. қазан айында 65% жуығы ұжымдастырылды. 1931ж. Күздің басында республикада барлық үйлер 70% тен 100% дейін ұжымдасу ісімен қамтыған 78 аудан (барлығы 122) болды.
Ұжымдастырудың төтенше сипаты осы шара бай-кулакты құртудың мемлекеттік бағытын жүзеге асыру кең жайылған жерде өте күшпен жүргізілді. Жергілікті орындарға жеткізілген нұсқауларда жойылуға тиісті бай-кулактар шаңырақтары барлық шаруашылықтың жалпы санының 3—5% аспауы керек деген жағдай ерекше ескертілді. Осы себептерге байланысты тәркіге салынғандар саны кез келген жерде ең жоғарғы көрсеткішке “жеткізеді”.
Қазақстандағы бай-кулактарды тәркілеу мөлшері дәл, толық айту қиын, тек 1930—1931жж. республикадан тыс жерге бай кулак деп “жер аударылып” жіберілген шаруалар саны 6,765 адамға жетті. Ондаған мың шаруа жайы тұрған округтен республика ішіндегі басқа жерге көтерілді. Сонымен қатар Қазақстан аумағы елдің басқа аудандарынан жіберілген ондаған мың шаруа үшін “ауып келетін” жері болды. Республикаға 46091 отбасы, яғни 180015 адам ауып келіп қоныстанды.
Тәркілеу идеологиясы шаруаларға қатысты жағдайда кең көлемдегі репрессиялық шараға айналып кетеді. 1932ж. 7 тамызында “Мемлекет кәсіпорындарының, колхоздар мен кооперацияның мүліктерін сақтау және қоғамдық (социалистік) меншікті нығайту туралы” Заң қабылданды, бұл заң бойынша айыпты деп танымғандар ату жазасына, ал “жұмсарту жағдайлары” болған күнде 10 жылға тұтқындалып, мал-мүлкін тәркілеуге келісілді.
Достарыңызбен бөлісу: |