«Күршім ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде өткізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың қорытындысы бойынша талдамалық анықтама



Дата13.11.2018
өлшемі40 Kb.
#19142


«Күршім ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде өткізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың қорытындысы бойынша талдамалық анықтама
Қазақстан Республикаының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» №410 Заңының 6 бабына сәйкес Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесінің бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас

жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 Бұйрығымен бекітілген (әрмен қарай мәтін бойынша бұйрық) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, Күршім ауданы әкімінің 2017 жылдың 24 қазанындағы «Жұмыс тобын құру туралы» № 71-ө өкімімен жұмыс тобы құрылып, құрылымдық бөлімше қызметі бойынша дербес түрде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 2017 жылдың 04 қаңтарынан 2017 жылдың 29 желтоқсанына дейінгі мерзімге «Күршім ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Бұйрықтың 8 тармағына сәйкес Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:



  1. бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және

құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

  1. бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас

жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

  1. персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы;

  2. мүдделер қақтығысын реттеу;

  3. мемлекеттік қызмет көрсету;


нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде, бөлімдердің құзырына жататын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:

  1. «Күршім ауданы әкімінің аппараты» ММ-ы өзінің жұмысын Конституция

мен Қазақстан Республикасы Заңдарына, Президенттің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне және ережелеріне сәйкес жүзеге асырады. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жұмыс тобымен әкімдік өзінің жұмысында басшылыққа алатын Кодекстер, Заңдар, нормативтік құқықтық актілер оқытылды.

«Күршім ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты бекітілді.

«Күршім ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережелерін зерделеу барысында аудан әкімі аппаратының қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерді, құқықтық актілерді (регламенттер, қаулылар, өкімдер, бұйрықтар) өкілеттілігіне нұқсан келтіретін және жемқорлық жасауға әкеліп соғатын нормалар анықталған жоқ.
Жалпы қабылданған құқықтық актілер саны 2017 жылда - 2374. Құқықтық актілер қабылдау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.


  1. Тәртіптік шаралар заң талаптарына сәйкес қолданылған. Мемлекеттік

қызметшілер лауазымдық нұсқаулықтарымен таныстырлыған. Мемлекеттік қызметте болумен байланысты шектеуге қол қойған. Мемлекеттік қызметшілер арнайы тексеруінен өтіп, ант қабылдаған.

Мемлекеттік қызметке түскен тұлғалар «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен бекітілген талаптарға сай. Мемлекеттік қызметшілермен және еңбек талаптары Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметтің әдеп кодексінің талаптары сақталады.

Мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарын, мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қызмет әдебін бұзғандығы туралы жеке және заңды тұлғалардан шағым түскен жоқ, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарында, ғаламтор ресустарында мемлекеттік органдарға, мемлекеттік қызметшілерге қатысты жағымсыз баспалар жарияланған жоқ.

Барлық санаттағы мемлекеттік қызметшілер уақытында қайта даярлықтан өтіп, біліктіліктерін арттырған. Мемлекеттік орган басшылары мен мемлекеттік қызметшілер арасында туыстық байланыс жоқ. Мүдделер қақтығысы болған жоқ.

Ішкі және жалпы конкурстар Бірыңғай конкурстық комиссия арқылы өткізіліп, конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объектілігін қамтамасыз ету мақсатында оның отырысына байқаушы, сарапшы қатысуда.

Әдеп Кодексі нормаларын бұзудың фактісі тіркелмеген. Мемлекеттік қызметшілер «Өзіңнен баста акциясына қатысып, өздерінің кірістерін аудан әкімінің веб – сайтына жариялады.

«Персоналды басқару» бойынша сыбайлас жемқорлық қатерлері анықталған жоқ.


  1. Мемлекеттік қызмет көрсетудің регламенттері және стандарттары,

Күршім ауданы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізімі,

электронды мемлекеттік қызметті қалай алуға болатындығы туралы ақпарат

Күршім ауданы әкімінің ресми сайтында орналасқан.

2017 жылда жеке және заңды тұлғаларға 68899 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Соның ішінде 2839 мемлекеттік қызмет Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы, 235 мемлекеттік қызмет  электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілді. Мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімін бұзу – 1.


Көрсетілген мемлекеттік қызмет түрлері бойынша арыз-шағымдар тіркелген жоқ.

  1. Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен жалпы өтініш саны 2017

жылдағы - 114; жеке тұлғалардан – 89, заңды тұлғалардан – 25. Барлық өтініштерге жауаптар Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» №221 Заңы негізінде берілді.

Қорытынды
Күршім ауданы әкімі аппараты тарапынан заңдылық сараптама жасау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

2018 жылға Сыйбайлас жемқорлық тәуекелдерінің орын алмауы бойынша ұсыныстар:
- персоналды басқару (кадрлық қызметі) қызметі, мемлекеттік-құқықтық бөлімімен бірге мемлекеттік қызмет туралы және қызықтырушылық құрылымдарын тартумен жемқорлыққа қарсы заңнамаларын түсіндіру бойынша тұрақты түрде семинарлар жүргізсін;

- мемлекеттік қызметте қызығушылық келіспеушіліктерінің пайда болуына әсер ететін себептер мен шарттардың алдын алу және анықтау бойынша іс-шараларды тұрақты негізде жүргізсін;

- мемлекеттік-құқықтық бөлімі құқықтық жалпыға міндетті оқыту жөніндегі жұмыстар жыл бойы жүргізсін;

- нормативтік – құқықтық актілердің мониторингін айына бір рет жүргізсін;

- әкім аппараты және аудан әкімдігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық актілерінің сараптамасын тоқсанына бір рет жүргізсін.

- жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштердің санын азайту және сапасын жақсарту мақсатында, ауданның дербес бөлімдері мен ауылдық округ әкімдіктері қызметкерлеріне тұрақты түрде тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсету.



Аудан әкімінің аппарат басшысы,

жұмыс тобының төрағасы А.Абилмажинов
Мүшелері: М. Қалелов

Қ. Әзімбаев

Р.Умутбаев

М.Қизатова

Г.Смагулова

Ж.Мәжібаев



Е.Жақаева

Д.Адилбеков

Н.Сейтсаданова

С.Кудедаева


08.01.2018 ж

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау