тиімділігін дәлелдеген «Жұмыспен қамту 2020» жол картасын» сақтап қалу қажеттігін атап өтті.
Айталық, 2011 – 2014 жылдар аралығында оның шеңберінде табысы аз, жұмыссыз және өзін-өзі
жұмыспен қамтыған халық санатынан 462 мың адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды.
Көзделген шараларды іске асыру нәтижесінде 472 мың адамға жұмысқа орналасуға жәрдем
көрсетілді, оның ішінде 66 %-ы тұрақты жұмысқа орналастырылды, ал 121 мыңнан астам адам жаңа
кәсіп меңгеруге мүмкіндік алды, шамамен 29 мың ауыл тұрғыны жеңілдікті шарттармен микрокредит
алды.
Бұл жұмыссыздық деңгейіне оң әсерін тигізді, оның деңгейі 2014 жылдың 4-тоқсанының
қорытындысы бойынша 5,0 %-ды құрап, 2010 жылмен салыстырғанда 0,8 %-ға азайған.
Бұл ретте жұмыспен қамтылғандардың саны тиісінше 8,1 млн. адамнан 8,6 млн. адамға көбейді
. Жұмыспен қамтылған тұрғындардың құрамындағы өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдардың үлесі 33 %-
дан (2010 жылы) 29,4 %-ға (2014 жылдың 4-тоқсаны) азайды.
2013 жылдың басымен салыстырғанда нәтижесіз жұмыспен қамтылған адамдардың саны 1,0 млн.
адамнан 721 мың адамға төмендеді.
Жастар практикасы және әлеуметтік жұмыс орындарын құру бағдарламаларын іске асыру жастар
арасындағы жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеуге ықпал етті.
Оның көрсеткіші 4,0 % деңгейінде (15-28 жастағы) қалыптасты, бұл соңғы 20 жыл ішіндегі ең
төмен көрсеткіш болып табылады.
Осылайша, Бағдарламаның іске асырылуы қабылданып жатқан қадамдардың, олардың оң әсері мен
атаулылық бағытының дұрыстығын дәлелдейді.
Оны іске асыруға мемлекеттік бюджеттен бөлініп отырған қаражат шалғай ауылдарға дейін
жетіп, қоғамда қордаланған проблемаларды шешуге ықпал етуде.
Алайда, қабылданып жатқан шараларға және оң өзгерістерге қарамастан, ұлттық еңбек нарығы
теңестірілмеген. 458,6 мың жұмыссыз бола тұра, олардың көпшілігі 34-ке дейінгі жаста, бос жұмыс
орындары сақталуда. Еңбек ресурстары сапасының төмендігіне және өндіріс пен оқытудың нақты
байланысының болмауына байланысты жұмыс күшінің тапшылығы, бірінші кезекте білікті кадрлардың,
техникалық және қызмет көрсететін жұмыскерлердің тапшылығы байқалады.
Жұмыспен қамтылған халықтың шамамен үштен бірінің кәсіптік білімі жоқ. Жұмыспен қамтылған
халық құрылымында өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың үлесі басым. Өзін-өзі жұмыспен
қамтығандардың негізгі бөлігі ауылдық жерлерде тұрады және жеке шаруашылығымен айналысады,
олардың табысы көбінесе күнделікті тіршілігіне ғана жетеді. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың
басым бөлігі әлеуметтік қорғау және қолдау жүйесімен қамтылмаған.
Әлемдік практикада осындай проблемаларды шешу үшін еңбек нарығының белсенді
бағдарламалары (бұдан әрі – ЕНББ) қолданылады.
Оларда:
1) еңбек ресурстарын дамыту (кәсіптік даярлау және қайта даярлау);
2) жұмыс күшіне сұранысты ұлғайту (жалақыны/жұмыспен қамтуды субсидиялау, жаңа жұмыс
орындарын құру);
3) жұмыспен қамту саясатын институционалдық және ақпараттық қамтамасыз ету (жұмыспен
қамту қызметтерін, ақпараттық жүйелерді құру, ақпараттандыруды ұйымдастыру);
4) еңбекке ынталандыруды күшейту (кәсіптік бағдар, келісілген әлеуметтік көмек көрсету)
көзделеді.
Халықаралық тәжірибеде қолданылатын ЕНББ-нің көпшілікке танылған құрамдастары:
1) мемлекеттік жұмысқа орналастыру қызметтері (бұдан әрі – МЖҚ) қабылдап жатқан
жұмыссыздық кезеңіндегі алдын алу шаралары және жұмыс іздеп жүрген адамдар мен МЖҚ
консультанттарының арасындағы тығыз байланыс;
2) ұдайы есептілік және жұмыс орындарының болуы мен жұмыс іздестіру жөніндегі қызметке
мониторинг жүргізу;
3) жұмыссыз клиенттерді бос жұмыс орындарына тікелей жіберу;
4) жұмысқа қайту туралы келісімдер немесе жеке іс-қимыл жоспарларын жасау;
5) кәсіптік дағдылардың төмендеуін, жұмыс табу немесе ұзаққа жалғасқан жұмыссыздық кезеңі
салдарынан ынталандыру факторларының жоғалуын болдырмау үшін ЕНББ-ға жіберу болып табылады.
2015 жылғы 11 ақпанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында Мемлекет
басшысы берген тапсырманы орындау мақсатында, сондай-ақ «Халықты жұмыспен қамту туралы»
Қазақстан Республикасының
сәйкес әлемдік тәжірибені бейімдеу мүмкіндігі ескеріле отырып
Заңына
осы Бағдарлама әзірленді.
Ол дағдарысқа қарсы ден қою, еңбек нарығын реттеу тиімділігін арттыру, оның ішінде еңбек
нарығының мониторингі, табысы аз, жұмыссыз және өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған халықты,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын және оралмандар мен қоныс аударушыларды
қабылдаудың өңірлік квотасына қосылған өңірлерге қоныс аударған оралмандар мен қоныс
аударушыларды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту тетіктерін қамтиды.
Бағдарламаның күшті жағы еңбек нарығының сын-талаптарына тез арада ден қою мүмкіндігінен
тұрады. Бағдарламаның әлсіз жағы бюджет қаражаты қысқарған жағдайда нысаналы топтарды қамту
бойынша негізгі индикаторлардың орындалмауына байланысты.
4. Бағдарламаның мақсаты, нысаналы индикаторлары, міндеттері және нәтижелер
көрсеткіштері
Ескерту. 4-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 22.12.2015
қаулысымен.
№ 1029
3. Бағдарламаның мақсаты
Халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін арттыру, халықтың әл-ауқатын арттыруға жәрдемдесу,
жұмыссыздық деңгейін қысқарту.
4. Бағдарламаның нысаналы индикаторлары
«Жұмыспен қамту 2020» жол картасында қойылған міндеттерді іске асыру барысында мынадай
нәтижелерге қол жеткізу жоспарланып отыр:
2020 жылға қарай:
1) жұмыссыздық деңгейі 5,0 %-дан аспайтын болады;
2) әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі 5,5 %-дан аспайтын болады;
3) жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі (15-28 жас) 4,6 %-дан аспайтын болады.
Бағдарлама шеңберінде 2015 жылы мыналар:
1) өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған адамдар – 5,5 %-ы;
2) жұмыссыздар – 11,0 %-ы;
3) атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан табысы аз отбасылардың еңбекке жарамды
мүшелерінің жалпы санынан – 20,0 %-ы мемлекеттік қолдаумен қамтылатын болады.
5. Бағдарламаның негізгі міндеттері:
1) өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және халықтың нысаналы тобына кіретін
адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту:
Бағдарламаға қатысуға өтініш білдіргендер қатарындағы оған қатысушылардың қатарына
қосылған азаматтардың үлесі 2020 жылға қарай – 92,0 %;
Бағдарламаға қатысуға өтініш білдіргендер қатарындағы оған қатысушылардың қатарына
қосылған әйелдердің үлесі 2020 жылға қарай – 44,6 %;
Бағдарламаға қатысуға өтініш білдіргендер қатарындағы оған қатысушылардың қатарына
қосылған жасы 29-ға дейінгі жастардың үлесі 2020 жылға қарай – 43,5 %;
өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың жалпы санындағы нәтижелі жұмыспен қамтылғандардың үлесі
2016 қарай – 64,5 %, 2020 жылға қарай – 66,5 % болады;
2) кадрлық әлеуетті, оның ішінде Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық
дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған
іске асыру үшін дамыту:
мемлекеттік бағдарламасын
Бағдарлама шеңберінде ағымдағы жылы кәсіптік оқуды аяқтағандардың қатарындағы жұмысқа
орналасқандардың үлесі 2016 жылға қарай – 70 %, 2020 жылға қарай – 71,0 % болады.
3) атаулы әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жетілдіру:
атаулы әлеуметтік көмек алушылардың құрамындағы еңбекке жарамды халықтың үлес салмағы –
30 %;
6. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан
Республикасы Энергетика министрлігі, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі,