өтемақыны ескергенде жалақының белгіленген мөлшерінің 35 %-ын құрайды,
бірақ тиісті қаржы
жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда айқындалған ең төменгі жалақы мөлшерінен
аспауға тиіс.
Әлеуметтік жұмыс орындарында және жастар практикасында уақытша жұмыспен қамтылу шарттары
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске
асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы №
836
айқындалған.
қаулысында
Жұмыс беруші әлеуметтік жұмыс орындарын және жастар практикасын ұйымдастырудың
белгіленген тәртібін бұзған жағдайда, жұмыс берушілермен жасалған тиісті шарт олардың
Бағдарламаға қатысушыларға субсидиялар төлеуге кеткен мемлекеттің шығыстарын бюджетке қайтаруы
арқылы бұзылуға жатады.
Бұзушылық анықталған сәттен бастап бір жыл ішінде әлеуметтік жұмыс орындарын және жастар
практикасын ұйымдастырудың белгіленген тәртібін бұзуға жол берген жұмыс берушілермен әлеуметтік
жұмыс орындарын және жастар практикасын ұйымдастыруға шарттар жасасуға жол берілмейді.
Ескерту. 65-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 22.12.2015
№ 1029
қаулысымен.
65-1. Қысқартылған жұмыс уақыты үшін республикалық және өңірлік деңгейдегі
кәсіпорындардың білікті қызметкерлерінің жоғалтқан табысының үштен екі бөлігін уақытша
субсидиялау олардың жұмыс орнын қысқартуды болдырмау мақсатында жалақының жоғалтылған бөлігінің
орнын толтыру үшін жүзеге асырылады.
Республикалық деңгейдегі кәсіпорындардың қысқартылған жұмыс уақыты үшін білікті
қызметкерлердің жоғалтқан табысының үштен екі бөлігін уақытша субсидиялау қызметкерлерінің саны
250 адамнан кем емес өнеркәсіп салаларына жататын кәсіпорындардың қызметкерлеріне ғана
жүргізіледі, өндіріс көлемі немесе бағалардың әлемдік конъюнктурасына байланысты өнім бағасы
төмендеген жағдайда және кәсіпорын мына шарттардың біріне сәйкес келген жағдайда:
1) моноқалаларда қала құраушы кәсіпорын болып табылады;
2) экспортқа шығарылатын тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) үлесі осы кәсіпорын
өндіретін тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) жалпы көлемінің кемінде 30%-ын құрайды;
3) ішкі нарыққа шығарылатын тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) үлесі облыстық
көлемнің кемінде 30%-ын немесе республика бойынша осы тауарлар (көрсетілетін қызметтер)
көлемінің кемінде 10%-ын құрайды.
Қысқартылған жұмыс уақыты үшін білікті қызметкерлердің жоғалтқан табысының үштен екі
бөлігін уақытша субсидиялау бойынша мемлекеттік шара қолданылған жағдайда, кәсіпорын өндірістің
тоқтатылуына жол бермейді және көрсетілген білікті қызметкерлердің қолданыстағы жұмыс орындарын
сақтайды.
Бұл ретте, өңірлік деңгейдегі кәсіпорындарды уақытша субсидиялау шарты тиісті жергілікті
атқарушы органдардың шешімдерімен белгіленеді.
Білікті қызметкерлердің жоғалтқан табысының үштен екі бөлігін уақытша субсидиялау білікті
мамандар, қызметшілер және жұмысшылар (4-разрядты және одан жоғары) қатарындағы негізгі
өндірістерде (цехтарда) жұмыс істейтін қызметкерлер үшін ғана жүзеге асырылады.
Білікті қызметкерлердің жоғалтқан табысының үштен екі бөлігін уақытша субсидиялау 6 ай
ішінде, тағы 6 айға созу мүмкіндігімен жүзеге асырылады.
Уақытша субсидиялаудың айлық мөлшері қысқартылған жұмыс уақыты үшін қызметкерлер
табысының үштен екі бөлігін құрайды (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды,
пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыларды және банк қызметтерін ескере отырып), бірақ
тиісті кезең үшін республикалық бюджет туралы заңнамада белгіленген 2 ең төменгі жалақыдан
аспайды.
Білікті қызметкерлердің жоғалтқан табысының үштен екі бөлігін уақытша субсидиялау үшін
республикалық деңгейдегі кәсіпорындардың тізбесін ВАК қарастырады және келіседі.
Бағдарлама операторы ВАК-та мақұлданған білікті қызметкерлердің жоғалтқан табысының үштен
екі бөлігін уақытша субсидиялау үшін республикалық деңгейдегі кәсіпорындар тізбесін бекітеді.
Өңірлік комиссия уақытша субсидиялау үшін өңірлік деңгейдегі кәсіпорындар тізбесін
қарастырады және келіседі.
Жергілікті атқарушы органдар уақытша субсидиялау үшін өңірлік деңгейдегі кәсіпорындардың
тізбесін бекітеді.
Халықты жұмыспен қамту орталықтары білікті қызметкерлердің жоғалтқан табысының үштен екі
бөлігін уақытша субсидиялауды жүзеге асырады.
Мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну шарттары, білікті қызметкерлердің жоғалтқан табысының
үштен екі бөлігін уақытша субсидиялау үшін кәсіпорындарды іріктеу, сондай-ақ қаржыландыру
тәртібі жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін Жұмыспен қамтуға
жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына
жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру
қағидаларында айқындалады.
Ескерту. Бөлім 65-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 22.12.2015
№ 1029
қаулысымен.
66. Халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушыларды кәсіптік оқыту және/
немесе жұмысқа орналастыру жөніндегі жұмыстарды өз бетінше не қолданыстағы мемлекеттік сатып
алу және/немесе мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы заңнамаларға сәйкес жеке жұмыспен қамту
агенттіктерін және/немесе үкіметтік емес ұйымдарды тарту арқылы жүргізеді.
Халықты жұмыспен қамту орталықтары халықтың осал топтарына арнаулы әлеуметтік көмек
көрсету бойынша жұмыс орындарын кеңейту мақсатында үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл
жасайды.
Ескерту. 66-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 22.12.2015
№ 1029
қаулысымен.
67. Халықты жұмыспен қамту орталықтары кадрлар даярлау және жалдамалы қызметкерлердің
біліктілігін арттыру үшін қызмет көрсету саласында ұзақтығы екі айдан аспайтын мерзімге оқыту
шеберлік сыныптарын ұйымдастырады.
Оқыту шебер сыныптары практикалық сабақтар қолданыла отырып өткізіледі.
Оқыту шеберлік сыныптарын өткізу үшін практикалық жұмыс тәжірибесі бар жоғары білікті
мамандар, оның ішінде табысты жұмыс тәжірибесі бар жоғары білікті шетелдік мамандар тартылады.
Ескерту. 67-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 22.12.2015
№ 1029
қаулысымен.
68. Бағдарлама шеңберінде азаматтардың қатысу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын
ұсыну шарттары, кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын ұйымдардың тізбесін қалыптастыру тәртібі
жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін Жұмыспен қамтуға
жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына
жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру
қағидаларында айқындалады.
69. Іске асыру тетігі:
1) үміткерлер тұрғылықты жерінде ауданның, қаланың халықты жұмыспен қамту орталықтарына
Бағдарламаға қатысуға өтінішпен жүгінеді және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі орталық
уәкілетті орган бекітетін Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын
адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау
шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына сәйкес құжаттарды ұсынады;
2) халықты жұмыспен қамту орталықтары:
ұсынылған құжаттарды қарайды және ұсынылған құжаттардың Бағдарламаға қатысушыларға
қойылатын талаптарға сәйкестігін тексеру негізінде Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосу (не
одан бас тарту) туралы шешім қабылдайды және дерекқорда бар бос жұмыс орындарына не жұмыс
берушілер өз бетінше немесе жеке жұмыспен қамту агенттіктері арқылы мәлімдеген жұмыс орындарына
, жалақыны ішінара субсидиялаумен әлеуметтік жұмыс орындарына, сондай-ақ жастар практикасын өту
үшін жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетеді;
3) қажетті біліктілігі болмағандықтан, жұмысқа орналаса алмай жүрген Бағдарламаға
қатысушылар жұмыс берушілер мәлімдеген мамандықтар бойынша кәсіптік оқуға жіберіледі;
4) Бағдарламаға қатысушы мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасында әлеуметтік
келісімшарт жасалады.
Бағдарламаға қатысушыларды кәсіптік оқуға жіберген кезде білім беру ұйымы мен жұмыс беруші
де әлеуметтік келісімшарт тараптары болады.
Жұмыс беруші мен білім беру ұйымы әлеуметтік келісімшартқа қосылу туралы басшының не қол
қоюға құқығы бар жауапты лауазымды адамның қолымен және мөрмен куәландырылған жазбаша өтініш (
хабарлама) беру арқылы әлеуметтік келісімшарт жасалғанын растайды.
Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастыру үшін тұрақты жұмыс орындарын ұсынатын
жұмыс берушілер өтініште (хабарламада) Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын талаптарды және оқу