Жумина Асем Галымовна Тулегенова Сымбат Ержанқызы «Жасушалық биотехнология» пәні бойынша



жүктеу 4,2 Mb.
бет16/38
Дата29.11.2023
өлшемі4,2 Mb.
#44504
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   38
multi-213 x606468403

4. Иммуноферментті талдау
Иммуноферментті талдау (қысқаша ИФТ, enzyme-linked immunosorbent assay, ELISA) — әртүрлі қосылыстар, макромолекулалар, вирустар мен т.б. сандары мен сапаларын анықтауға арналған зертханалық иммунологиялық әдіс. Оның негізінде арнайы антиген-антидене реакциясы жатыр. Қалыптасқан кешенді сигналды тіркеу үшін белгі ретінде ферментті қолданып анықтайды.
Зерттеу объектілерінің әралуандылығына (төменмолекулалық қосылыстардан бастап, вирустар мен бактерияларға дейін) және ИФТ-ны өткізу жағдайларының көп болуына байланысты осы әдістің көптеген нұсқалары бар.
ИФТ бәсекелессіз форматының мысалы «сэндвич»-әдіс болып табылады. Иммобильденген антиденелермен тасымалдағышқа талдалынып жатқан антиген бар ерітінді қосады. Инкубация үдерісінің бірінші кезеңінде қатты фазада антиген-антидене кешені қалыптасады. Содан кейін тасымалдағышты байланыспаған компоненттерден шайып, ферментпен белгіленген арнайы антиденелерді қосады. Екінші реттік инкубациялау және ферментпен антиденелерден конъюгатты жойғаннан кейін тасымалдағыштың зертелініп жатқан антигеннің бастапқы концентрациясына пропорционалды болатын ферменттік белсенділігін анықтайды. Арнайы иммунокешенді анықтау кезеңінде антиген иммобилденген және белгіленген антиденелер молекулаларының арасында қыстырылып қалғандай болып көрінеді, сондықтан осы әдісті «сэндвич»-әдіс деп атады. Ферменттік реакция (түсті реакция) сутегінің қостотығы мен боялынбаған қосылыспен ұсынылған субстарт болғанда өтеді. Зерттеудің соңғы кезеңінде пероксидазалық реакция үдерісінде субстрат боялынады. Боялудың қарқындылығы анықталған арнайы антиденелер санынң тәуелді. Нәтижені спектрофотометриялық немесе визуалды бағалайды.
«Сэндвич»-әдіс тек қана бетінде тым болмаса екі антигенді детерминанта болатын антигендерді талдауға қолдануға болады. Осы форматта әртүрлі инфекциялардың (АИВ-инфекция, вирустық гепатиттер, цитомегаловирустық, герпестік, токсоплазмалық және басқа инфекциялар) иммуноферменттік диагностикасына арналған көптеген тест-жүйелер негізделген.

Сурет 6. Иммунноферменттік талдаудың сызбасы


Иммунноферменттік талдаудың кезеңдері:


1. Антигенді тұзды ерітіндіде пластиктік ыдыста немесе пробиркаларда инкубациялайды. соның нәтижесінде оның кішігірім бөлігі пластиктің бетінде адсорбцияланады.
2. Бос антигенді шаю арқылы жояды
3. Антигенмен байланысатын зерттелінетін антиденелерді қосылады.
4. Байланыспаған ақуыздарды шаю арқылы жояды
5. Антиденелерді белгіленген лиганд арқылы анықтайды. Лиганд ретінде мысалы IgG Fc-аймағымен байланысатын стафилококкалы ақуыз А бола алады.
6. Байланыспаған антиденелерді шаю арқылы жояды
7. Байланысқан белгіні анықтайды.
Кез келген талдаудың иммунохимиялық әдістер сияқты ИФТ жалған оң және жалған теріс нәтижелерді беруі мүмкін. Мысалы, әртүрлі инфекцияларға антиденелерді анықтағанда жалған оң нәтижені адамның G иммуноглобулиндеріне қарсы M иммуноглобулині болып табылатын ревматоидті фактор есебінен; адамның әртүрлі жүйелердің аурулары нәтижесінде пайда болған антиденелер, зат алмасудың бұзылуы немесе дәрілік құралды қабылдау есебінен; жаңа туған балаларда осындай жалған оң нәтижелер ағзасында анасының G иммуноглобулиніне M-антиденелердің қалыптасуы есебінен пайда болуы мүмкін. Одан басқа, жалған оң нәтижелердің себебі поликлонды активация синдромы болуы мүмкін. Осындай жағдайда ерекше заттар - суперантигендер – арнайы емес жолымен B-лимфоциттердің әртүрлі инфекцияларға антиденелерді өндіруіне ықпал етеді. Тәжірибе түрінде бұл бірден барлық қоздырушыларға антиденелер титрінің арнайы емес өсуінде байқалады. Антиденелерді анықтағанда жалған теріс нәтижелердің себебі иммунотапшылық күйімен және реакция қою барысында болған техникалық қателіктер болуы мүмкін.



жүктеу 4,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   38




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау