уәкілетті өңірлік ұйымдарды айқындайды;
4) уәкiлеттi өңiрлiк ұйымдар жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті орган
бекітетін Микроқаржы ұйымдарына және/немесе кредиттiк серiктестiктерге кредит беру қағидаларына
сәйкес Бағдарламаға қатысу үшiн микроқаржы (микрокредиттiк) ұйымдарын және/немесе кредиттiк
серiктестiктердi iрiктеу бойынша конкурс өткiзедi.
Микроқаржы (микрокредиттiк) ұйымдары мен кредиттiк серiктестiктер арасында конкурс
өткізбей, соңғы қарыз алушыларға микрокредит беруді қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті
өңірлік ұйымның өзі жүзеге асыруы мүмкін;
5) уәкiлеттi өңiрлiк ұйым мен микроқаржы (микрокредиттiк) ұйымдарының және/немесе
кредиттiк серiктестiктердiң арасында кредит беру туралы шарт жасалады.
Уәкілетті өңірлік ұйымның қаржы агенттігі мәртебесі болған жағдайда, микрокредит ұсыну
туралы шарт тікелей соңғы қарыз алушымен жасалады.
6) Бағдарлама операторы өз құзыреті шегінде қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті
өңірлік ұйым, микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдары немесе кредиттік серіктестіктер берілген
кредиттің мақсатты пайдаланылуын және Бағдарламаға қатысушылардың шартқа сәйкес өздеріне
қабылдаған міндеттемелерін орындауын сүйемелдеуді және бақылауды жүзеге асырады.
Қаражатты мақсатты пайдалану туралы есепті, микрокредиттерді беру және өтеу, қатарынан 3
айдан астам микрокредиттерді өтеу бойынша қарыздары бар адамдар, негізгі қарыз және сыйақы
бойынша қарыздардың сомасы жөніндегі ақпаратты, сондай-ақ микрокредитті уақытынан бұрын өтеген
адамдардың тізімдерін Бағдарламаға қатысушыны жіберген халықты жұмыспен қамту орталығына әр
айдың 5-күнiне дейін ұсынады;
7) қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйым не микроқаржы (микрокредит)
ұйымдары не микрокредиттік серіктестіктер «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және
кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының
Заңына
сәйкес кредиттік бюроға микрокредиттерді мақсатсыз пайдалануға жол берген және кредиттерді өтеу
кестесін бұзған адамдарды қоса алғанда, микрокредит алған Бағдарламаға қатысушылардың тізімін
ұсынады.
Ескерту. 35-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 22.12.2015
№ 1029
қаулысымен.
36. Бағдарламаға қатысушыларға кәсіпкерлікті дамыту бойынша мемлекеттік қолдау шараларын
ұсыну тетігі:
1) Бағдарламаның екiншi бағытының бірінші құрамдас бөлігіне қатысуға ниет бiлдiрушiлер
халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді, онда оларға Бағдарлама шеңберінде микрокредит
алудың ықтимал нұсқалары туралы консультация беріледі;
2) халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаның екінші бағытына қатысушылар құрамына
енгізілген адамдармен әлеуметтік келісімшарттар жасайды;
3) халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушыларды Кәсіпкерлерге қызмет
көрсету орталығына немесе Кәсіпкерлікті қолдау орталығына (сервистік қызмет көрсету жөніндегі
ұйым) жібереді, онда оларды кәсіпкерлік негіздеріне тегін оқыту, бизнес-жоспар әзірлеуге
жәрдемдесу қамтамасыз етіледі;
4) микрокредиттер беру:
Бағдарламаға қатысушы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының немесе Кәсіпкерлікті қолдау
орталығының жәрдем көрсетуімен жобаның бизнес-жоспарын әзірлейді және Бағдарламаға қатысушыларға
микрокредит беру құқығын алған қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйымға не
микроқаржы (микрокредиттік) ұйымына микрокредит алуға өтініммен жүгінеді;
5) Бағдарламаға қатысушы микрокредит алуға оң қорытынды алғаннан кейін Кәсіпкерлерге
қызмет көрсету орталығымен немесе Кәсіпкерлікті қолдау орталығымен бір жылға дейінгі мерзімге
жобаны сүйемелдеу жөніндегі қосымша қызметтер (маркетингтік, заңдық, бухгалтерлік және басқа да
қызмет түрлерін) ұсынуға шарт жасасуға құқылы.
6) инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту:
халықты жұмыспен қамту орталықтары қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік
ұйымнан не микроқаржы (микрокредиттік) ұйымынан немесе кредиттік серіктестіктен оң қорытынды
алған кезде инфрақұрылымды дамыту жөніндегі уәкілетті органға Бағдарламаға қатысушылар іске
асыратын жобалар, оның ішінде жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшін
инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін дамытуды және/немесе жетіспейтіндерін
салуды және/немесе жабдық сатып алуды талап ететін Бағдарламаға қатысушылардың тізімдерін
жібереді;
Бағдарламаға қатысушылар инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның жетіспейтін
объектілерін дамыту үшін қажет болса, техникалық паспортты, жер актісін, жер учаскесін бөліп
беруді және техникалық шарттарды ұсынады;
инфрақұрылымды дамыту жөніндегі уәкілетті орган Бағдарламаға қатысушылар іске асыратын
жобалар, оның ішінде жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшін инженерлік-коммуникациялық
инфрақұрылым объектілерін қаржыландыру немесе жабдықтар сатып алу мүмкіндігі (немесе мүмкін
еместігі) және қажетті қаржыландыру көлемі туралы қорытынды дайындайды және қабылданған шешім
туралы халықты жұмыспен қамту орталығын хабардар етеді;
7) оң қорытынды алған жобалар бойынша Бағдарламаға қатысушы мен инфрақұрылымды дамыту
жөнiндегi уәкiлеттi органның арасында тиiстi шарт жасалады.
Ескерту. 36-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 22.12.2015
№ 1029
қаулысымен.
Тірек ауылдарды кешенді дамыту
Ескерту. "Тірек ауылдарды кешенді дамыту" бөлімі алып тасталды - ҚР Үкіметінің 22.12.2015
қаулысымен.
№ 1029
Үшінші бағыт: жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы
жұмысқа орналасуға жәрдемдесу
51. Үшінші бағыт жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде еңбек әлеуетін дамыту, жұмысқа
орналасуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының кәсіптік және аумақтық ұтқырлығын арттыру
жолымен халықты жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтуды қамтамасыз етуге бағытталған.
52. Үшінші бағыттың мынадай құрауыштары бар:
1) оқыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;
2) аумақтық ұтқырлықты арттыру.
Оқыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу
53. Аталған бағыт шеңберінде Бағдарламаға қатысушыларға мемлекеттік қолдаудың мынадай
түрлері ұсынылады:
1) кәсіптік бағдарлану, кәсіп таңдауда көмек көрсету, оқу және жұмысқа орналасу
мәселелері бойынша консультациялар, психологиялық бейімдеу жөніндегі қызметтер;
2) біліктілікті арттырудың, кәсіптік даярлаудың және қайта даярлаудың тегін курстарына (
бұдан әрі – кәсіптік оқыту) жіберу;
3) қызмет көрсету саласы үшін кадрларды даярлау бойынша, оның ішінде ЭКСПО-2017
халықаралық көрмесін өткізу шеңберінде және «жасыл экономика» саласында қысқа мерзімді тегін
курстарға (бұдан әрі – оқыту шеберлік сыныптары) жіберу;
4) практикалық дағдылар алу үшін қысқа мерзімді курстарды қоспағанда, кәсіптік оқуға
материалдық көмек беру;
5) лайықты бос жұмыс орындарын іздеу және жұмысқа, оның ішінде әлеуметтік жұмыс
орындарына және жастар практикасына орналасуға жәрдемдесу;
6) әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жеке тұлғалардың жалақысын ішінара
субсидиялау;
7) жастар практикасына жіберілген жеке тұлғаларға еңбекақы төлеу;
8) қысқартылған жұмыс уақыты үшін білікті қызметкерлердің жоғалтқан табысының үштен екі
бөлігін уақытша субсидиялау;
9) жұмыс берушілерге мемлекеттік грант беру арқылы біліктілік арттыруға және қайта
даярлауға жіберу.