18 тармақ. Қоғамдық кеңестердің өңірлердегі объектілерге оңалту жүргізуге мониторинг ұйымдастыруы.
Өңірлердегі жүргізіліп жатқан әлеуметтік және транспорттық инфроқұрылымның объектілерін бейімдеудің сапасын бақылау үшін бұқаралық ақпарат құралдарының өңірлік өкілдіктері, мемлекеттік емес ұйымдар, «Нұр Отан» партиясы тарапынан қоғамдық мониторинг өткізіліп тұрады.
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаменттерінің қоғамдық мониторинг нәтижелері бойынша, 2016 жылы «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заңның мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, мәдениет, транспорттық қызмет көрсету, т.б. салаларында мүгедектердiң әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiне қол жеткiзуiн қамтамасыз етпеу бөлігінде сақталуын тексеру мақсатында 83 ішінара және 287 жоспардан тыс тексерулер жүргізілген.
Нәтижесінде тексерудің 335 субъектісіне анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар беріліп, соның ішінде 157-не жалпы сомасы 26,1 млн. теңгеге айыппұл (ӘҚт К 83 б. 1т.) салынды.
19 тармақ. Жанұяны жоспарлау және медициналық көрсетілімдер бойынша жүктілікті үзу бойынша комиссия жұмысының мониторингі.
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері ұсынған ақпараттарға сәйкес 2016 жылы медициналық көрсетілімдер бойынша жүктілікті үзу бойынша комиссияда 7205 жүкті әйел қаралған. Олардың ең көп бөлігі Ақмола (3 137 адам.), Қостанай (828 адам.), Қарағанды (727 адам.) облыстарына, ал ең аз бөлігі Батыс Қазақстан (61 адам.) және Қызылорда облыстарына (103 адам) тиесілі.
7 205 әйелдің жүктіліктері төмендегі көрсетілімдер бойынша үзілген:
- медициналық көрсетілімдер бойынша 2063 адам, олардың ең көп саны Қарағанды (414), Алматы (284) және Маңғыстау (265) облыстарында белгіленген;
- әлеуметтік көрсетілімдер бойынша 548 әйел, олардың 137 (25%) жағдайы Ақмола облысына, 130 (24%) жағдайы Қарағанды облысына тиесілі болса, Атырау облысындағы барлығы – 5, Ақтөбе облысында – 13 жағдай, ал Павлодар облысында мүлде белгіленбеген;
- әйелдің қалауы бойынша 3 175 әйел, оның республика бойынша 93 %-ы төрт өңірге - Ақмола (1 294), Қостанай (761), Алматы (497), Маңғыстау (408) облыстарына тиесілі.
Барлық әйелдерге жүктілікті үзуге дейін және одан кейін медициналық көмек толықтай көрсетіліп, жанұяны жоспарлау , т.б. бойынша кеңестер берілді.
Ақмола облысында перинаталдық консилиум отырысы 40 жағдайда өткізілген, олардың 36 жағдайында жүктілік үзілген, одан басқа Солтүстік Қазақстан облысында әлеуметтік көрсетілімдерге байланысты жүктілікті үзу 2015 жылмен салыстырғанда 10 %-ға төмендеген.
20 тармақ. Балаларды мүгедектікке апаратын дамуының туа біткен ақаулары мен тұқым қуалайтын ауруларды анықтау мақсатында ерте скринингтеу мониторингі және оның тиімділігінің талдамасы.
Мүгедектікке апаратын дамуының туа біткен ақаулары мен тұқым қуалайтын ауруларды анықтау мақсатында 2016 жылы өңірлердегі денсаулық сақтау ұйымдары арқылы 1,3 млн. бала 315 дені сау балалар кабинеттерінде скринингпен қамтылды. Нәтижелері бойынша тексерілген балалардың 16 %-да аурулар анықталды.
Аурулардың сыныптары бойынша жағдайы төмендегідей: туа біткен даму ақаулары , деформациялар және хромосомдық бұзылыстар 2 525 мүгедек балада – (3 %), жүйке жүйесі аурулары – 2 559 (2,7 %), эндокриндік аурулар, тамақтану және зат айналу үдерісінің бұзылуы – 322 (0,4 %), сүйек-бұлшық ет жүйесі және дәнекер тіндер аурулары – 284 (0,3 %), психикалық бұзылу және мінез-құлық ауытқулары – 826 мүгедек балада (1 %), көз аурулары – 389 (0,4 %), құлақ және емізік тәрізді өсімше аурулары – 306 (0,4 %), зәр-жыныстық жүйе аурулары – 154 (0,2 %), тыныс алу органдары аурулары – 179 (0,1 %), жарақаттар және олардың салдарлары – 77 (0,1 %), қан, қантүзу мүшелері аурулары және иммундік механизмнің ілесуімен жеке бұзылушылықтар – 66 мүгедек балада (0,1 %), ас қорыту органдары аурулары – 36 (0,03 %), қан айналу жүйесінің аурулары – 19 (0,02 %), 17 мүгедек балада туберкулез (0,02 %) анықталды, басқа да аурулар – 30 (0,04 %).
Сонымен бірге өңірлерді жекелей қарастырғанда көрсеткіштер бойынша мүгедек балалардың ең көп саны Қарағанды (3 915 мүгедек бала) және Маңғыстау (2 756 мүгедек балалар) облыстарында.
21 тармақ. Шала туылған балаларды медициналық ұйымдарда күтудің мониторингі
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері ұсынған мәліметтер бойынша 2016 жылы туылған нәрестелердің саны 285,8 мың баланы құрайды, олардың 19,0 мыңы немесе 6,6 % шала туылған.
Соның ішінде, шала туылған балалардың тірі қалуы республика бойынша 93,5 %- (17,8мың бала) құрады Жоғарғы республикалық көрсеткіш Алматы (94,3 %), Қарағанды (95,8 %), Қызылорда (97,9 %) және Павлодар (93,5 %) облыстарына келеді. Орташа республикалық деңгейден төмен көрсеткіш Шығыс Қазақстан (40,8 %) және Маңғыстау облыстарында (88,3 %) анықталған.
Сонымен бірге, 1 225 шала туылған бала шетінеп кетті және 53 бала мүгедек боп қалды. Шетінеген және мүгедек болған балалардың ең көп мөлшері Оңтүстік Қазақстан (293 бала), Қызылорда (136 бала) және Алматы облыстарына (124 бала) келеді.
Жаңа туылған нәрестелердің шектімежедегі ахуалының мониторингін қамтамасыз ету мақсатында:
- перинаталдық өлімнің құпия аудитінің өңірлік координаторлары перзентхана және балалар бөлімдеріне жеткешілік етуші орталықтарға күнделікті шектімежелік ахуалда жатқан 1500 грамм және одан көбірек дене салмағымен туылған 0-ден 28 күнге дейінгі жастағы балалардың есеп карталарын жолдап отырады;
- облыстық перинаталдық орталықтарда 500,0 грамм және одан көбірек экстремалды аз дене салмағымен туылған балаларды күтіп-бағудың инновациялық технологиялары енгізіліп жатыр. Диагностика және емдеу үшін замануи медициналық құралдармен жете жарақтандыру жүргізіліп жатыр, өкпені жасанды түрде желдетуге арналған заманауи құрал, феталдық мониторлар, кувездер, соның ішінде транспорттық кувездер сатылып алынды;
- босандыру ұйымдарында жанұялық бағыттағы технологиялар енгізілген: дербес босану бөлмелері ұйымдастырылған, ана мен баланың бірге болуы үшін жағдай жасалған, босану кезінде жанұя мүшелерінің қатысуы (серіктестік босанулар) көзделген. Бөлімдерде жаңа туылған нәрестенің толықтай дерлік оңалуын қамтамасыз ететін күтіп-бағудың заманауи әдістері кең қолданылады.
Перинаталдық орталықтардың ашылуы соңы балалардың церебралды сал ауруына апаратын шала туылған нәрестелердің қарынша ішіндегі қан құйылуының санын азайтуға мүмкіндік берді.
22 тармақ. Әлеуметтік қорғау және білім беру ұйымдарымен өзара әрекеттесуі бойынша медициналық ұйымдардағы балалар сурдологиялық кабинеттері қызметінің мониторингі.
Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі – ҚР ДМ) мәліметіне бойынша елімізде 25 балалар сурдология кабинеттері жұмыс істейді, соның ішінде 17 кабинет (68 %) қажетті заманауи құралдармен толықтай жабдықталған.
Толық жабдықталуды Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Астана және Алматы қалалары қамтамасыз еткен.
Павлодар облысында 2 кабинеттің біреуі толық жабдықталған, екіншісін толықтай жабдықтауға 13,9 млн. теңге көлемінде қаражат керек.
Сурдологиялық кабинеттерді жарақтандыру мәселесі өңірлердің қаржы мүмкіндіктеріне қарай кезеңмен шешіліп жатыр.
Кадрлармен толық қамтылу (сурдолог, сурдопедагог, логопед, психолог) 6 сурдологиялық кабинетте қамтамасыз етілген (24 %) ( Алматы қ. – 2, Атырау облысы – 1, Маңғыстау облысы – 1, Солтүстік Қазақстан облысы – 1, Шығыс Қазақстан облысы – 1).
Басқа сурдологиялық кабинеттерді кадрлармен қамтамасыз ету мәселесі мемлекеттік қолдау шаралары арқылы Жұмыспен қамту бағдарламалары, өткізілетін бос орын жәрмеңкелері, медициналық және педагогикалық білім беру ұйымдары студенттерімен кездесулер шеңберінде шешілуде.
Сурдологиялық кабинеттер қызметін ұйымдастыру тәртібі Қазақстан Республикасы халқына сурдологиялық көмек көрсету қағидаларымен1 реттеледі.
2016 жылы балалар сурдологиялық кабинеттері арқылы есту қабілетінің бұзылушылығы бар 4 372 бала анықталды, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 2,6 % көп (4 262 бала).
Анықталған есту қабілетінің бұзылушылығы бар балалардың ең көп саны Оңтүстік Қазақстан (935 бала), Қызылорда (381 бала), Қарағанды (353 бала) облыстары мен Астана қаласында (416 бала) анықталды.
Есту қабілеті бұзылған балаларды анықтау денсаулық сақтау ұйымдары жүргізетін скринингтің шеңберінде, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың жолдамалары бойынша жүзеге асырылады. Халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарымен бірлесіп бір жыл ішінде жоспарлар, есту аппараттарын алуға, сөйлеу процессорларын алу және күйге келтіруге келісімшарттар жасалады.
23 тармақ. Есту қабілеті бұзылған балаларға есту-сөйлеу бойынша бейімдеу жүргізу
Кохлеарлық имплантты есту-сөйлеу қабілеті бұзылған балаларды есту-сөйлеу бойынша оңалту мемлекеттік тапсырма шеңберінде «Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнымен (бұдан әрі - ҒПО) жүзеге асырылады.
2016 жылы бөлінген қаражат көлемі 115,9 млн. теңгені құрады («2016 - 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 972 қаулысы).
Бұл ҒПО-на 2016 жылдың ақпанынан қазан айына дейін Алматы қ., Астана қ. және Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қалаларында 15 күндік есту-сөйлеу бойынша оңалту курстарын ұйымдастыруға мүмкіндік берді.
Еліміздің әр өңірлерінен кохлеарлық имплантты 250 бала сурдологтар, сурдопедагогтар, логопедтер, психологтар, массаж жасаушылармен қамтылды, оның ішінде:
Күндізгі бақылау жағдайында (амбулаториялық, Алматы қ., Астана қ. және Петропавл қалаларында) 150 бала: СҚО - 19 бала, Алматы қ.- 91 бала, Қызылорда облысынан – 4 бала, Астана қ. – 21, Алматы облысынан 15 бала;
Тәулік бойғы бақылау жағдайында (стационарлық жағдайда, Алматы қ. «Қазақстан» шипажайы) Қазақстанның барлық облыстарынан 100 бала: маусым айында – 30 бала, шілдеде – 40 бала, тамызда – 30 бала.
ҒПО тәулік бойғы бақылау жағдайында есту-сөйлеу бойынша оңалтуға келген 100 мүгедек балаға және олардың алып жүрушілеріне барып-қайту жолақысын, сонымен қатар «Қазақстан» шипажайындағы тамағы мен тұру ақысын төледі.
Кохлеарлық имплантты есту қабілеті бұзылған балаларды есту-сөйлеу бойынша бейімдеу (оңалту) ағымдағы жылы да жалғасын табады, бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 123,8 млн. теңге көзделген.
24 тармақ. Кохлеарлық имплантанттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және күйге келтіру бойынша қызметтер
Сөйлеу процессорларын алу, ауыстыру және күйге келтіру бойынша қызметтерге (бұдан әрі - сөйлеу процессорларын ауыстыру бойынша қызмет) 2016 жылы 603,1 млн. теңгеден артық қаражатқа жоспарланған 167 баланың орнына 170 кохлеарлық имплантты мүгедек бала қамтылды.
Жоспарлық қамтудың асыра орындалуы Алматы қ. бойынша мемлекеттік сатып алулардан үнемделген қаражаттан сөйлеу процессорын ауыстыру және күйге келтіруге мұқтаж қосымша 4 балаға қызмет көрсетілуімен байланысты.
Және де Шығыс Қазақстан облысында жоспарлық көрсеткішке қол жеткізілмеуі мүгедек баланың Ресейге кетуімен байланысты орын алғанын атап өту керек.
Жамбыл облысы бойынша 2016 жылы 23 балаға сөйлеу процессорларын ауыстыру бойынша жоспарлық көрсеткішті қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен қосалқы 21,4 млн. теңге бөлінуі қажет болы. Барлық өзге өңірлер бойынша көрсеткіш 100% құрады.
Сөйлеу процессорларын ауыстыру бойынша қызмет көрсетілген балалардың жалпы үлестік салмағы республика бойынша 101,8 % құрады.
Сөйлеу процессорларын ауыстыру бойынша қызмет көрсету шаралары 2017 жылы жалғасын табады, бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 1 197 млн. теңге көлемінде қаражат бөлінді, оның ішінде 523,2 млн. теңге мүгедек балаларға, 674,0 млн.теңге –кохлеарлық имплантты ересек мүгедектерге сөйлеу процессорларын ауыстыру бойынша қызмет көрсетуге арналған.
25 тармақ. Кохлеарлық имплантация жүргізуге және отадан кейінгі есту-сөйлеу бойынша оңалтуды қамтатамсыз етуге молниторинг
2007 жылдан 2016 жылға дейін Қазақстан Республикасында мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен КИ әдісі бойынша 1 614 емделушіге ота жасалды. олардың ішінде ота жасалған мезеттегі жағдай бойынша 293 ересек емделуші және 1321 бала есептелді.
1 614 ота жасалған емделушінің 1 233-не «MED-EL» фирмасының, 373-не «Cochlear» фирмасының және 8-не «Neurelek S.A.» фирмасының КИ жүйесі орнатылды. (ота С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нде, ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында, Алматы қ. Қалалық клиникалық балалар ауруханасында, «University medical center» корпоративтік қорында, астана қ. № 1 қалалық ауруханасында, Астана қ. № 2 қалалық балалар ауруханасында жасалады, және де кейбір емделушілерге ота шетелде жасалды).
КИ көлемі және аталмыш қызметті жеткізушілердің тізімі ҚР МЗ анықталып, ҚР ДМ-ң Медициналық-экономикалық кеңесіне қарауға жіберіледі.
ЖАО мәліметтері бойынша 2016 жылы КИ бойынша 232 ота жасалды, олардың:
- есту аппараттарын тақты - 192 адам;
- ота алды оңалту жүргізілді - 141 адам;
- адам отадан кейінгі оңалтуды қабылдады- 195 адам.
Ересектер мен балаларды кохлеарлық имплантацияға (бұдан әрі-КИ) жолдау оларда есту қабілетінің терең бұзылуы анықталғанда ҚР ДМ 2010 жылғы 15 сәуірдегі №263 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
КИ бар балаларды әлеуметтендірудің негізгі нәтижесі ретінде төмендегіні көрсетуге болады: 153 бала жалпы білім беретін мектептерде оқиды, 171 бала- арнайы білім беру орталықтарында және 34 бала үйде білім алуда.
Қазіргі таңда КИ бойынша отаны күтушілер тізімінде 246 адам тұр, оның 34- ересек адамдар және 212- бала. ҚР ДМ медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің ақпараты бойынша 2017 жылға КИ бойынша 200 ота жоспарланған. (с.і. 160 балаға, 40 – ересекке). (Анықтама үшін: емнің құны – 4,4 млн. теңге).
26 тармақ. Шала туылғандардың ретинопатиясымен жаңа туылған нәрестелерге дер кезінде офтальмологиялық көмек көрсетудің мониторингі
ДДСҰ ұсынған тірі туу және өлі туу критерийлерінің енгізілуі және Қазақстанда неонатологияның шарананың және нәрестенің өсуін, дамуын, физиологиясын және де олардың әртүрлі патологияларының себептерін, диагностикасын, профилактикасын және емдеуін зерттейтін медицинаның дербес саласы ретінде дамуы шала туылған нәрестелердің көбіне тірі қалуға мүмкіндік берді.
ЖАО мәліметтеріне сәйкес 2016 жылы 1 059 бала шала туғандардың ретинопатиясымен туылды, олардың 853-не (81%) офтальмологиялық көмек көрсетілді (ота жасау, лазерлік түзету, аваскулярлық аймақтардың көз торының траспупиллярлық лазерокоагуляциясы, ауруханадан шығарда тұрғылықты жғрі бойынша амбулаториялық жағдайда әрі қарайғы бақылау мен емдеу туралы нұсқаулар берілді)
Соның ішінде Қарағанды облысында шала туылғандардың ретинопатиясымен туылған балаларға офтальмологиялық көмек 7 күннің ішінде, Астана қаласында екі айға дейін көрсетілген.
Ана мен баланың ұлттық ғылыми орталығы мен Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының базасында шала туылғандарға лазерлік коагуляция жасалады. 2016 жылдың нәтижелері бойынша 110 балаға ота жасалып, ем-дом жүргізілді.
Көру органдарының аурулары бар емделушілерге офтольмологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №1023 бұйрығымен стандартталған.
27 тармақ. Онкогемотологиялық патологиясы бар балаларға, соның ішінде балалар стационары базасында қызмет көрсетуші стационарлар қызметінің мониторингі
ЖАО мәліметтері бойынша 2016 жылы онкогемотологиялық патологиясы бар балалар саны 1 679 баланы құрады. Олар үшін 25 стационар қызмет көрсетеді, солардың ішінен өткен жылы 969 адам ауруханадан шығарылды. Сонымен бірге онкогемотологиялық патологиясы бар балаларды емдеу ұзақтығы орта есеппен 10-15 күнді құрайды.
Қазақстан Республикасында осындай балаларды сауықтыру Балалар мен жасөспірімдерге арналған республикалық оңалту орталығы (Бурабай қ.) және Республикалық балалар клиникалық «Алатау» шипажайы (Алматы) базасында жүзеге асырылады. ҚР ДМ мәліметтері бойынша 2016 жылы 467 бала сауықтырылды.
Бұл тармақтың орындалуы бойынша талдама Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының және Алматы қаласының әкімдіктерімен ұсынылмады.
28 тармақ. Туберкулезбен ауырған және АИТВ жұқпасымен өмір сүруші балаларды оңалту және шипажайлық-курорттық емдеу жүргізудің мониторингі
ЖАО мәліметтеріне сәйкес туберкулезбен ауырған балалар саны 437 құрады, олардың ішінен 134 бала оңалтуға, 260 бала шипажайлық-курорттық емделуге жіберілді. Соның ішінде туберкулезбен ауырып, сауыққан балалардың үлесі 80 % (349 бала) құрайды.
Белсенді туберкулезбен ауыратын балалар 100 % жағдайда туберкулезге қарсы стационарларда ем қабылдайды.
Жазылған балалардың ең аз мөлшері Қостанай (25 %), Солтүстік Қазақстан (44 %), Алматы облыстарында (50 %) және Астана қаласында (65 %) байқалады. 100%-дық жазылуды Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облыстары қамтамасыз етті.
Еліміз бойынша 355 бала АИТВ жұқпасымен өмір сүруде. Диспансерлік бақылау хаттамаларға сәйкес жүргізіледі, 5 жасқа дейін – тоқсан сайын, 5 жастан жоғары – 6 айда бір рет.
2016 жылы 56 бала оңалтуға жіберіліп, 73 бала шипажайлық-курорттық ем-дом қабылдады, 35 бала емделді.
29 тармақ. Жұмыс істеуші халықты мерзімдік профилактикалық тексеруді ұйымдастырудың тиімділігінің мониторингі
Жұмыс істеуші халықты профилактикалық медициналық тексеру Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 128 бұйрығының талаптарына сәйкес денсаулық жағдайын динамикалық түрде бақылау, аурулардың белгілерін алғашқы сатыларында дер кезінде анықтау, жалпы, кәсіби, жұқпалы және паразитарлық аурулардың алдын алу және жайылып кетпееуі мақсатында келісімшарттық негізде жүргізіледі.
ЖАО мәліметтері бойынша 2016 жылы 2,5 млн. адам профтексеруден өтті, соның ішінде жұмыс істеушілердің 8 %-да аурулар анықталды (212мың адам.).
Сонымен бірге 83,3 мың адам диспансерлік есепке алынды (39 %), соның ішінде 12,2 % білім беру жүйесінде, 8,2 % – денсаулық сақтау, 5,6 % – әлеуметтік қорғау саласында қызмет етеді.
Профтексеру кабинеттері Тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша департамент (әрі қарай- ТҚҚД) мамандарымен тұрақты түрде жұмыс істелінді. Олар қызмет көрсету аумағында зиянды өндірістердің тізімін, зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтіндердің, соның ішінде әйелдер санын береді. Барлық медициналық профтексерулер мекеме, емдеу ұйымы және ТҚҚД үшін акт жасаумен аяқталады.
30 тармақ. Мүгедектерді алғашқы медициналық-санитарлық көмек және күндізгі стационар деңгейінде бірінші және екінші медициналық оңалтуды ұйымдастырудың мониторингі
Облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктері ұсынған мәліметтер бойынша АМСК деңгейдегі барлық медицицналық ұйымдарда мүгедектерді амбулаториялық деңгейде және күндізгі стационар деңгейінде оңалту жүргізіледі.
ЖАО мәліметтері бойынша 2016 жылы 131,5 мың мүгедек АМСК-ге, 50,0 мүгедек- күндізгі стационарға жүгінген, олардың 83 % сауықтырылған (оңалтылды). Оңалғандардың төменгі пайызы Ақмола (66 %), Алматы (48 %), Қарағанды (63 %), Қызылорда (69 %) және Маңғыстау (69 %) облыстарында байқалады.
Әрі қарайғы профилактика жүйесін, диагностика және ауруларды емдеуді, медициналық оңалтуды салауатты өмір салтын дәріптеуді, халықтың бойында өз денсаулығы жағдайына деген азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру мақсатында өңірлерде жедел инфаркт, инсульт, жарақат, онкологиялық аурулар кезінде медициналық көмек көрсетудің бірлескен моделдерін енгізу бойынша Өңірлік үйлестіру кеңестері құрылды.
Облыстардың мүгедектерді АМСК деңгейінде алғашқы және екінші медициналық оңалтумен айналысатын медициналық ұйымдарында және мультитәртіптік топтарында және күндізгі стационарларында бас дәрігердің бұйрығымен төмендегі мамандар құрамымен: невропатолог, кардиолог, травматолог, психолог, әлеуметтік қызметкер, СӨС маманы, физиокабинеттің орта медициналық қызметкерлері, үйлестіруші дәрігерлер (аурухана бөлімшелері меңгерушілері) мультитәртіптік топтар ұйымдастырылып, жұмыс істеуде.
Көрсеткіштер бойынша МТТ құрамында: функционалды диагностика бойынша дәрігер, отоларинголог, офтальмолог және басқа да мамандар қатысады. МТТ мамандары емделушілерді медициналық оңалтудың мақсаттары мен міндеттерін анықтайды; оңалту шараларының кешенін жүргізеді; клиникалық және зертханалық зерттеулерге баға береді; әрі қарай оңалту жүргізуге нұсқаулар береді; емделушілерге, оның жанұя мүшелеріне үй жағдайында күту бойынша және әрі қарай оңалту шараларын үйретеді; мүгедектің оңалту картасына тұжырымдар мен нұсқаулықтарды ресімдейді, психологтарды, әлеуметтік қызметкерлерді тартады.
31-тармақ. Пациенттің/мүгедектің оңалтудың жеке бағдарламасының медициналық бөлігін кейін түзетумен мүгедектің денсаулық жағдайынының динамикалық бақылауын жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу
Заңнамаға сәйкес пациенттің/мүгедектің оңалтудың жеке бағдарламасының медициналық бөлігі (бұдан әрі ОЖБ) 2015 жылдан медициналық ұйымның мультитәртіптік командасымен әзірленеді және пациенттерге медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі – МӘС) жүргізу кезінде ұсынылады.
Медициналық оңалту бойынша ұсынымдар ОЖБ медициналық бөлігінің көшірмесін көрсету негізінде МӘС мамандарымен «Мүгедектігі бар тұлғалардың орталықтандырылған деректер қоры» ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – «МОДҚ») енгізіледі. ОЖБ медициналық бөлігін орындау туралы деректер «МОДҚ-на» қайта куәландыру кезінде енгізіледі.
2015 жылы 203,4 мың адам мүгедек деп танылды, 135,1 мың жағыдайда (66,4%) ОЖБ медициналық бөлігі әзірленді, оның ішінде 2016 жылы 115,5 мыңы орындалды, ол 85,5% құрайды. 2016 жылы МӘС-ға барлығы 209,9 мың мүгедек деп танылғандардың ОЖБ медициналық бөлігімен 147,0 мың пациент немесе 70,0% жіберілді.
Мүгедектердің диспансерлеу және динамикалық бақылауы бастапқы медициналық-санитарлық мамандарымен іске асырылады, олар медициналық көрсетілімдер болса ОЖБ медициналық бөлігіне түзету жүргізеді, сонымен қатар пациентті күндізгі стационарға немесе қажетті зерттеудің көлемін өткізуден кейін Емдеуге жатқызу бюросы арқылы жоспарлы тәртіпте тәуліктік стационарға жіберуді жоспарлайды.
2016 жылы Қазақстан Республикасының халқына медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру стандартына өзгертулер мен толықтырулар, сонымен қатар аурудың резуальды кезеңінде мүгедектерге қолдаушы оңалтудың көлемін кеңейту бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.
Медициналық оңалтудың аяқталуы бойынша мультитәртіптік команда оңалту әлеуетін, өткізілген оңалту іс-шараларының көлемін және тиімділігін, пациентті қоғамға интеграциялау болжамын, әрі қарайғы медициналық оңалтуды жүргізу бойынша ұсынымдарды көрсетумен толық клиникалық диагнозын шығарады.
Бұл ретте, МӘС мамандарымен ОЖБ медициналық бөлігін іске асыру және түзету туралы деректер тек қана қайта куәландыру кезінде талданады.
2016 жылы «МОДҚ» және «Поликлиника» ақпараттық жүйелерінің интеграциялануы жүргізілді, бірінші кезеңде электрондық форматта МӘС-ға жолдауды беру бойынша бизнес процессінің автоматтандырылуы іске асырылды.
Мүгедектің денсаулығы жағдайының динамикалық бақылауын жетілдіру мақсатында оның динамикада іске асыру туралы деректерді сонымен қатар стационарлық ауруларды электрондық тіркеумен интеграциялау есебінен, сондай-ақ медициналық оңалту бойынша іс-шараларды толықтыру немесе алып тастау бойынша мәліметтерді «МОДҚ» көрсетумен «Поликлиника» АЖ-не ОЖБ медициналық бөлігін қосу ұсынылды.
Достарыңызбен бөлісу: |