Жумина Асем Галымовна Тулегенова Сымбат Ержанқызы «Жасушалық биотехнология» пәні бойынша


Жануарларды клондау саласында негізгі зерттеулер



жүктеу 4,2 Mb.
бет19/38
Дата29.11.2023
өлшемі4,2 Mb.
#44504
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   38
multi-213 x606468403

2. Жануарларды клондау саласында негізгі зерттеулер
1952 жылы Р. Бриггс пен Т. Кинг шыны пипетка көмегімен ядроны ядросыз (энуклеирленген) жасушаларға тасымалдаудың микрохирургиялық әдісін жасап шығарды. Олар егер ядроны бластула кезеңіндегі ұрық жасушаларынан алса, ұрықтардың шамамен 80% әрі қарай дамып, шабаққа айналады. Егер ядроны гаструла кезіңіндегі ұрықтан алса, жұмырқа жасушаларының тек 20% ғана қалыпты дамиды.

Сурет 2. Р.Бриггс пен Т.Кингтің клондау бойынша тәжірибесі


1962 жылы Дж. Гордон оңтүстік африкалық құрбақа Xenopus laevis-пен тәжірибеде бірінші рет ядролар доноры ретінде ұрық жасушаларын емес шабақтың мамандырылған ішек эпителий жасушаларын қолданды. Ол жұмырқа жасушаларының ядроларын ультракүлгін сәулелер көмегімен бұзды. Осы жұмыртқа жасушаларының оннан бір бөлігінен эмбриондар дамыды, осы эмбриондардың 6,5% бластула кезеңіне жетті, 2,5% шабаққа дейін дамыды және тек қана 1% жыныстық жетілген дараларға айналды.
1970 жылы Герд пен Ласки in vitro ересек жануарлардың бүйрек, өкпе мен тері жасушаларын ядро донорлары ретінде қолданды. Реконструкцияланған жасушалардың шамамен 25% бластула кезеңіне дейін дамыды. Сериялық трансплантация нәтижесінде олар шабақ кезеңіне дейін дамыды.
1983 жылы Ди Берардино мен Хофнер трансплантация үшін Rana pipiens бақалары эритроциттерінің ядроларын қолданды. Бірнеше тәжірибеден кейін жұмыртқа жасушаларының 10% шабақ кезеңіне дейін дамыды. Бірақ әрі қарай дамыған жоқ.
1983 жылы МакГрат пен Солтер ядроларды алып шығу және тышқан жұмыртқа жасушаларына енгізу әдістерін жетілдірді.
1983-1985 жж Сурани зиготадан аналық пронуклеусын жұмыртқа жасушасына енгізген кезде қалыпты даму жүрмейтіні, ал аталық пронуклеусын қосқан кезде қалыпты дамитыны анықтады.
Әртүрлі зиготалардан аталық және аналық пронуклеустарының комбинациясы қалыпты дамуды қамтамассыз етеді, ал екі аталық немесе екі аналық пронуклеустардың комбинациялары эмбрионның дамуын тоқтатады. Сүтқоректілерде партеногенездік (гиногенездік) және андрогенездік ұрықтардың өлімі онтогенезде аналық және аталық геномдардың әртүрлі белсенділігімен байланысты. Осы функционалдық айырмашылықтарды реттейтін механизм геномдық импритинг деп аталады.
Уиладсин мен оның әріптестері ірі қара малдарды клондау әдістемесін жасап шығарды. Малдардың жұмыртқа жасушаларын ең алдымен бірінші (аралық) реципиенттің байланған жұмырқа жолында in vivo дақылдайды. Содан кеін оларды сол жерден шайып шығарады да, екінші реципиенттің жатырына тасымалдайды. Сол жерде оның дамуы туғанша жүреді. Зерттеуші реконструкцияланған жасушаларды агарлық цилиндрге қаптап, содан кейін оны жұмыртқа жолына трансплантациялауды ұсынды.
Робл және оның әріптестері сиырлар ядроларының жұмыртқа жасушаларының жарғақшасын теспей алып шығып, зиготаларға қоршап тұрған цитоплазмасымен кариопласттарды (аталық пен аналық пронуклеустар) және 2-, 4- немесе 8-жасушалы эмбриондардың ядроларын тасымалдады. Ең алдымен пронуклеустардың сарыуыз түйіршіктерінен босату үшін зиготаларды центрифугалайды. Содан кейін ядролар микроскопта жақсы көрініп, оларды бөліп алу оңай болды. Манипулятор және шыны микропипетка көмегімен ұрықтардан ядросы бар бластомерлерді бөліп алып, оны энуклеирленген зиготаға тасымалдайды. Реконструкцияланған ұрықтарды агарлық цилиндрге қаптап, байланған жұмыртқа жолына тасымалдады. Бес күннен кейін оларды шайып, агардан босатып зерттеді. Реконструкцияланған ұрықтар зиготаларға пронуклеустарды тасымалдаған кезде ғана дамыды. Осындай ұрықтардың 17% морула немесе бластоциста кезеңіне дейін дамыды. Екі ұрық екінші реципиентке тасымалданды және олардан тірі бұзаулар туды. Донорлар ретінде және 2-, 4- немесе 8-жасушалы эмбриондар қолданған кезде реконструкцияланған жұмыртқа жасушалары тіпті морула кезеңіне дейін де дамыған жоқ.



жүктеу 4,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   38




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау