Каз Мектеп-12-2016. indd



жүктеу 4,55 Kb.
Pdf просмотр
бет48/50
Дата15.05.2018
өлшемі4,55 Kb.
#13931
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50

98
www
.kazmektep.kz
– білім беру жүйесін басқару механизмін жетілдіру.
Кемшіліктері:
– ұсынылған ақпараттың шектен тыс әртүрлі типте берілуі (кескін, ды-
быс,  бейнеақпарат,  анимация)  мұғалім  мен  оқушының  негізгі  ақпаратты 
қабылдауына кері әсер етуі мүмкін;
–  мұғалімнің,  оқушының  экспериментті  өз  қолдарымен  жасап  көру 
мүмкіндігінің болмауы;
–  оқытуды  дараландыру  мұғалім  мен  оқушының  бір-бірімен  диалогті 
қарым-қатынас жасауына әсерін тигізеді
– мультимедиалық құралдарды шектен тыс қолдану пайдаланушылардың  
денсаулығына кері әсер етеді.
Бұл  келтірілген  қарама-қайшылықтар  мультимедиалық  ресурстарды 
оқыту үдерісіне енгізуді жүйелілік келіске негіздеп жүзеге асыру керектігін 
дәлелдейді.
Әдебиет
1. Досжанов Б.А. Мультимедиа және оның техникалық құрамы//Оқу құралы. – Қызылорда:  
 
ҚМУ, 2004. – 81-б. 
2. Вымятнин В.М.,  Демкин  В.П. и др.  Мультимедиа-курсы:  методология и технология  
 
разработки. – Томск, 2003. – с. 265.
3. Карпов П. Проекторы в учебном процессе//Техника, кино и телевидение. – 1998. – №3. –  
 
с. .52–54.
4. Мультимедиа в школе//Справочник. – Калуга, 1994. – с. 196.
5.  Есжанов  А.  Электрондық  мультимедиа:  ресурстары  мен  құралдары//Қазақстан 
мұғалімі.  
 
– 2008. – 16 сәуір..  
6. Егорова Ю.Н. Теоретические и практические  аспекты  мультимедиа технологии// Моно- 
 
графия. – Ч.:НАНИ ЧР. – 2000. – с. 189.
7. Косенко  И.И.  Изучение  мультимедиа  в  процессе  подготовки  учителя  информатики:  
 
дисс…канд.пед.наук. – Москва, 1999. – с. 119.
8. Морозов М.Н. и др.  Школьное  мультимедиа: мир знаний //Мир библиографии. – 2000.  
 
– №2. – с. 42–45.
9. Досжанов Б.А. Мультимедиалық құралдардың оқыту процесіндегі тиімділігін анықтау// 
 
Үздіксіз кәсіби білім беру: проблемалары мен болашағы атты республикалық ғылыми- 
 
тәжірибелік конференция материалдары. – Қызылорда: ҚМУ, 2006. – 191–193-б.


99
www
.kazmektep.kz
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ЖАҢАРТЫЛҒАН
БАҒДАРЛАМАНЫҢ ӘДІСТЕРІН
ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІ ЖАҚТАРЫ
Жанагүл   КУЖИМОВА,
«Өрлеу» БАҰО АҚ Ф ОҚО ПҚБАИ аға оқытушы,
Рыскул   ЕРНАЗАРОВА, 
Мақтарал ауданындағы №121 жалпы орта білім беретін 
мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Қ
азіргі  кезде  Қазақстанда  жаңартылған  білім  беру  бағдарламасы  мен 
бағалау  жүйесін    енгізу    реформалары    бойынша  жұмыстар  жүріп 
жатқаны    белгілі.  Соның    бір  саласы    –  орыс  тілінде  оқытатын  мектеп-
терде  қазақ  тілін  оқыту  аясында  оқылым,  жазылым,  айтылым,  тыңдалым 
дағдыларын дамыту нәтижесінде оқушылар алған білімдері мен үйренген 
дағдыларын кез келген орта жағдайында бәсекеге қабілетті болуға, қарым-
қатынас  үдерісінде  тиімді  қолдануға  мүмкіндік  беретін  білім  беру  болып 
табылады. 
Ұлы  қазақ    педагогі  Ы.Алтынсарин  айтқандай  "Мұғалім  –  мектептің 
жүрегі"  болса,  оның  оқушыларды  тәрбиелеуі,  дамытуға  бағытталған 
сыныптағы  күнделікті  жұмысы,  оқыту  үдерісі  оқушылардың  оқу 
нәтижелеріне оң ықпал етеді. 
Ұсынылып отырған бағдарламаның негізгі идеясы сындарлы оқыту те-
ориясына негізделіп отыр. 
Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде 
орыс  тілінде  мектептердегі  «Қазақ  тілі»  пәні  бойынша  педагогикалық 
кадрлардың  біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы бой-
ынша біліктілігімді көтеру мақсатында өз білімімді жетілдіріп, бір айлық 
курсын аяқтап бітірдім. 
Курс барысында мұғалімдер білім беру бағдарламасына негіз болған те-
ориямен танысып қана қоймай,  бұл теорияны тәжірибе жүзінде іске асыруға 
қабілетті болуын қамтамасыз ету үшін  Дэвид Колб 1984 жылы әзірлеген 
эмпирикалық  оқу  теориясына  негізделген  оқу  циклі  бойынша  оқытуды 
тәжірибе  жүзінде    эксперименттер  жасап,  белсенді    түрде  шағын  топтар-
да  ықшам  сабақтар  өткіздік.  Білім  беру  бағдарламасының  нақты  пәндік 
аспектілерін меңгеруге кірістік. Тәжірибе түрінде көрсетілген сабақтар бой-
ынша  мұғалімдер оқу бағдарламасы мен сабақ жоспарларын ортада талда-
ды. Оқудың аяғында мұғалімдер өзара рефлексия және метатану тапсырма-
ларын араластыра отырып біліктілікті арттыру курсының оқу мақсаттары 
тұрғысынан өздеріміздің  алға ілгерілеуімізді  қарастырдық.
Мұғалімге арналған нұсқаулық та, бағдарлама да бізге түсінікті тілмен 
аударылып,  нақты  жақсы  жеткізілген.  Эксперимент  жасаудың  біз  үшін 
тигізер пайдасы мол болды. Өйткені, берілген оқу мақсаттарына жету үшін  
педагогикалық  тәсілдерді    сабақ  кезеңдері  мен  жаттығуларды  меңгертуде 
саралап қолдануды,  тиімді оқыту мен оқуды, бағалау, оқу жоспарын түзуді, 
тыңдалым,  айтылым,  оқылым,  жазылым  дағдыларын  дамытуды  және 
графикалық  органайзермен,  спиральдік  білім  берудің  ерекшеліктері  және 
тілді  үйретудегі  көптеген  ғалымдардың  еңбектерімен,  пікірлерімен  таны-
сып жұмыстар жүргіздік.
Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тіліне арналған оқу жоспа-


100
www
.kazmektep.kz
рында оқылым, тыңдалым, жазылым дағдыларын және нақты тақырыпты 
зерттеу үшін айтылым дағдыларын біріктіретіндігінен хабардар болдық.
Бұл бағдарламаның мұғалімдерге жақсы және тиімді жақтары көп екен. 
Себебі, оқу бағдарламасы мен  мақсатының дайын болып келетіндігі және 
түрлі әдіс-тәсілдердің оқушылардың қызығушылығын оятып, сабаққа ынта-
ландыра алатындығы, мұғалім, көбінесе, ізденуші, көшбасшы, бағыт-бағдар 
беруші  болатындығын,  бағалаудың  табыс  критерийлері    арқылы  тиімді 
болуын түсініп меңгердік. Әдістемелік тұрғыдан жоғарыға көтерілдік. Т2 
бағдарламасының қыр-сырын жан-жақты  меңгердік.
Осылайша,  қазір  күнделікті  іс-тәжірибемде  педагогикалық  әдістерді, 
белсенді  оқыту  стратегияларын,  Крашеннің  табиғи  әдістерін  кеңінен  
қолданып келе жатырмын. 
Мысалы, жақында «Қазақстан халықтары Тілдері күні» мерекесіне орай 
өткізілген тіл апталығында 5- орыс сыныбымен «Менің отбасым» тақырыбы 
аясында  ашық сабақ өттім. Сабақ   үш тілде сәлемдесуден басталды. Бұл 
амандасу  оқушыларға  ұнады  және  олардың  пәнге  деген  қызығушылығын 
арттырды. Бірінші топ – қазақ тілінде, екінші топ – орыс тілінде, ал үшінші 
топ – ағылшын тілінде бір-бірімен және келген қонақтармен сәлемдесті. Ал, 
топты тақырыпқа байланысты етіп, «Әке – асқар тау» деп таудың суретімен, 
«Ана  –  бұлақ»  деп  бұлақтың  суретімен,  «Бала  –  жағасындағы  құрақ» 
деп  ағаштың  суреттерімен  үш  топқа  бөліп  алдым.  Жаңа  сабақ  кезеңінде, 
«Құпияға  толы  зат»  стратегиясын  қолданып,  мултфильм  көрсетіп,  оның 
не  екенін  және  жаңа  сабақпен  қандай  байланысы  бар  екенін  анықтауды 
сұрадым. Оқушылар мултфильмнен бір отбасын көргенін және бүгінгі жаңа 
сабақтың  тақырыбы  отбасына  байланысты  екендігін  айтты.  Яғни,  жаңа 
сабақтың құпиясын ашып шықты, оқушылар бүгінгі жаңа сабақ не екенін 
білді.  «Менің  отбасым»  тақырыбы  бойынша  мәтінмен  жұмыс  жасаттым, 
мәтінді  оқып,  танысты,    ішіндегі  «отбасымыз,  қарындасым,  оқушымын» 
деген сөздерге дыбыстық талдау жасалды. Мәтін ішіндегі жаңа сөздермен 
танысып, термин сөздерді үш тілде де айта білді.  Мәтін не туралы екенін 
түсінді.  «Сатылау  әдісі»  бойынша  үш  топқа  тапсырмалар  бердім,  бірінші 
топ – отбасы мүшелерін таныстырды, екінші топ – отбасы сөзіне сипатта-
ма берді, үшінші топ – отбасы қандай болу керек екендігін постер жасап, 
қорғап шықты, жаңа сабақтан алған білімдерін қолданды. Сергіту сәтінде 
«Ақбұлақ»  әніне  билеп,  қимыл  жасады.  Жаңа  сабақтан  шығармашылық 
жұмыстар беріп, оқушылардың сыни ойлау қабілеттері дамытылды. Бірінші 
топ – отбасы туралы өлең шығарды, екінші топ – оқулықтағы «Атасы мен 
немересі» мәтініндегі диалогқа  рөлдік ойынға түсіп, драмалық қойылым 
көрсетті, ал үшінші топ – отбасы мүшелерінің қызметін атап өтті. Оқушылар 
оқу  үдерісіне  белсенді  қатысқанда  ғана  тиімділікпен  оқиды.  Тәжірибе  
шағын топтарда жұмыс істейтін оқушылар, әдетте, оқытылатын нәрсе ту-
ралы көбірек біліп, соның нәтижесінде алған білімін ұзақ сақтайтындығын 
дәлелдеп отыр. Сонымен қатар, ынтымақтастық топтарда жұмыс істейтін 
оқушылар біріге, келісе отырып оқу мақсаттарына нәтижелі жететіндіктерін 
біліп, түсініп соған сәйкес әрекеттер етуде. Шағын  топтық (немесе  жұптық)   
жұмыстар    үйренушілерде  бірлік,    бірегейлік    сезімдер    қалыптастырып,  
сол  арқылы  өздерінің  ұжымға  тікелей  қатысы  бар  екендігін  аңғаруда. 
Рефлексия  ретінде  оқушылар  бүгінгі  тақырыпқа  байланысты  «Менің  от-
басым»  тақырыбында  эссе  жазды.  Әр  тапсырмалар  бойынша  жауап  бер-
ген оқушыларға бағалау парағына смайлик беріп отырдым, олар жабысты-
рып отырды. Сабақтың өн бойында оқушыларға үнемі формативті бағалау 
жүргізіп , қолдау көрсетіп отырдым. Алдын ала және оқушылармен бірге 


жүктеу 4,55 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау