Мазмұны Кіріспе I



жүктеу 0,5 Mb.
бет1/5
Дата07.02.2020
өлшемі0,5 Mb.
#28521
  1   2   3   4   5

Мазмұны

Кіріспе...........................................................................................................3

I. Экономикалық қауіпсіздік жэне оны қамтамасыз етудің экономикалық мазмұны

1.1. Экономикалық қауіпсіздік мәні жэне мазмұны............................................5

1.2. Экономикалық қауіпсіздік қамтамасыз ету әдістері мен

құралдары...............................................................................................................14

1.3. Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі кеден органдарының атқаратын қызметтері............................................................................................17



1.4. Кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтар - елдің

экономикалық қауіпсіздігінің нақты қауіптері...................................................33


II. Қазақстан Республикасы кеден органдарының экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде шетел мемлекеттері кеден органдарымен жэне халықаралық кедендік ұйымдармен ынтымақтастығы

2.1. СЭҚ-тарда кедендік-саудалық реттеуге қатысатын ұйымдар...................42

2.2. ҚР-ның өзге елдермен халықаралық кедендік ынтымақтастығының кұқықтық негіздері................................................................................................60

2.3. ЕурАзЭҚ елдері шеңберіндегі кедендік ынтымақтастық........................69


III. ОҚО бойынша кеден басқармасының экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі қызметін талдау және жетілдіру жолдары

3.1. Кеден органдарының құқық бұзушылықтарына қарсы атқарылған іс

- шараларын талдау................................................................................................76

3.2. Оңтүстік Қазақстан облысы кеден басқармасының контрабанда жэне

кедендік құқық бұзушылықтарымен күрес бөлімінің

қызметін талдау......................................................................................................80

3.3. ОҚО кеден басқарамасының қызметін жетілдіру жоспары...................89
Қорытындылар мен ұсыныстар.......................................................................95

Қолданылған әдебиеттер....................................................................................97

Кіріспе
Қазақстан өзінің тәуелсіздігін алмай тұрып, мемлекеттің алдында қазіргі уақыпағыдай проблемалар мен переспективалар анағұрлым маңызды болмаған. Себебі барлық мәселелер орталықты шешімін табатын болған. Ал еліміз өз алдына егемендік алған соң оның негізгі мүддесі болып, мемлекеттің жан-жақты дамуы табылды. 1990 жылдардың басында және орта шенінде ел халқының элеуметтік хал-ахуалы, экономиакалық дамуының тенденциясының төмендеуі, яғмн экономикалық дағдарыс ерекше байқалды. Осы дағдарыстан шығу ұшін, елдегі экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, мемлекет әрі қарай даму үшін белгілі стратегиялық маңызды шаралар жасау керек болды. Осындай кедендік саясаттың бір тармағы- халықаралық кедендік ұйымдармен, жекелеген елдермен мемлекеттің кедендік байланыс орнатуы.

Әлемде әлемдік және аймақтық маңызға ие халықаралық ұйымдар бар.

Соның ішінде, осы дипломдық жұмыста қарастырылған ұйымдарды атап өтуге болады: Дүниежүзілік Сауда ұйымы, Дүниежүзілік Кеден ұйымы, ЕуроАзиялық Экономикалық қауымдастық. Бұл ұйымдардың негізгі мақсаты оған мүше елдер арасында тауар айналымын жоғарлата отырып, сол арқылы халықаралық сауданың дамуына әсер ету.

Бұл ұйымдар Қазақстан үшін үлкен маңызды рөлі атқарады. Бұл ұйымдарға мүше болу, ондағы мүшелікті тиімді пайдалану Қазақстан үшін аса маңызды болып табылады. Қазақстан осы ұйымдардың белсенді мүшесі бола шырып, өзін халықаралық аренада мықтап орнықтырады.

Менің дипломдық жұмысымның негізгі мақсаты жоғарыда көрсетілген халықаралық кедендік ұйымдардың жұмысын және мемлекеттің экономиаклық кауіпсіздігін қамтамасыз етудегі оның қызметіне талдау жасау және ондағы кеден қызметінің алатын орны туралы мәселелерді қарастыру.

Мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету дегеніміз - бұл елдің экономикасын тұрақты деңгейде ұстап түру және дамыту. Сол аркылы мемлекеттің өмір сүргіштігін жүзеге асыру, басқа елге деген экономикалық тәуелсіздікті жою арқылы экономикалық егеменділікті сақтауға тырысу. Жалпы бұл дипломдық жұмыста келесідей мэселелер қарастырылған:

- Экономикалық қауіпсіздікті қамтамсыз ету туралы мәселелер;

- Экономикалық қауіпсіздікті қамтамсыз етудегі кеден органдарының рөлі;

- Қазақстан үшін Дүниежүзілік Сауда ұйымына қалай кіру керектігі туралы мәселелер;

- ДСҰ-дағы мүшелікті қалай пайдалану керектігі туралы мәселелері;

- ЕурАзия црмлекеттерінің алдына қойған мақсаттарын жүзеге асыру туралы мәселелері;

- ОҚО бойынша Кеден Басқармасының Контрабандамен және кеден ережелерін бұзушылықтармен күрес бөлімінің экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі атқарған іс-шаралары және жетілдіру жолдары туралы мәселелер.

Осындай мәселелердің шешімін табу менің дипломдық жұмысымның негізгі мақсаты болып табылады.

I.Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігі, оны камтамасыз етудегі кеденнің рөлі

1.1. Экономикалық қауіпсіздік мәні және мазмұны

XX ғасырдың соңында Қазақстан саяси тәуелсіздігін ала отырып күрделі экономикалық процестермен тоғысты. Әлеуметтік-экономикалық реформалардың негативті зардаптары кез-келген мемлекет тұрғынының өміріне кауіп, экономикалық тұрақтылыққа қатер төндірді.

Әлемдік экономикадағы соңғы өзгерістер- террористік ұйымдар қызметтерінің күшеюі, биологиялық қару-жарақтардың жаңа түрлерінің пайда болуы, ядерлік қарулардың кең жаюлуы- әр бір адамға тек жеке бас емес, сонымен қатар, ұлттық қауіпсіздікті түсінулерін мәжбүр етті.



Ұлттық қауіпсіздік- ішкі және сыртқы себептер әсерінен қоғамның өмір сүру аумақтары мен әр түрлі салаларында пайда болатын оның түпкілікті ұлттық-мемлекеттік мүдделері мен өзінің тіршілік етуіне қауіпті жою немесе болдырмауды қамтамасыз ететін жағдай.

Ұлттық қауіпсіздіктің ерекшеліктері:

Біріншіден, ұлттық қауіпсіздік түсінігі нақты- тарихи мазмұнға ие, яғни нақты жағдайға нақты талдау қажет қажет екенін талап етеді. Бұл талдау қай салалара қауіп бар және оның қауіпсіздік дәрежесі қандай екенін анықтауға мүмкіндік береді.

Екіншіден, ұлттық қауіпсіздік белгілі бір сипатқа ие. Экономикалық қауіпсіздік кері өлшемдермен, яғни оған қауіп төндіретін, қандай да бір қиыншылықтармен сипатталады.

Үшіншіден, ұлттық қауіпсіздік мәні және оның қаупті проблемалары мемлекеттің, жекелеген аймақтардың және әлемдік ынтымақтастықтың дамуы кезінде өседі.

Төртіншіден, ұлттық қауіпсіздіктің критерийлері мен параметрлері, оның әр елде әр түрлі екендігіне қарамастан соңында ол экономиканың жалпы тенденциясымен және адамзаттың әлеуметтік тенденциясымен тығыз байланысты.

Бесіншіден, ұлттық қауіпсіздіке мәнінің мазмұнына әдетте ұлттық мемлекеттік мүдде мен ұлттық идея әсер етеді. Ұлттық қауіпсіздік экономикалық қауіпсіздікке қарағанда мағынасы өте кең. Ол өзіне қорғанысты, экономиканы, энергетикалық қауіпсіздікті қосады.

Ұлттық қауіпсіздіктің еңбасты факторлардың бірі экономикалық қауіпсіздік.

Ресевдің атақты экономисіті Л.И. Абалкин "Экономикалық қауіпсіздік" түсінігін аша келіп, келесі үш басты элементін ашып көрсетті: экономикалық тәуелсіздік; ұлттық экономиканың тұрақтылығы; өзінің дамуға және прогреске қабілеттілігі;

Экономикалық қауіпсіздік мәнін түсіну үшін оның «даму» және «тұрақтылық» түсінігімен тығыз байланыстылығын анықтап алу қажет. Бұл түсініктер экономикалық қауіпсіздіктің басты сипаты және экономикалық қауіпсіздіктің басты атрибуты болып табылады. Даму - бұл экономикалық қауіпсіздіктің компоненттерінің бірі. Егер экономика дамымаса, онда оның өмір сүргіштігі бірден төмендейді. Сонымен қатар ішкі және сыртқы қауіптерге деген қарсы тұрушылығы төмендейді.

Тұрақтылық және қауіпсіздік бір жүйенің маңызды элементтері болып табылады.

Қауіпсіздік бұл обьектінің өзіндік өмір сүргіштікке және дамуға қабілеттілігіне сыртқы және ішкі қауіп кезіндегі байланыстылығы.

Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігі - бұл экономикалық қатынастарды қорғау, халықтық өмір сүру қабілеттілігін жоғарылату, экономикалық жағдайы, мемлекеттің қатысуымен экономиканы сыртқы және ішкі қауіптен сақтау болып табылады. Қазақстанда экономикалық кауіпсіздік қатерлері мыналардан айқын: экспорттың шикізаттық бағыты; халықтың әлеуметті қорғалмаған топтарының өмір сүру денгейінін төмендігі; орта және кіші кәсіпкерліктің әлсіз дамуы. Мемлекеттің экономикалық қызығушылығын қорғау және қауіп қатерге қарсы түру мақсатында ҚР Президентінің Указымен 2001 жылдың 7 ақпанынан бастап «2001-2005 жж. Қазақстанның экономикалық қауіпсіздік стратегиясы» бекітілді. Бұл стратегияның негізгі міндеттері: нақты және потенциалды қауіп-қатерлерді анықтау; экономикалық қауіпсіздік көрсеткіштерін және олардың бастапқы мазмұнын анықтау; мүмкін болатын қауіп-қатерлерді болжау және олардың ескерту шараларын талдау; экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыру.

Бұл құжатта Қазақстанда экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағдарламасын құрудың негізгі бағыттарын береді. Мұнда экономикалық қауіпсіздік мәнін бірнеше элементтер топтары көрсетеді:

1) Мемлекеттің экономикалық қызығушылығы.

2) Экономика саласындагы қатерлер;

3) Экономикалық қауіпсіздік көрсеткіштері;

4) Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік органдар жүйесі;

5) Экономикалық қауіпсіздіктің құқықтық және заңдылық базалары. Жоғарыда келтірілген экономикалық қауіпсіздік жүйесінің элементтері

бір-бірімен байланысты және тәуелді. (Сызба 1 )



Бірінші элементті сипаттай отырып, экономикалық дамудың приоритетті бағытын таңдау негізгі мәселе екенін ескеру қажет. Қазіргі кезде Қазақстан үшін ең маңызды мақсат бұл халықаралық стандартқа сәйкес өндіру және дайын өнімді экспорттау жолымен әлемдік рынокта өзіміздің кедейшілігімізді жеңу болып табылады. Бұл үшін қажет: машина жасау және өңдеу өнеркәсіп шараларын техникалық жаңарту, ірі капитал салымдарын салу; жоғары білікті кадрлар; жаңа технологияларды күштеп ендіру. Бұл жағдайлардың орындалмауы мемлекетке әлемдік экономиканың ірі шикізаттық базасы болып калу қауіпі бар.

Сонымен қатар, Қазақстанның экономикалық қызығушылық кұрылымындағы элементтеріне мыналар жатады: халықтың өмір сүруін белгілі бір деңгейге дейін жеткізу; сыртқы сауданың балансты құрылымы; тұрақты қаржылық жүйесі; мемлекеттік реттеудің тиімді жүйесі; қаржылық қолдау және ғылыми-техникалық потенциалдың аса дамуы; заңдылық базаны жетілдіру. Әрине, бұл мемлекеттің экономикалық қызығушылығы қорғалады, егер де экономикалық қауіпсіздік жүйесінің екінші блогы болып табылатын болжамдалған қатерлер өз уақытысында анықталса. Қатерлерге мыналарды жатқызуға болады: халықтың өмір сүру деңгейіне және экономиканың жалпы қызмет етуіне әсер ететін теңге курсының және әлемде мұнай бағасының күрт түсуі.



Үшінші жүйе экономикалық қауіпсіздік көрсеткіштері, бұл мемлекеттің экономикалық қауіпсіздік жағдайын және қауіп -қатерлердің сандық формасын анықтайды. Мемлекет бұл көрсеткіштерді талдап алып, мүмкін болатын қауіптерді анықтауға және макроэкономикалық реттеу шараларын түзеуге мүмкіндігі бар. Бұл көрсеткіштерді бірнеше топтарға бөлуге болады:

Бірінші топ- өндірістік саланы анықтайтын көрсеткіштер (ЖІӨ көлемі, жан басына шаққандағы ЖІӨ көлемі,ЖІӨ инновациялық өнім үлесі, тұтынудағы импорт үлесі).

Екінші топ- халықтың өмір сүру деңгейінің керсеткіштері (күн көру минимумынан төмен табыс алатын халықтардың үлесі, мемлекетте өмір сүру ұзақтылығы, жұмыссыздық деңгейі).

Үшінші топ- қаржылық жағдайды көрсететін көрсеткіштер (ішкі қарыз көлемі, сыртқы қарыз көлемі, бюджет тапшылығы және т.б.)

Экономикалық қауіпсіздіктің төртінші жүйесі -экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі мемлекеттік органдар. Олардың қатарына:

қауіпсіздік Советті, ұлттық қауіпсіздік Комитетті, стратегиялық жоспарлау бойынша Агенттікті, Кедендік бақылау Агенттігін жатқызуға болады.



Бесінші блок- экономикалық қауіпсіздіктің заңдылық базасы. Бұл жүйенің негізін: «ҚР ұлттық қауіпсіздігі туралы» Заңы, «Экономикалық қауіпсіздік стратегия»Указы, «тауарларды импорттау кезінде ішкі рынокты қорғау шаралары туралы» Заңы құрайды. Осылардың ішінде ҚР экономикалық қауіпсіздік көрсеткіштерін тереңірек қарастыру қажет. Экономикалық дамудың индикаторларын және бастапқы мәнін салыстырмалы талдау экономиканың нақты жағдайын, кемшіліктерін анықтауға, сонымен қатар,оларға әсер ететін әдістерді өзгертуге мүмкіндік береді. Қазақстандағы экономикалық қауіпсіздік көрсеткіштері 2000-2002 жж.аралығы бойынша келесі кестеде берілген.

Экономикалық қауіпсіздіктің негізгі көрсеткіші-ЖІӨ көлемі 2000 ж 2016,5 млрд тг, бұл 1990 ж ЖІӨ көлемінен 81,5 % құрады. 2002 ж. ЖІӨ көлемі өсті және де 2596,0 млрд. Тг., бұл 1990 ж ЖІӨ көлемінен 103,3% құрады. ЖІӨ көлемінің өсуі әлемдік шикізат рыногында жақсы жағдайларға мүмкіндік туғызды.

Экономикалық қауіпсіздік түсінігі әртүрлі субьектігі қатысты. Мысалы: азаматтар табиғи, техника-экономикалық, инфрақұрылымдық, элементтік және факторлармен, әртүрлі тұрақтылықты және құрылымды бұзылған әсерлерден ішкі иммунитетпен және сырттан қорғанумен байланысты болады.

Сыртқы экономикалық сферада қауіпсіздік елдің әлемдік рынокта бәсекелестік қабілеттілігін, оның валюталық тұрақтылығын, мемлекеттің қаржы жағдайын білдіреді. Ашық экономика кезінде елдің әлемдік шаруашылық енуі кезінде оның негізгі проблемасы елдің экономикалық тәуелсіздігі болып табылады.

Аралас экономика кезінде, барлық шаруашылық жүргізуші субьекттілер қызметін дерективті түрде бағыттай алмай жатқанда, ҚР-экономикалық қауіпсіздігіне қолдау жасау үшін қоғамдық өндірістік процестерге тиімді әсер етуді қамтамасыз ететін белгілі бір реттеулер қажет. Ол өндірістер

«макроэкономикалық параметрлер, салалық өндіріс құрылымдары, баға және қаржы ақша ағымдары.

Экономикалық қауіпсіздік проблемаларын шешу үшін және оның «істерін анықтайтын көптеген әдістер қатарынан келесі 2-факторды бөліп араластыруға болады.

Біріншіден, бұл ұлттық экономика жағдайы, оның бәсекелестік қабілеттілігінің деңгейі.

Екіншіден, бұл элемдік шаруашылықтағы бәсекелестік деңгейі, әлемдік рыноктағы белгілі бір орын үшін күрес.

Экономикалық қауіпсіздік дегеніміз-бұл "ескі" бір орталықтан басқару және милитаризацияланған экономика емес, ол әлемдік даму "шақыруларына" тінің белгілі бір бағыты бар экономика. Рыноктық аралас экономика кезінде Ііісмлекеттің маңызды қызметі-құқық кепілі атынан кез-келген келісімдер мен юомтрактілерге сот билігі және сот шешімінің орындалуын күштеп орындату арқылы жүзеге асырылады.

Республикадағы нарық экономиканың қалыптасуына байланысты экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету проблемасы бірнеше деңгейлі қаызға ие болады. Мемлекеттік экономикалық қауіпсіздігіне обьективті түрде ғана емес, сонымен қатар субьективті түрде де бірнеше факторлар әсер етеді, мысалы, белгілі халықаралық саяси және экономикалық ұйымдар қызметінің, шетел мемлекеттерінің, арнайы қызметші мекемелердің, ірі фирмалардың және корпорациялардың және жекеленген жоғары тұлғалардың қызметтері. Қауіпсіздіктің негізгі обьектілері мыналар: жеке адам-оның құқығы және ірюмдігі; Қоғам оның матералдық және рухани құндылығы; мемлекет -оның юнституциялық құрылысы, егемендігі және территориялық бір тұтастылығы. Мемлекеттің экономикалық жүйесі күрделі иерархиялық құрылымды білдіретін болғандықтан экономикалық қауіпсіздік обьектілері болып, экономикалық қатынастың әртүрлі деңгейі табылады. -макроэкономикалық деңгей елдің экономикасы

-аймақтық және салалық деңгейлер-Республика обьектілерінің және шалар экономикасы,

-микроэкономикалық деңгей-рынок агенттері,

-жанұя және жеке адам деңгейі-елдің әрбір азаматының экономикалық Көрсетілген экономикалық обьектілердің мүддесі өзара байланысты және әсеріне байланыста болады.

I Қазақстандағы экономикалық қауіпті жою үшін мемлекет саясаты экономикалық дамуға бағыт алуға қажет. Экономикалық факторларды дұрыс бақылау-саясат және соғыс сферасында қауіптердің шиеленсуіне әкеліп соғуы ықтымал. Мұндай қауіп ішкі және сыртқы сипат түрінде туындайтындығына

көзіміз жетеді. Дамыған экономика, елдің өмір деңгейінің төмендегі, мамандар біліктілігінің төмендегі және ең бастысы макро, микро деңгейдегі экономикалық ішкі саяси билікті қолдана отырып жемқорлыққа жақындығы — Қазақстанның қауіпсіздігін құрайтын факторлар болып табылады. Сондықтан экономикалық имудағы ішкі қайшылықтарға ерекше көңіл аудару керек.

Сол сияқты, қауіпсіздік әртүрлі формаларда көрініс алуы мүмкін, соғыс, пен факторлардан бастап әлеуметтік, қаржы, сауда ақпарат факторларына кйім: бұлардың әрқайсысы өз бетінше іске асырылып отырады. Мұндай автономды режимнің болуы, біздің ойымызша, экономикалық тәуелділіктің негізгі сауда, қаржы техника сияқты факторларын, сонымен қатар азық-түлік дағдарысы, экология, қылмыстың өсуімен байланысты экономикалық қауіптерді ұйымдастыру туындайды.

Сауда тәуелділігі екі вектордың нәтижесі болып табылады.: бір жағынан сауданың өнеркэсібі дамыған елдерге тәуелділігі, ал екінші жағынан әлемдік нарықтағы циклдік өзгерістерге тәуелділігі. Дамушы елдердің тәжірбиесі бойынша, шетел капиталы қатаң мемлекеттік реттеу жағдайында да сыртқы сауданы өзіне жағымды бағытта жүргізудің бағыттарын табады.

Жүзеге асыру құралдары ретінде несиелік саясат және банктік бақылау қолданылуы мүмкін. Тәуелділік модельдері әр түрлі болуы мүмкін:

инвестицияланған тауарларға арналған негізгі қорлар тек солардың фирмалары арқылы алынады: өнеркәсіптік, ауыл шаруашылығының және басқа да салалардың құрамына реттеу, яғни саясаттың негізгі инвесторлар елдердің ұлттық мүдделерінен және олардың нарық көлемінен тұрады, мұндай экономикалық саясаттың арам ниетке істелген әрекет екендігіне талас болуы сөзсіз. Шетел мемлекеттерінің сыртқы экономикалық шараларының өзіндік ішкі мақсаты болғанымен, бірақ оған жеткізген тиімділік біркелкі емес.

Мысалы. Қазақстан үшін белгілі бір келісім тек қана бір стратегиялық мақсатқа қызмет етуі мүмкін. Мысалы, сауда балансын жақсарту және шетел валютасының ағымың көбейту, ал дамыған ел бірнеше мақсаттарын іске асырады.

Сауда осалдылығымен қатар, Қазақстан үшін қаржы-экономикалық байланыстар да қауіпсіздік үшін қатер болуы мүмкін және оның салдары топжақты болып келеді.

Капиталдың және еңбектің төмен деңгейіндегі өнімділігі ең кемінде жағдайы өндірісті де қамтамасыз ете алмағандығы және технологиялық, өнеркәсіптік потенциялдың деграциялық құрамы негізгі өңдеуші бөліктердің

алдына аман қалу мәселесін қойып отыр. Шаруашылық жабдықтарының барлығы қазіргі кездегі талаптарға сәйкес емес, ал көбісі тез уақытта жаңа ресурсты үнемдейтін жабдықтарға ауыстыруды талап етеді. Бірақ республиканың осалдығынан қамтамасыз ету тек қана халық шаруашылығының салдарында негізгі қорларды жаңартумен ғана шектелмейді. Ұлттық нарық шеңберінде капиталды шынайы қорландыру процесі өте шындатылған және оның күрделі де жаңа ыңғайын табуды талап етеді.

Индустрияның жаңа кезеңі шектуі жоқсақ ең тәуір дегенде біз өндіріс барысын бұрынғы көлемінде және бұрынғы техникалық базада қайталамаймыз, ол болса капиталситік өндірістік тәсілінің көбейту үшін сырттан көмек қажет.

Дамушы елдің экономикасында сыртқы қарыздар үлкен үлес алады.

Шетел капиталын орналастырудың нақты концепциясының болмауы, яғни табыс қарқынының өсінің жеткіліксіздігі қайтадан қарыз алуға мәжбүр етеді.

Бір жағдай төлем қабілеттілігінің дағдысына және қаржы қиындықтарының

ұзаққа созылуына әкеліп соқтырады. Несие беруші банктер қарыз елдер экономикасына араласа отырып, экономикаға "шипалы" құралдарды ұсынады.

Осылайша, есебін тауып, ол елді тәуелділікке әкеледі, басқаша айтқанда орталықтар реттейтін болады.

Экономикалық қылмыстардың қазіргідей өсу жағдайына реформалардың ойдағыдай және табысты жүзеге асырылуын мүмкіндік болмайды. Сондықтан, өкімет функцияларын атқару бөлімі берілген күшті меншікті мақсаттарды колдану экономикалық қауіпсіздіктің бірден-бір қатері болып табылады. Басқарушылар қолда бар күшін, өзіндік мүдделерін және беделін сақтау үшін қолданылады, бұл жеке азамат үшін және жалпы қоғамға қауіп-қатер келтіреді.

Басқа мемлекеттер, ең алдымен ТМД елдері арасында төлемдер және өзара міндеттемелер жайлы келісімге келу экономикалық қауіпсіздіктің және қаржылық тұрлқтылықтың бірден-бір факторы болып табылады.

Нарық қатынастарына көшу және сонымен байланысты республикадағы жономикалық жағдайдың өзгеруі экономикалық және мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ететін құқық негіздерін жақсартуды талап етеді.

Оларды іске асыруды мемлекеттік басқару органдарды орындайтын болғандықтан, өзгермелі экономикалық жағдай ұйымдастырушылық кұрылымының реформалануын қажет етеді, сонда экономикалық өркендеуге, экономикалық қауіпсіздікке жэне ҚР -ның қауіпсіздігіне тиімді түрде әсер етуге мүмкіндік туындайды.
1.2 Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде кеден органдарының ролі

Мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде кеден органдары үлкен роль атқаралды. Кеден органдары сыртқы сауда айналымын реттеуге қатыса отырып, сонымен қатар фискалдық функцияны жүзеге асыра отырып, ол мемлекет бюджетін толықтырады және сол арқылы мемлекеттің экономикалық проблемаларын шешуге көмектеседі.

Кеден органдары протекционистік шаралар арқылы мемлекеттің өндірісін қорғайды. Қазіргі кезде ҚР-ның экономикасы ашық болғалы бері бұрынғығы қарағанда ҚР-ның экономикалық қауіпсіздігі күрделі проблемаға айналады.

Оны қамтамасыз етуге сәйкес кеден органдарының құзіретіне келесілер тиесілі болып табылады:

1. ҚР кеден саясатын құруда оны жүзеге асыруға қатысады.

2. Заңдылықты қамтамасыз етуді, кеден ісін жүзеге асыруды азаматтарды кеден органдарының, мемлекеттік және ұйымдардың мүдделерін мен құқығын қорғауға шаралар қолданылады.

3. ҚР экономикалық негізі болып табылатын ҚР-ның экономикалық қауіпсіздігін өзінің құзіреттілігі шегінде қамтамасыз етеді;

4 ҚР экономикалық мүдделерін қорғайды:

5.Сауда-экономикалық қатынастарды реттеуде кедендік реттеудің құралдарын пайдаланады.

6. Кеден салықтарын, баждарын және т.б. кеден төлемдерін алады.

7. ҚР -ң кеден территориясының өткізілетін тауарлардың өткізу тәртібін қамтамасыз ету.

8. Контрабандамен, салық заңдылықтарын және кеден тәртібін бұзушылықпен, кеден шекарасы арқылы наркотикалық заттардың, қарулардың, ҚР және шетел мемлекеттерінің халық жинаған архиологиялық, тарихи, көркем заттардың, жоғалып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктер және т.б. тауарлардың заңсыз айналысымен күрес жүргізеді, сонымен қатар халықаралық терроризммен күресуде көмек береді.

9. Кедендік ресімдеу ҚР-ның кеден территориясынан өтетін тауар айналымын тездетуге жағдай жасайды:

10. Кедендік сыртқы сауда стратегиясын жэне арнайы статистиканы жүргізеді;

11.СЭҚ ТН жүргізіледі;

12.СЭҚ субьектілерінің, сонымен қатар азаматтардың, ұйымдардың, мекемелердің жэне кеден органдарының СЭҚ -ын дамытуға көмектеседі:

13.Мемлекет қауіпсіздігін, қоғамдық тәртіпті, адам денсаулығы мен өмірін, жануарлар мен өсімдіктерді, сырттан келетін тауарлардан қазақстандық тұтынушылар мүдделерін қорғаудағы шараларды жүзеге асыруға көмектеседі.

14.Қазақстан мүддесіне стратегиялық маңызы бар материалдардың сыртқа әкелуін бақылауда жүзеге асырылады.

15.Өз құзіреттілігі шегінде валюталық бақылауда жүзеге асады.

16.ҚР-ның халықаралық міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді, ҚР-ң халықаралық келісім-шарттарын жасауға қатысты, шетел мемлекеттерінің кеден және т.б. компоненттері органдарымен, халықаралық Ұйымдармен кеден ісі сұрақтары мен айналысатын, ынтымақтастықты жүзеге асырады.

17.Кеден ісі саласында консультативтік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

18.ҚР Президентінің, Парламентінің, Үкіметінің және т.б. мемлекеттік органдардың, кеден органдарының, мемлекеттік және азаматтардың кеден сұрақтары бой ынша мәлеметтерін тәртіппен жүзеге асырады.

19.Біртұтас қаржы-шаруашылық саясатты жүзеге асырады, кеден органдарының әлеуметтік және материалдық-техникалық базасын дамытады.

Қазақстанның кеден қызметінің приоритетті бағыты болып, құрылған бағдарламада белгіленгендей, мыналар табылады: фискалды және құқық шушылық функцияны жүзеге асырады, кедендік бақылау және кедендік ресімдеу технологиясын жетілдіру, мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін оның экономикалық мүдделерін қамтамасыз етеді.

ҚР экономикалық қауіпсіздігін күшейтуде барлық мемлекеттің органдар қызмет атқарады, бұл олардың Конституциялық қызметінің бірі болып табылады. Кеден органдарының қүзіретіне ҚР-ң экономикалық қауіпсіздігінің келесідей сұрақтары кіреді: контрабандамен, заңсыз валюталық операциялармен, кеден тәртібін бұзушылықтармен күресу, мемлекеттік бюджетті толықтыру жэне мемлекеттің экономикалық мүддесін және СЭҚ қатысушылардың мүддесін қорғауға мемлекеттік реттеу шараларын датамасыз ету.

Мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде кеден адамдарының басты қызметі бұл белгіленген кедендік құқықтық нормаларды да ау үшін барлық қоғамдық қатынастар қатысушыларына әсер ету. Мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігі, оның экономикалық мүдделері өзіне оны қорғаудың әртүрлі аспектілер бар. Мысалы, ішкі және сыртқы экономикалық мүдделер.

Ішкі экомомикалық мүдделер өндірісті және ауылшаруашылығын

дамыту мен байланысты болуы мүмкін. Сонымен қатар көлікті және шанысты дамытумен байланысты болады, т.б. кеден органдары өздерінің құралдарымен және өзіне тән әдістерімен аталғандардың және олардың пайда болған кәсіпорынның және шаруашылық жасаушы ұйымдардың, мемлекеттік кәіпорынның және шаруалшылық жасаушы ұйымдардың мемлекеттік, аймақтық нақты мүдделерін қорғауға арналған.

Кеден органдарының экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және мемлекеттің экономикалық мүддесін қорғау үшін қолданылатын құралдарымен әдістерін екі топқа бөлуге болады.

Құқықтық реттеу құралдары және құқық қорғаушылық қызмет әдісі. Мұндай жағдайда кеден органдарының заңдылықты бұзуға бағытталған әрекеті мыңға сәйкес өкіметтік билікті пайдалана отырып, құқықтық күшейту, яғни санкциялар. Қорғау шараларын қолдану. Бұл топ кеден органдарының құқық шаруашылық қызметін құрады.

2. Сыртқы сауда қатынастарын экономикалық реттеу құралдары

1 және әдістер. Олар: тарифтік реттеу (кеден төлемдері, алымдар, салықтар, кеден құнын анықтау әдістері, валюталық бақылау, тауардың шыққан жерін анқтыау және т.б.) және тарифтік емес реттеу (эмбарго, әкелуге тыйым салу немесе тауарларды шығаруға, тауарларды әкелуге және әкетуге шектеулер: лицензиялар, квоталар, сертификаттаушылар және т.б. шектеулер).

Кеден органдарының экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету сатысында қолданылатын кедендік реттеулер өзіне құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шаралары мен бағдарламаларды қосады.

әлеуметтік қатынастарды қамтамасыз ету және дамыту процесін оптималдау үшін, ұлттық экономиканы дамытуды ынталандыру және бұл экономиканы бұған сырттан келетін деструктивті элементтерден шеттету үшін қолданылады.


жүктеу 0,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау