Абай ауданының 2011 жылдың 12 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындысы туралы Өнеркәсіп



Дата30.01.2020
өлшемі59 Kb.
#27775

Абай ауданының 2011 жылдың 12 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындысы туралы
Өнеркәсіп

2011 жылдың қорытындысы бойынша өндіріс орындары қазіргі бағамен 476,6 млн. тенгенің тауарлық өнімдерін өндірген, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 108,3 пайызды құрайды. Былтырғы жылы 458,1 млн. теңгенің өндірістік өнімі өндірілген.



Ауыл шаруашылығы

Аудан ауыл щаруашылығы бағытында дамығын. Ауылшаруашылық құрылымдары мен жеке меншік тұлғалар осы мерзімге тірі салмақтағы ет –11850,4 тонна, немесе былтырғы жылмен салыстырғанда -106,1 пайызға, сүт -19998,2 тонна немесе 103,1 пайызға, жұмыртқа -824,3 мың дана өндіріп, 102,6 пайызды құрады.

Бүгінгі күні аудан бойынша 283273 бас қой-ешкі малы (100,8%), 40121 бас мүйізді ірі қара (101,6%), 17009 бас жылқы (101,5%) малдары қолда бар.

33 шаруа қожалықтары асыл тұқымды мал өсірумен айналысуда. Оның ішінде қой малының тұқымын асылдандыру жұмысымен -21 шаруашылық, жылқыдан -11 шаруашылық, ірі қара малынан -1 шаруашылық. Осы шаруашылықтарға 94 млн. 700 мың теңгенің көлемінде субсидия төленді. Сонымен қатар мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі және сапасын арттыруды қолдауға 22 млн. 300 мың теңге субсидия бөлінді. Қыстама кезеңінде қатаң азыққа 30 шаруашылыққа 12 млн. 307 мың теңге төленді. Бөлінген субсидияға 184 бас асыл тұқымды мал сатылып алынды.

Ауыл шаруашылығын қолдау қоры арқылы «Сыбаға» бағдарламасы негізінде 4 шаруашылық 97 млн. теңгенің несиесіне асыл тұқымды бұқалар және аналық малдарды сатып алды.

Ауылшаруашылығы кооперациясы институтын дамыту мақсатында «Ертіс ЖШС -ӨСП» бағдарламасы бойынша бөлінген 62 млн. 572 мың тенге қаржысы толықтай игерілді. Бұл қаржыға «Абай» сервистік-дайындау орталығы құрылып арнайы мал сою қондырғысы, тоңазытқышымен жабдықталған жылжымалы шетелдік авто көлік сатып алынды, бұл мал сою орнында бір ауысымда 30 бас ірі қара немесе 200 бас ұсақ қой малын сойып тіркемелі тоңазытқышына 7,0 тонна көлемде ет сақтайды және Семей қаласынан осы сервистік-дайындау орталығы негізінде 100 тонна ет сақтайтын тоңазытқыш орнатылды.

Астана қаласындағы Шығыс Қазақстан облысы күндері аясында өткізілген ауыл шаруашылық жәрмеңкесіне қатысып, жыл бойына Өскемен қаласына 3 рет, Семей қаласына 2 рет, Қарауылда 33 рет жәрмеңке ұйымдастырылып, ауылдық округ шаруа қожалықтары белсенділікпен қатысты.

Қыстамаға қажетті жоспарлы 110,0 мың тонна қатаң мал азығы 149,0 мың тонна көлемде дайындалды.

«Абай ауданының ветеринариялық қызметі» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны құрылып, кәсіпорында 22 адам жұмыс жасайды. Кәсіпорынның негізгі міндеті ауылшаруашылық малдарының аса қауіпті жұқпалы ауруларының алдын алу, барлық нысандағы ауылшаруашылық малдарын егу-емдеу және диагностикалық тексерулер жүргізу бойынша 18 кәсіпкер малдәрігерлері жұмыс атқарады. Эпизоотиялық іс-шараға 61 млн. 190 мың теңге игерілды.

Жергілікті бюджеттен 9 ауылдық округке қаңғыбас ит пен иесіз мысықтарды жоюға 820 мың теңге, залалсыздандыру жұмыстарына дәрі - дәрмекке және арнайы дәрі бүріккіш құралына 500 мың теңге қаражат бөлінді. 9 ауылдық округ малдәрігерлерімен, жаңа компьютерлермен толық қамтамасыз етіліп, оған жаңадан мал басын бірдейлендіру базасы орнатылды. 11 мал сою алаңы ветеринариялық санитарлық талапқа сай халыққа қызмет жасауда.


Инвестиция

Негізгі капиталға инвестиция көлемі осы мерзімге 798,2 млн.теңгені құрады, былтырғы жылмен салыстырғанда 50,4 пайызға төмендеп отыр.



Бюджет

2011 жылы аудан бюджеті 1 млрд. 696 млн. 074 мың теңгеге бекітіліп, 1 млрд. 751 млн. 743 мың теңгеге нақтыланды. Жергілікті бюджет 153 млн. 136 мың теңгеге нақтыланып, 163 млн. 957 мың теңгеге орындалды, яғни 107,1 пайыз. Жоғарғы бюджеттен түскен трансферттер көлемі 1 млрд. 598 млн. 607 мың теңге. Бюджет шығысы 1 млрд. 776 млн. 754 мың теңгеге нақтыланып, 99,8 пайызға орындалды.



Кәсіпкерлік

Аудан бойынша 910 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелген, бұл былтырғы жылғы осы уақытпен салыстырғанда 4,3 пайызға өскен. Оның ішінде 574 шаруа қожалығы, жеңілдетілген декларация және жалпыға бірдей тәртіп бойынша 166 шағын кәсіпкерлер субъектілері, заңды тұлға ретінде 20 кәсіпорын тіркелген, 147 кәсіпкер патент жүйесімен жұмыс жасайды. Осы шағын кәсіпкерлік субьектілерінде 1817 адам жұмыс істейді, бұлардан түскен салық сомасы 50854,0 мың теңге бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 19,5 пайызға өскен.

Ауданымызда негізгі халық тұтынатын азық-түлік тауарларын 10 пайыз төмен бағамен сататын 4 әлеуметтік дүкен жұмыс жасап тұр.

Нан және ұн бағасын тұрақты ұстап тұру мақсатында облыстық тұрақтандыру қорынан жыл ішінде 424 тонна ұн бөлінді. 6 номинация бойынша «Жылдың үздік кәсіпкері» конкурсы өткізілді.



Тұрғын үй

Қаңтар–қараша айларында жалпы ауданы 2363 шаршы метр (былтырғы жылмен салыстырғанда 102,6 пайыз) тұрғын үй пайдалануға берілді.

«Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын модернизациялау» бағдарламасы бойынша Қарауыл ауылындағы екі қабатты 16 пәтерлі тұрғын үйге 5656,5 мың теңгенің күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қатты жаңбыр салдарынан зардап шеккен 3 жанұяға 6 512,0 мың теңгеге тұрғын үй сатып алынды.
Көркейту, көгалдандыру

Ауданда соңғы жылдары елді мекендердің келбетін көркейту, абаттандыру жұмыстары бойынша аудан орталығы Қарауыл ауылының басты көшелері, алаңдары мен мекеме ғимараттары толықтай заман талабына сай жарықтандырылған.

Аудан аумағында 30 га алаңдар мен скверлер, 20 ескерткіш, 21 көп қабатты тұрғын үйлер аулалық аумағымен және 12 тұрмыстық қатты қалдықтарды төгетін орын бар.

Көктемгі жарияланған тазалық айлығында аудан бойынша 54 шақырым аудан көшелері тазаланып, бақтар, алаңдар, мектеп, бала-бақша алаңдары тазартылып, 9000 текше метр күл-қоқыс шығарылды. Мекемелер жанындағы скверлер, алаңдар тазартылды, барлығы отызға жуық парктер мен скверлер және онға жуық ескерткіштер маңайы тазаланып, ағаштардың ұсақ бұталары шабылып, ағартылып, ағаштар мен гүлдер егілді. Аудан орталығы Қарауыл ауылына кіре берістегі кіші және үлкен скверлерге былтырғы өспей қалған ағаштардың орнына ағаштар мен бұталар отырғызылды. Орталық алаңдағы парктегі гүлзарларға бұталар, гүлдер егіліп, күнделікті суғарылып отырады. Аудан бойынша 3670 түп ағаш егіліп, 16200 шаршы метр гүлзарлар егілді. Аудан орталығы Қарауыл ауылында 9 мамыр Ұлы Жеңіс күні мерекесі қарсаңында «Ауған соғысына қатысқандарға арналған алаң», «Ана мен бала» алаңы, «Тәуелсіздік аллеясы», «Әнет баба» ескерткіші ашылды.


Сумен қамтамасыз ету

Ауданда 2011 жылға «Ақ Бұлақ» бағдарламасы арқылы Саржал ауылындағы су құбыры желілерін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Су құбыры желілерін қайта жаңғыртуға барлығы 206 066,0 мың теңге, оның ішінде 185 179,0 мың теңге республикалық, 20 887,0 мың теңге облыстық бюджеттен бөлінген. Республикалық қаражат есебінен «Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Тоқтамыс ауылындағы су құбырының құрылысы» жобасына жобалық-сметалық құжаты дайындалды. Жобалық-сметалық құжат бойынша жобаның құны 307 750 663 теңге.

2011-2012 жылғы жылыту маусымында бюджеттік мекемелерге -4308 тонна көмір, коммуналдық қазандықтарға -5700 тонна, халыққа -15000 тонна, барлығы аудан бойынша -25008 тонна көмір қажет. Бүгінгі күнге осы мекемелерге көмір жеткізушілермен келісім шарт жасалып, уақытында түсірілу барысы қадағалануда. Бүгінгі күнге көмірдің 19423,0 тоннасы түсірілді, яғни 77,7 пайызы орындалды. Аудан бойынша қатты отынмен жанатын -11, электр жүйесімен жанатын -5 қазандық, жалпы -16 қазандық бар.

Жолдар

Абай ауданы бойынша жолдар жүйесі 372,91 шақырым. Оның ішінде 293 шақырым облыстық маңыздағы жолдар, қалған 79,91 шақырымы аудандық маңыздағы жолдар.

2011 жылға аудан бюджетінен аудандық маңызды жолдарды қысқы-жазғы ұстау, күтіп ұстау және ағымдағы жөндеуге 13 264,0 мың теңге бөлінген. Оның ішінде 2,0 млн теңгесі аудандық маңыздағы автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеуге қаралған. Қаражат толықтай игерілді.

2011 жылы жалпы ұзындығы 79,91 шақырым аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын паспортизациялауға 1 335,0 мың теңгеге жолдардың жер актілері дайындалды.



Әлеуметтік қорғау

01.01.2012 жылға 84 отбасыға және 308 отбасы мүшелеріне атаулы әлеуметтік көмек 10324,0 мың теңге төленді. Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар 2003 балаға 29384,0 мың теңге, тұрғын үй жәрдемақысы 291 жанұяға 6000,0 мың теңге төленді.

Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен қатысушыларына және қатысушыларға теңестірілгендерге 5000 теңгеден 21 адамға 1305,0 мың теңге, Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне теңестірілгендер, яғни ауруы ядролық сынақ салдарынан болған мүгедектерге ай сайын 2000 теңгеден 333 адамға 7926,0 мың теңге коммуналдық қызметтерге өтемақы төлемдері төленді.

Алтын алқа, Күміс алқа, І-ІІ-дәрежелі Ана даңқы орденімен марапатталған аналарға 777 анаға 7430,0 мың тенге 4 және одан да көп 18-ге толмаған балалары бар көп балалы аналарға 265 анаға 2650,0 мың теңге 8-наурыз мерекесі мен балаларды қорғау күні мерекесіне 5000 теңгеден бір жолғы материалдық көмек төленді.

Жергілікті бюджеттен Чернобыль апатын жоюға қатысқан 4 адамға 7560 теңгеден 30,2 мың теңге, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 6 адамға 10000 теңгеден 60,0 мың теңге, туберкулезбен ауырған 14 адамға 15120 теңгеден 212,0 мың теңгенің біржолғы көмегі көрсетілді.

Аз қамтамасыз етілген жанұяларға аудан бойынша демеушілік арқылы 1000 адамға 5592,1 мың теңгенің көмегі отындай, азық-түлік, ақшадай көрсетілді.

Үйде тәрбиеленетін және оқитын 27 мүгедек балаларға 3300,0 мың теңге материалдық көмек төленді. Жалпы білім беретін мектептердің аз қамтылған отбасылардан шыққан түлектерге облыстың жоғарғы оқу орындарындағы оқуын төлеу үшін 13128,0 мың теңге әлеуметтік көмек төленді Семей медициналық академиясына 6-бала, Семей педагогикалық институтына 22-бала. Жиыны 28 бала грант бойынша оқиды.

Шемонайха ауданындағы «УБА» шипа жайына 38 адам демалып қайтты, зейнеткерлер, еңбек, тыл ардагерлері, мүмкіндігі шектеулі жандар.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың 6-уы мүгедек арбалармен қамтамасыз етілді. Естуі және көзі нашар көретін мүгедектерге мемлекеттік әлеуметтік сараптау комиссиясының берген, жеке оңалту бағдарламасына сәйкес сурдо-тифлоқұралдар алынып беріліп отырылады, көзі нашар көретін және құлағы естімейтін 14 мүгедек жандарға тифломагнитола, таяқтар, арнаулы сағаттар мен ұялы телефондар берілді.

Мұқтаж 23 мүгедек адамға, міндетті гигиеналық құралдар берілсе, протездік –ортопедиялық көмек алу үшін 19 адамға жолдамалар берілді.

Мүмкіндігі шектеулі 75 балаға және жалғыз басты 10 қарт адамдарға 16 әлеуметтік көмекші қызмет көрсетеді, әлеуметтік көмекшілер жұмыс жоспарлары бойынша әр баламен жеке жұмыс жасайды, әр мерекеге байланысты шаралар балалармен, ата- аналармен бірге өткізіліп отырылады Негізгі мақсат осындай балаларға тұрмыс тіршілігіндегі шектелуді жою және оларға басқа азаматтармен бірдей қоғам өміріне қатысу мүмкіндіктерін жасау

Бюджеттік сала қызметкерлеріне мүғалімдер мен дәрігерлерге, мәдениет, спорт мамандарына отын сатып алуға біржолғы көмекке 840 адамға 7200 теңгеден 6048,0 мың теңге төленді. Әлеуметтік дүкендер арқылы ауылдық округтерде, аз қамтамасыз етілген 59 жанұяға, негізгі азық-түлік түрлерін сатып алуға, қыркүйек айынан бастап 260,5,0 мың теңге қаржыдай көмек берілді.

ҰОС – жеңісінің 66-жылдық мерекесі ауылдық округтер бойынша аталып өтті. 30- соғыс және тыл, еңбек ардагерлері облыстық Дидар газетіне тегін жазылды.

Қазан айында қарттар мен мүгедектер күні 9-ауылдық округтерде және мекемелерде жыл сайын аталып өтеді, аудан орталығында 75-тен асқан қарттар мерекелік дастарханға шақырылды, қазан айы бойы қайырымдылық акциясы аясында 2006,0 мың теңгенің көмегі көрсетілді.

01.01.2012 жылға 55 жұмыссыз адам есепте тұр, жұмыссыздық деңгейі 0,7 пайыз. Жұмыссыздарды әлеуметтік жағынан қолдау көрсету және жұмыссыздықты азайтудың бір түрі ақылы қоғамдық жұмысқа жіберу 232 адам жіберілді.

Жұмыссыз азаматтарға, кәсіптік білім беру және қайта даярлықтан өткізу мақсатында жиыны 27 адам оқуға жіберілді. Жастар іс тәжірибесіне жоғарғы және арнаулы оқу орындарын бітіріп келген 22 жұмыссыз жастар жіберілсе, әлеуметтік жұмыс орындарына аз қамтамасыз етілген жұмыссыз 8 адам жіберілді. 01.01.2011 жылға жиыны 159 жұмыссыз адам жұмысқа орналасты.

Биылғы жылы Дипламмен ауылға бағдарламасымен келген 14 жас маманға 1481,8 мың теңгенің көтерме жәрдемақысы төленіп, 7 жас маманға тұрғын үй сатып алу үшін 13608,0 мың теңгенің бюджеттік кредиті берілді.

«Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасына орай жұмыссыздарды, табысы аз адамдарды оқытып, жұмысқа орналастыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілді. Кәсіпкерлікті дамыту мақсатында 54 млн теңге несие бөліп, 57 адам қамтылды.


Білім беру

Бүгінде аудан бойынша 10 орта білім беретін, 1 негізгі мектеп жиыны 11 білім мекемесі жұмыс істейді. Оның 7-і шағын құрамды, 1- орта мектеп, 1 гимназия және 1 мектеп-лицей ретінде жастарға білім мен тәрбие беруде. Сонымен қатар 2 қосымша білім беру мекемесі – саз және өнер мектептері, 3 балабақша: 9 шағын орталық жұмыс жасайды. Жұмыс атқарып отырған 3 балабақшада 352 бала, мектептер жанындағы 9 шағын орталықта 290 бала тәрбиеленіп отыр.

Аудан бойынша жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған бала саны – 22, оның 8 жетім, 14 ата-ана қомқорсыз қалған балалар, бұл балалардың барлығына да қамқоршылар тағайындалған.2011 жылы жалпыға бірдей білім қорына 19 млн 283 мың теңге қаратылып, оның ішінде 10,5 млн теңге ыстық тамақпен қамтамасыз етуге, 6,6 млн теңге киім, оқу-құрал жабдықтарын алуға, 2,2 млн теңге оқушыларды демалыс орындарына жіберу үшін бөлінді.Бүгінде мектептердегі барлық 1-4 сынып оқушылары, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.

Бүгінде аудан мектептері бойынша 416 мұғалім жұмыс атқарады. Оның жоғары білімдісі 367, арнаулы орта білімдісі 48, жоғары санатысы 38, бірінші санаттысы 144, екінші санаттысы 125 мұғалім.


Денсаулық сақтау

Абай аудандық медицина бірлестігі құрамында кеңес-диагностикалық емхана, 50 төсектік аурухана, 7 дәрігерлік амбулатория, 2 медицина қызметкері ғимаратсыз жұмыс жасайды. Ауданда 39 дәрігер, 93 орта медицина қызметкері халыққа медициналық көмек көрсетуде.


Абай аудандық медицина бірлестігі бойынша 2011 жылға 87233,0 мың тенге стационарлық көмекке, алғашқы медициналық санитарлық көмек үшін 159055,0 мың қаралып, толықтай игерілді. Орталық аурухананың терапия және әйелдер босанатын бөлімдеріне және Көкбай дәрігерлік амбулаториясының күрделі жөндеуіне 57604,0 мың теңгенің жөндеу жұмыстары жүргізілді. Перзентхана бөліміне 1400,0 мың теңгенің, лабаратория бөліміне 374,7 мың теңгенің құрал-жабдықтары, 1 санитарлық автокөлік берілді.

Астанадағы Отан Соғысы ардагерлеріне арналған Республикалық Госпиталда емделуге 9 ардагер, 1 соғыс ардагері, 8 еңбек ардагері емделді. Мүгедек балаларды Республикалық реабилитация орталықтарында Астанаға -6 бала, Алматыға -1 бала сауықтыруға бағытталды. Диспансетлік есепте тұратын 16 бала санаториялық емделуге жіберлді.

2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» бағдарламасымен аурудың алдын алу, профилактикалық байқаудан санатты топтағы 3780 бала, жүрек-қан тамыры ауруларына 2223 бала, жатыр мойын рагіне 458 тексеру, мамографиялық тексеру 289 әйелге және 1903 көздің ішкі қысымын өлшеу, тоқ ішектің рагіне 1150 адам тексеруден өткізілді. Туберкулез ауруының алдын алуда аудандық үйлестіру кеңесінің шешімімен 14 ауруға жол қаражатына 256,0 мың теңге жергілікті бюджеттен материалдық көмек берілді.
Қылмыспен күрес

Биыл ауданда 124 қылмыс тіркеліп, 80 пайызы ашылды. Ауыр қылмыстардан 9 іс тіркеліп, 100 пайыз ашылды. Ұрлық жасау бойынша 82 қылмыстық іс тіркеліп, 70,3 пайыз ашылды. Кәмілетке толмағандар тарапынан 2 қылмыстық іс тіркелді, былтыр 4 іс тіркелген болатын.


Демография

Аудан бойынша 2011 жылы негізгі демографиялық көрсеткіштер бойынша туған бала саны –111, қайтыс болғандар саны –110 адам, табиғи өсім +1 адам. Аудан бойынша келген адамдар саны –1311 адам, ал кеткені -720 адам. Көші-қон сальдосы +591 адам. Аудандағы халық саны 15410 адам.



Экономика және бюджеттік жоспарлау

бөлімінің бастығы Б.Тәттібеков

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау