Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі,
облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері мақсаттарға, нысаналы индикаторларға,
міндеттерге, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге жауапты мемлекеттік және өзге де органдар
болып табылады.
5. Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу жолдары,
тиісті шаралар
Ескерту. 5-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 22.12.2015
қаулысымен.
№ 1029
7. Бағдарламаны іске асыру мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1) инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы жұмыспен қамтуды
қамтамасыз ету;
2) кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру;
3) жұмыс берушінің нақты сұранысын есепке ала отырып, оқыту мен жұмысқа орналасуға және
қоныс аударуға жәрдемдесу.
Тірек ауылдық елді мекендер инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту
, сондай-ақ кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша
мемлекеттік қолдауды іске асыру үшін басым елді мекендер болып табылады.
Бірінші бағыт: инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен
жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету
8. Аталған бағыт мынадай жұмыс және объектілер түрлері бойынша инфрақұрылымдық жобаларды
іске асыру жолымен халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді көздейді:
1) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу (
сумен жабдықтау, кәріз объектілері, газбен, жылумен, электрмен жабдықтау жүйелері);
2) әлеуметтік-мәдени объектілерді (білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру
, мәдениет, спорт, ойын-сауық және демалыс объектілерін) күрделі және ағымдағы жөндеу.
Сейсмологиялық қауіпті өңірлер үшін сейсмологиялық қауіпсіздікті күшейте отырып, күрделі
жөндеуге жол беріледі;
3) инженерлік-көлік инфрақұрылымын күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу (қалалық
автомобиль жолдары, кентішілік және ауылішілік жолдар, кірме жолдар, аудандық маңызы бар жолдар
, тротуарлар, бөгеттер, дамбалар мен көпірлер);
4) ауылдық жерлердегі фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялар салу (
ауылдағы авариялық, бейімделмеген және саман объектілердің проблемаларын шешетін объектілерге
басым назар аударылады);
5) елді мекендерді абаттандыру (көшелерді, саябақтарды, скверлерді жарықтандыру және
көгалдандыру, иесі жоқ объектілерді бұзу, қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын, шағын сәулет
нысандарын, қоршауларды, балалардың ойын және спорт алаңшаларын жайластыру);
6) мүгедектердің және халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарының қолжетімділігін қамтамасыз
ету үшін әлеуметтік-мәдени объектілерді, инженерлік-көліктік инфрақұрылымды күрделі, ағымдағы
жөндеу жүргізіледі.
9. Әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары және орташа ауылдық елді мекендерде іске
асыру осы Бағдарламаның 8-тармағында көзделген барлық жұмыс түрлері мен объектілері бойынша, ал
қалаларда – осы Бағдарламаның 8-тармағының 1), 2), 3) және 6) тармақшаларында көрсетілген жұмыс
түрлері бойынша жүзеге асырылады, бұл ретте шағын қалаларда іске асырылып жатқан жобаларға
басымдық беріледі.
Саяжай кенттерінде осы Бағдарламаның 8-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген
жұмыс түрлері коммуналдық меншіктегі объектілер бойынша іске асырылады.
10. Жергілікті атқарушы органдар жобаларды іріктеуді:
1) жеткізілген
қаржыландыру лимиттері, бұл ретте бір жұмыс орнының құны жобалардың барлық
түрлері бойынша 3 млн. теңге лимиттен аспайды;
2) мемлекеттік сараптамадан өткен объектілерді салуға және күрделі жөндеуге
жобалау-сметалық құжаттаманың болуы;
3) жобалар шеңберінде орташа және (немесе) ағымдағы жөндеуді жүзеге асыру жоспарланып
отырған ақаулар ведомосінің, сметалық құжаттаманың, орындалатын жұмыс көлемінің шығыстар
сметасының болуы;
4) мемлекеттік сатып алуды өткізу мерзімдері және отандық өндірушілерден тауарларды,
жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу мүмкіндігі;
5) жобаларды іске асыруды бастау және аяқтау мерзімдері;
6) жобалардың іске асырылуын жергілікті бюджет қаражаты есебінен қоса қаржыландыру
мүмкіндіктері;
7) құрылатын жұмыс орындарының саны және ұсынылған жобалар бойынша есептелген орташа
айлық жалақының мөлшері;
8) жобаларды іске асыруға әсер ететін өңірдің табиғи климаттық жағдайлары және басқа да
ерекшеліктері негізінде дербес жүзеге асырады.
11. Халықты жұмыспен қамту орталықтары осы ауданда (қалада) тұратын, уақытша тіркелген
адамдарды қоса алғанда, Бағдарламаға қатысушыларды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыратын
жұмыс беруші-мердігерлерге жібереді.
Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру тетігі.
12. Жергілікті атқарушы органдар 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап халықты жұмыспен қамту
мәселелері жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – Бағдарлама операторы) өңірлік даму
саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік атқарушы органымен
келісілген, Бағдарлама шеңберінде іске асыру ұсынылатын ауылдық жерлерде фельдшерлік-акушерлік
пункттер, дәрігерлік амбулаториялар салу жөніндегі жобаларды және инфрақұрылымдық жобаларды
қолданыстағы заңнамада талап етілетін техникалық құжаттаманы, жобаны таңдауды, құрылатын жұмыс
орындары саны мен орташа айлық жалақы көрсеткіштерінің негіздемесін қоса бере отырып, жыл сайын
15 сәуірден кешіктірмей ұсынады.
Тиісті техникалық құжаттамасыз және жобаның таңдалуы, құрылатын жұмыс орындарының саны
мен орташа айлық жалақының көрсеткіштері негізделмей ұсынылған, сондай-ақ құны 3 млн. теңгеден
асатын жұмыс орындарын құруды көздейтін жобалар қаралмайды.
Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 22.12.2015
№ 1029
; 22.07.2016
№
421
қаулыларымен.
13. Жобаларды қарау барысында Бағдарлама операторы жобалардың осы Бағдарламаның 8-
көрсетілген жұмыс түрлері мен объектілерге сәйкестігін тексереді.
тармағында
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 22.12.2015
№ 1029
қаулысымен.
14. Жобалар осы Бағдарламаның 8-тармағына сәйкес келмеген кезде Бағдарлама операторы
жергілікті атқарушы органдарға бас тарту себептері көрсетілген уәждемелі жауап жібереді.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 22.12.2015
№ 1029
қаулысымен.
15. Бағдарлама операторы жергілікті атқарушы органдар ұсынған құрылатын жұмыс орындары
санының, орташа айлық жалақы мөлшерінің күтілетін көрсеткіштерін ескере отырып, жобаларды
қарайды және іріктейді.
Бұл ретте, Бағдарламаға қатысушылар үшін көбірек жұмыс орындарын құратын және ұзақ
мерзімде жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететін инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға басымдық
беріледі.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 22.12.2015
№ 1029
қаулысымен.
16. Жергілікті атқарушы органдар инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру шеңберінде:
1) жаңа жұмыс орындарын құруды;
2) халықты жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары бойынша инфрақұрылымдық жоба іске
асырылатын ауданда (қалада) тұратын, оның ішінде уақытша тіркелген Бағдарламаға қатысушыларға
құрылыс кезінде – жұмыс орындарының кемінде 30 %-ын, күрделі, ағымдағы жөндеу және абаттандыру
кезінде жұмыс орындарының кемінде 50 %-ын ұсынуды қамтамасыз етеді.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 22.12.2015
№ 1029
қаулысымен.
16-1. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, ұлттық компаниялар