Жылғы (№41/14 хаттама) шешімімен бекітілген



жүктеу 236,63 Kb.
Pdf просмотр
бет2/7
Дата05.03.2018
өлшемі236,63 Kb.
#11458
1   2   3   4   5   6   7

 

22)  Қазақстан  Республикасының  заңнамасы  талаптарына  сәйкес,  Банкпен  ерекше 



қарым-қатынас арқылы байланысқан тұлғалармен мәміле жасауға шешім қабылдау;   

23)  Нәтижесінде  құны  банк  капиталынан  он  пайыздан  асатын  Банк  активтерінің 

ауыртпашылығы түрінде немесе кепілдікке берілетін мәмілелерді бекіту;  

24)  Банктің  ішкі  қызметін  реттейтін  құжаттарды,  саясатты  бекіту  (Банк  қызметін 

ұйымдастыру мақсатында басқарма қабылдайтын құжаттардан басқалары), соның ішінде:  

-  Аукциондарды  өткізу  және  Банктің  құнды  қағаздарына  қол  қою  талаптары  мен 

тәртібін бекітетін ішкі құжаттар; 

-  Банк операцияларын өткізудің жалпы талаптары туралы ережелер; 

-  Банктің кредит комитеті және оның құрамы туралы ережелер; 

-  Іскерлік әдеп кодексі; 

-  Ішкі  құжаттарды  бекіту  бойынша  Банк  органдарының  және  лауазымдық 

тұлғалардың құзыретін анықтайтын ішкі құжат; 

-  Оқыс жағдайларға қатысты қаржыландыру жоспары; 

-  Қызметтің үздіксіздігін қамтамасыз ету жоспары (жоспарлары); 

-  Банктің директорлар кеңесіне тікелей есеп беретін Банктің жетекші қызметкерлері 

мен қызметкерлеріне сыйақы төлеу тәртібін анықтайтын ішкі құжаттар;  

-  Банктік  қызмет  көрсету  барысында  туындайтын  клиенттердің  хаттарын  қарау 

тәртібі; 

-  Банк    қызметкерлерінің  Банк  қызметіне  қатысты  ереже  бұзушылық  туралы  құпия 

түрде хабарлай алатын рәсімдерді анықтайтын ішкі құжат;  

-  Ішкі  аудитор  әдебі  кодексі,  ішкі  аудит  бөлімшелері  туралы  ереже,  ішкі  аудиттің 

жылдық жоспары;  

-  Банк және оған бағынатын ұйымдардың қызметі туралы басқарушылық ақпаратты 

Банктің  директорлар  кеңесіне  беру  тәртібін  анықтайтын  ішкі  құжаттар  және  ағымдағы 

нарықтық  және  экономикалық  жағдайға,  тәуекел  профиліне,  Банк  қызметінің  күрделілік 

түрлері және деңгейіне басқарушылық ақпарат жүйесінің сәйкестігін қамтамасыз ету;  

-  Банктің  жетекшілік  ететін  қызметкерлеріне  және  Банк  қызметкерлеріне  Банктің 

стратегиясын, саясатын және өзге де ішкі құжаттарын жеткізу тәртібі;  

25)  Заңнамаға сәйкес директорлар кеңесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша 

тәуекелдерді басқару бойынша Банктің ішкі рәсімдерін бекіту;  

26)  Банктің ішкі құжаттарына сәйкес тәуекелдер лимитін бекіту;   

27)  стресс-тестілеу сценарийін бекіту; 

28)  Банк  стратегиясын,  соның  ішінде  Банк  тәуекелдерінің  рұқсат  етілген  деңгейін 

бекіту,  сондай-ақ  стратегияның  орындалуына  мониторинг  жүргізу  және  Банк 

стратегиясының  ағымдағы  нарықтық  және  экономикалық  жағдайға,  тәуекелдер  профиліне, 

қаржылық потенциалы мен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін бағалау;  

29)  Банктің жеке капиталынан бес пайыз артық болатын заемдарды берудің мақсатқа 

сайлығын талдау және бағалау;  

30)  Банктің жылдық есебін алдын ала бекіту;  

31)  Банктің резервтік капиталын пайдалану тәртібін анықтау;  

32)  Банктің даму жоспары мен бюджет жоспарын, оларды орындау туралы есептерді 

бекіту; 


33)  Банктің  ұйымдастырушылық  құрылымын,  қызметкерлер  штатын  (жалпы  санын) 

бекіту,  соның  ішінде  ұйымдастырушылық  құрылымның  Банк  қызметінің  көлеміне, 

құрылымына, күрделілік сипатына және деңгейіне сәйкестігін қамтамасыз ету;  

34)  Ірі  мәмілелер  мәні  болып  табылатын  мүліктің  нарықтық  бағасын  бағалау 

бойынша бағалаушының қызметіне ақы төлеу көлемін анықтау; 

35)  Банктің жалғыз акционерінің қарауына мәселелерді шығару;  

36)  Директорлар  кеңесіне  Банктің  даму  стратегиясын,  даму  жоспарын,  бюджетін 

орындау,  Банк  қызметінің  көрсеткіштеріне  жету,  Банктің  негізгі  тәуекелдері  және  оларды 




 

тиімді басқару, сондай-ақ өзге де есептілік туралы басқарушылық есептілік беру тәртібі мен 



мерзімдерін бекіту;  

37)  Банктің  дивидендтік  саясатына,  өткен  қаржылық  жылдағы  Банктің  таза  табысын 

бөлу  тәртібіне,  қарапайым  акциялар  бойынша  дивиденттер  төлеуге  және  Банктің  бір 

қарапайым  акциясы  есебінде  жылдағы  дивиденд  көлеміне  қатысты  Жалғыз  акционерге 

ұсынымдар әзірлеу;    

38)  Директорлар кеңесі бекіткен саясатқа сәйкес, Банктің лауазымдық тұлғалары мен 

қызметкерлерінде туындаған мүдделер қақтығысын реттеуге қатысу және қадағалау;  

39)  Банктің демеушілік (қайырымдылық) көмек көрсетуі туралы шешім қабылдау;  

40)  Заңнамаға  Банк  қызметінің  сәйкестілігін  қамтамасыз  ету  жүйесінің  тиімділігін 

бағалау;   

41)  Жалғыз  акционерге  беру  үшін  директорлар  кеңесінің  жұмысы  туралы  есепті 

әзірлеу;  

42)  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  және  (немесе)  жарғыда,  сондай-ақ 

Банктің  ішкі  құжаттарында  қарастырылған,  Банктің  жалғыз  акционерінің  айрықша 

құзыретіне жатпайтын өзге де мәселелер.   

 

 



3. Директорлар кеңесі мүшелерінің құқықтары мен міндеттері  

8. Директорлар кеңесі мүшелерінің өз қызметін атқаруы үшін мыналарға құқығы бар: 

1) Осы Ережеде белгіленген тәртіпте Банк қызметі туралы ақпараттарды (құжаттарды 

және материалдарды) Банктен талап етуге;   

2) Жалғыз  акционердің  шешімдерімен,  директорлар  кеңесінің  сырттай  дауыс  беру 

арқылы  қабылданған  шешімдерімен  және  отырысының  хаттамаларымен,  Банк  басқармасы 

және  директорлар  кеңесінің  комитеттері  отырысының  хаттамаларымен,  аудиторлық 

хаттамалармен танысуға және олардың көшірмелерін алуға;   

3) Отырыс жұмысына қатысқан немесе күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жазбаша 

пікір  жіберген  жағдайда  күн  тәртібіндегі  мәселелер  бойынша  өз  пікірін  директорлар 

кеңесінің отырысы хаттамасына енгізуді талап етуге;  

4) Банктің директорлар кеңесі отырысын шақыруды талап етуге; 

5) Банктің бекітілген бюджеті шеңберінде Банк есебінен біліктілігін көтеруге;  

6) Қазақстан  Республикасы  заңнамасында,  Банк  жарғысында,  Банктің  ішкі 

құжаттарында қарастырылған өзге де құқықтарды пайдалануға.  

9. Директорлар кеңесінің мүшелері: 

1) Қазақстан  Республикасы  заңнамасының,  Банк  жарғысының,  Банктің  ішкі 

құжаттарының  талаптарына  сәйкес,  хабардар  болуға,  ашықтық  негізінде  Банктің  және 

жалғыз акционердің мүддесіне қарай әрекет етуге;  

2) Директорлар  кеңесінің  мақсаттары  мен  міндеттеріне  сәйкес  өз  құқықтары  мен 

құзыреті шеңберінде әрекет етуге;  

3) Жалғыз  акционер,  Банктің  органдары  және  лауазымды  тұлғалары  (Банк 

қызметкерлері) арасында туындайтын корпоративті қақтығыстарды болдырмау және реттеу 

үшін шара қабылдауға;  

4) Толық  хабардар  болу  негізінде  парасатты  және  саналы,  адал,  белсенді,  сақтықпен 

және кәсіби түрде әрекет етуге;  

5) Қарастырылып жатқан мәселелер бойынша объективті, тәуелсіз тұжырым енгізуге;  

6) Банктің  өзге  де  ішкі  құжаттарында  бұдан  да  ұзақ  мерзім  қарастырылмаса, 

директорлар кеңесінің мүшесі қызметін атқарып жүрген уақытта және директорлар кеңесінің 

мүшесі  қызметінен  кеткеннен  кейін  5  (бес)  жыл  ішінде  Банк  туралы  құпия  ақпараттарды 

жеке мүддесіне немесе үшінші тұлғалардың мүддесіне пайдаланбауға және жарияламауға;  

7) Директорлар кеңесінің күндізгі отырыстарына қатысуға; 

8) Директорлар  кеңесінің  отырысына  қатысуға  мүмкіндігі  жоқ  екенін  Банк 

басқармасына алдын ала хабарлауға;  




жүктеу 236,63 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау