мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар, аумақтарды дамыту бағдарламалары шеңберінде жобаларды
іске асырған кезде халықты жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары бойынша Бағдарламаға
қатысушыларға құрылыс кезінде – жұмыс орындарының кемінде 10 %-ын, күрделі, ағымдағы жөндеу
және абаттандыру кезінде жұмыс орындарының кемінде 15 %-ын ұсынуды қамтамасыз етеді.
Ескерту. Бөлім 16-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 22.12.2015
№ 1029
қаулысымен.
16-2. Жоба іске асырылатын ауданда (қалада) қажетті еңбек ресурстары болмаған кезде
аудандардың (қалалардың) жұмыспен қамту орталықтарының жазбаша келісімі болған жағдайда оны
сырттан тартуға жол беріледі.
Ескерту. Бөлім 16-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 22.12.2015
№ 1029
қаулысымен.
17. Жобаларды күрделі, ағымдағы жөндеу, абаттандыру бойынша бюджет қаражатының үнемі
қалыптасқан жағдайда жергілікті атқарушы органдар Бағдарлама операторымен келісу бойынша
көрсетілген қаражатты Бағдарламаның осы бағыты бойынша іске асырылатын өзге де жобаларға немесе
жобалардың түпкілікті нәтижелерінің көрсеткіштерін жақсартуға жұмсай алады.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 22.12.2015
№ 1029
қаулысымен.
18. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері ай сайын, есепті айдан кейінгі
айдың 10-күніне Бағдарлама операторына инфрақұрылымдық жобаларды және абаттандыруды іске асыру,
сондай-ақ ауылдық жерлерде фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялар салу
бойынша:
1) басталған (аяқталған) жобалардың саны, жобалар бөлінісінде орындалған жұмыстардың
көлемі;
2) құрылған жұмыс орындарының саны және халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы
бойынша жұмысқа орналастырылған Бағдарламаға қатысушылардың саны, сондай-ақ олардың орташа
айлық жалақысының мөлшері;
3) бөлінген нысаналы трансферттердің игерілуі, уақтылы игерілмеудің себептері және төмен
тұрған бюджеттен қаржыландыру көлемдері;
4) жіберілген бұзушылықтар және оларды жою бойынша қабылданған шаралар туралы мәліметтер
қамтылуы тиіс есептерді ұсынады.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 22.12.2015
№ 1029
қаулысымен.
19.
Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 22.12.2015
№ 1029
қаулысымен.
19-1. Қазақстан Республикасы Үкіметтің арнайы резервінен бөлінген қаражат шеңберінде
инфрақұрылымды (әлеуметтік-мәдени объектілер, инженерлік-көлік инфрақұрылымы), ТКШ-ны ағымдағы
және орташа жөндеуді, абаттандыруды көздейтін жобаларды іріктеу рәсімі 2014 жылғы 1 қаңтардан
бастап облыс орталықтарының және Алматы қаласының аудандарына қосылған ауылдық елді мекендерді
қоса алғанда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде, аудандық маңызы бар қалаларда
жергілікті қоғамдастық жиналысында мыналарға:
1) жеткізілген қаржыландыру лимиттеріне;
2) жергілікті бюджет қаражаты есебінен қоса қаржыландыру мүмкіндіктеріне;
3) елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамыту және жақсарту қажеттілігіне;
4) бірінші кезектілігі мен өзектілігіне негізделе отырып жүзеге асырылады.
Жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізу нәтижесі бойынша хаттама жасалады.
Жергілікті атқарушы органдар деректерді жинақтаған соң бес жұмыс күні ішінде Бағдарлама
операторына жергілікті қоғамдастық жиналасының хаттамасын қоса бере отырып, жобалардың тізбесін
ұсынады.
Ескерту. 19-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 22.07.2016
№ 421
қаулысымен.
19-2. Қазақстан Республикасы Үкіметтің арнайы резервінен бөлінген қаражат шегінде жүзеге
асырылатын инфрақұрылымды (әлеуметтік-мәдени объектілер, инженерлік-көлік инфрақұрылымы), ТКШ-ны
ағымдағы және орташа жөндеуді, абаттандыруды көздейтін жобаларды қаржыландыру лимитін
Бағдарлама операторы жергілікті атқарушы органдарға 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап облыс
орталықтарының және Алматы қаласының аудандарына қосылған ауылдық елді мекендерді қоса алғанда,
ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде, аудандық маңызы бар қалаларда тұратын халықтың санына
байланысты жеткізеді.
Бұл ретте қаржыландыру лимитін бөлген кезде даму әлеуеті төмен ауылдар мен кенттер алып
тасталады.
Ескерту. 19-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 22.07.2016
№ 421
қаулысымен.
20. Іске асырылып жатқан жобаларға жұмысқа орналасуға ниет білдірген және мүмкіндігі бар
Бағдарламаға әлеуетті қатысушылар халықты жұмыспен қамту орталықтарына Бағдарламаға қатысуға
өтінішпен жүгініп, мынадай құжаттарды қоса береді:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін (мекенжай анықтамасы, ауылдық әкімдердің
анықтамасы), уақытша тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
3) болған жағдайда, білімі туралы құжаттың көшірмесі (аттестат, куәлік, диплом) және/
немесе оқу курстарынан өткенін растайтын басқа да құжаттар (куәлік, сертификат).
21. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс берушілердің еңбек ресурстарына қажеттілігін
есепке ала отырып, өтініш берушілерді Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу туралы шешім
қабылдайды және оларды іске асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалар шеңберінде құрылатын жұмыс
орындарына жұмысқа орналасу үшін жібереді.
22. Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қатысатын Бағдарламаға қатысушылар мен жұмыс
берушілер туралы мәліметтер әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінде
орналастырылады.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 22.07.2016
№ 421
қаулысымен.
23. Бағдарлама операторы Бағдарлама шеңберінде іске асырылатын инфрақұрылымдық жобалардың
іске асырылуына мониторинг жүргізеді.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 22.12.2015
№ 1029
қаулысымен.
Екінші бағыт: кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру
Ескерту. Кіші бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 22.12.2015
№ 1029
қаулысымен.
24. Екінші бағыт жеке ісін ұйымдастыру немесе кеңейту арқылы кәсіпкерлікті ынталандыруды
және экономикалық белсенділікті арттыруды көздейді.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 22.12.2015
№ 1029
қаулысымен.
25. Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру әкімшілік бағыныстылығына қарамастан, даму әлеуеті
орташа және жоғары ауылдарда, қалалық елді мекендерде жеке ісін ұйымдастыру немесе кеңейту,
сондай-ақ Бағдарлама қатысушыларының ауыл шаруашылық өнімдерін даярлау және өткізу пункттері
кешенімен бірге ұсақ тауарлар өндірісінің жеке қосалқы шаруашылығы базасында ұйымдастыруы
арқылы жүзеге асырылады.
Бұл ретте, кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру жөніндегі шараларды қаржыландыру мынадай
қатынаста жүзеге асырылады: 80 % – ауылдық елді мекендерде, 20% – қалалық елді мекендерде.
Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 22.12.2015
№ 1029
қаулысымен.
26. Кәсіпкерлік бастаманы мемлекеттік қолдауды іске асыру үшін тірек ауылдық елді
мекендер басым елді мекендер болып табылады.
27. Бағдарламаға қатысушыларға мемлекеттік қолдаудың мынадай түрлері ұсынылады:
1) жол жүруге және тұруға материалдық көмек ұсына отырып, кәсіпкерлік негіздеріне тегін
оқыту және бизнес-жоспар әзірлеуге жәрдемдесу;
2) микрокредиттер беру;
3) бір жылға дейінгі мерзімге жобаларды сүйемелдеу жөніндегі сервистік қызметтер (
маркетингтік, заңдық, бухгалтерлік және басқа да қызмет түрлері) көрсету;
4) 500 мың теңгеге дейінгі сомаға микрокредиттер алған адамдарды қоспағанда, Бағдарламаға
қатысушылар іске асыратын жобалар үшін, оның ішінде жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшін
инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін дамыту және/немесе жетіспейтіндерін салу
және/немесе жабдықтар сатып алу.
28. Қатысу және Бағдарламаға қатысушыларға мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну шарттары
жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін Жұмыспен қамтуға
жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарға кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдау