11
12. Директорлар кеңесі отырысының күн тәртібі
45. Директорлар кеңесінің отырысында осы отырыстың күн тәртібіне енгізілген
мәселелер бойынша шешім қабылданады.
Мәселені күн тәртібіне енгізуге бастама көтеруші шешім шыққанша өз мәселесін күн
тәртібінен алып тастай алады. Бұл міндетті түрде хаттамада тіркеледі.
46. Директорлар кеңесі мүшелерінің жалпы құрамының 2/3 (үштен екісі) қатысқан
директорлар кеңесінің кез келген отырысы барысында, қатысып отырған директорлар
кеңесінің барлық мүшелері күн тәртібіне енгізуге дауыс берген жағдайда, күн тәртібіне
қосымша мәселелер енгізіліп, қаралуы мүмкін.
13. Алдын ала мәжіліс
47.
Директорлар
кеңесіне
қарауға
шығарылған
материалдар
бойынша
ұйымдастырушылық және (немесе) заңдық мәселелерді талқылау және өңдеу мақсатында,
директорлар кеңесінің отырысына дейін 2 (екі) жұмыс күні бұрын корпоративтік хатшының
жетекшілігімен, мүдделі органдардың қызметкерлері мен Банк өкілдерінің қатысуымен,
алдын ала мәжіліс өткізілуі мүмкін.
14. Директорлар кеңесі отырысының регламенті
48. Кворум болған жағдайда, директорлар кеңесінің отырысы хабарламада
көрсетілген уақытта басталады. Директорлар кеңесінің төрағасы немесе оның қызметін
атқаратын тұлға ашады.
49. Директорлар кеңесінің төрағасы болмаса, оның қызметін директорлар кеңесінің
шешімі бойынша директорлар кеңесінің мүшелерінің бірі атқарады.
50. Директорлар кеңесінің отырысын өткізу үшін кворум – директорлар кеңесі
мүшелерінің жартысынан кем емес. Техникалық байланыс құралдарын пайдаланып
(бейнеконференция, телефон арқылы конференц-байланыс және т.б. сеанс режимінде),
қаралатын мәселелерді талқылауға және дауыс беруге қатысып отырған директор кеңесінің
келмеген мүшелерін ескеріп, немесе жазбаша түрде берілген дауыстары болса, кворум
анықталуы мүмкін. Кворумды және дауыс беру нәтижесін анықтау кезінде, жазбаша пікір
тек қана директорлар кеңесі мүшелерінің дауыс беру нәтижесі бар күн тәртібіндегі
мәселелерге қатысты ескеріледі.
Егер директорлар кеңесі мүшелерінің жалпы саны кворумға жетуге жеткіліксіз болса,
директорлар кеңесі жалғыз акционердің қарауына директорлар кеңесінің жаңа мүшелерін
сайлау (тағайындау) мәселесін шығаруға міндетті. Директорлар кеңесінің қалған мүшелері
жалғыз акционердің қарауына тек қана осындай мәселе шығару туралы шешім қабылдауына
құқылы.
51. Отырыстың алдында кворумды директорлар кеңесінің төрағасы анықтайды.
Кворум болмаса, директорлар кеңесінің төрағасы 14 (он төрт) күнтізбелік күннен
аспайтын мерзімге отырыстың шегерілетінін жариялайды.
52. Директорлар кеңесінің төрағасы қатысып отырғандарға директорлар кеңесінің
отырысын өткізуге кворумның барлығы жайында хабарлап, директорлар кеңесі отырысының
күн тәртібін жариялайды.
53. Директорлар кеңесінің отырысы мынадай кезеңдерден тұрады:
- директорлар кеңесі мүшесіне немесе күн тәртібіндегі мәселе бойынша баяндама
жасауға шақырылған тұлғаға сөз беріледі;
- күн тәртібіндегі мәселе талқыланады;
- күн тәртібіндегі мәселе бойынша шешімді құрастыруға ұсыныс береді;
12
- дауыстарды есептейді және дауыс беру қорытындысын шығарады;
- дауыс беру қорытындысы мен күн тәртібіндегі мәселе бойынша қабылданған
шешімдерді жариялайды.
54. Директорлар кеңесі отырысына отырыс өткізу туралы талап қойған тұлға міндетті
түрде шақырылады.
55. Директорлар кеңесі тек қана директорлар кеңесінің мүшелері қатыса алатын
жабық отырыс өткізу туралы шешім қабылдай алады.
56. Директорлар кеңесінің отырысына Банк аудитін өткізіп жатқан аудиторлық
ұйымдардың өкілдері, ішкі аудит қызметінің қызметкерлері, басқарма мүшелері, Банк
қызметкерлері, сондай-ақ басқа да тұлғалар шақыртылуы мүмкін.
57. Директорлар кеңесінің төрағасы директорлар кеңесі мүшелеріне және шақырылған
тұлғаларға сөз беру кезегін белгілейді.
15. Директорлар кеңесінің отырысында дауыс беру тәртібі
58. Директорлар кеңесінің шешімі қабылданарда, отырысқа қатысып отырған
директорлар кеңесі мүшелерінің дауыс беру арқылы күн тәртібіндегі мәселелерге өз пікірін
білдіруге құқығы бар.
Директорлар кеңесінің бір немесе бірнеше мүшесінің директорлар кеңесінің
отырысына қатысуға мүмкіндігі болмаса, олар директорлар кеңесінің отырысы барысында
техникалық байланыс құралдарын (бейнеконференция, телефон арқылы конференц-
байланыс және т.б. сеансы режимінде) пайдаланып, қаралып жатқан мәселе бойынша
талқылауға және дауыс беруге қатыса алады.
59. Директорлар кеңесі отырысының күн тәртібіндегі мәселе бойынша шешім
қабылдар кезде, директорлар кеңесінің әрбір мүшесі бір дауысқа ие болады.
60. Дауыстар тең болғанда, директорлар кеңесі төрағасының немесе директорлар
кеңесінің отырысында төрағалық етуші тұлғаның дауысы шешуші дауыс болып табылады.
16. Отырысқа келмеген директорлар кеңесі мүшесінің жазбаша пікірін есепке
алу
61. Егер директорлар кеңесінің мүшесі отырысқа қатыса алмаса, оның күн тәртібіндегі
мәселеге өз пікірін жазбаша білдіруге құқығы бар.
62. Директорлар кеңесінің мүшесі жазбаша пікірін директорлар кеңесінің отырысы
өтетін күннен 1 (бір) күнтізбелік күн бұрын, одан кешіктірмей тапсыруы тиіс.
63. Жазбаша пікір осы Ереженің №3 қосымшасына сәйкес немесе еркін түрде
толтырылады.
64. Директорлар кеңесінің отырысында төрағалық етуші күн тәртібіндегі мәселеге
дауыс беру басталғанша директорлар кеңесінің отырысына келмеген директорлар кеңесінің
мүшесінің жазбаша пікірін жариялануға тиіс.
17. Директорлар кеңесінің шешім қабылдауы
65. Белгіленген тәртіппен директорлар кеңесі отырысының күн тәртібінде бекітілген
мәселеге қатысты директорлар кеңесінің шешімі мынадай тәсілдермен қабылданады:
- дауыс беру;
- сырттай дауыс беру;
- дауыс берудің екі түрін де қосу арқылы (аралас дауыс беру). Директорлар кеңесінің
кейбір мүшелері директорлар кеңесінің отырысына қатысуға мүмкіндігі болмаған және өз
пікірін осы Ереженің №3 қосымшасына сәйкес жазбаша түрде тапсырған жағдайда, дауыс
берудің бұл түрі қолданылады.