АФРИКАНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ОРНЫ, МАТЕРИК ЖАҒАЛАУЫН ШАЙЫП ЖАТҚАН МҰХИТТАР МЕН ТЕҢІЗДЕР. АФРИКАНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ. Африка-алып жатқан ауданы жөнінен Жер шарында Еуразиядан кейінгі екінші орынды алады. Оның ауданы аралдармен қоса есептегенде 30,3млн км². - Африка-алып жатқан ауданы жөнінен Жер шарында Еуразиядан кейінгі екінші орынды алады. Оның ауданы аралдармен қоса есептегенде 30,3млн км².
Табиғатының басты ерекшеліктері: - Табиғатының басты ерекшеліктері:
- - Африка-экватор сызығы мен бастапқы меридиан кесіп өтетін бірден-бір материк
- - Материк арқылы Жер шарындағы ең ұзын өзен Ніл өзені ағып өтеді, ұзындығы 6671км.
- - Африкада Жер шарындағы ең үлкен тропиктік континенттік шөл Сахара орналасқан, оның ауданы 7млн км².
- - Африкада ең ірі жануар – Африка пілі тіршілік етеді. Салмағы 7,5 тонна.
- - Материктің теңіз деңгейінен ең биік орналасқан нүктесі – Шығыс Африкадағы Килиманджаро жанартауы, биіктігі 5895м
- - Ең төмен орналасқан нүктесі Ассаль көлі, деңгейі -153м
- - Материк жағалауындағы ең ірі арал – Мадагаскар, ауданы 590 мың км²
- - Африкадағы ең ірі көл – Виктория, ауданы 68 мың км², ал ең терең көлі – Танганьика тереңдігі 1470м, Байкалдан кейінгі екінші орынды алады.
- - Материктегі ең ірі сарқырама – Оңтүстік Африкадағы Тугела өзені бойында орналасқан Тугела, биіктігі 933м.
Африка жағалауы. - Африка жағалауы.
- Материктің батыс жағалауын Атлант мұхитының, ал солтүстігін Атлант мұхитына енетін Жерорта теңізінің сулары шайып жатыр. Олардың арасын ені 12км-лік Гибралтар бұғазы жалғастырып жатыр. Ал материктің шығысы мен оңтүстік-шығыс жағалауларына Қызыл теңіз бен Үнді мұхитының сулары ұласады. Африка жағалауы онша көп тілімденбеген. Ірі шығанақтары – Гвинея мен Сидра, ал шығыста ірі түбек Сомали орналасқан. Ірі аралдардың көпшілігі Үнді мұхитында орналасқан, оларға Мадагаскар, Занзибар, Сокотра аралдары мен Комор, Сейшель, Маскарен аралдарының тобы жатады. Материк жағалауында Канар, Бенгель, Сомали суық ағыстары ағады.
Зерттелу тарихы. - Зерттелу тарихы.
- XIV ғасырда мароккалық араб Әбу ибн Баттута Сомали түбегі аймағын, кейіннен Тимбукту мен Мали жерлеріне саяхат жасап, зерттеген. 1497-99 жылдары Васко да Гама басқарған португал экспедициясы Африканы айналып өтіп, Сомали түбегі жағалауы арқылы Үндістанға қарай бағыт алған. Африканың ішкі аудандарын ашу мен табиғат жағдайларын танып-білуде ағылшын Давид Ливингстонның еңбегі өте зор. Ол 1849 жылғы бірінші саяхаты кезінде Оңтүстік Африканы батыстан Шығысқа қарай Замбези өзені бойымен кесіп өткен. 1855 жылы Замбези өзеніндегі атақты Виктория сарқырамасын ашқан. Ливингстонмен қатар Генри Стэнли де Африка көлдерін зерттеп, Конго өзені бастауларынан ағысына дейін зерттеген. Орыс ғалымы В.В.Юнкер Ніл өзені бойымен Шығыс және Орталық Африкаға саяхат жасаса, 1926-27 жылдары Орыс ғалымы Н.И.Вавилов 6000-нан астам мәдени өсімдіктер үлгілерін жинақтаған.
Дәптермен жұмыс. - Дәптермен жұмыс.
- Мына саяхатшылардың ішінен Африка материгінің зерттелуіне үлес қосқан саяхатшылардың аттарын тауып жазыңдар.
- Васко да Гама, Джеймс Кук, Руаль Амундсен, Н.И.Вавилов, А.Веспучи, Себастьян Элькано, В.В.Юнкер, Генри Стэнли, Шоқан Уәлиханов, Семен Дежнев, Ф.Беллинсгаузен, М.Лазарев, Давид Ливингстон, И.В.Крузенштерн
Сәйкестендіру. - Сәйкестендіру.
- Африка саяхатшы
- Жерорта материк
- Генри Стэнли көл
- Тугела сарқырама
- Виктория теңіз
- Мадагаскар арал
- Сомали мұхит
- Атлант түбек
Үйге: - Үйге:
- Африканың физикалық-географиялық орны, материк жағалауын шайып жатқан мұхиттар мен теңіздер. Африканың зерттелуі.
- Кескін картамен жұмыс.
- Мына географиялық объектілерді кескін картаға түсіріңдер.
- Африка материгі, Сахара шөлі, Жерорта, Қызыл теңіздері, Атлант, Үнді мұхиттары, Мадагаскар аралы
Достарыңызбен бөлісу: |