|
Картографияның мәні Картография (гр chartes – папирус қағазы + grapho – жазамын, сызамын) – географиялық карта, оны құрастырудың, басып шығарудың және қолданудың әдістері мен процестері (тәсілдері) жөніндегі ғылыми пән. Картография
|
бет | 62/62 | Дата | 25.10.2023 | өлшемі | 131,69 Kb. | | #44016 |
| Картография емтихан ответтері КД-213. Конустық проекциялар
Конустық проекциялар-қоңыржай ендіктерде орнасқан аумақтар үшін өте қолайлы, бұрмалану аз байқалады. Сондықтан Ресей, Қазақстан және ТМД елдерінің карталары көбінесе осы проекциялар негізінде жасалады.
4. Азимут проекциясы
Азимуттық проекцияда-параллельдер тұйық шеңбер жасап, ал меридиандар бір нүктеден жан-жаққа бойлық бұрыштарының көрсеткішіне сәйкес бөлінген түзу сызықтар түрінде таралады. Азимуттық проекциялар жекелеген материктер мен полюстік аймақтардың картасын жасауда кенінен қолданылады.
5.Шартты проекциялар
Шартты проекцияларға алынатын картографиялық тордың түрін қандай да бір қосалқы геометриялық жазықтықтың бетінде жобалау мүмкіндігі болмайтын проекциялар жатады. Олардың қатарына теңдеулер жүйесін пайдалану негізінде талдау жолымен құрылатын жалған цилиндрлі тағы басқа проекциялар жатады.
6. Карта проекцияларын таңдау принциптері
Картографиялық проекцияларды таңдау және қолдану-сызылатын картаның мақсатына және масштабына байланысты. Өлшеу есептерін шешуге арналған ірі, орта масштабты карталар тең бұрышты проекцияларда, ал жалпы шолу және белгілі бір аумақтар аудандарының арақатысын анықтаушы ұсақ масштабты карталар тең шамалы проекцияларда жасалады. Картографиялық проекцияларды таңдағанда қарапайым проекциялардан бастап, күрделі проекцияларға көшеді. Картографиялық проекция теңіз қатынасында, аспан денелерін картаға түсіруде, тағы басқа ғылыми салаларда да пайдаланылады.
Географиялық құбылыстар бейнесінің сапалық және сандық фоны
Картографиялаудың екі тәсілі – ареалдар тәсілі және сапалы фон тәсілін үлкен ауданда жайылған, олардың сандық сипаттамаларынсыз құбылыстардың кеңістіктік орналасуын картада көрсету үшін қолданады.
Ареалдар тәсілі (латынның area – аудан, жер бөлігі) картографиялық құбылыс орналасатын аудан, ерекше белгілеумен бүкіл карта территориясында көрсетіледі. Бұл тәсілмен тақырыптық карталарда дәнді және жабайы өсімдіктердің таралу аудандары немесе жануарлардың таралуы, шөл аудандары, теңіздерде қалқып жүретін мұздар аудандары, пайдалы қазбалардың таралу аудандары, тарихи карталарда шаруалар көтерілісінің аудандары және тағы басқа көптеген құбылыстар көрсетілуі мүмкін.
Қандай да бір құбылыстың ареалы картада көбінесе белгілі суреттің сызығы мен түсі ретінде көрсетіледі. Басқа жағдайларда картаның бетінде ерекшеленген ареалдан тыс жерлер боялады немесе штрихталады.
Кей кездерде құбылыстардың таралу шекаралары белгісіз болады, ал кейбір жағдайларда ареалдың шекарасын картада көрсетуді қажет етпейді. Бұл кезде ареал құбылыстың атымен жазылып белгіленуі мүмкін. Ауданы жағынан үлкен емес ареалдар шартты белгілермен көрсетіледі – геометриялық, көркем тәсілімен немесе әріппен (аталатын белгімен – ареалмен). Ауданы жағынан үлкен ареалдар шекаралары көрсетілмеген осындай бірнеше белгімен толтырады.
Әр түрлі өсімдіктер мен жануарлардың таралу ареалдарының кеңістікте әр түрлі таралу қатынастары болады: олар бір-бірінен алыс қашықтықта болуы немесе қатар орналасуы мүмкін немесе бір жерде орналасады. Ең соңғы тәсілде карта бөлігінің бір жерінде екі немесе одан да көп ареалдар болуы мүмкін.
Картада ареалдар тәсілімен көрсетілген құбылыстардың таралу аудандары кей кезде оның нақты орналасуына сай келмейді
Ареалдар тәсілінің түрлері болады, оны сандық ареалдар деп атайды. Бұл нұсқада көрсетілген ареал территорияны қоршамайды, ол тек қана көп таралған аудандарды көрсетеді. Карта аңызында ареалды ерекшелеу белгілі сандық көрсеткіштерімен көрсетіледі. Суретте белгілі территорияны анықтау үшін сандық ареал тәсілі көрсетілген. Мұнда қарапайым ареалдан өзгешілігі: белгіленген территориядан тыс жерде жүкті өзен арқылы тасымалдайды, бірақ бұл тасымалдаудың тек қана 30 % құрайды.Сапалы фон тәсілі бөліктерде сапалық ерекшеліктерді көрсетеді, картада көрсетілген территория түгел бөлінген. Бөлінуді көрсетілген құбылыстың белгіленген классификациясы негізінде жатқан кандай да бір қасиеттері бойынша көрсетеді. Бұл қасиет, мысалы, топырақтың түрі немесе басқа территорияның табиғи ерекшеліктері, ауыл шаруашылығының мамандануы және т.с.с. бола алады.
Карта территориясында өзінің әрбір белгіленген шекарасы болады және барлық бөліктер оқырманға жақсы көрсетілуі үшін өзінің түсімен боялады (штрихтаумен көрсетіледі немесе анықталған белгілердің түрлері). Егер де белгіленген бөліктер көп және олардың арасында бір-біріне ұқсас болса, онда олар картаның аңызына байланысты фондық бояудан басқа нөмірлермен және әріптермен көрсетіледі (геологиялық картаны қараңдар).
Сапалық фон тәсілін қандай да бір қасиеттері бойынша территорияны аудандастыру үшін қолдануға болады. Мысалы, өзендерді аудандастыру картасында өзендерді қармен, жаңбырмен, грунттық немесе әр түрлі тәсілдермен қоректенуін көрсетуге болады. Басқа кездерде сапалы фон тәсілі картада территорияның бөлінуін тек қана бір ерекшелігімен емес, комплексті ерекшелігімен бөлінуді көрсетеді. Картаның аңызында көптеген қасиеттерінің қосылуына негізделген жер бетінің бейнеленген бөліктерінің сапалық ерекшеліктерін жалпылау сипаттамаларымен көрсетеді. Мысалға климаттар картасы, табиғат зоналары, саяси және саяси-әкімшілік карталар жатады.Осылай сапалық фон тәсілін қолданған кезде көрсетілетін территорияның барлығы бөліктерге бөлінеді, яғни белгіленген территориялар бір-бірін басып тұра алмайды, және олардың арасында «бос» жер қалмауы керек (ареалдар тәсілі тәрізді).Картада сапалы фон тәсілін әр түрлі екі қасиеті бойынша территорияны аудандастыруы арқылы көрсетеді. Бір қасиеті бойынша көрсетілген аудандар торы екінші қасиеті бойынша территорины аудандастыру кезінде алынған басқа торға орналастырылады. Аудандардың екі жүйесін де бір-бірінен ажырату үшін, біріншісін фондық бояумен, ал екіншісін штрихтаумен көрсетеді.Суреттеу қасиеті болып сапалы фон тәсілінде тек қана бояу мен штрихтау ғана емес, сонымен қатар территориядағы ерекшеленген бөліктің өзінің шекаралары немесе картаның территориясында көрсетілген тек қана жазулар болуы мүмкін (мысалы, халықтар атауы). Бұл тәсілмен сапалық айырымдарын көпсатылы иерархиямен көрсетуге болады. Мысалы, саяси картада бояумен мемлекеттерді көрсетеді, олардың әкімшілік бөлінуін шекаралық сызықтармен, ал тарихи аудандарды – жазулармен көрсетуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|