ТҰЗДАР Орындаған: Асылбаев Ілияс; Ермеков Бауыржан Зайырхан Қуандық; Көшкімбай Айдана Смайылова Мадина; Күртебай Данагул Қызылбек Нұрай Тұздар - Тұздар – химиялық қосылыстар класы; қышқыл молекулаларындағы сутек атомдарының орны толықтай немесе жартылай металл атомдары не ОН топтарына ауысқан қосылыстар; қалыпты жағдайда иондық құрылымдағы кристалл заттар.
- Тұздар ерте заманнан белгілі. 1812 жылы Я.Берцелиус тұздардың электрхимиялық теориясын құрды. Электролиттік диссоциациялану теориясы шыққаннан кейін, тұздардың суда ерігенде металл атомдары катиондарын және қышқыл қалдығы аниондарын түзетін күрделі заттар екені анықталды. Мысалы, NaNO3Na+1+NO Û3
Тұздардың түрлері - Тұздар орта, қышқыл, негіздік, қос және кешенді болып бөлінеді.
- Орта тұздар – сутек атомдары толық ауысса (Na2CO3, K3PO4, MgSO4);
- қышқыл тұздар – сутек атомдары металл атомдарымен біртіндеп алмасса (NaHCO3, K2HPO4);
- негіздік тұздар – құрамына гидроксил тобы енсе (MgOHCl, A1(OH)2Cl), қос тұздар – сутектің орнын бірнеше металл катиондары басса (KAl(SO4)2, NaK2PO4);
- кешенді тұздар – құрамында кешенді катион ([Cu(NH3)4]SO4) немесе кешенді анион (K[Fe(CN)6]) болса түзіледі.
- Тұздар көбіне халықаралық номенклатура бойынша аталады. Тұздар суда ерігенде иондарға ыдырап, ерітінділері электр тогын өткізеді.
Тұздардың түрлері - Гидролиз тұрғысынан тұздар 4 топқа жіктеледі:
- күшті негіз бен күшті қышқылдан;
- күшті қышқыл мен әлсіз негізден;
- әлсіз негіз бен күшті қышқылдан;
- әлсіз негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген.
- Күшті қышқыл мен күшті негізден түзілген тұздардан [KCl, NaCl, Ca(NO3)2] басқасы гидролизденеді. Тұздар қышқылдармен, сілтілермен және өзара ион алмасу реакцияларына түседі, металдармен әрекеттеседі. Тұздарды алудың 10-нан аса жолы бар. Тұздар табиғатта кең таралған. Тұздар қатты (ас тұзы) және еріген күйінде көл, теңіз, мұхит суларында, өсімдіктер мен жануарлар организмінде кездеседі. Тамақ өнеркәсібінде, ауыл шаруашылығында, медицинада, металлургия, шыны, т.б. өнеркәсіп салаларында, тұрмыста кеңінен қолданылады.
Тұздардың химиялық қасиеттері - Тұздар негізінен катты заттар, олардың суда ерігіштігі арнайы кестеде беріледі (химия кабинетінде ілініп тұрады) және «ерігіштік кестесі» деп аталады. Онда суда еритін заттар «е», аз еритіндері - «а.е», ерімейтіндері - «ем», суда тұрақсыздары сызықшаман (-) белгіленген. Тұздардың ішінде нитраттар жақсы ериді, ал барий сульфаты, кальций карбонаты, күміс хлориді, қорғасын (II) сульфиді т. т. іс жүзінде ерімейді. Калий мен натрийдің барлық түздары суда ерімтал келеді.
- Тұздардың металдар мен әрекеттесуі белсенді металдар белсенділігі төмен металдарды олардың тұздарының құрамынан ығыстырып, орын басу реакциясы жүреді, нәтижесінде жаңа тұз бен бос күйіндегі металл алынады.
- Тұздардың өзара әрекеттесуі
- Сынауыққа барий хлоридінің ерітіндісін құйып, оған натрий сульфатының ерітіндісін коссақ, ақ түсті тұнба пайда болады, ол мына реакцияның жүргендігінен:
- BaCl2+Na2S04=BaS04↓+2NaCl
- NaCl+AgN03=AgCl↓+NaN03
- Реакция типі - алмасу, мұндай реакциялардың жүру шарттары мынадай:
- Реакцияға қатысатын тұздардың екеуі де ерімтал болуы керек.
- Түзілген тұздардың біреуі тұнбаға ( ↓ ) түсуі керек.
- Сұлбасы мынадай:
- тұз + тұз = тұз (жаңа) + тұз ↓(жаңа)
Тұздарды алудың 10 түрлі әдісі - 1.Fe+Cl2=FeCl2
- 2.6HCl+2Al=2AlCl3+3H2
- 3.K2O+H2CO3=K2CO3+H2O
- 4.MgO+CO2=MgCO3
- 5.CO2+KOH=K2CO3+H2O
- 6.Fe+CuSO4=FeSO4+Cu
- 7.FeCl3+3KOH=Fe(OH)3+3KCl
- 8.BaCl2+Na2SO4=BaSO4+2NaCl
- 9.Na2O+2KCl=2NaCl+K2O
- 10.NaCl+AgNO3=NaNO3+AgCl
Тұздың құпиясы - Тұздар қатты (ас тұзы)және еріген күйінде көл, теңіз, мұхит суларында, өсімдіктер мен жануарлар организмде кездеседі. Тамақ өнеркәсібінде, ауыл шаруашылығында, медицинада, металлургия, шыны, т.б. Өнеркәсіп салаларында, тұрмыста кеңінен қолданылады. Тұз адамға оның ішкі органдарының дұрыс жұмыс істеуі үшін қажет.
- Қазақстан аумағында тұз қоры өте мол.Тұзды көлдер суында 3,5%-дан жоғары тұзы бар көлдер жатады.Қазақстанда олар Каспий ойпатында, Арал ойысында, Балқаш маңында, Ертіс, Есіл тағы басқа өзен аңғарларында таралған.
- Адам организмінде- 5,5%
- Табиғи суларда 01-3,5%
- Ас тұзынан өнеркәсіптік жолмен – сода, хлор, натрий алады.
- Натрий карбонатынан – шыны, желім, қағаз, сабын алуға көп жұмсалады.
- Құрылысқа қажетті – әктас, мәрмәр.
- Сулфаттар мен хлоридтер – дәрі-дәрмек бояуы,улы химикаттар алу үшін қолданылдады.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!
Достарыңызбен бөлісу: |