9
34. Директорлар кеңесі отырысын директорлар кеңесі төрағасы немесе Банк
басқармасы шақыру туралы талап түскен күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күннен
кешіктірмей директорлар кеңесі отырысын шақыруы тиіс.
35. Корпоративті хатшы директорлар кеңесінің мүшелеріне отырыс өтетін күнге дейін
10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей директорлар кеңесі отырысын шақыру туралы хабарлама
жібереді.
Хабарламада мыналар болуы тиіс:
- отырыс өткізу күні, орны және уақыты;
- отырыс өткізу нысаны (күндізгі, сырттай және аралас).
Хабарламаға міндетті түрде мыналар тіркелуі тиіс:
- отырыстың күн тәртібі;
- Банк басқармасының жетекшінің немесе мүшелерінің немесе отырыстың күн
тәртібіне мәселені қосуға бастама көтерген тұлғаның қолы қо йылған, директорлар кеңесі
мүшелерінің атына жазылған, күн тәртібінде қарастырылатын әр мәселеге түсіндірме
жазбалары. Түсіндірме жазбалардың мазмұнына қойылатын талаптар осы Ереженің №2
қосымшасында келтірілген;
- күн тәртібіндегі әр мәселе бойынша директорлар кеңесі шешімінің жобасы;
- жетекші немесе Банк басқармасының мүшесі немесе отырыстың күн тәртібінде
мәселенің қаралуын енгізуге бастама көтерген тұлғаның бұрыштамасы қойылған, бекітуге,
мақұлдауға, келісуге немесе қарауға шығарылған құжаттардың жобасы;
- Банк басқармасы (қажет жағдайда) және Банктің алқаластық-кеңес органдарының
(бар болса) отырыстарының (шешімдерінің) хаттамасынан үзінді;
- Банктің директорлар кеңесі комитеттері (бар болса) шешімдерінің көшірмесі
(шешімдерінің үзіндісі);
- Банктің директорлар кеңесінің сырттай отырысының бюллетені (директорлар
кеңесінің сырттай отырысын өткізген жағдайда);
- бар болса, өзге де қосымша құжаттар (тұсаукесерлер, мемлекеттік органдар және
(немесе) өзге де заңды тұлғалар шешімдерінің көшірмелері, аталған мәселелерді күн
тәртібіне қосуды негіздейтін анықтамалық материалдар).
Ірі мәміле және мүдделілік бар мәміле жасау туралы шешім қабылдау мәселесі
қарастырылған жағдайда, мәміле туралы ақпаратта мәмілелердің тараптары, мәмілелердің
орындау мерзімдері және талаптары, тұлғалардың қатысу үлесінің сипаты мен көлемі,
сондай-ақ бағалаушының есебі жайлы мәліметтер қамтылуы тиіс (Қазақстан
Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 69 бабының 1 тармағында
қарастырылған жағдайда).
36. Отырыс өткізу туралы хабарлама, сондай-ақ оған қоса берілген қажетті
материалдар директорлар кеңесінің мүшелеріне жазбаша нысанда немесе директорлар кеңесі
мүшелерінің келісімі бойынша, өздеріне қолайлы өзге де тәсілмен (соның ішінде пошта,
факсимильді, электронды немесе өзге де байланысты қолдану арқылы) жіберіледі.
37. Банк қызметіне ықпал ететін қандай да бір мәселені дереу шешу керек болған
жағдайда, қажетті материалдармен бірге хабарлама жіберу мерзімін директорлар кеңесінің
төрағасы келісім қарары бойынша қысқартуы мүмкін.
10. Директорлар кеңесінің отырысына материалдарды дайындау тәртібі
38. Корпоративтік хатшы директорлар кеңесі отырысының соңғы материалдарын
жасайды. Отырыс материалдары және директорлар кеңесі отырысының хаттамалары
басымдылық берілген болып есептеледі. Бұл – мұндай құжаттар ең алдымен Банктің
құрылымдық бөлімдерімен келісіліп, жасалады деген сөз. Отырыстың күн тәртібінен басқа,
материалдарды Банктің мүдделі құрылымдық бөлімшелері отырыс өтетін күннен 15 (он бес)
жұмыс күні бұрын, одан кешіктірмей корпоративтік хатшыға тапсырады. Қажетті
10
материалдар көрсетілген мерзімде және (немесе) тиісінше түрде тапсырылмаған жағдайда,
мәселе отырыстың күн тәртібіне қосылмайды.
39. Ішкі аудит, комплаенс-бақылау бөлімшелері, бас комплаенс-бақылаушы,
корпоративтік затшы, Банк аудитін жүргізіп жатқан аудиторлық ұйым және жалғыз акционер
тапсыратын материалдардан басқа, түсіндірме жазбаларына және директорлар кеңесі
шешімінің жобасына бастама көтерген құрылымдық бөлімшенің тікелей орындаушысы,
бастама көтерген құрылымдық бөлімшелердің жетекшісі, жетекшілік ететін басқарушы
директор (бар болса) немесе басқарма төрағасының орынбасары (бар болса) заң
бөлімшесінің жетекшісі (қол қойған тұлғаның аты-жөні көрсетіліп) бұрыштама қоюы керек.
Түсіндірме жазбаға Банктің басқарма төрағасы немесе басқарма төрағасының орынбасары
қол қоюы тиіс.
Комплаенс-бақылау бөлімшелерінің қорытындысы берілген материалдар бойынша
директорлар кеңесі шешімінің жобасына комплаенс-бақылау бөлімшесінің жетекшісі және
бас комплаенс-бақылаушы (қол қойған тұлғаның аты-жөні көрсетіліп) бұрыштама қоюы тиіс.
Кадр мәселесі бойынша директорлар кеңесі шешімінің жобасына қызметкерлермен
жұмыс жүргізу бөлімшесінің жетекшісі (қол қойған тұлғаның аты-жөні көрсетіліп)
бұрыштама қоюы тиіс.
Шешім жобасы материалдарының әр бетіне тікелей орындаушы және мәселені
директорлар кеңесінің қарауына шығаруды бастама етіп көтерген құрылымдық бөлімшенің
жетекшісі бұрыштама қоюы керек. Директорлар кеңесі отырысының барлық материалдары,
соның ішінде шешім жобасы мен түсініктеме жазбасы, корпоративтік хатшы белгілеген
көлемде, корпоративтік хатшыға жіберіледі.
Банк басқармасының шешімінің үзіндісіне Банк басқармасының хатшысы қол қойып,
мөр басуы тиіс.
40. Егер құжат үшінші заңдық тұлғалардың қызметіне қатысты болса, онда
директорлар кеңесі мүшелеріне тапсырылатын материалдарға тиісті заңдық тұлғалардың
бірінші жетекшілері (немесе оның міндетін атқарушы тұлға) бұрыштама қоюы қажет.
41. Банк органын сайлау мәселесіне қатысты материалдарда үміткерлер туралы
мынадай ақпараттар болуға тиіс:
1) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
2) білімі туралы мәліметтер;
3) Банкке үлестестігі туралы мәліметтер;
4) соңғы үш жылдағы жұмыс орны және лауазымы туралы мәліметтер;
5) үміткерлердің біліктілігі мен жұмыс тәжірибесін растайтын өзге де ақпараттар.
42. Банк қызметіне ықпал ететін қандай да бір мәселені дереу шешу қажет болған
жағдайда, корпоративтік хатшының материалдарды қабылдау және қажетті материалдармен
бірге директорлар кеңесі мүшелерінің хабарлама жіберу мерзімі Банктің директорлар кеңесі
төрағасының шешімі бойынша қысқартылуы ықтимал.
11. Директорлар кеңесінің отырысын өткізу орнын және уақытын өзгерту
43. Директорлар кеңесінің мүшелеріне бұрын хабарланған орын мен уақытта
директорлар кеңесінің отырысын өткізу мүмкін болмайтын немесе қиындататын жағдай
туындаса, жоспарланған күн тәртібі бойынша отырыс басқа орында және (немесе) басқа
уақытта өткізілуі мүмкін.
44. Корпоративтік хатшы директорлар кеңесінің отырысы өтетін орынның және
уақыттың өзгергені туралы директорлар кеңесінің барлық мүшелеріне отырысқа келуге
жеткілікті уақыттары болатындай, ертерек хабарлауы тиіс. Аталған өзгерістер туралы
хабарлама, директорлар кеңесі мүшелерінің хабарламаны алғанына кепілдік беретін кез
келген формада, директорлар кеңесінің мүшелеріне жіберіледі.