94
www
.kazmektep.kz
сырмаларды орындау, есептер шығару, жазба жұмыстары, қайталау.
Оқыту құралдары: кітаптар (дәстүрлі және электронды нұсқадағы),
желілік оқу материалдары, компьютерлік оқыту жүйелерінің қарапайым
және мультимедиалық нұсқалары, дыбыстық-оқу ақпараттық материал-
дары, бейнелік-оқу ақпараттық материалдары, қашықтағы зертханалық
практикумдар, тренажерлар, берілгендер және білім қорлары, электронды
кітапханалар, эксперттік оқыту жүйелері негізіндегі дидактикалық материал-
дар, геоақпараттық жүйелер негізіндегі дидактикалық метериалдар.
Дәстүрлі оқыту жүйесі мен қашықтықтан оқыту жүйелерін негізгі
компоненттерімен салыстыра отырып, жаңа жүйеге бірқатар қосымша
компоненттер қосылғанын көруге болады (1-кесте). Мұндағы нормативтік-
құқықтық ішкі жүйе қашықтықтан оқытуға қатысты қабылданған ереже-
лер мен талаптарды қамтиды. Оқып үйренуде тұлғаның өз бетінше тап-
сырмаларды орындауын, оқу іс-әрекеттерін жүргізуін қадағалауға арналған
ұйымдастырудағы қауіпсіздік шараларының бірі – идентификациялау
қолданылады. Қаржылық-экономикалық ішкі жүйенің қажеттілігі – техника
араласқан кез келген саланың талдау және жобалау жұмыстарын талап етуіне
орай оның қаржылық-экономикалық тұрғыда бағалануында. Маркетингтік
жүйе өндірістік мекемеге тән дәстүрлі маркетингтік қызметтердің бәрін орын-
дайды. Бұл ішкі жүйедегі тауар – білім беру қызметі. Қашықтықтан оқытуға
маркетинг қолдану біріншіден, үлкен сұранысқа ие қызмет түрін көрсету,
екіншіден, оқу орындары арасындағы бәсекелестікті жеңу үшін қажет. Оқу-
материалдық ішкі жүйесіне дәстүрлі оқыту жағдайындағы оқу-әдістемелік
базамен қатар электронды оқыту құралдары, оқып үйрену обьектілері,
материалды-техникалық құралдар, бекітілген оқыту бағдарламасы қамты-
лады. Сонымен қатар оқу ғимараттарын жабдықтауда зертханалық құралдар,
оқытудың техникалық құралдары, оқулықтар, оқу құралдары мен басқа оқу-
әдістемелік құралдар жиынтығы қамтылады.
1-кесте
Дәстүрлі және қашықтықтан оқыту жүйелерінің
негізгі компоненттері
Қашықтықтан оқытудың бірқатар ерекшеліктері:
– жеделділік (кеңістіктік және уақыттық кедергілерді жеңу, өзекті тың
ақпараттарды алу, жедел кері байланысты орнату);
– ақпараттық (тұтынушыға интерактивті web-арналардың көмегімен
ақпараттардың жеткізілуін, телеконференцияларда және интернет желісінің
басқа да құралдарында жариялану);
– коммуникациялық (сабақтарда олимпиадаларды өткізуде, жобаларға
қатысуда аймақтық шектеулерді жою);
Дәстүрлі оқыту жүйесі Қашықтықтан оқыту жүйесі
1.Оқытудың мақсаты
1.Оқытудың мақсаты
2. Мазмұны
2. Мазмұны
3. Оқушы
3.Оқушы
4. Оқытушы
4. Оқытушы
5. Оқыту әдістері
5. Оқыту әдістері
6. Оқыту құралдары
6. Оқыту құралдары
7. Оқыту түрлері
7. Оқыту түрлері
8. Нормативтік-құқықтық ішкі жүйесі
9. Идентификациялық бақылау ішкі жүйесі
10. Қаржылық-экономикалық ішкі жүйесі
11. Маркетингтік ішкі жүйесі
12. Оқу материалдық ішкі жүйесі
95
www
.kazmektep.kz
– педагогикалық (оқытудың интерактивтілігі, дараландырылуы, оқушы
жұмыстарының желіде жариялануы және оларды сараптау мен бағалаудың
жеңілдетілуі );
– психологиялық (оқушының өзін танытуына қолайлы жағдай жасау,
оқытушымен қарым-қатынаста психологиялық кедергілердің болуы);
– экономикалық (жол шығындары, үй-жайды жалға алу және тағы басқа
шығындарды үнемдеу есебінен оқуға жұмсалатын жалпы шығындарды
кеміту);
– эргономикалық (оқушыға сабақ кестесін ыңғайландыру, техникамен
және басқа білім беру құралдарын таңдауға, пайдалануға мүмкіндік беру).
Қорыта айтқанда, ғылыми зерттеулерде көрсетілгендей, ҚО жүйесінде
мұғалімдер мен окушылар әлемдік ақпараттармен байланысуға, ғылыми
және шығармашылық жұмыстарын жетілдіруге, әлемдік ақпарат кеңістігінде
өздерінің білімдерін шыңдауға зор мүмкіндік алатындығы жайлы теориялық
және тәжірибелік дәлелдемелерге сүйене отырып қашықтықтан оқытудың
білім саласындағы рөлі өте жоғары екенін айтуға болады. Сондықтан да ҚО
жүйесінің аясында жұмыс жасауда мұғалімдер зиялылық әлеуетін танытып,
ақпараттық-коммуникациялық технологияны ұтымды пайдалана отырып
үздіксіз білім беру ұстанымдарын ойдағыдай іске асыруы қажет деп танимыз.
Әдебиет
1. ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі №16 бұйрығы-
мен бекітілген Оқу процесін қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша ұйым-
дастырудың Ережесі.
2. ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2009 жылғы 4 маусымдағы №266 бұйрығымен
бекітілген Қашықтықтан оқыту технологиялары бойынша оқытуды ұйымдастыру стан-
дарты.
3. Абдыров А.М. Разработка учебно-практических пособий для дистанционного образова-
ния. – Астана: КазГАТУ, 2005. – с. 20.
4. Роберт И.В. Современные информационные технологии в образовании: дидактические
проблемы, перспективы использования. – М.: Школа-Пресс, 1994. – с. 205.
5. Беркімбаев К.М., Батырбаев Н.М., Молдалиев Ы.С., Ниязова Г.Ж. Қашықтықтан оқыту
технологисы бойынша оқитын студенттерге арналған көрсеткіш-анықтамалық көмек-
ші-әдістемелік құрал. Қ.А.Ясауи атындағы Түркістан: халықаралық қазақ-түрік универ-
ситеті, 2011. – 48-б.
6. Интернет материалдары: www.ripkso.narod.ru, www.vkgu.kz/kz/gilim, www.ksu.edu.kz/kaz.
Достарыңызбен бөлісу: |