Жылғы (№41/14 хаттама) шешімімен бекітілген



жүктеу 236,63 Kb.
Pdf просмотр
бет7/7
Дата05.03.2018
өлшемі236,63 Kb.
#11458
1   2   3   4   5   6   7

13 

 

66.  Директорлар  кеңесінің  отырысын  өткізу  формасы  күн  тәртібіндегі  мәселелердің 



маңыздылығына және уақытының тығыздығына қарай анықталады.  

67.  Директорлар  кеңесі  отырысының  күндізгі  формасы  барынша  ыңғайлы  әрі  тиімді 

болып табылады.  

68.  Директорлар  кеңесінің  шешімі  отырысқа  қатысып  отырған  (соның  ішінде 

келмеген  директорлар  кеңесі  мүшелерінің  жазбаша  пікірін  есепке  ала  отырып)    немесе 

сырттай  дауыс  беруге  қатысатын  директорлар  кеңесі  мүшелерінің  қарапайым  көпшілік 

дауысымен қабылданады.  

  

 



18.  Директорлар кеңесі отырысының хаттамасы 

 

69. Директорлар кеңесі отырысының хаттамасын корпоративтік хатшы жасайды.  



70. Директорлар кеңесі отырысының хаттамасы отырыс өткеннен кейін 3 (үш) жұмыс 

күнінен кешіктірмей жасалып, қол қойылады.  

71. Отырыс хаттамасында мыналар көрсетіледі: 

- толық атауы және Банк басқармасының орналасқан жері; 

- отырыс өткен күн, уақыты және орны; 

- отырысқа қатысқан тұлғалар туралы мәліметтер; 

- отырыс кворумының барлығы туралы ақпарат; 

- отырыстың күн тәртібі; 

-  дауыс  беруге  шығарылған  мәселелер  және  дауыс  беру  қорытындысы,  директорлар 

кеңесі  отырысының  күн  тәртібіндегі  әрбір  мәселе  бойынша  директорлар  кеңесінің  әр 

мүшесінің дауыс беру нәтижесі көрсетіледі.  

- шешім қабылдау; 

- директорлар кеңесінің шешіміне қатысты өзге де мәліметтер. 

72.  Директорлар  кеңесі  отырысының  хаттамасы  жобасы  директорлар  кеңесінің 

күндізгі  отырысына дейін және  отырыс барысында директорлар кеңесінің мүшелері  айтқан 

толықтырулар мен ескертулер болғанда әзірленеді. Хаттама жобасы отырыстан кейін 1 (бір) 

жұмыс күні ішінде өңделеді. Өңделген соң, хаттама жобасы 2 (екі) жұмыс күні ішінде Банк 

ішінде келісілуі тиіс.  

73.  Директорлар  кеңесі  отырысының  хаттамасына  директорлар  кеңесінің  төрағасы, 

директорлар  кеңесінің  қатысушы  мүшелері  және  корпоративтік  хатшы  қол  қояды.  

Хаттамаға,  егер  бар  болса,  отырысқа  келмеген  директорлар  кеңесі  мүшелерінің  жазбаша 

пікірлері  (Ереженің  №3  қосымшасы),  сондай-ақ  директорлар  кеңесі  бекіткен  құжаттар 

тігіледі.   

74. 


Қажет  болса,  корпоративтік  хатшы  директорлар  кеңесі  отырысының 

стенограммасын жүргізуді ұйымдастырады.   

75.    Банк  отырыстың  хаттамасы  мен  стенограммасын  және  сырттай  дауыс  беру 

арқылы  қабылданған  директорлар  кеңесінің  шешімдерін  басқарманың  орналасқан  жері 

бойынша, шектеусіз мерзімге немесе Банк басқармасының шешімімен басқа жерде сақтауға 

міндетті.  

76.  Директорлар  кеңесі  отырысының  хаттамасы  мен  стенограммасы  және  сырттай 

дауыс  беру  арқылы  қабылданған  директорлар  кеңесінің  шешімдері  корпоративтік  хатшыда 

сақталады.  

77. 


Корпоративтік  хатшы  директорлар  кеңесінің  мүшелеріне  отырыстар 

хаттамаларының, сырттай дауыс беру арқылы қабылданған директорлар кеңесі шешімдерінің 

қолжетімді болуын тұрақты түрде қамтамасыз етеді.    

78.  Корпоративтік  хатшы  5  (бес)  жұмыс  күні  ішінде  талабы  бойынша  директорлар 

кеңесі  мүшесіне    танысуға  директорлар  кеңесі  (директорлар  кеңесі  комитеттері) 

отырысының  хаттамасын  және  (немесе)  сырттай  дауыс  беру  арқылы  қабылданған 




14 

 

шешімдерді  тапсырады  және  (немесе)  корпоративтік  хатшының  қолы  қойылған,  мөрі 



басылған хаттама мен шешімдердің үзіндісін береді.  

79.  Корпоративтік  хатшы  хаттамаға  қол  қойылғаннан  соң  5  (бес)  жұмыс  күнінен 

кешіктірмей    директорлар  кеңесінің  мүшелеріне  қол  қойылған  хаттаманың  көшірмесін 

жібереді.  

80. Корпоративтік хатшы 2 (екі) жұмыс күні ішінде талабы бойынша Банктің мүдделі 

құрылымдық  бөлімшелеріне  корпоративтік  хатшының  қолы  қойылған,  мөрі  басылған 

хаттама мен (немесе) шешімдердің үзіндісін беруге міндетті.  

81.  Корпоративтік  хатшы  директорлар  кеңесінің  мүшелеріне  директорлар  кеңесінің 

шешімдері мен тапсырмаларының орындалуы барысы жайлы тоқсан сайын ақпарат жіберіп 

отырады.  

 

 

19.  Директорлар кеңесінің сырттай дауыс беру арқылы шешім қабылдауы  



 

82.  Директорлар  кеңесі  төрағасының  қалауымен,  қарауға  шығарылған  мәселелер 

бойынша  директорлар  кеңесінің  сырттай  дауыс  беру  арқылы  шешім  қабылдауы  мүмкін. 

Сырттай дауыс беру директорлар кеңесінің отырысын өткізбестен қолданылады.  

83.  Отырыстың  күн  тәртібіндегі  мәселелерге  сырттай  дауыс  беруге  Ереженің  №4 

қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған бюллетеньдер қолданылады.  

84. Мына мәселелерге қатысты шешімдерді күндізгі отырыста қарауға ұсынылады:  

-  даму  стратегиясын,  даму  жоспарын  және  оларға  енгізілетін  өзгерістерді  бекіту, 

олардың жүзеге асуы/орындалуы туралы есепті тыңдау;  

-  ішкі аудит және сыртқы аудит қызметтерінің есебін тыңдау;  

-  инвестициялық/кредиттік жобаларды қарастыру; 

- ірі мәміле және мүдделілік бар мәмілелерді жасау туралы шешім қабылдау;  

- ұйымдастырушылық құрылымдарды және Банктің штаттық санын бекіту/өзгерту;  

- Банктің басқарма мүшелерінің қызметіне баға беру және сыйақы көлемін анықтау; 

- кадрлық мәселелер. 

Дауыстарды  санау  күніне  дейін  5  (бес)  жұмыс  күні  бұрын,  одан  кешіктірмей 

корпоративтік хатшы сырттай дауыс беру өтетінін хабарлап, сырттай дауыс беру бюллетенін 

директорлар кеңесінің мүшелеріне  жібереді.  

Сырттай  дауыс  беру  бюллетені  және  басқа  да  ақпараттар  (материалдар)  пошта, 

электронды және өзге де байланыс арқылы директорлар кеңесі мүшелеріне жіберілуге тиіс, 

немесе тікелей қолға тапсырылады.   

Сырттай дауыс беру бюллетенінде мыналар болуы керек:  

- толық атауы және Банк басқармасының орналасқан жері; 

- отырысты шақыруға бастама көтерген тұлға (орган) көрсетіледі; 

- отырыстың күн тәртібі; 

- дауыс берілетін мәселелер және дауыс беру нұсқалары;  

-  Қол  қойылған  сырттай  дауыс  беру  бюллетенін  корпоративтік хатшыға  тапсырудың 

соңғы күні;   

- өзге де мәліметтер. 

Сырттай  дауыс  беру  үшін  директорлар  кеңесі  мүшелеріне  бюллетеньдерді  жіберер 

кезде,  корпоративтік хатшы қол қою арқылы олардың дұрыс және біркелкі толтырылғанын 

куәландырады.  

85.  Сырттай  дауыс  беру  бюллетендерін  толтырар  кезде  директорлар  кеңесінің 

мүшелері  «жақтаймын»,  «қарсымын»,  «қалыс  қаламын»  сөздері  арқылы  қарастырылып 

жатқан  мәселе  бойынша  өз  пікірін  білдіруге  және  оны  алған  күннен  бастап  2  (екі)  жұмыс 

күні  ішінде  корпоративтік  хатшыға  жіберуге  міндетті.  Белгіленген  мерзімде  алынған 

бюллетеньдерге  сәйкес  кворум  болғанда,  сырттай  дауыс  берілген  шешім  қабылданды  деп 

танылады. Сырттай дауыс берілген шешім жазбаша түрде рәсімделуге тиіс және белгіленген 




15 

 

бюллетеньдерді  қабылдау  аяқталған  күннен  бастап  5  (бес)  жұмыс  күнінен  кешіктірмей 



директорлар кеңесінің төрағасы және корпоративтік хатшы қол қоюы керек. Онда мыналар 

көрсетілуі қажет:  

1) Банктің атауы мен орналасқан жері (Банк басқармасы); 

2) сырттай отырыстың шешімін жазбаша рәсімдеу күні және орны; 

3) директорлар кеңесінің құрамы туралы мәліметтер; 

4) отырысты шақыруға бастама көтерген тұлға (орган) көрсетіледі; 

5) отырыстың күн тәртібі; 

6) шешім қабылдауға кворумның бар-жоғы туралы жазба; 

7) күн тәртібіндегі әрбір мәселеге дауыс беру қорытындысы және шешім қабылдау; 

8) өзге де мәліметтер. 

86. Корпоративтік хатшы сырттай дауыс беру арқылы директорлар кеңесі қабылдаған 

шешімді  және  сырттай  дауыс  беру  қорытындысын,  негізінде  осы  шешім  қабылданған 

бюллетеньдерді  шешімге  қол  қойған  сәттен  бастап  5  (бес)  жұмыс  күнінен  кешіктірмей 

директорлар кеңесінің мүшелеріне жіберуге тиіс.  

 

20.  Директорлар кеңесінің комитеттері 

 

87.  Маңызды  мәселелерді  қарау  және  директорлар  кеңесіне  ұсынымдар  әзірлеу  үшін 

Банктің директорлар кеңесінің комитеттері құрылады.  

Банктің директорлар кеңесінің комитеттері мынадай мәселелерді қарастырады:  

1)  стратегиялық жоспарлау;  

2)  кадр және сыйақы;  

3)  ішкі аудит;  

4)  әлеуметтік мәселелер;  

5)  Банк құжаттарында қарастырылған өзге де мәселелер. 

Банктің  директорлар  кеңесінің  қарауына  шығарылатын  мәселе  қандай  да  бір 

комитеттің уәкілеттілігіне кіретін болса, тиісті мәселе міндетті түрде алдын ала қаралып, ол 

бойынша қорытынды әзірленеді.   

88.  Банктің  директорлар  кеңесінің  комитеттері  Банктің  директорлар  кеңесінің 

мүшелерінен  және  нақты  комитеттегі  жұмысқа  қажетті  кәсіби  білімі  бар  сарапшылардан 

тұрады. Мұндай жағдайда комитеттердің құрамының 2/3-і тәуелсіз директорлардан құралуы 

тиіс.  


Директорлар кеңесінің комитетін директорлар кеңесінің мүшесі басқарады. Қызметіне 

осы Ереженің 87 тармағының 1)-4) тармақшасында қарастырылған мәселелерді қарау кіретін 

директорлар  кеңесі  комитеттерінің  басшылары  (төрағалары)    тәуелсіз  директорлар  болып 

табылады. Банк басқармасының төрағасы Банктің директорлар кеңесі  комитетінің төрағасы 

бола алмайды.  

89.  Банктің  директорлар  кеңесінің  шешім  қабылдау  деңгейін  сапалы  түрде  көтеру 

мақсатында,  Банктің  жылдық  бюджеті  шеңберінде,  директорлар  кеңесі  немесе  оның 

комитеттері  қарастыратын  мәселелер  бойынша  кеңесшілерді,  соның  ішінде  халықаралық 

кеңесшілерді тарту үшін қаражат қарастырылады.   

90.  Банктің  директорлар  кеңесі  комитеттерін  құру  және  жұмыс  тәртібі,  олардың 

уәкілеттілігі,  комитеттердің  сандық  құрамы  Банктің  директорлар  кеңесі  бекітетін  Банктің 

ішкі құжаттарында белгіленеді.   

   

 

21. Банкке қатысты ақпараттарды директорлар кеңесінің мүшелеріне беру 



тәртібі 

91.  Басқарма  төрағасы  және  мүшелері,  Банктің  құрылымдық  бөлімшелерінің 

жетекшілері  10  (он)  күннен  кешіктірмей  директорлар  кеңесі  мүшесінің  жазбаша  сұрауы 

бойынша оның қызметін атқаруға қажетті, Банкке қатысты ақпарат (құжаттар, материалдар) 




16 

 

беруге  міндетті  немесе  көрсетілген  мерзімде  ақпарат  берудің  неге  мүмкін  емес  екенін, 



себебін көрсетіп, жазбаша түрде уәжді түсініктеме беруі тиіс. Қызметтік және коммерциялық 

құпиясы бар ақпараттар (құжаттар, материалдар) Қазақстан Республикасының заңнамасына 

және Банктің ішкі құжаттарына сәйкес беріледі.    

 

22. Банктің директорлар кеңесі мүшелерінің шығындарының өтемақысы және 



(немесе) сыйақы  

 

92.  Қазақстан  Республикасының  заңнамасымен,  Банктің  жарғысымен  және  ішкі 

құжаттарымен, Банктің тәуелсіз директорларымен белгіленген тәртіпте, олардың өз міндетін 

атқарған  кезеңінде  сыйақы  төленуі  және  (немесе)  Банктің  директорлар  кеңесі  мүшелерінің 

қызметін атқаруға байланысты шығындары өтелуі мүмкін.  

93.  Міндеттерін  атқарғаны  үшін,  тәуелсіз  директорларды  қоса  алғанда,  директорлар 

кеңесі  мүшелеріне  сыйақы,  өтемақы  және  сыйлақақы  төлеу  тәртібі,  көлемі  және  талаптары 

Банктің жалғыз акционерінің шешімі арқылы белгіленеді.     

   

 

23. Қорытынды ереже 



 

94.  Қазақстан  Республикасының  заңнамасына,  Банк  жарғысына  өзгерістер  мен 

толықтырулар  енгізілген  жағдайда,  осы  Ереженің  мұндай  өзгерістер  мен  толықтыруларға 

қайшы келмейтін бөлігі қолданыста болады.   

95.  Осы  Ережеге  енгізілетін  өзгерістер  мен  толықтырулар  Ережені  бекітудің  балама 

тәртібімен енгізіледі.  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



  


17 

 

       



Банктің директорлар кеңесі туралы  

Ереженің №1 қосымшасы 

 

________ жылға арналған  

Банктің директорлар кеңесі жұмысының жоспары  

 

№ 

 

Мәселе атауы 

 

Болжалды қарастыру 

күні  

(ай) 

 

 

Банктің жауапты 

құрылымдық бөлімшесі  

1.   


 

 

2.   



 

 

3.   



 

 

4.   



 

 

5.   



 

 

 



 

 

 



___________________________________________ 


18 

 

Банктің директорлар кеңесі туралы  



Ереженің №2 қосымшасы 

 

 



Банктің директорлар кеңесі  

мүшелеріне  

 

Банктің директорлар кеңесінің шешімі жобасына түсіндірме жазба  

«________________________________________» 

 

 

Түсіндірме жазба 1-2 параққа жазылады (шрифт - Times New Roman, шрифт көлемі – 

12), онда шығарылған мәселенің мәні қысқа да, нұсқа баяндалады.  

 Жазбада  мәселенің  дайындалуының  негізі  (Қазақстан  Республикасы  Заңдарының 

баптарына  (тармағы,  тармақшасы),  өзге  де  нормативтік  құқықтық  актілерге,  жалғыз 

акционердің  шешімдеріне,  Үкіметтің  тапсырмасына,  жарғыға,  негіз  болып  табылатын  ішкі 

және басқа да құжаттарға сілтеме жасалуы керек) сондай-ақ мәселенің директорлар кеңесінің 

қарауына шығарылуының қажеттілігі көрсетілу тиіс.  

Директорлар  кеңесінің  бұрын  берілген  тапсырмалары,  сондай-ақ  басқарманың 

қабылдаған  шешімдері,  Банктің  басқа  да  ішкі  органдары  мен  комитеттерінің  шешімдері 

көрсетілуі керек.  

Мәселені  іске  асыруға  байланысты  қаржы  шығындары  ықтимал  болса,  Банктің 

бекітілген бюджетіне орай олардың мүмкіндігін көрсету қажет.  

Түсіндірме  жазбаға  қосымша  (бар  болса)  тіркеледі,  мұндай  жағдайда  қосымшадағы 

бет саны көрсетіледі.  

 

Егер  директорлар  кеңесіне  шығарылатын  құжаттарда  коммерциялық  немесе  банктік 



құпия  мәліметтер  болса,  оларға  тиісінше  «Құпия»,  «Банктік  құпия»,  «Қызметтік  пайдалану 

үшін»  белгілері соғылуы тиіс.  

 

 

 



 

 

 



  

 

 

 

 


19 

 

Банктің директорлар кеңесі туралы  



Ереженің №3 қосымшасы  

 

 



 

Банктің директорлар кеңесінің отырысына  

жазбаша пікір 

 

 



Астана қ.  

 

 



 

        № ____                         «___» ______________ 20__ж. 

 

 

 



Директорлар кеңесінің мүшесі:__________________  

 

 



 

Күн тәртібі: 

1. ____________________________ 

2. ____________________________. 

 

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша жазбаша пікір: 



1.  _____________________________________________________________________ 

2.  _____________________________________________________________________. 

 

 

 



 

 

 



 

Директорлар кеңесінің мүшесі:                                                                    __________________ 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



       (қол қою міндетті түрде)  

 

 



«__» _____________ 20__ж. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


20 

 

Банктің директорлар кеңесі туралы  



Ереженің №4 қосымшасы  

 

 

Банктің директорлар кеңесі отырысының  

сырттай дауыс беру  

бюллетені 

 

 

 Астана қ.  

 

 

 



        № ____                             «___» _________ 20__ж. 

 

 



Директорлар кеңесінің мүшесі ____________________________________  

 

 



Банктің орналасқан жері (әрі қарай – Банк)

Отырыс өткізуге бастама көтеруші: 

 

Күн тәртібінде: 



1. ____________________________ 

2. ____________________________. 

 

Шешілді: 



1. _____________________________________________________________________ 

 

   



ЖАҚТАЙМЫН      ҚАРСЫМЫН (ерекше 

пікір) 

   


ҚАЛЫС ҚАЛАМЫН  (ерекше  

пікір) 

 

Ескерту: ерекше пікір болған жағдайда, ол жазбаша нысанда, бөлек, қоса беріледі 

 

Бюллетеньді толтыру тәртібі бойынша түсіндірме: 

Дауыс  беруге  шығарылған  мәселе  бойынша,  директорлар  кеңесінің  мүшесі  осы 

бюллетеньге «Жақтаймын», «Қарсымын», «Қалыс қаламын» белгілерінің астына қол (немесе 

белгі)  қояды.  «Қарсымын»  немесе  «қалыс  қаламын»  белгілері  арқылы  дауыс  берсе, 

директорлар  кеңесінің  мүшесі  жазбаша  нысанда,  бөлек,  қоса  берілетін  ерекше  пікірін 

білдіруге құқығы бар.  

 

Банктің  корпоративтік  хатшысына  қол  қойылған  бюллетеньді  тапсырудың 

соңғы күні: ____________. 

 

Сырттай дауыс беру бюллетені мына мекенжай бойынша тапсырылады:  

_______________________________________________________________________ 

 

 

Директорлар кеңесінің мүшесі:   

 

 



                                ________________ 

«__» _____________ 20__ж. 



 

 

жүктеу 236,63 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау