3
www
.kazmektep.kz
Білім жүйесі: ізденістер, игі істер
емлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес 2011
жылғы 24-мамырда Үкімет Қазақстан мұғалімдері біліктілігін арт-
ФИЛИАЛДЫҢ ИГІЛІКТІ ІСТЕРІ
Берік АСУБАЕВ,
Педагогикалық шеберлік орталығы Алматы қаласындағы
филиалының директоры,
география ғылымының кандидаты
М
тыру және даярлау жүйесін дамытудың тұжырымдамалық тәсілдемесін
мақұлдады. «Назарбаев зияткерлік мектептері» тәжірибелерін тарату
мақсатында 2011 жылдың алтыншы қарашасында Педагогикалық шеберлік
орталығы құрылып, онда мұғалімдер халықаралық іс-тәжірибелерге сай
келетін біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша курстардан өтетін бол-
ды. «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім ұйымы педагогикалық
шеберлік орталығына шетелдік серіктестермен бірлесе отырып, әлемдік
таңдаулы тәжірибелер мен педагогикалық практиканы пайдалану арқылы
ҚР педагогикалық қызметкерлерінің біліктіліктерін арттырудың деңгейлік
бағдарламасын жасау тапсырылды.
Бұл тапсырма қысқа мерзім ішінде жемісті жүзеге асырылып, 2012
жылдың күзінде барлық облыс орталықтарында, Алматы және Астана
қалаларында Педагогикалық шеберлік орталығының филиалдары жұмыс істей
бастады. Кембридж университеті Білім факультетімен бірлескен «Қазақстан
мұғалімдері біліктілігін көтеру» бағдарламалары аясында жүздеген педагог-
тер тренер сертификаттарын алды, яғни, аталған жасампаз жұмыстың сенімді
базасы қаланды.
«Назарбаев зияткерлік мектебі» дербес білім ұйымының Педагогикалық
шеберлік орталығының филиалы Алматы қаласында 2012 жылдан жұмыс
істейді.
Осы уақыт ішінде филиал мұғалімдер мен жалпы білім беру
ұйымдары жетекшілерінің біліктілігін арттыру курстарының сапасын арт-
тыру, Алматы қаласының Білім басқармасы, оның бөлімшелері, Назарбаев
зияткерлік мектебінің Алматы қаласында орналасқан физика-математикалық
және химия-биологиялық бағыттағы бөлімшелерімен байланыстарын
кеңейту және нығайту жөнінде үлкен жұмыстар жүргізілді.
Республикалық физика-математика, Б.Момышұлы атындағы респуб-
ликалық әскери мектебінің ондаған мұғалімдері Педагогикалық шеберлік
орталығында деңгейлік курстардан өтті.
Педагогикалық бағыттағы мамандар даярлайтын Абай атындағы
Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақтың мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық
қатынастар және әлем тілдері университеті сияқты жоғары оқу орында-
ры, Алматы қаласындағы педагогикалық колледждермен байланысымыз
нығайып келеді. Педагогикалық шеберлік орталығының тренерлік курста-
рында оқыған ЖОО және колледждердің профессор-оқытушылар құрамына
арнап біз әдістемелік көмек көрсету мақсатында семинарлар ұйымдастырдық.
Сондай-ақ сауалнама жүргізіліп, нәтижесінде күрделі мәселелер анықталды
және оларды шешудің жолдары айқындалды.
Филиалда педагогикалық үлкен тәжірибелі, жасампаз ойлайтын, осы
4
www
.kazmektep.kz
жылдар ішінде өздерін жақсы маман көрсеткен сертификатталған тренер-
лер жұмыс істейді. Олар үнемі өз шеберліктерін арттырумен айналысады,
түрлі курстарда оқиды, аймақтық және халықаралық конференциялар мен
семинарлардың жұмыстарына қатысады. Көпшілігінің ғылыми дәрежелері
бар, көптеген оқу құралдары, басқа да ғылыми еңбектердің авторлары. Жазған
еңбектері түрлі педагогикалық басылымдарда, жергілікті және орталық
бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып тұрады.
Қаладағы жетекші және магнитті мектептердің қызметін ерекше атап
өткен орынды. Бүгінде қаланың барлық аудандарында он бес жетекші және
жүз сексен жеті магнитті мектептер жұмыс істейді.
Оқу жылының басында ПШО филиалында қалалық әдістемелік кабинеті
әдіскерлерінің қатысуымен жетекші мектептер басшыларының мәжілісі
өткізілді. Тренерлер «Сертификатталған мұғалімдерді курстан кейін
қолдау моделі және ҚР педагог кадрлары біліктілігін арттыру деңгейлік
бағдарламаларының түйінді идеяларын мектеп практикасына ұтымды енгізу
мониторингінің» тұсауын кесті. Сондай-ақ әдістемелік қажеттіліктерін
анықтау, басқару жүйесін қолдау мақсатында жетекші мектептер басшыла-
рына сауалнама жүргізілді.
Жетекші мектептердің басшылары өз жасампаздығы мен көшбасшылық
қасиеттерін көрсеткен бірінші деңгейдегі сертификатталған мұғалім
қатарынан анықталады. Сонымен қатар мектептегі бірінші, екінші және
үшінші деңгейде оқытылған мұғалімдер саны да есепке алынды. Жетекші
мектептер мен олардың басшыларының рөлдерін күшейту міндеті аталған
мектептердің директорлары, қалалық білім басқармасы және әдістемелік ка-
бинетпен байланысты нығайту арқылы шешілді. Бұл ретте ПШО филиалы
тренерлерінің үйлестіру тобы үлкен жұмыстар жүргізді.
Жетекші мектептермен үстіміздегі жылға білім мазмұнын жаңарту
шеңберінде жұмыс жоспары және үйлестіру тобының жұмыс кестесі келісілді
және бекітілді. Жетекші мектептер басшыларымен тұрақты семинарлар
өткізіледі, сұраулар салынады.
№175 жетекші мектеп базасында біздің тренерлер ұйымдастырған
семинарға он магниттік мектеп мұғалімдері қатысты. Филиал тренері
Д.К. Ибрагимовтың ұйымдастыруымен «Мүмкіндіктер және кедергілер»
тақырыбымен коучинг-семинар, №175 гимназия директорымен кәсіптік
әңгіме өткізілді.
Алматы қаласында физика-математика және химия-биология бағыт-
тарындағы Назарбаев зияткерлік мектептерінің филиалдары үнемі айрықша
назарда. ПШО оларда семинарлар мен шеберлік сыныптарын тұрақты
өткізеді, мұғалімдер Біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша
оқытылады. Әр мектепте бес мақсаттық топтар бар, оларға сертификатталған
ментор-мұғалімдер бекітілген.
Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімдеріне, әсіресе жастарға
біздің тренерлердің көрсетіп жүрген көмектері айрықша. Тренерлер кәсіби
қоғамдастық тақырыбына айрықша мән береді. Үстіміздегі жылы фили-
ал №148 жетекші мектепте ПШО деңгейлік бағдарламалары бойынша
оқып жүрген мұғалімдердің аудандық форумын ұйымдастырды. Форум
бағдарламасы Алматы қаласы Жетісу ауданындағы жетекші және магниттік
мектептердің қатысушы-мұғалімдері мен басшылары, қалалық ғылыми-
әдістемелік зертхана әдіскерлеріне аса пайдалы болғаны хақ. Форумға
қатысушылар «Микрооқыту» әдісін пайдалану жүйесімен танысты.
Қала мектептері және НЗМ мұғалімдері жетекші мектептердің тәлімгерлік
жөніндегі семинарын, белсенді оқыту және микрооқыту жөніндегі тренингті,
Достарыңызбен бөлісу: |