Жылғы (№41/14 хаттама) шешімімен бекітілген



жүктеу 236,63 Kb.
Pdf просмотр
бет1/7
Дата05.03.2018
өлшемі236,63 Kb.
#11458
  1   2   3   4   5   6   7


 

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» 



акционерлік  қоғамы 

Басқармасының 

24.12.2014 

жылғы 

(№41/14 

хаттама) 

шешімімен бекітілген  

  

 

 



 

 

 



«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»  

акционерлік қоғамының директорлар кеңесі туралы 

ереже  

 

 

1. Жалпы ережелер  

1.  «Қазақстанның  тұрғын  үй  құрылыс  жинақ  банкі»  акционерлік  қоғамының 

директорлар  кеңесі  туралы  осы  ереже  (әрі  қарай  —  Ереже)  Қазақстан  Республикасының 

заңнамасына, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының   (әрі 

қарай  -  Банк)  жарғысына,  Банктің  ішкі  құжаттарына  сәйкес  әзірленген.  Директорлар 

кеңесінің  қалыптасу  тәртібін,  директорлар  кеңесі  мүшелерінің  құқықтары  мен  міндеттерін 

және  жауапкершілігін  анықтайды.  Директорлар  кеңесінің  қызметі,  директорлар  кеңесі 

отырысын  шақыру  және  өткізу,  оның  шешімдерін  қабылдау  және  рәсімдеу  тәртібін 

белгілейді.  

2.  Қазақстан  Республикасының  «Акционерлік  қоғамдар  туралы»  Заңымен  және 

(немесе)  Банк  жарғысымен  тек  қана  Банктің  жалғыз  акционерінің  құзырына    жатқызылған 

мәселелерді  шешуден  басқа,    Директорлар  кеңесі  –  Банктің  қызметіне  жалпы  басшылық 

жасайтын басқарушы орган.   

3.  Директорлар  кеңесі  өз  қызметін  Қазақстан  Республикасының  «Акционерлік 

қоғамдар  туралы»  Заңына,    Қазақстан  Республикасының  өзге  де  нормативтік  құқықтық 

актілеріне,  Банк  жарғысына,  Банктің  корпоративтік  басқару  кодексіне,  жалғыз  акционердің 

шешімдеріне, осы Ережеге, Банктің өзге де ішкі құжаттарына сәйкес атқарады.  

4.  Құзыры  шеңберінде  қабылданған  директорлар  кеңесінің  шешімдерін  Басқарма, 

құрылымдық  бөлімшелер,  лауазымдық  тұлғалар  және  Банк  қызметкерлері  міндетті  түрде 

орындауға тиіс.  

5.  Директорлар  кеңесінің  қызметі  тиімділік,  жауапкершілік,  кәсібилік,  сақтық  және 

объективтілік, жалғыз акционер мен Банктің  мүддесін барынша сақтау және жүзеге асыру, 

сондай-ақ жалғыз акционердің құқығын қорғау қағидаттарына негізделеді.  

6.  Директорлар кеңесі жалғыз акционердің алдында өз қызметінің ашықтығын  толық 

қамтамасыз етеді.  

  

 



2. Директорлар кеңесінің құзыреті 

 

7.  Банктің 

директорлар  кеңесінің  құзыретіне  Қазақстан  Республикасының 

заңнамасында,  Банк  жарғысында  және  Банктің  өзге  де  ішкі  құжаттарында  қарастырылған 

мәселелер кіреді.  

Тек  қана  директорлар  кеңесінің  құзырына  жататын  мәселелер  шешімін  табуға  Банк 

басқармасына жіберілмейді.   

Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  және  жарғыға  сәйкес  тек  қана  Банк 

басқармасының құзыретіне  жатқызылған мәселелер бойынша директорлар кеңесінің шешім 



 

қабылдауына,  сондай-ақ  жалғыз  акционердің  шешімдеріне  қайшы  келетін  шешім 



қабылдауына құқығы жоқ.   

 Директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне мынадай мәселелер жатады:  

1) Банк қызметінің басымдық берілген бағыттарын айқындау; 

2) Акцияларды  орналастыру  (жүзеге  асыру)  туралы  шешім  қабылдау,  соның  ішінде 

жарияланған  акциялардың  саны  шегінде  орналастырылатын  (жүзеге  асырылатын) 

акциялардың саны, оларды орналастыру (жүзеге асыру) тәсілдері мен бағасы да бар.   

3) Банктің  орналастырылған  акцияларды  немесе  басқа  да  құнды  қағаздарды  сатып 

алуы және оларды сатып алу бағасы туралы шешім қабылдау; 

4) Банктің жылдық қаржылық есептілігін алдын ала бекіту;  

5) Директорлар кеңесінің комитеттерін құру, олар туралы  ережелерді  бекіту,  сондай-

ақ комитеттер мүшелерін таңдау;  

6) Директорлар кеңесі комитеттерінің қызметі туралы есептерді қарау және бекіту;  

7) Банктің  облигацияларын  және  туынды  құнды  қағаздарын  шығару  талаптарын 

анықтау, сондай-ақ оларды шығару туралы шешім қабылдау; 

8) Банк  басқармасының  құрамын  және  оның  құзырының  мерзімдерін  анықтау, 

басқарма  төрағасынан  өзге,  оның  мүшелерін  сайлау,  сондай-ақ  олардың  уәкілеттілігін 

мерзімінен бұрын тоқтату;  

9) Банк  басқармасының  төрағасы  мен  мүшелерінің  лауазымдық  жалақысы 

көлемдерін, еңбекақы және сыйақы беру талаптарын анықтау, Банк басқармасы мүшелерімен 

жасалатын еңбек шарттарының типтік нысандарын бекіту;  

10)  Басқарма  төрағасы  мен  мүшелерінің  қызметін  бағалау  критерийін  бекіту,  соның 

ішінде Банк басқармасы қызметіне мониторинг, бақылау жүргізу және бағалау; 

11)  Банктің  ішкі  аудиті  бөлімшесінің  сандық  құрамын,  уәкілеттілігінің  мерзімін 

анықтау,  оның  жетекшілері  мен  қызметкерлерін  тағайындау,  сондай-ақ  олардың 

уәкілеттілігін  мерзімінен  бұрын  тоқтату,  бөлімше  қызметкерлері  жұмысының  тәртібін, 

еңбекақы мен сыйақы беру талаптарын анықтау;   

12)  Корпоративтік  хатшыны  тағайындау  және  оның  уәкілеттілігі  мерзімін  анықтау, 

оның уәкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату, лауазымдық жалақысы көлемін, сыйақы беру 

талаптарын анықтау, корпоративтік хатшы туралы ережені, сондай-ақ  корпоративтік хатшы 

қызметінің штаттық санын бекіту;  

13)  Бас  комплаенс  бақылаушы  қызметіне  тағайындау  және  босату,  лауазымдық 

жалақысы  көлемін,  еңбекақы  және  сыйақы  беру  талаптарын  анықтау,  комплаенс  бақылау 

бөлімшесі туралы ережені бекіту;   

14)  Комплаенс-бағдарламаны (жоспар) бекіту; 

15)  Банк филиалдары мен өкілдіктерін құру және жабу туралы шешім қабылдау және 

олар туралы ережелерді бекіту;  

16)  Өзге  де  заңдық  тұлғалардың  акцияларының  (жарғылық  капиталда  қатысу 

үлесімен) он және одан да көп пайызын Банктің сатып алуы (иеліктен алуы) туралы шешім 

қабылдау ; 

17)  Акцияларының  он  және  одан  да  көп  пайызын  (жарғылық  капиталда  қатысу 

үлесімен)  Банк  иелік  ететін  заңдық  тұлғалар  акционерлерінің  (қатысушыларының)  жалпы 

жиынының құзыретіне жататын қызмет мәселелері бойынша шешім қабылдау;  

18)  Өз  капиталының  көлемін  он  және  одан  да  көп  пайыз  болатын  көлемде  Банк 

міндеттемелерін арттыру; 

19)  Банк немесе оның қызметі туралы қызметтік, коммерциялық және өзге де заңмен 

қорғалатын құпиялардан тұратын ақпараттарды анықтау; 

20)  Банкпен  ерекше  қарым-қатынас  арқылы  байланысқан  тұлғалардың  тізілімін 

куәландыру;  

21)  Ірі  мәмілелерді  және  Банк  мүдделілік  танытқан  мәмілелерді  жасауға  шешім 

қабылдау;  




жүктеу 236,63 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау