Көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер



жүктеу 46,79 Kb.
Дата17.11.2017
өлшемі46,79 Kb.
#744
түріБағдарламасы

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2014 жылғы 4 мамырдағы
№ 434 қаулысымен   
бекітілген     
«Моноқалаларды дамытудың 2012 – 2020 жылдарға арналған
бағдарламасы» шеңберінде микрокредиттер беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
      1. «Моноқалаларды дамытудың 2012 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде микрокредиттер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімі айқындайтын құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап күнтiзбелiк 15 (он бес) күн iшiнде;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды;
      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минуттан аспайды.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі әлеуметтік шарт болып табылады.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмысы кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес сенбі, жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
      9. Көрсетілген қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету үшін жүгінген кезде қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі;
      2) тұрақты тұрғын жері бойынша тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесі (адрестік анықтама, селолық әкімнің анықтамасы);
      3) еңбек кітапшасының (бар болғанда) немесе еңбек қызметін растайтын өзге құжаттың (жұмыс істейтін адамдар үшін) көшірмесі;
      4) өз ісін ұйымдастыру немесе кеңейту бойынша бизнес-ұсыныс;
      5) жеке ісін кеңейтуді және айналым қаражатын толықтыруды жоспарлайтын адамдар төлем қабілеттілігін (егер адамға қызмет көрсететін екінші деңгейдегі банктің немесе оның филиалының адамның банктің немесе оның филиалының алдындағы (адам екінші деңгейдегі бірнеше банкттің немесе филиалдың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылатын жағдайда, аталған анықтама осындай банктің әрқайсысынан беріледі) міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берген күннің алдында мерзімі үш айдан асып кеткен берешегі жоқ екені туралы анықтамасының қол қойылған және мөр басылған түпнұсқасы) растайтын құжаттарды қосымша ұсынады.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану
тәртібі
      10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
      Шағымдар жазбаша нысанда почта арқылы немесе электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымды қабылдауды растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шараларды қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау және бағалау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау және бағалау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар
      12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.minregion.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік органның қызметі» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және стандарттар» кіші бөлімінде орналастырылған.
      13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтер, Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
      14. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.minregion.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік органның қызметі» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және стандарттар» кіші бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
жүктеу 46,79 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау