шарттарын, оларды оқытуды ұйымдастыру жоспарланып отырған мамандық (кәсіп), білім беру ұйымын,
өндірістік практикадан өту орнын және оқу аяқталғаннан кейін жұмыс істеу кезеңін көрсетеді.
Бағдарламаға қатысушыларды кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын білім беру ұйымдары өтініште
(хабарламада) мамандығы (кәсібі), оқытудың ұзақтығы мен құны, өндірістік практикадан өтетін
ықтимал орны мен шарттары туралы ақпаратты көрсетеді;
Бағдарламаға қатысушыларды кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын білім беру ұйымдары әр айдың
5-күніне халықты жұмыспен қамту орталықтарына шығарылған Бағдарламаға қатысушылар туралы
ақпаратты және оқитын Бағдарламаға қатысушылардың сабаққа келуін есепке алу табелін ұсынады.
5) әлеуметтік келісімшарт талаптарының орындалуын Бағдарламаға қатысушылар, жұмыс
берушілер мен білім беру ұйымдары тарапынан – халықты жұмыспен қамту орталықтары, халықты
жұмыспен қамту орталықтары тарапынан ауданның (қаланың) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі
уәкілетті органы бақылайды.
6) халықты жұмыспен қамту орталықтары өнеркәсіп салаларына жататын кәсіпорындардан
білікті қызметкерлердің жоғалтқан табысының үштен екісін уақытша субсидиялауға өтініштер
жинауды және қайта даярлау мен біліктілігін арттыруға мемлекеттік гранттар беруді жүзеге
асырады және Бағдарламаға қатысушылардың тиісті тізімдерін қалыптастырады.
Ескерту. 69-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 22.12.2015
№ 1029
қаулысымен.
Аумақтық ұтқырлықты арттыру
70. Бағдарлама шеңберінде аумақтық ұтқырлықты арттыру:
1) жұмыс берушілердің қажеттіліктерін ескере отырып, әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті
төмен елді мекендерде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына;
2) 2015 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Ақмола облысының Калачи және Красногорский елді
мекендерінде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға;
3) жұмыс берушілердің қажеттіліктерін ескере отырып, Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында
тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға;
4) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын және оралмандар мен қоныс аударушыларды
қабылдаудың өңірлік квотасына қосылған өңірлерге қоныс аударған оралмандарға және қоныс
аударушыларға қатысты жүзеге асырылады.
Жұмыс берушілер мен әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерден өз
еркімен қоныс аударатын Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының Үкіметі айқындайтын және оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік
квотасына қосылған өңірлерге қоныс аударған оралмандардың және қоныс аударушылардың Бағдарламаға
қатысу және олардың мемлекеттік қолдау алу тәртібі жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі орталық
уәкілетті орган бекітетін Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын
адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету
қағидаларында айқындалады.
Ақмола облысының Калачи және Красногорский елді мекендері тұрғындарының қоныс аударуы
және оларға мемлекеттік қолдау көрсету өңірлік комиссия шешімінің негізінде жүзеге асырылады.
Ақмола облысының Калачи және Красногорский елді мекендері тұрғындарының қоныс аударуын
және оларға мемлекеттік қолдау көрсетуді ұйымдастыру үшін облыс шегінде тұрғын үй салу (сатып
алу), реконструкциялау көзделеді.
Ескерту. 70-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 22.12.2015
№ 1029
қаулысымен.
71. Бағдарламаға қатысушылардың әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді
мекендерден және Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласынан әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті
жоғары елді мекендерге және экономикалық өсу орталықтарына қоныс аударуы:
1) бір ауданның ішінде;
2) бір облыс шегіндегі бір ауданнан (облыстық маңызы бар қаладан) басқа ауданға (облыстық
маңызы бар қалаға);
3) бір облыстан басқа облысқа жүзеге асырылады.
Оралмандар мен қоныс аударушылардың қоныс аударуы Қазақстан Республикасының Үкіметі
айқындайтын өңірлерге жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын және оралмандар мен қоныс аударушыларды
қабылдаудың өңірлік квотасына қосылған өңірлерге қоныс аударған оралмандарға және қоныс
аударушыларға әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерге тұру қажеттілігі мен
қоныс аударуға жұмыс берушілердің қатысуы туралы талаптар қолданылмайды.
Ескерту. 71-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 22.12.2015
№ 1029
қаулысымен.
72. Әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен, орташа және жоғары елді мекендерді
айқындау критерийлерін өңірлік даму саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан
Республикасының мемлекеттік атқарушы органы әзірлейді және бекітеді.
Жергілікті атқарушы органдар олардың негізінде өңірлік даму саласында басшылықты жүзеге
асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік атқарушы органымен келісу бойынша
әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен және жоғары елді мекендердің тізбесін айқындайды
және оны Бағдарлама операторына жібереді.
Ескерту. 72-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 22.12.2015
№ 1029
қаулысымен.
73. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында басшылықты жүзеге асыратын
Қазақстан Республикасының мемлекеттік атқарушы органы қоныс аударатын Бағдарламаға қатысушылар
үшін сейсмологиялық аймақтар мен сипаттамаларды ескере отырып, тұрғын үйдің (жеке немесе
көппәтерлі) үлгілік жобаларын әзірлейді.
Ескерту. 73-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 22.12.2015
№ 1029
қаулысымен.
74. Бағдарлама шеңберінде қоныс аударатын адамдарға мемлекеттік қолдау:
1) көшуге байланысты шығыстарды өтейтін субсидия беруді;
2) әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерден қоныс аударатын адамдарға
тұрғын үй – қызметтік тұрғын үй немесе еңбекші жастар үшін жатақханалардан бөлме беруді қамтиды
.
Бағдарламаға қатысушыларға мынадай мемлекеттік қолдау шаралары да ұсынылады:
1) қажеттілігіне қарай кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру
курстарында оқыту;
2) жаңа тұрғылықты жерінде жұмысқа орналасуға жәрдемдесу.
Ескерту. 74-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 22.12.2015
№ 1029
қаулысымен.
75. Көшуге субсидияны, тұрғын үй салуды (сатып алуды) қаржыландыру және жұмыс берушінің
қатысумен бөлу тетігі, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерден
қоныс аударатын азаматтарды қоныстандыру үшін қызметтік тұрғын үй мен жатақханалар беру және
оны пайдалану тәртібі жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға
жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидаларында айқындалады.
Жиырма тоғыз жасқа дейінгі еңбекші жастарға (оның ішінде, балалар үйлерінің
тәрбиеленушілері, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, кәмелетке толғанға
дейін ата-анасынан айырылған балалар) олардың бұрынғы тұрған жеріне, оның ішінде облыс
орталықтарында, республикалық маңызы бар қалада және астанада тұрғанына қарамастан
жатақханалардан бөлме беріледі.
Мұндай адамдарды әскери қызметке шақыру кезінде олардың жасы мерзімді әскери қызмет
өткеру мерзіміне ұзартылады.
76. Жұмыс берушілердің Бағдарламаға қатысу тетігі:
1) халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыс берушілерге әлеуметтік-экономикалық даму
әлеуеті төмен елді мекендерде тұратын азаматтар қатарынан қоныс аударуға және жұмысқа
орналасуға қатысуға үміткерлерді таңдау тәртібі мен шарттары туралы консультация береді;
2) Бағдарламаға қатысуға ниет білдірген жұмыс берушілер халықты жұмыспен қамту
орталықтарына:
мамандықтар (кәсіптер) бөлінісінде қажетті жұмыс күшінің санын көрсете отырып;
Бағдарламаға қатысушылар үшін тұрғын үй салу (сатып алу) мүмкіндігін және Бағдарламаға
қатысушыларды (қоса қаржыландыру шартымен) тұрақты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мүмкіндігін
не Бағдарлама шеңберінде кәсіптік оқуды аяқтағаннан кейін оларды тұрақты жұмыс орындарына
орналастыру туралы жазбаша міндеттемені растай отырып өтінім береді;
3) жергілікті атқарушы органдар заңнамаға сәйкес тұрғын үй құрылысы үшін жер бөледі,
жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлейді, мемлекеттік сараптама жүргізеді, жергілікті бюджет