|
Картографияның мәні Картография (гр chartes – папирус қағазы + grapho – жазамын, сызамын) – географиялық карта, оны құрастырудың, басып шығарудың және қолданудың әдістері мен процестері (тәсілдері) жөніндегі ғылыми пән. Картография
|
бет | 3/62 | Дата | 25.10.2023 | өлшемі | 131,69 Kb. | | #44016 |
| Картография емтихан ответтері КД-21Картография – табиғат пен қоғамның құбылыстарын географиялық карта мен басқа да картографиялық өнімдерді кескіндеу және оларды құрастыру, пайдалану әдістерін зерттейтін ғылым. Әрбір географиялық картаның өзіндік атқаратын қызметі болады. Оны білім мен өндірістің белгілі бір салаларындағы мамандар, туристік-танымдық жорық жетекшілері, оқушылар білім мен маңызды ақпарат көзі ретінде қолданады. Картаны құрастырушылар кескіндейтін аумақты терең зерттеп, оқып үйренген сайын сол аумақта орналасқан нысандар мен құбылыстардың ерекшеліктерін айқындап, ашып көрсетеді. Картография құрылымы жағынан күрделі пәндер жүйесін құрайды, оның маңызды құрамды бөліктеріне – картатану, картографиялық ақпараттану, математикалық картография мен картометрия, сондай-ақ картаны жобалау мен құрастыру, безендіру, жасау және пайдалану әдістемесі кіреді.
Карталардың көмегімен ғылыми-зерттеу жұмыстарын, қоршаған ортаны қорғау мен қалпына келтіру іс-шараларын, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды жобалайды. Карта әскери өмірде де қолданылады, әрі ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуде де маңызға ие. Картографиялау үдерісінің өзінде де карталар жаңа өнім жасаудың негізі мен бастауы болып табылады. Картографияның міндеті ретінде осыған дейін тек картаны құрастыру қарастырылып келсе, ХХ ғасырдың ортасынан бастап, оны пайдалану маңыздылыққа ие болып отыр. Мемлекеттік стандарттар мен энциклопедиялық басылымдарда, оқулықтар мен сөздіктерде «Картография –карта жасау мен пайдаланудың өндірісі мен ғылыми саласы»,-деген ұғыммен түсіндіріледі. Ғылым мен тәжірибеде картографиялық зерттеу әдістері алуан түрлі. Ол көптеген теориялық ізденістердің ажырамас бөлігі. Тіпті карталар Жер мен қоғам туралы ілімдердің тірек негізіне айналып үлгерді. Картографиялық әдістер физикалық география, геология, геофизика, әлеуметтану, экономика және тарих ғылымдарында кеңінен қолданыс табуда.
Карталарды таным құралы ретінде пайдалану жаңа экология, медициналық география, салыстырмалы ғаламтану (планетология) тәрізді ғылым салалаларының дамуына мүмкіндік берді. Картографиялық әдістер халық шаруашылығының нысандарын жобалау-жоспарлау жұмыстарына қатысты маңызды шешім шығаруда, аумақтық-өндірістік кешенді дамытуда, табиғатты қорғауда қызмет етуде.
Картографиялық бұрмалаушылықтар
Бұрмаланудың сипаты проекцияны таңдауға, элипсоидтың бетін жазықтықта кескіндеу əдістеріне тікелей тəуелді болады. Глобустан жазықтыққа көшіргенде жер бетінің пішінінің, ауданы мен көлденең бұрыштарының, ұзындықтарының ауытқуын картографиялық бұрмалану дейміз. Картографиялық бұрмалануға байланысты ұсақ масштабты шолу карталарының əр түрлі бөлігінің ұзындық масштабы да əртүрлі болады. қасиеттерінің өзгеруін картографиялық бұрмалану дейміз.Жер бетін жазықтықта кескіндеу барысында ұзындықтар, белгілі бір бағыттың арасындағы көлденең бұрыштар, географиялық нысандардың ауданы мен пішіндері алып жатқан орындары бұрмаланады. Қорыта айтқанда, картографиялық бұрмаланудың төрт түрі болады. Олар: ұзындықтың, көлденең бұрыштардың, географиялық нысандардың пішіндері мен аудандарының бұрмалануы. Сызықтардың ұзындықтарының бұрмалануы жер бетінің белгілі бір бөлігін жазықтыққа көшіргенде ұзындық масштабының өзгеруінен пайда болады. Жердің деңгейлік бетінің картада кескінделген бөлігінің ұзындығы əр түрлі болады. Географиялық картадағы ұзындықтың бұрмалануын көршілес жатқан екі параллельді қиып өтетін меридиандардың өлшемдерін салыстыру арқылы анықтаған қолайлы. Олардың барлық жақтары тең болса, меридиандардың бұрмалануы жоқ, ондай теңсіздік болмаса, бар деп есептелінеді. Бұрыштардың бұрмалануы жер элипсоидының белгілі бір нүктелерінің көлденең бұрыштарының географиялық картаның бетіндегі сол нүктенің көлденең бұрыштарымен сəйкес келмеуі арқылы анықталады. Бұрыштың бұрмалануын бір ендіктің бойындағы екі түрлі бойлықта орналасқан меридиандар мен параллельдердің қиылысындағы бұрыштарды салыстыру арқылы анықтайды.
Пішіннің бұрмалануын картада кескінделген телімнің немесе аумақты алып жатқан нысанның пішіндерінің Жердің деңгейлік бетіндегі пішінінен айырмашылығының болуы арқылы анықталады. Бұрмаланудың бұл түрінің болуын көршілес жатқан екі параллель мен əртүрлі бойлықта қиып өтетін меридиандардың градус торларын бір-бірімен салыстыру арқылы анықтайды.Картографиялық бұрмаланудың төртінші түрі ауданның бұрмалануы картаның əр түрлі бөліктеріндегі ауданның масштабының өзгеруіне байланысты туындайды. Картаның барлық бөлігінде ауданның масштабы тең болғанда ауданның бұрмалануы болмайды. Ауданның бұрмалануын анықтаудың ең қарапайым əдісіне көршілес жатқан параллельдері əр түрлі бойлықтарда қиып өтетін меридтиандар түзетін картографиялық торды бір-бірімен салыстыру. Географиялық картаның əр түрлі бөлігінде ауданның масштабы бірдей болғанда, ауданның бұрмалануы болмайды.
Картография ғылым ретінде және оның басқа ғылымдармен байланысы.
Картографияның басқа ғылымдармен байланысының ауқымы өте кең. Қоғамдық ғылымдардан экономикалық жəне əлеуметтік география, тарих тағы басқа салалармен тығыз байланысты. Жа- ратылыстану ғылымдарынан - табиғатты зерттейтін физикалық география, геология, ландшафтану, топырақтану, метеороло- гия жəне климатология сияқты салалық ғылымдармен, нақты ғылымдардың ішінде математика, геодезия (Жердің пішіні мен өлшемі, жер бетінде өлшеу жұмыстарын жүргізу туралы ғылым), кибернетика, статистикамен тығыз байланысты.
Астрономиялық-геодезиялық өлшеу жұмыстарының нəтижесінде картография жердің пішіні мен өлшемі, ауданы, белгілі бір нүктенің географиялық орны жөнінде маңызды дерек- тер алады.
Географиялық карталар аумақты игеру жəне оны түрлендіру, шаруашылық салаларын дамытып, халықтың тұрмыс жағдайларын жақсарту, адамзаттың ,жер табиғаты мен қоғамның əлеуметтік ұйымдасуы туралы ақпа- раттар жинау қызметін атқаратын қуатты құрал болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|