Каз Мектеп-12-2016. indd


www .kazmektep.kz БІЛІМ  САЛАСЫНДАҒЫ  МУЛЬТИМЕДИЯ



жүктеу 4,55 Kb.
Pdf просмотр
бет47/50
Дата15.05.2018
өлшемі4,55 Kb.
#13931
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50

96
www
.kazmektep.kz
БІЛІМ  САЛАСЫНДАҒЫ  МУЛЬТИМЕДИЯ
Сәуле   НАЗАРБЕКОВА, 
Гүлмира  ОРЫНБАСАРОВА,
«ӨРЛЕУ» БАҰО АҚ филиалы   ОҚО бойынша 
ПҚБАИ аға оқытушылары
Д
идактикалық  оқыту  жүйелерiн  қалыптастырудың    перспективалық 
бағыт-тарының  бiрi  –  мультимедиалық  технологияларды  оқыту 
үдерісiнде  пайдалану.  Жалпы  алғанда,  мультимедиалық  технологиялар-
ды  бiлiм  беру  саласында  игеру  және  тиiмдi  пайдалану  қазіргі  кезеңдегі 
қажеттiлiк болып саналады. Осы қажеттiлiктерге байланысты атқарылатын 
iс-әрекеттер: 
– мультимедиалық технологияларды тиiмдi пайдалана алатын мұғалiмдер 
даярлау;
– жоғары оқу орындары мен мектептің ақпараттық технологиялар база-
сын үнемi жаңартып отыру
–  оқу-әдiстемелiк  жұмыстарды  бiлiм  берудi  дамытуға  бағытталған 
бағдарламалар негiзiнде жүргiзу. 
Мультимедиа  әртүрлі  типті  ақпараттарды  өңдеу  мен  ұсынудың  тиімді 
құралы  болып  табылады.  Сондықтан  да,  мультимедиаға  сипаттама  беру, 
оның ерекшелігін анықтау үшін алдымен, информатика ғылымы зерттейтін 
ақпарат, ақпараттандыру, ақпараттық үдеріс ұғымдары, ақпарат түрлері және 
оларды ұсыну әдістері қарастырылуы қажет.
Мультимедиа  –  әртүрлi  формада  ұсынылған  ақпараттарды  бiрiктiруге 
мүмкiндiк  беретiн  компьютердiң  аппараттық  және  бағдарламалық құрал-
дары кешенi (И.И. Косенко).
Мультимедиа –  графика,  гипермәтiн,  дыбыс,  анимация, бейнеақпарат-
тарды  пайдалануға мүмкiндiк туғызатын  аппаратты-бағдарламалық  құрал  
(И.Вернер).
Мультимедиа терминi латын тiлiнiң “multy” (көп) және “media” (орта) 
деген  сөздерiнiң  бiрiгуiнен  құралған, сондықтан  мультимедиалық  жүйеге 
арналған  оқулықтарды,  ғылыми  еңбектердi  талдай    келе      бұл      терминге 
„ақпараттық орта”  деген мағына беруге болады. Ал  ақпараттық орта түсiнiгiн  
белгiлi    бiр    ортада    ақпараттық    технологияларды    пайдалану  арқылы  
ақпаратты    ұсыну    мен    өңдеуге    бағытталған    арнайы  ұйымдастырылған  
үдеріс  деп  айтамыз.  Мультимедиа – компьютерлiк графикамен, суреттер-
мен, бейнеақпараттармен, анимациямен, мәтiндермен, жоғары сапалы дыбы-
стармен жұмыс iстеудi қамтамасыз ететiн интерактивтi жүйе. 
Мультимедиа: 
– ақпараттарды өңдейтін құралдарды жасаудың, пайдаланудың тәртібін 
анықтайтын технология;
–  ақпараттарды  өңдеу  мен  ұсыну  технологиясы  негізінде  құрылған 
ақпараттық ресурс;
–  ақпараттарды  өңдеу  мен  ұсынуға  мүмкіндік  беретін  компьютерлік 
бағдарламалық жабдық;
– пайдаланушыға бағдарламалық және техникалық құралдарды пайда-
ланатын ақпараттық технологиялар спектрі.
Мультимедиалық технологиялар – әртүрлi типтi мәлiметтердi дайындау, 
өңдеу,  ұсыну  әрекеттерiн  аппараттық  және  бағдарламалық  жабдықтарды 
пайдалану арқылы жүзеге асыратын технологиялар жиынтығы.
Бiлiм берудегi мультимедиа – таным үдерісiнiң жоғарылауына септiгiн 
тигiзетiн, бiлiм беру мазмұнын интерактивтi пішінде ұсынатын дидактикалық 


97
www
.kazmektep.kz
аппараттық - бағдарламалық құрал.  
Мультимедианың  бағдарламалық құралдар – кез  келген  типтегі ақпа-
ратты, интерактивтi режимде пайдалануға мүмкiндiк беретiн компьютердiң 
бағдарламалық жабдықтары.
Мультимедиалық  ресурстар  -  мультимедиалық  құралдар  және  арнайы 
бағдарламалық жабдықтар көмегiмен дайындалған ақпараттық өнімдер.
Мультимедиа    технологиясын    оқу    үдерісінде    пайдаланудың  жаңа 
бағыттарының бiрi – компьютерлiк желiлерде теле және бейнеконференция-
лар  ұйымдастыру. 
Интерактивтi негiздегi мультимедиалық технологиялар интернет желiсi 
және  Online-курстар  арқылы  ауыл  мектептерiнiң  әлемдік  ғылым,  білім 
жетістіктерінен  оқшау  қалып  қою  мәселесiн  де   шешуге  мүмкiндiк  бередi. 
Мультимедиа   құралдарына   оқыту  үдерісінде  әртүрлі  типті  ақпарат-
тарды ұсынушы  кез  келген  оқыту қ ұралдарын  жатқызуға  болады.  Атап  
айтқанда:
– дыбыстық құралдар (CD-ойнатқыш, магнитофон т.б.);
– телерадио жүйелері (телеқабылдағыш, радиоқабылдағыш, оқыту теле-
дидары, DVD-ойнатқыш т.б.);
– проекциялық құрылғылар (графопроектор, мультимедиалық проектор, 
оверхед проектор, бейнепроектор, интерактивті проектор);
интерактивті тақта;
– ақпарат көбейткіш құралдар (микрофильмдеу құралдары, ксерокс, ри-
зограф);
– компьютерлік құралдар;
–  телекоммуникациялық  жүйелер  мен  желілер  (кабельдік,  спутниктік, 
оптоволокондық желілер, т.б.).
Бұл  келтірілген  құрылғылардың  арасынан  оқытудың  жаңаша  техноло-
гиялары мен талаптарына толық жауап бере алатын кейбір мультимедиалық 
құрылғыларға ғана тоқталамыз.
Мультимедианы  оқытуда қолданудың артықшылықтары мен кемшілік-
тері.
 Мультимедиалық құралдарды оқыту үдерісіне енгізудің екі бағыты бар. 
Біріншісі,  мультимедиалық  құралдар  дәстүрлі  оқыту  әдістеріне  қосымша, 
оқыту  үдерісін  интенсивтендіру  құралы  ретінде  қолданылады.  Екіншісі, 
оқыту  үдерісін  ұйымдастыру  формалары  мен  әдістерін  және  білім  беру 
мазмұнын жаңартуға мүмкіндік беретін, экстенсивті бағытта қолданылатын 
мультимедиа-ресурстар ретінде пайдалану.
Интенсивті оқыту –  білім беру үдерісін дамытуды  жүзеге асыру.
Экстенсивті оқыту – білім беру үдерісін  жаңа құралдар, құрылғылар, 
технологиялар есебінен жүзеге асыру.
Мультимедиалық  технологияларды  білім  беруде  қолданудың 
артықшылықтары мен қатар кемшіліктері бар.
Мультимедианың  білім  берудегі  артықшылықтарына  мысалдарды 
көптеп келтіруге болады. Соның ішінде негізгілеріне тоқталайық:
– білім мазмұнын құрылымдау технологиялары мен әдістерін жетілдіру;
– дәстүрлі оқыту жүйесіне өзгерістер енгізу;
– қосымша мотивациялық тіректерді пайдалану және оқытуды даралан-
дыру  арқылы білім беру тиімділігін арттыру;
–  оқыту  үдерісінде  өзара  қарым-қатынастың  жаңаша  пішіндерін 
ұйымдастыру;
– мұғалім мен оқушының, студент пен оқытушының іс-әрекеттер сипа-
тын өзгерту;


жүктеу 4,55 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау