89
www
.kazmektep.kz
Жоғарыда аталған метақағидалық заңдылықтар жеке тұлғаның жал-
пы адамзаттық мәдениетпен үйлесімділікте дамуын – тәрбиенің руха-
ни құндылық негіздеріне байланысты қарастырылады. С.Т. Шацкий мен
В.А. Сухомлинскийдің тұжырымдамасы бойынша аталған заңдылықтан
тәрбиенің тағы бір метақағидасы – гуманистік көзқарастың рухани
мәдениетпен үйлесімділігі қағидасы келіп туындайды. Бұл қағида бойын-
ша гуманистік көзқарас жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделуі ке-
рек және этникалық, діни мәдениеттерді ескере отырып, адамның рухани
мәдениеттің түрлі салаларына (тұрмыстық, дене, сексуалды, материалдық,
рухани, саяси, экономикалық, интеллектуальды, адамгершілік, т.б.) үйренісу
мәселелері шешілуі тиіс. Жоғары оқу орындарының студенттері өздерінің ру-
хани мәдениеті деңгейі бойынша қоғамның дамушы және өзін-өзі дамытушы
объектісі болып саналады.
Қазақстан Республикасында жоғары білім беруді гуманитарландыру
тұжырымдамасында студенттердің тәрбие жұмысының отаншылдықты,
олардың экологиялық жауапкершілік сезімін, адамгершілік тәрбиесінің
ізгіліктік мазмұнын қалыптастыру, ұлттық рухани құндылықтарды
бүкіладамзаттық құндылықтар контекстінде қарастыру мәселелеріне
мемлекеттік дәрежеде қарауға басты назар аударылған. Сонымен бірге,
гуманистік көзқарас қалыптастыру мақсаттары, мазмұны және әдістері нақты
социумда тарихи қалыптасқан дәстүрлер мен әлеуметтену стилін ескер-
ген жағдайда ғана, атап айтқанда, жоғары оқу орны студенттерінің рухани
мәдениетін үйлесімді қалыптастырғанда ғана мәнді болатыны көрсетілген.
Жоғары білім мазмұны мен мәдени өмірдің талаптарына жауап беру
мақсатында студенттер белгілі бір оқу мазмұнын таңдауға құқылы.
Олай болса, жоғары оқу орындарында студенттердің гуманистік
көзқарасын қалыптастыру арнайы ұйымдастырылған педагогикалық
үдерістерге және шарттарға тәуелді болады. Педагогикалық үдерісті
ұйымдастырудың тиімділігі оқыту үдерісінің екіжақтылығының қызметтік
қатынасына байланысты тұлғаны қалыптастыру әрекеттерін басқару
стиліне байланысты. Гуманистік көзқарастың мақсат-міндеттерінің бұрма-
ланбауы және олардың сезімдік деңгейде шешілмеуі педагогикалық өзара
әрекеттесудің дұрыс қойылуына тікелей қатысты. Сондықтан, бүгінгі күні
педагогика ғылымында гуманистік метақағида – жеке тұлғаның дамуы-
на бағытталған гуманистік көзқарасты қалыптастырудың теориялық және
тәжірибелік мазмұнын анықтауда тәрбие үдерісінің тұтастық ұстанымы мен
әрбір халықтың ұлттық-рухани құндылықтар мазмұнына бағдарлану күн
тәртібіне қойылып отыр.
Әдебиет
1. Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2005–2010
жылдарға арналған бағдар-
ламасы. – Астана, 2004. – 12–19-б.
2. Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы. – Алматы:
Қазақстан, 1994. – 91-92-б.
3. Концепция этнокультурного образования Республики Казахстан//
Казахстанская правда
(7 августа 1996 г.). – Алматы, 1996. – С. 35–40.
4. Коменский Я.А. Великая дидактика//Избр. пед. соч. – М.: Учпедгиз, 1955. – С. 118–120.
5. Ушинский К.Д. Педагогические сочинения: В 6 т. //Составитель Федоров С. – М.: Педа-
гогика, 1988. – Т. 2. – С. 112–125.
6. Сухомлинский В.А. Рождение гражданина // Избр. пед. соч.: В 3 т. – М., 1979. – Т. 1. –
С. 54–63.
7. Волков Г.Н. Педагогика жизни. – Чебоксары, 1989. – С. 17–21.
8. Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалары. – Алматы, 1994. – 284-б.
9. Құнанбаев А. Білімдіден шыққан сөз. Шығармаларының екі томдық толық жинағы.
– Алматы, 1977. – Т. 1. – 115-б.
10. Аймауытов Ж. Психология. – Алматы: Рауан, 1987. – 305-б.
11. Байтұрсынов А. Шығармалары. – Алматы, 1989. – 320-б.
12. Жұмабаев М.Педагогика. – Алматы, 1992. – 160-б.