Жылғы (№41/14 хаттама) шешімімен бекітілген



жүктеу 236,63 Kb.
Pdf просмотр
бет4/7
Дата05.03.2018
өлшемі236,63 Kb.
#11458
1   2   3   4   5   6   7

 

18. Ішкі аудит қызметінің мүшелері және корпоративтік хатшы директорлар кеңесінің 



мүшесі бола алмайды.  

19. Директорлар кеңесіне мынадай тұлғалар сайлана алмайды:    

-  атқарушы  органның  қатысушысы,  жетекшісі,  басқарушы  органның  мүшесі  немесе 

Банкпен бәсекелес заңды тұлға қызметкері болып табылатын;  

-  бұрын сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасаған; 

- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сотталуы өтелмеген 

немесе алынбаған;  

-  мәжбүрлеп  жою  немесе  акцияларды  мәжбүрлеп  сатып  алу  немесе  белгіленген 

тәртіппен  банкрот  болып  танылған  өзге  заңдық  тұлғаларды  консервациялау  туралы  шешім 

қабылданатын  күнге  дейін  бір  жылдан  аспайтын  мерзімде  бұрын  директорлар  кеңесінің 

төрағасы,  атқарушы  органның  бірінші  жетекшісі,  бірінші  жетекшінің  орынбасары,  өзге 

заңдық тұлғаның бас бухгалтері  болған. Аталған талап мәжбүрлеп  жою  немесе акцияларды 

мәжбүрлеп  сатып  алу  немесе  белгіленген  тәртіппен  банкрот  болып  танылған  өзге  заңдық 

тұлғаларды  консервациялау  туралы  шешім  қабылданатын  күннен  кейін  бес  жыл  ішінде 

қолданылады.  

 

 



6.  Директорлар кеңесі мүшелерін сайлау және олардың уәкілеттілігін тоқтату 

тәртібі 

 

20.  Директорлар  кеңесі  мүшелерін  жалғыз  акционер  сайлайды.  Кейіннен  олардың 

кандидатурасын  Қазақстан  Республикасы  заңнамасында  және  жарғыда  қарастырылған 

тәртіпте уәкілетті органмен келіседі. Банктің директорлар кеңесі құрамына сайланған тұлғаға 

Қазақстан Республикасы заңнамасында және жарғыда белгіленген талаптар қойылады.  

21.  Қазақстан  Республикасы  заңнамасында  және  жарғыда  басқа  жайттар 

қарастырылмаса,  Банктің  директорлар  кеңесі  құрамына  сайланған  тұлға  шектеусіз,  қайта-

қайта сайлануы мүмкін.  

22.  Директорлар  кеңесінің  уәкілеттілік  мерзімін  жалғыз  акционер  белгілейді. 

Директорлар  кеңесінің  жаңа  құрамын  сайлау  туралы  жалғыз  акционер  шешім  шығарған 

кезде  директорлар  кеңесінің  уәкілеттілік  мерзімі  бітеді.  Жалғыз  акционердің  директорлар 

кеңесі  мүшелерінің  бәрінің  немесе  кейбірінің  уәкілеттілігін  мерзімінен  бұрын  тоқтатуға 

құқығы бар.  

Өз  бастамасы  бойынша  директорлар  кеңесі  мүшелерінің  уәкілеттілігін  мерзімінен 

бұрын  тоқтату  директорлар  кеңесіне  жазбаша  хабарлама  негізінде  жүзеге  асырылады. 

Директорлар кеңесі аталған хабарламаны алған сәттен бастап, директорлар кеңесі мүшесінің 

уәкілеттілігі тоқтатылады.  

Директорлар  кеңесінің  мүшесі  жылына  отырыстардың  елу  пайызынан  аса  себепсіз 

қатыспаған  және  (немесе)  сырттай  дауыс  беруге  қойылған  мәселелердің  елу  пайызынан  аз 

болатын  толтырылған  бюллетеньдерді  тапсырған  жағдайда,  директорлар  кеңесі  жалғыз 

акционерге  осы  директорлар  кеңесі  мүшесінің  уәкілеттілігін  мерзімінен  бұрын  тоқтатуын 

сұрауға құқылы.      

23. Директорлар кеңесі мүшелерінің уәкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылған  және 

жалғыз  акционер  директорлар  кеңесінің  жаңа  мүшесін  сайлаған  жағдайда,  соңғысының 

уәкілеттілігі жалпы директорлар кеңесі мерзімінің бітуімен бірге аяқталады.    

 

 



7. Директорлар кеңесінің төрағасы  

 

24.  Директорлар кеңесіне төраға басшылық жасайды. Банктің директорлар кеңесінің 

төрағасы  ашық  дауыс  беру  арқылы  директорлар  кеңесі  мүшелерінің  жалпы  санының 



 

көпшілік  дауысымен  сайланады.  Банктің  директорлар  кеңесі  Төрағасын  кез  келген  уақытта 



қайта сайлауға құқылы.   

25. Директорлар кеңесінің төрағасы директорлар кеңесінің жұмысын ұйымдастырады, 

соның ішінде:  

1)  директорлар кеңесінің отырысын шақырып, жүргізеді; 

2)  директорлар кеңесі отырысын өткізуге күн тәртібін бекітеді;  

3)  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  белгіленген  тәртіпте  директорлар 

кеңесі отырысының хаттамасын жүргізуді ұйымдастырады.  

26. Директорлар кеңесінің төрағасы талқыланып жатқан мәселе бойынша директорлар 

кеңесі мүшелерінің пікірлерін еркін білдіру қағидатын ұстанады, келісілген шешімді іздеуге, 

директорлар кеңесі  мүшелерінің ымыраға келуіне, жалғыз акционер мен Банктің мүддесіне 

қарай  шешім  қабылдауға  ықпал  етеді.  Сондай-ақ  директорлар  кеңесінің  төрағасы  біртұтас 

команда  ретінде  директорлар  кеңесі  мүшелерінің  жұмысы  үшін  жағдай  жасау  мақсатымен 

тиімді көшбасшылыққа ықпал етеді.    

Директорлар  кеңесінің  төрағасына  өзге  органдармен  және  Банктің  лауазымды 

тұлғаларымен ұдайы байланыс орнатуға кеңес беріледі. Мұндай байланыстардың мақсаты  – 

директорлар кеңесінің шешім қабылдауына қажетті барынша толық әрі сенімді ақпараттарды 

уақтылы  алып  отыру  ғана  емес,    мүмкін  болатын  жерлерде,  бұл  органдар  мен  лауазымды 

тұлғалардың арасындағы және үшінші тұлғалармен тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету.   

27.  Директорлар  кеңесінің  төрағасы  болмаған  жағдайда,  оның  қызметі  отырысқа 

қатысушы  мүшелердің  көпшілік  дауысы  арқылы,  директорлар  кеңесінің  шешімі  бойынша 

директорлар  кеңесі  мүшелерінің  бірі  атқарады.  Мұндай  жағдайда,  директорлар  кеңесінің 

төрағасының қызметін басқарма төрағасы атқара алмайды.   

 

8. Директорлар кеңесінің отырыстарын жоспарлау 

28.  Директорлар  кеңесі  ұтымдылық,  тиімділік  және  тұрақты  қағидаттарын  ұстана 

отырып,  алдыңғы  жылға  арналған  отырыстарды  өткізу  графигімен  бірге,  жыл  сайын  өз 

жұмысының жоспарын жасайды. Директорлар кеңесінің отырыстары тұрақты түрде өткізілуі 

тиіс. Бірақ жылына алты реттен жиі болмауы керек.  

Директорлар  кеңесінің  жұмыс  жоспары  осы  Ереженің  №1  қосымшасына  сәйкес 

келетін  нысанда  жылдың  25  желтоқсанынан  кешіктірілмей  директорлар  кеңесі  шешімімен 

бекітіледі.  

 

29.  Қажет  болған  жағдайда  директорлар  кеңесі  жұмыс  жоспарына  енбеген 



мәселелерді қарастыруға құқылы.  

 

9.  Директорлар кеңесі отырыстарын шақыру тәртібі  



 

30.  Директорлар  кеңесі  отырыстары  директорлар  кеңесі  төрағасының  немесе  Банк 

басқармасының  бастамасымен  немесе  директорлар  кеңесінің  кез  келген  мүшесінің,  ішкі 

аудит  бөлімшелерінің,  Банк  аудитін  жүргізіп  жатқан  аудиторлық  компанияның,  жалғыз 

акционердің талабы бойынша шақырылуы ықтимал.  

31.  Отырыстың  күн  тәртібі  көрсетілген  тиісті  жазбаша  хат  жолдау  арқылы 

директорлар  кеңесінің  төрағасына  директорлар  кеңесінің  отырысын  шақыру  туралы  талап 

қойылады. 

32.  Директорлар  кеңесінің  отырысын  шақыру  туралы  талапқа  отырысты  шақыруға 

бастама көтерушінің қойылуы тиіс.  

33.  Директорлар  кеңесінің  төрағасы  отырысты  шақырудан  (сырттай  дауыс  беруді 

өткізуден)  бас  тартқан  жағдайда,  бастама  көтеруші  директорлар  кеңесінің  отырысын 

шақыруға міндетті болып табылатын Банк басқармасына аталған талаптарды қоюға құқылы.    



жүктеу 236,63 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау