1 Дәріс: Кіріспе. Ақпараттану негіздері Ақпарат және ақпараттану түсінігі



жүктеу 31,78 Kb.
Дата07.12.2017
өлшемі31,78 Kb.
#3417

1 Дәріс: Кіріспе. Ақпараттану негіздері Ақпарат және ақпараттану түсінігі

  • Ақпарат — адамнан да ерте туған құбылыс. Адам өзінің алғашқы қадамынан бастап-ақ ақпаратты беру мен сақтаудың жаңа кұралдарын іздеді және тапты. Оған жартастағы суреттер мен ежелгі египеттік папирустары, гректердің жасырын хабарламаларды жіберуге арналған абак тастары мен дискілері, өткен дәуірлерді зерттеушілердің еңбектері дәлел бола алады. Бұған қоса алғашқы басылған кітаптар, радио мен телефон және компьютерлер де адамның осы әрекетінің үздіксіз екенін көрсетеді.
  • Философиялық түсінік бойынша ақпарат дегеніміз нақты әлемді (өмірді, қоршаған ортаны) мәліметтер және хабарламалардың көмегімен көрсету. Бұл хабарламалар тіл (сөзбен айту), бейнелеу, цифрлық мәліметтер, кестелер, графиктер, т.б. түрінде болады.
  • Ақпараттық үрдістер, яғни ақпаратты сақтау, өңдеу және тарату үрдісі қоғам өмірінде әрқашан маңызды роль атқарған. Адамдар ауызша хабарламалармен, хаттармен, жолдаулармен алмасып отырған.

Ақпарат әрқашан материалдық тасушылармен, ал оны жеткізу жұмсалған энергия - шығынымен байланысты. Алайда бір ақпараттың өзін әр түрлі материалдық түрде (кағазда, фотонегатив түрінде, магниттік таспада) сақтауға және әр түрлі энергиялық шығындармен (почта, телефон, курьер және т.б. арқылы) беруге болады. Жөнелтілген ақпараттың нәтижесі оны таратуға жұмсалған физикалық шығынға байланысты емес. Сондықтан да ақпараттық үрдістер физикалық үрдістерге келтірілмейді және ақпарат материя және энергиямен қатар, бізді қоршаған ортаның негізгі мәндері болып табылады.

  • Ақпарат әрқашан материалдық тасушылармен, ал оны жеткізу жұмсалған энергия - шығынымен байланысты. Алайда бір ақпараттың өзін әр түрлі материалдық түрде (кағазда, фотонегатив түрінде, магниттік таспада) сақтауға және әр түрлі энергиялық шығындармен (почта, телефон, курьер және т.б. арқылы) беруге болады. Жөнелтілген ақпараттың нәтижесі оны таратуға жұмсалған физикалық шығынға байланысты емес. Сондықтан да ақпараттық үрдістер физикалық үрдістерге келтірілмейді және ақпарат материя және энергиямен қатар, бізді қоршаған ортаның негізгі мәндері болып табылады.
  • Ақпарат дегеніміз хабарламаның, берілген белгінің, жадының мазмұны, сонымен қатар хабарламада, берілген белгіде немесе жадыда болатын мәліметтер. Яғни, ақпарат нақты өмірді толығымен, шын (объективті) бейнеленуі.
  • Ақпаратты қабылдап, өңдейтін жүйелерді ақпараттық жүйелер деп, ақпаратты алу, сақтау, өңдеуге байланысты ортаны Ақпараттану деп атайды.
  • Компьютерлік ақпараттану - ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу үшін электронды есептегіш техника құралдарын қолданады.
  • Ақпараттану – ЭЕМ-де ақпаратты өңдеу жүйесіне негіздеп құру, жобалау, өңдеу мен бағалаудың барлық аспекттерін зерттейтін комплексті ғылыми және инженерлік пән. Сонымен қатар ақпараттануды әртүрлі позициядан қарастыруға болады: халық шаруашылығының саласы, фундаменталды ғылым және қолданбалы пән ретінде.

Ақпаратты қоғам. Негізгі түсініктер

  • Ақпаратты қоғам – ақпараттық технологияның жоғарғы деңгейімен сипатталынатын, ақпараттық ресурстармен қамтамасыздандыратын жетілген инфроқұрылғылары бар, ақпаратқа қол жеткізу, автоматтандыруды жылдамдату процестері және өндірістің барлық салаларын роботтау және басқару мүмкіндіктері бар қоғам.
  • “Ақпаратты қоғам” түсінігі “Ақпаратты тәрбие” түсінігімен тығыз байланысты. Ол білім мен оны игеру жиынымен тиімді және алға қойған мақсатпен ақпараттық ортада байланыс жасауға мүмкіндік береді.
  • Ақпараттық орта ақпаратты-аппараттық құрылғы, ақпараттық байланыс желілері, ұйымдастырушылық, әдістемелік және құқықтық қамтамасыздандыру, сонымен қатар адам өмірінің барлық саласындағы қолданбалы ақпараттың жиынтығының көрінісі.

Ақпараттық орта келесі факторлармен сипатталынады:

  • Ақпараттық орта келесі факторлармен сипатталынады:
  • - материалдық қамтамасыздандыру, яғни ақпараттың материалды тасымалдаушылары мен олардың қоймаларының барлығы;
  • - ақпараттық қамтамасыздандыру, яғни ақпараттың материалды тасымалдаушыларына қол жеткізу мүмкіндігі және ақпараттың өзі мен метоақпаратпен жұмыс істеу;
  • - коммуникативті қамтамасыздандыру, яғни тікелей және телекоммуникациялық құрылғылар көмегімен қолданушы мен маман арасында диалогты орнату.
  • Ақпараттық ортаны құру әртүрлі ақпаратты; электронды баспаны, мәліметтер базасының ішінде кітапханалық, пәндік және тематикалық білім қорын; инструменталды бағдарламалық және қолданбалы жүйелерді; анықтамалық-ақпараттық жүйелерді; іздеу-навигациялық жүйелерді және ақпаратты қолдау жүйесін дайындау, құру, сақтау және оған қол жеткізу технологиясын дамыту мен құруға бағытталған бүтін комплексті проблеманы шешуді қарастырады.

2 Дәріс: Ақпарат түрлері мен қасиеттері. Ақпараттық ресурстар, өнімдер және көрсетілетін қызмет

  • Ақпарат түрлері мен қасиеттері
  • Ақпараттың түрлерін қарастырайық:
  • генетикалық ақпарат;
  • геологиялық ақпарат;
  • синоптикалық ақпарат;
  • дезинформация (жалған ақпарат);
  • толық ақпарат;
  • экономикалық ақпарат;
  • техникалық ақпарат және т.б.;
  • Бұл ақпараттың толық емес және реттелмеген тізімі. Объект қасиеттерін екі үлкен класқа бөлуге болады: ішкі және сыртқы.
  • Ішкі қасиет дегеніміз объектіге тиесілі қасиет. Жалпы ол объектіні зерттеушінің көзіне “көрінбейді” және берілген объект басқа объектілермен қарым-қатынас жасаған кезде ғана байқалады.
  • Сыртқы қасиет дегеніміз басқа объектілермен қарым-қатынас жасаған кездегі объектінің мінезін сипаттайтын қасиет.
  • Қасиеттерді бөлуді ақпаратқа да қолдануға болады. Кез келген ақпарат үшін қарым-қатынастың үш объектісін нұсқауға болады: ақпарат көзі, ақпаратты қабылдаушы (оны қолданушы) және осы ақпарат бейнелейтін объект немесе құбылыс.

Ақпарат сапасықолданушыға оның пайдалылығының дәрежесін бейнелейтін, ақпараттың жалпылама оң сипаттамасы.

  • Ақпарат сапасықолданушыға оның пайдалылығының дәрежесін бейнелейтін, ақпараттың жалпылама оң сипаттамасы.
  • Сапа көрсеткіші – ақпараттың ең бір маңызды (қолданушы тұрғысынан) оң қасиеті. Кез келген теріс қасиет оған кері оң қасиетпен ауыстырылуы мүмкін.
  • Анықталған сандармен көрсетілген сапа көрсеткішін ақпараттың оң қасиеттерінің сандық сипаттамасы деп атайды.
  • Ақпараттың келесі қасиеттерін атап өтуге болады:
  • Релеванттылығы– ақпараттың қолданушының қажетіне (сұранысына) сәйкес келу қабілеттілігі.
  • Толықтылығы – ақпараттық объектіні толық сипаттау қабілеттілігі.
  • Дәл уақыттылығы – ақпараттың керекті уақытта қолданушының қажетіне сай келу қабілеті.
  • Ақиқаттылығы – ақпараттың көзге көрінбейтін қателерінің болмау қабілеті.
  • Қол жеткізушілігі – ақпаратты алу мүмкіндігі.
  • Қорғанылыстылығы – рұқсатсыз ақпаратты қолдануға және өзгертуге мүмкіндік бермеушілігі.
  • Эргономдылығы – қолданушының көзқарасы бойынша ақпараттың пішіні мен көлемінің қолайлылығы.
  • Адекваттылығы – бейнеленілетін объектіге біртекті сәйкестілігі.

Ақпараттың ішкі қасиеттерінің арасында ең маңыздысы ақпарат көлемі (саны) және оның құрылымы, яғни ішкі ұйымдастырушылығы, ол екі топқа бөлінеді:

  • Ақпараттың ішкі қасиеттерінің арасында ең маңыздысы ақпарат көлемі (саны) және оның құрылымы, яғни ішкі ұйымдастырушылығы, ол екі топқа бөлінеді:
  • 1. Мәліметтер немесе жәй, логикалық реттелмеген мәліметтер жиыны.
  • 2. Логикалық реттелген, ұйымдастырылған мәліметтер жиыны (оларды жиі мәліметтер құрылымы деп атайды).
  • Ақпаратты сақтау процесімен байланысты оның қасиеттерінің арасында ғұмырлығы мен ерекшелілігін атап өтуге болады.
  • Ғұмырлығы – ақпараттың өткен уақытқа қарамастан өзінің қасиетін сақтау қабілеттілігі.
  • Ерекше деп жалғыз данада сақталатын ақпаратты атаймыз.
  • Қолдану көзқарас тұрғысынан ақпаратты келесі классификацияға бөлуге болады: саяси, техникалық, биологиялық, химиялық және т.б..
  • 2 Ақпараттық ресурстар, өнімдер және көрсетілетін қызмет
  • Ақпараттық ресурстар немесе білім ресурстары бүгінгі таңда постиндустриялық қоғамның негізгі құрастырушы элементері болып табылады.

Ресурстар қорды, бір объект көзін білдіреді. Индустриялық қоғам кезеңінде ресурстардын негізгі түрлері төмендегідей:

  • Ресурстар қорды, бір объект көзін білдіреді. Индустриялық қоғам кезеңінде ресурстардын негізгі түрлері төмендегідей:
  • Материалды – жалпы өнімді өндіру процесінде қолданылатын еңбек құралдарының жиыны (шикі зат, материалдар, жанар май, т.б.)
  • Табиғи – қоғамда қолданылатын, адамдардын материалды және рухани қажеттілігін қанағаттандыратын объектілер, процестер, табиғат шарттары.
  • Еңбекті – жалпы және кәсіби білімдері бар адамдар.
  • Энергетикалық – энергия тасушылар (мұнай, газ).
  • Финанстық.
  • Ақпараттық ресурс – құрылған, табылған, тіркелген және жаңартылған ақпарат.
  • Қоғамның ақпараттық ресурстары – жинақталып, біріктіріліп, анализделіп, одан кейін құжат, мәліметтер базасы, алгоритм, компьютерлік бағдарлама, сонымен қатар өнер, әдебиет және ғылым шығармашылығы болып келетін білім.
  • Ақпараттық ресурс ақпараттық өнім құрудың негізі болып саналады.
  • Ақпараттық өнім – адамның интеллектуалды қызметінің нәтижесі.
  • Ақпарат қажеттілігі ақпараттық өнімнің құндылығын, пайдалылығын және бағасын анықтайды.

Ақпараттық қызмет көрсету – ақпараттық өнімді қолданушының алуы және қолдануы.

  • Ақпараттық қызмет көрсету – ақпараттық өнімді қолданушының алуы және қолдануы.
  • Компьютерлік немесе компьютерлік емес орындауда мәліметтер қоры болған жағдайда ақпараттық қызмет көсетуге болады.
  • Ақпаратты қызмет көрсетуді дайындау және орындау келесі түрде көрсетіледі:
  • есептеу орталығында мәліметтерді өңдеу;
  • мәліметтерді тасымалдау байланысы (телефон, телекоммуникация);
  • бағдарламалық қамтамасыздандыруды құру;
  • ақпараттық жүйелерді құру;
  • консалтинг.
  • Консалтинг дегеніміз кеңес беру.
  • Кеңес берудің келесі түрлерін атауға болады:
  • эксперттік – диагностиканы орындау; шешімдерді құру және келтірілген ақпарат бойынша берілетін ұсыныстар;
  • процессуалды – ақпараттық өнімді енгізу идеяларын, шешімін және нәтижесін бағалау;
  • оқытушы – теориялық іс-тәжірибелік ақпараттың дәріс, семинар, әдістеме және т.б. ретінде көрсетілімі.

Дәріс 2. Ақпараттың ЭЕМ-да көрсетілуі. Санақ жүйесі. Бит, байт ұғымдары

  • Сандардың аталу және жазылу әдісін санақ жүйесі деп атайды. Санақ жүйесі екі топқа бөлінеді: позициялық және позициялық емес.
  • Позициялық емес санақ жүйесінде әрбір цифрдың мәні оның алатын орнына байланысты емес. Мұндай санақ жүйесінің мысалы ретінде римдік жүйені алуға болады. Ол жүйеде жазылған ХХХ санында Х цифры кез келген позицияда 10-ды білдіреді.
  • Позициялық санақ жүйесінде цифрдың мәні оның орнына (позициясына) байланысты болады. Позициялық санақ жүйесінің негізі деп қолданылатын цифрлар санын айтады.
  • Ондық санақ жүйесі. Санақ жүйесінің түп төркінінде он негізі жатыр. Бұл жүйеде санды жазу үшін он цифр қолданылады – 0,1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9. Ондық санақ жүйесі позициялық болып саналады, өйткені ондық санды жазуда цифрдің мәні оның позициясына немесе санда орналасқан орнына байланысты. Санның цифріне бөлінетін позицияны разряд деп атайды.

Мысалы, 425 жазуы 4 жүздіктен, 2 ондықтан және 5 бірліктен тұратын сан екенін білдіреді. 5 цифрі — бірліктер разрядында, 2 — ондықтар разрядында, 4 — жүздіктер разрядында тұрады.

  • Мысалы, 425 жазуы 4 жүздіктен, 2 ондықтан және 5 бірліктен тұратын сан екенін білдіреді. 5 цифрі — бірліктер разрядында, 2 — ондықтар разрядында, 4 — жүздіктер разрядында тұрады.
  • Егер 425 санын қосынды түрінде жазатын болсақ:
  • 4*102+2*101+5*10°
  • Компьютерде әдетте ондық емес позициялық екілік санақ жүйесі, яғни 2 негіздеуші бар санау жүйесі қолданылады. Екілік жүйеде кез келген сан екі 0 және 1 цифрлерінің көмегімен жазылады және екілік сан деп аталады.
  • Тек қана 0 және 1 цифрлерінен тұратын екілік саннан ондық санды ажырату үшін екілік санды жазуда екілік санау жүйесінің индексіне белгі қосылады, мысалы, 110101,1112.
  • Екілік санның әрбір разрядын (цифрін) бит деп атайды. Ондық сандар сияқты, кез келген екілік санды екілік санға кіретін цифрлер салмағының айырмашылығын анық бейнелейтін қосынды түрінде жазуға болады. Бұл қосындыда негіздеуші ретінде 2 санын коддауға болады. Мысалы, 1010101,101 екілік сан үшін қосынды мына түрде болады:
  • 1 *26+0*25+1 *24+0*23+1 *22+0*21+1 *2°+1 *2-1+0*2-2+1 *2-3
  • Осы қосындыда ондық жүйенің ережесі бойынша арифметикалық операцияларды орындай отырып, 85,625 санын аламыз. Осылайша, 1010101,101 екілік саны 85,625 ондық санына сәйкес келеді, немесе 1010101,1012= 85,62510.

Сегіздік санақ жүйесі. Сегіздік санау жүйесі, яғни 8 негіздеуші санау жүйесі, сегіз цифрдың көмегімен санды көрсетеді: 0, 1,2, 3, 4, 5, 6, 7. Мысалы, 357 сегіздік санда жеті бірлік, бес сегіз және квадраты үш сегіз бар, яғни

  • Сегіздік санақ жүйесі. Сегіздік санау жүйесі, яғни 8 негіздеуші санау жүйесі, сегіз цифрдың көмегімен санды көрсетеді: 0, 1,2, 3, 4, 5, 6, 7. Мысалы, 357 сегіздік санда жеті бірлік, бес сегіз және квадраты үш сегіз бар, яғни
  • 3578=3*82+5*81+7*80,
  • мұнда 357 санының индексі "8" санау жүйесін білдіреді. Жазылған қосындыда ондық жүйенің ережесі бойынша арифметикалық әрекеттерді орындай отырып, 3578=23910 аламыз, яғни 357 сегіздік саны 239 ондық санға сәйкес келеді.
  • Он алтылық санақ жүйесі. Екілік санау жүйесін компьютерден тыс жерде қолдану өте қолайсыз екенін сіз білесіз. Мысалы, 89512810=110110101000100110002.
  • Екілік санды жазуды қысқарту үшін 16 негіздеуші бар санау жүйесі қолданылады. Бұл жүйені он алтылық деп атайды. Он алтылық позициялық санау жүйесінде санды жазу үшін ондық санау жүйесінің цифрлары 0, 1,2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 және жетпейтін алты цифрды белгілеу үшін ондық сандарының мәні 10, 11, 12, 13, 14 және 15 болатын сәйкес латын алфавитінің алғашқы үлкен әріптері: А, В, С, В, Е, Ғ қолданылады. Осылайша ондық жүйенің барлық цифрлары және сонымен қатар латынның алты әріптері он алтылық жүйенің "цифрлері" болып табылады.
  • Он алтылық жүйенің барлық цифрларын келтірейік: 0,1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, А, В, С, В, Е, Ғ. Он алтылық санау жүйесінде ондық жүйеде 15+1=16 дегенге сәйкес Ғ санынан кейін Ғ+1 саны келеді.

Бит, байт ұғымдары

  • Бит, байт ұғымдары
  • Қазіргі есептеу техникасында ақпарат небары екі түрлі сигналдар тізбегі арқылы кодталады: магниттелген немесе магниттелмеген, қосылған немесе ажыратылған, төменгі және жоғарға кернеу және т.б.
  • Кодталған сигналдардың бір жағдайын 0 санымен, ал екінші жағдайын 1 санымен белгілеу негізделген. Мұндай кодтау екілік кодтау деп, ал 0 мен 1 сандары бит (binary digit – екілік сан) деп аталады.
  • Мәтінді ақпаратты екілік кодтау кезінде әрбір символға оның коды – нөлдер мен бірлердің белгілі бір санынан тұратын тізбек сәйкес келеді.
  • Ақпараттың бірлігі – бит бірінші және екінші буын машиналарда кеңінен қолданылады. Бір бит екілік санының бір разрядына тең болады. Үшінші буын машиналардан бастап “байт” деген өлшем қолданылады.
  • Ақпаратты өлшеу үшін басқа да өлшемдер қолданылады: 210=1024 саны өте көп қолданылатын болғандықтан килобайт өлшеміне “Кбайт” деген шартты қысқарту беріледі. Ақпарат өлшемі басқа да өлшемдерден тұрады: килобайт (Кбайт, Кб), мегабайт (Мбайт, Мб) және гигабайт (Гбайт,Гб)
  • 1Кбайт = 210 = 1024 байт
  • 1Мбайт = 220 = 1024 Кбайт=1048576 байт.
  • 1Гбайт = 230 = 1024 *1024*1024 байт
  • 1Тбайт = 240 = 1024 *1024*1024 *1024 байт.
  • Осы өлшемдер көбінесе ЭЕМ – жадының көлемін көрсетуге арналған.

Измерения в байтах

  • Десятичная приставка Двоичная приставка
  • Название Символ Степень Название Символ Степень
  • ГОСТ МЭК
  • байт B 100 байт B байт 20
  • килобайт kB 103 кибибайт KiB Кбайт 210
  • мегабайт MB 106 мебибайт MiB Мбайт 220
  • гигабайт GB 109 гибибайт GiB Гбайт 230
  • терабайт TB 1012 тебибайт TiB Тбайт 240
  • петабайт PB 1015 пебибайт PiB Пбайт 250
  • эксабайт EB 1018 эксбибайт EiB Эбайт 260
  • Зеттабайт ZB 1021 зебибайт ZiB Збайт 270
  • Йоттабайт YB 1024 йобибайт YiB Йбайт 280

Арифметикалық амалдар

  • Арифметикалық амалдар
  • 0+0=0 0-1=1
  • 0+1=1 1-1=0
  • 1+1= 0 (1 разряд жоғары) 1-0=1
  • Мысалы:
  • а) 1010-101, б) 1010+111
        • 1010-101 1010+111
        • 1010 1010
        • 101 111
        • 101 10011
  • Бөлшек санды екілік жүйеге ауыстыру
  • 0,625 санын екілік жүйесіне ауыстыру керек
          • 0,625*2=1,250 (1)
          • 0,250*2=0,500 (0)
          • 0,500*2=1,000 (1)
  • Нәтижесінде 0,62510=0,1012

жүктеу 31,78 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау