Каз Мектеп-12-2016. indd



жүктеу 4,55 Kb.
Pdf просмотр
бет44/50
Дата15.05.2018
өлшемі4,55 Kb.
#13931
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   50

90
www
.kazmektep.kz
алық  даналығы    «Жаңбыр  жауса    жер  ырысы,  батыр  туса  ел  ыры-
сы»  деп  аталы  сөзге  арқау  еткен  батырларын  сонау  ықылым  заман-
Ұстаз ойы, ұсынысы 
«АҢЫЗ АДАМДЫ»  АРДАҚТАУ – ҰЛТТЫҚ 
 ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ  ҰЛЫҚТАУ
Айнұр  МОЛДАЖИМОВА, 
В.Г.  Белинский атындағы орта мектеп 
мектепке дейінгі шағын орталығы бар 
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Х
дардан  дәріптеп,  құрмет  тұтқан.  Отанын  жаудан  қорғап,  елге  үлгі  болған 
қаһарманның  әрбір  ісін  ұрпақтан-ұрпаққа  жыр-дастандар,  аңыз  әңгімелер 
арқылы жеткізіп отырған. Халқына қалаулы, еліне елеулі азаматтар өзінің  
жақсы,  өнегелі  істерімен,  нақыл  да  ақыл  сөздерімен,  ар-намысын  аяққа 
таптатпайтын өрлігімен  халықтың рухын көтеріп, ұлтымыздың ұлылығын 
танытып отырғаны баршаға аян. Ерліктің үлгісін көрсетумен қатар, батыр-
ларымыз адалдық пен сенімділіктің символына айналып, ұлттық болмысы-
мызды сақтап қалуымызға да үлкен үлес қосты. Олардың есімдері ұлттық 
санамызда сақталып, ел тарихына алтын әріптермен жазылды. 
Осындай  батырлар  арасынан  бұрынғы  ата-бабамыздың  қаһармандық 
жолын  жалғастырушы  батыр  Бауыржан  Момышұлының    есімі  ерекше 
аталады.  Аты  аңызға  айналған  тұлғаның    батырлығы,  елдің  салт-дәстүрін 
сақтаушы, шешендігі мен шежірешілдігі нағыз қазақтық қалпын танытып, 
дараланып тұрғандығында. 
Кеңес  Одағының  Батыры  Бауыржан  Момышұлы  «Жаудан  қорықпаған 
қазақ  едім.  Енді  қорқынышым  көбейіп  жүр.  Бірінші,  балаларын  бесікке 
бөлемеген, бесігі жоқ әйелдерден қорқамын. Екінші, немересіне ертегі ай-
тып  беретін  әжелердің  азайып  бара  жатқанынан  қорқамын.  Үшіншісі, 
дәстүрді  сыйламайтын  ұрпақ  көбейіп  келеді,  оның  қолына  қылыш  берсе, 
кімді де болса шауып тастауға әзір, үйреніп жатқан бала жоқ...», –  деп 
мұңайған  екен.  Атамыздың  осы  қорқынышының  шындыққа  айналмауына 
үлес қосқысы келетін бүгінгі әдебиетші, тілшілер қауымы қазақтығымызды 
сақтап қалудың жолын алысқа бармай-ақ осы батыр сөзінен, батыр ісінен 
іздесе екен деген ойдамын. 
«Қазақ  тілі»,  «Әдебиет»,  «Өзін-өзі  тану»  оқулықтарында  Бауыржан 
атамыздың    шығармаларынан  үзінділер  беріледі.  Бұл  үзінділер,  көбінесе, 
соғыс кезіндегі жауынгерлердің ерлігін дәріптеу, ата-бабамыздың шежіресін 
білу және Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру мақсатында берілген. 
Ал Бауыржан атамыздың ұлттық құндылықтарымызды  айқындайтын бесік 
жыры,  қазақ  шежіресі,    амандасу,  үлкенге  құрмет  көрсету,  ер  балалардың 
бойында  ер  мінезділікке  тән  қасиеттерді  қалыптастыру  туралы  өнегелі 
ойлары  аз  қамтылған.  Осы  олқылықтардың  орнын  толтыру  бағытында  
5–10    сыныптардың  оқушыларына  атамыздың  «Ұшқан  ұя»  шығармасын, 
З.Ахметованың «Шуақты күндер» повесін, Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен 
аңыз» туындысын көбірек оқытудың артықтығы болмас еді.  Сыныптан тыс 
оқу, тіл ұстарту сабақтарында атамыздың  қара қылды қақ жарған әділдігін, 


91
www
.kazmektep.kz
шешендігін сөз ете отырып, айтқан нақыл сөздерін үнемі үлгі ету арқылы 
көп нәрседен ұтпасақ, ұтылмаймыз. 
Халықтың дәстүрі, тілі, ділі  сақталса, ұлттық санасының сақталатынын 
жақсы  түсінген  Бауыржан  атамыз  өзінің  саналы  өмірін  қазақ  халқының 
ұлттық болмысын сақтап қалуға жұмсады. 
Б.Момышұлының  сөздің  құдіретін  түсінуге,  халықтың  салт-дәстүрін 
құрметтеуге  арнап  жазған  қанатты  сөздері,  мақал-мәтелдерінің  тәрбиелік 
мәні  өте  жоғары.  «Сөз  қадірі  –  өз  қадірі,  өз  қадірі  –  ел  қадірі»  деп  сөз 
қадірін терең түсінген батырдың сөздерін сабағымызға дәйексөз етіп алып, 
батырдың төмендегі нақыл сөздерінің мағынасын терең бойлай оқыту – бала 
тәрбиесіне мол ықпал етері сөзсіз.
– Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу – сатқындық!
–  Дәмді,  дәстүрді  сыйламай  өскен  балалардың  қолына  қылыш  берсе, 
кімді де болса шауып тастауға даяр.
– Көкпар, бәйге, аударыспақ-батылдыққа, ептілікке баулитын, бұлшық 
етті шынықтыратын, құмарлықты оятар, есеппен тәуекелге бел байлауға, тіпті 
өзінің ары мен тағы үшін өлімге бас тігуге дейін баратын дәстүрлі спорттық 
ойындар. Бұл ойындардың игілікті екеніне ешқандай күдік болмауға тиіс.
– Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-
бабамызды, тарихымызды ұмыту. 
Бауыржан  Момышұлы  жайлы    оқытуды  3  бөлімге  бөліп,  «Аза-
мат,  «Қаламгер»,  «Қаһарман»    деп  қарастыру    дара  тұлғаның  өмірі  мен 
шығармашылығы  туралы  жүйелі  де  жан-жақты  білім  беруге  мүмкіндік 
береді. 
Халық  қадірлісін  ардақтайды, құрметтейді,  содан үлгі алуға тырысады.
Сондықтан ғибратқа толы істері бар, өжеттігі мен өрлігі ерен,  жүріс-
тұрысы мен сөйлеген сөзі мен терең мағыналы ойлары бар Бауыржан ата-
мызды  үлкен  өнеге  мектебі  деп  бағалап,  мектеп  қабырғасында  оқытудың  
маңызы зор.
Көпжылдық  іс-тәжірибемде  Бауыржан  батырдың  өнегелі  өмірін 
оқушыларға  үлгі  етіп,  Отансүйгіштікке,  ерлік  пен  батылдыққа  тәрбиелеу 
мақсатында  тәрбие  сағаттарында,  сыныптан  тыс  оқу  сабақтарында 
шығармаларын  оқытып  жүрмін.  Атамыздың  тіл  туралы,    тәрбие  мәселесі 
бойынша  айтқан  ойларын    қазақ  тілі  мен  әдебиеті    сабақтарында  мәтін 
ретінде пайдаланып,  мән-мағынасын ашып көрсетіп, тәрбие құралына ай-
налдыру арқылы оқушының танымдық белсенділігін арттыруға ықпал жаса-
дым десем артық айтқаным емес. 
5–9  сынып аралығында берілетін факультативтік сабақта оқушыларды 
ұлттық құндылықтарды бағалап, құрметтеуге және өнерді сүюге тәрбиелеу 
мақсатында  Батырдың  домбыра,  ерлік,  бірлік  жайлы  айтылған  көркем  ой-
ларын  жиі  пайдаланып,  Бауыржан  Момышұлының  ұлы  тұлға  екенін  ба-
рынша  ұғындыруға  күш  салдым.    Мысалға  Момышұлының  «Домбыраны 
қастерлей  білмеген  қазақтың  баласы  туған  халқының  жанын  білмейді. 
Ал халықтың жанын түсінбеу деген тамыры шабылған ағашпен тең. Он-
дай ағаш жапырақ жайып сая да болмайды, жеміс те бермейді. Қолына 
домбыра ұстаған балаға имандылық пен дарындылықтың жылуы дарып, 
катыгездіктен аулақ болады». деген сөзін алдым. 
«Аңыз адамды»  ардақтау –  ұлттық құндылықтарды  ұлықтау  екендігіне 
жете мән беріп, болашақта жастарға сапалы білім, саналы тәрбие беру ісінде 
іс-тәжірибемізде кеңінен қолданамыз деген ойдамын.
Алматы облысы
Қарасай ауданы
Қаскелең қаласы.


жүктеу 4,55 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   50




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау