Бір шырынды бал- Өсімдіктің бір түрінен жиналған бал. Көп шырынды бал



жүктеу 17,84 Kb.
Дата21.01.2022
өлшемі17,84 Kb.
#34093
ғылыми жұмыс


Балды күнделікті өмірде жиі қолданғанымызбен,оның адамға тигізетін көптеген пайдасы мен емдік қасиеттерін,өзіне тән ерекшеліктерін біле бермейміз. Бізді қоршаған табиғат небір қызықты құпияларға толы.

Мені, әсіресе , ара балының пайдасы мен емдік қасиеті қызықтырды.Таза өнімдерді өндіруге тікелей қатысатын жер шарындағы жалғыз жәндік – аралар. Сондықтан мен жұмысымның тақырыбын «Балдың пайдасы және емдік қасиеті» деп алдым.

Балдың екі түрі бар:



Бір шырынды бал- Өсімдіктің бір түрінен жиналған бал.

Көп шырынды бал - Бірнеше өсімдік түрінен жиналған бал.

Бір шырынды балды –өсімдіктердің түріне қарай – қара-құмық балы, жөке ағашының балы деп, неше түрлі атайды.

Көп шырынды балды –табиғи бал беретін өңірлерге байланысты дала балы, тау балы, бақ балы деп ерекшелейді.

Табиғи балдың түрлері
Әлемде гүлдейтін қанша өсімдік болса,балдың да сонша түрі бар.
Атап айтсақ

Түйебұршақ (донник) балы бірінші сортты балға жатады. Ақ немесе ашық –

 янтарь түсті болып келетін хош иісі бар балдың бұл түрі глюкозаға бай.

Түйебұршақ балы ішек ауруларына пайдалы.
Шайқурай (кипрей) балы мөлдір жасыл сары түсті сұйық бал. Балдың бұл түрін әлсіздікке, жараны қайтаруға пайдаланамыз.
Шабындық (луговой) балы бірінші сортты балға жатады. Сары қоңыр немесе алтын түсті балды шабындықтағы түрлі гүлдерден алады. Бұл бал арқылы тыныс алу, жүйке, жүрек және ас қорыту жүйесін емдеуге болады.


Жөке балы жақсы сортқа жатады. Сары жасыл түсті балдың бактерияға қарсы қасиеті бар. Жөке балының тамақ ауруларына пайдасы мол. Сондайақ, тыныштандыратын, ұйқыны жақсартатын қасиеті бар.
Таңқурай балы ақ түсті болады. Жоғары сортқа жататын балдың бұл түрі суық тигенде тұмаудың алдын алу үшін пайдаланылады.
Қарақұмық балы қою қызыл немесе қоңыр түсті болады. Жоғары сортқа жататын бұл балдың ерекше иісі бар. Қарақұмық балы темірге, магний, мысқа бай болғандықтан, түрлі қан ауруларын емдеуге пайдаланылады. Жүйке жүйесіне де қарақұмық балы бірден-бір ем. Сондай-ақ, тері ауруларын да балдың осы түрімен емдеуге болады.


Балдың емдік қасиеттері :
Ара балы мен ара балауызы түрлі ауруларға ем болатын өте құнды зат.

Түрлі ізденіс жасай отырып,балдың ем болатын ауру түрлерін сараптап, емге қолдану тәсілдерін танып білдім.







  • Тері қышымасы,шиқан,ауыздық,қотыр шыққанда ара ұясын 7 күн спиртке шылап қойып,8-күннен бастап күніне бірнеше рет жағу керек.




  • Денеге түрлі жарақат шыққанда,күйіп қалған кезде 60грамм балға бір шай қасық балық майын қосып,жақсылап араластырып жағу жарақаттың тез жазылуына септігін тигізеді.




  • Ұйқысыздықтан құтылу үшін жасалатын әртүрлі ем бар.

Солардың ішіндегі ең тиімдісі – бал жеу. Жатар алдында 1 шай қасық балды 1 стақан жылы суға араластырып ішсе тез ұйықтауға көмектеседі.

Жүрек ауыратын адамдар балды анар шырынымен қосып үзбей жеп отырса,науқастың жағдайы жақсарады.

Косметолиялық жағдайда да бал өз орнын тапқан. Сұлулық салондарында балдан түрлі маскалар жасалып, кейде массаж жасау кезінде де қолданылады. Құрамында балы бар сусабындар, шаш бояғыш бояулар, түрлі кремдер жақсы қолданысқа ие.

 

Тағам ретінде түрлі торттар, тәтті тоқаштар дайындауға қолданылады. Ол адамның тәбетін ашады, иммунитетін жақсартады. Бал әсіресе балалар мен қарт адамдарға өте пайдалы.



Медицина саласында да балды кеңінен қолданады. Балдың ертіндісін инфекциялық және тұмаумен ауырған кезде тыныс алу жолдарын емдеуде жиі қолданылады. Қазіргі таңда балдың қолданылуы ғылыми медицинада да өз жолын табуда.

Балдың қолданылуын зерттеу

 Косметологиялық жағдайда зерттеу үшін мына рецеппен анамның бетіне маска жасадым. Анам бетінің сәбидің бетіндей балғын болғанын айтты. Ол үшін маған 1 шай қасық ірімшік,1 ас қасық сүт,1/2 қасық бал қажет болды.



Кулинариялық жағдайда зерттеу үшін маған анам көмектесті.

Анам екеуіміз бал тортын (Медовый торт) пісірдік. Ол үшін - 2 ас қасық бал, 2 жұмыртқа, 100 гр маргарин, 1/2 шай қасық сода, 5-6 стақан ұн қажет. Торт өте дәмді шықты деп ойлаймын. Бағасын өздеріңіз бересіздер.



Қорыта айтқанда,ізденіс жұмыстарын жасай отырып,ара балының,ара ұясының адамға өте пайдалы зат екеніне көз жеткіздім. Болашақтың иесі дені сау,салауатты адамдар болуы керек.

Яғни,денсаулықты сақтаудың бір жолы салауатты өмірді ұстану,ағзамызды қажетті заттармен қамтамасыз ету.

Оның бірден-бір жолы күнделікті өмірде балды тиімді қолдану.
жүктеу 17,84 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау