көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларымен айқындалады.
29. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібі, микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдары мен
кредиттік серіктестіктерді іріктеу және кредит ресурстарын беру, Бағдарламаның осы бағыты
шеңберінде бөлінген кредит ресурстарының мақсатты пайдаланылуын мониторингтеу жұмыспен қамту
мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін Микроқаржы ұйымдары мен кредиттік
серіктестіктерге конкурстық негізде кредит беру қағидаларымен айқындалады.
30. Микрокредит беру шарттары:
1) республикалық бюджеттен бюджеттік кредит жергілікті атқарушы органға қайтарымдылық,
мерзімділік және ақылылық қағидаттарында 0,01 % жылдық сыйақы мөлшерлемесімен 5 жылға беріледі;
2) бюджеттiк кредиттiң нысаналы мақсаты – жеке iсiн ұйымдастыру немесе кеңейту;
Жеке ісін кеңейтуге микрокредит жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру және халықты жұмыспен
қамту орталықтары арқылы міндетті түрде жұмысқа орналастыру шартында беріледі;
3) микрокредит тұтынушылық мақсаттарға, бұрынғы қарызды өтеуге және жылжымайтын тұрғын үй
сатып алуға, сондай-ақ сауда саласындағы қызметті жүзеге асыруға берiлмейдi;
4) 500 мың теңгеге дейінгі сомаға микрокредит беру мерзiмi – 3 жылдан аспайды, 500 мың
теңгеден жоғары сомаға – 5 жылдан аспайды;
5) микрокредит:
жеке ісін ұйымдастыруға және кеңейтуге 3 млн. теңгеге дейінгі;
Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын және оралмандар мен қоныс аударушыларды
қабылдаудың өңірлік квотасына қосылған өңірлерге қоныс аударғандарға 5 млн. теңгеге дейінгі;
жеке қосалқы шаруашылық базасында ұсақ тауарлар өндірісін ұйымдастыруға 6 млн. теңгеге
дейінгі соманы құрайды.
Ұсақ тауарлар өндірісін ұйымдастыру үшін 6 млн. теңгеге дейінгі микрокредиттер беру
пилоттық режимде 2016 жылы қабылданатын болады.
6) 500 мың теңгеге дейінгі сомаға микрокредит алған қарыз алушыларды қоспағанда,
түпкілікті қарыз алушыға, микроқаржы (микрокредиттiк) ұйымдарына және/немесе кредиттiк
серiктестiктерге микрокредит бойынша негiзгi борышты өтеу бойынша микрокредит беру мерзімі
ұзақтығының үштен бiрiнен аспайтын мерзiмге жеңiлдiктi кезең ұсынылуы мүмкiн;
7) 500 мың теңгеге дейін микрокредит бойынша түпкілікті қарыз алушыға негiзгi борышты
өтеу бойынша алты айдан аспайтын мерзімге жеңiлдiктi кезең ұсынылады;
8) микроқаржы (микрокредиттiк) ұйымдары және/немесе кредиттiк серiктестiктер үшiн
уәкiлеттi өңiрлiк ұйым ұсынатын микрокредиттер бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесі өңiрлiк
комиссиямен келiсу бойынша уәкiлеттi өңiрлiк ұйым үшiн белгiленген микрокредиттер бойынша
сыйақы мөлшерлемесі мен оның микрокредит берудi ұйымдастыруға байланысты жоспарланған шығыстарын
негізге ала отырып белгіленеді;
9) соңғы қарыз алушы үшiн кредиттiк ресурстар бойынша ең жоғары жылдық тиiмдi
мөлшерлемені өңiрлiк комиссиямен келiсу бойынша уәкiлеттi өңiрлiк ұйым белгiлейдi;
10) соңғы қарыз алушы үшін қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйым ұсынатын
микрокредиттер бойынша ең жоғары жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі өңірлік комиссиямен келісу
бойынша белгіленеді. Бұл ретте 500 мың теңгеге дейінгі микрокредиттер бойынша соңғы қарыз алушы
үшін ең жоғары жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 5 %-дан аспайтын мөлшерде белгіленеді;
11) микрокредиттерін мерзімінен бұрын өтеген Бағдарламаға қатысушылардың жеке ісін
кеңейту үшін микрокредит алуға қайта өтініш беруге және 5 млн. теңгеге дейін микрокредит алуға
құқығы бар;
12) соңғы қарыз алушылардың бұрын берілген кредиттік ресурстар бойынша қайтарған қаражаты
есебінен қайта кредит беруге жол беріледі.
Ескерту. 30-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 22.12.2015
№ 1029
қаулысымен.
31. Бағдарламаға қатысушылар іске асыратын жобалар үшін инженерлік-коммуникациялық
инфрақұрылымды дамыту және жабдық сатып алу шарттары:
1) инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және/немесе салу Бағдарламаға
қатысушылар iске асыратын жобалар үшiн қолданыстағы жүйелерге: жолдарға, кәрiзге, жылумен және
сумен, газбен жабдықтауға, телефон және электр желiлерiне жетiспейтiн инфрақұрылым жүргізуді
болжайды.
Жетiспейтiн инфрақұрылымды жүргізу елдi мекендi дамытудың бас жоспарына (ауылда –
инженерлiк-коммуникациялық желiлердiң жергiлiктi схемаларына) сәйкес келуге тиiс және бiр
немесе бiрнеше жобаны қамтамасыз етуге бағытталуы мүмкiн.
Жүргізілген инженерлік инфрақұрылым жергілікті атқарушы органдардың коммуналдық меншігінің
теңгеріміне беріледі.
Инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін дамыту және/немесе жетіспейтіндерін
салу «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы» Қазақстан
Республикасының
сәйкес жүзеге асырылады;
Заңына
2) Бағдарламаға қатысушылар іске асыратын жобалар үшін жабдық сатып алу кәріз, жылумен
және сумен, газбен жабдықтау желілерін, телефон және электр желiлерiн алмастыратын жабдықпен,
сондай-ақ жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшін блок модульдермен (арнайы жабдықталған
жылжымалы үйлер) жарақтандыруды білдіреді.
Бағдарламаға қатысушылар іске асыратын жобалар, оның ішінде жайылымдық мал шаруашылығын
дамыту үшін сатып алынатын жабдық қабылдау-беру актісі арқылы Бағдарламаға қатысушының
меншігіне беріледі. Бұл ретте микрокредитті қайтару мерзімі ішінде Бағдарламаға қатысушы
жабдықты мақсатты пайдалануды қамтамасыз етеді және растайды.
32. Бағдарламаға қатысушылар іске асыратын жобалар, оның ішінде жайылымдық мал
шаруашылығын дамыту үшін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін дамытуды және/
немесе жетіспейтіндерін салуды және жабдықтар сатып алуды жергілікті атқарушы органдар
жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.
Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 22.12.2015
№ 1029
қаулысымен.
33. Жергілікті атқарушы органдар инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін
дамытуға және/немесе жетіспейтіндерін салу үшін және Бағдарламаға қатысушылар іске асыратын
жобалар үшін, оның ішінде жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшін жабдықтар сатып алуға
арналған жергілікті бюджет қаражатын айқындалған техникалық шарттарға немесе «Қазақстан
Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы» Қазақстан Республикасының
белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама мен бизнес-ұсыныстарға
Заңында
сәйкес пайдаланады.
Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 22.12.2015
№ 1029
қаулысымен.
34. Жергілікті атқарушы органдар Бағдарламаға қатысушылар іске асыратын жобалар үшін,
оның ішінде жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым
объектілерін дамыту және/немесе жетіспейтіндерін салу және жабдықты сатып алу жөніндегі
уәкілетті органды өз бетінше айқындайды.
Бұл ретте, Бағдарламаға қатысушылар іске асыратын жобалар үшін, оның ішінде жайылымдық
мал шаруашылығын дамыту үшін инфрақұрылым объектілерін дамыту және/немесе салудың және/немесе
сатып алынатын жабдықтың құны жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу құны мен мемлекеттік
сараптама жүргізу құны есепке алынбай берілетін микрокредиттің сомасына қарамастан,
Бағдарламаның бір қатысушысына 3 млн. теңгеден аспауға тиіс.
Шартта көзделген инфрақұрылымдық жобаның iске асырылуын мониторингтеу инфрақұрылымды
дамыту жөнiндегi уәкiлеттi органға жүктеледi.
35. Микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдарына, кредиттік серіктестіктерге және қаржы
агенттігі мәртебесіне ие ұйымдарға кредиттік ресурстар беру тетігі:
1) Бағдарлама операторы жергiлiктi атқарушы органға бюджеттiк кредит бередi;
2) аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдары ауылдық округтер әкімдерінің
қатысуымен аумақтарды дамыту бағдарламаларына сәйкес Кәсіпкерлікті дамыту картасын әзірлейді
және оны облыстың кәсіпкерлікті дамыту және ауыл шаруашылығы жөніндегі уәкілетті органымен
келісу бойынша бекітеді.
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап микрокредит беру ауыл шаруашылығы өнімдерінің нақты
түрлерін өндіру үшін ауыл шаруашылығы жерлерін оңтайлы пайдалану бойынша өңірлерді
мамандандырудың ұсынылатын схемасын ескере отырып, Кәсіпкерлікті дамыту картасына сәйкес жүзеге
асырылады.
Кәсіпкерлікті дамыту картасы бекітілгенге дейін Бағдарламаға қатысушыларға микрокредит
беру өңірлік комиссиялар айқындаған өңірде кәсіпкерлікті дамытудың басым бағыттарына сәйкес
жүзеге асырылады;
3) облыстардың жергілікті атқарушы органдары микрокредит беруді ұйымдастыру үшін