61 тармақ. Мүгедектерді жұмысқа орналастыруға квоталарды іске асыратын ұйымдардың тізбесін айқындау
2012 жылғы 6 сәуірдегі ҚР «Халықты жұмыспен қамтамасыз ету» заңында жергілікті атқарушы органдар мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту мақсатында ауыр, зиянды және қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде 2-4% көлемінде квотамен қамтамасыз етуі қажет.
Осы Заңды орындау мақсатында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы №498 бұйрығымен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жұмыс орнын квоталау ережесі бекітілді. Ережеде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жұмыс орнын квоталау механизмі, мекемелердегі квота белгілеу тәртібі мен жұмыс берушінің міндеттері айқындалған.
Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдар 2017 жылға арналған қаулыны бекітуде, ағымдағы жылы 2,4 мың мүмкіндігі шектеулі жанды жұмысқа орналастыру жоспарлануда. Қаулы бойынша квота белгіленген мекемелер атауы, жұмысшылар тізімі мен белгіленген квота мөлшері нақтыланған.
Сондай-ақ, Заңға сәйкес, мүмкіндігі шектеулі жандарға жұмыс орнын қамтамасыз еткен жұмыс берушінің шығындарын субсидиялау көзделген. Субсидиялау шығындарын өтеу 2018 жылдан бастап республикалық бюджеттен жүргізіледі.
62-тармақ. Мүгедектерді жұмысқа орналастыру квотасына сәйкес мүгедектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу
Мүгедектерді жұмысқа орналастырудың негізгі түрі мекемелерде жұмыс орнын квоталау болып табылады. Жергілікті атқарушы органдарының мәліметтері бойынша 2016 жылы мүгедектердің арасынан квота шегінде 1,5 мыңға жуық адам жұмысқа орналастырылды.
Квота бойынша жұмысқа орналастырылған мүгедектердің басым көпшілігі білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер, сауда, ауыл шаруашылығы және көлік салаларында жұмыспен қамтылған.
Мысалы, квота бойынша жұмысқа орналастырылған мүгедектердің СКО - 219 мүгедегі немесе 55 пайызы ауыл шаруашылығында, ал Алматы облысында мүгедектердің 47 пайызы білім, денсаулық сақтау, сауда салаларында жұмысқа орналастырылған.
63-тармақ. Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін ұйымдастыру
Мүмкіндігі шектеулі азаматарды барынша жұмыспен қамту мақсатында 2016 жылы мүгедектерге арналған бос жұмыс орындарына 200-ге жуық жәрмеңке өткізіліп, нәтижесінде мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасынан 500 адам тұрақты және уақытша жұмыс орындарымен қамтылды.
Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ең көбі – Ақтөбе (82), Солтүстік Қазақстан (81), Жамбыл (46) облыстарында өткізілді.
64-тармақ. Қазақ соқырлар қоғамы мен Қазақ саңыраулар қоғамы кәсіпорындарында өндірістік практика базаларын ұйымдастыру бойынша ұсынсытар әзірлеу.
Аталған жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру мақсатында 2016 жылғы 27-28 сәуірде ҚР ЕХӘҚМ құрылымдық бөлімшелерінің, «Қазақ соқырлар қоғамы» ҚБ-ның және «Қазақ саңыраулар қоғамы» ҚБ-ның өкілдерінің қатысуымен жиналыс өткізілді.
Талқылау барысында «Қазақ соқырлар қоғамы» ҚБ және «Қазақ саңыраулар қоғамы» ҚБ білім беру қызметін көрсетуге лицензиясы жоқ екені анықталды.
Осыған орай, «ЖКЖК 2020» бағдарламасының мүмкіндіктері түсіндіріліп келесі ұсыныстар ұсынылды:
1) «Қазақ соқырлар қоғамы» ҚБ және «Қазақ саңыраулар қоғамы» ҚБ «ЖКЖК 2020» бағдаламасының шегінде мемлекеттік қолдау шараларын пайдалану мүмкіндігін қарастыру:
- жоғары біліктілікті мамандарды сақтау (қысқартылған жұмыс уақыты үшін білікті мамандардың екіден үш жоғалтқан табысын уақытша субсидиялау)
- мамандарды дайындаудың дуалдық оқытуға сәйкес кәсіби оқыту;
2) оқу-өндірістік мекемелерін халықты жұмыспен қамту орталықтарымен бірлесе «ЖКЖК 2020» бағдаламасы шеңберінде кәсіби оқытумен айналысатын мекемелер қатарына қосу бойынша жұмыс жүргізу;
Осыған орай, өңірлерге осы бағыт бойынша ұсыныс хаттар жолданды.
Сонымен қатар, 2017 жылғы 11 қаңтарда ҚР ЕХӘҚМ және ҚР жеңіл өнеркәсіп мекемелерінің Ассоциациясы арасында ынтықмақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Ынтықмақтастық мүгедектерге, оның ішінде бала-мүгедектерге арналған киім тігу бағыты бойынша жүзеге асырылады.
Ынтықмақтастықтың бірден бір бағыты «Қазақ соқырлар қоғамы» ҚБ және «Қазақ саңыраулар қоғамы» ҚБ мүмкіндіктерін пайдаланып мүгедектерге арналған киім тігу және аяқ-киім шығару болып табылады.
65-тармақ. Қазақ соқырлар қоғамы және Қазақ саңыраулар қоғамының мекемелерінде 29 жастан асқан азаматтарды оқыту мүмкіндігін зерделеу
Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы бюджет қаражаты щеңберінде білім беру қызметіне құқығы бар оқыту орталықтарында немесе білім беру мекемелерінде жұмыссыздарды, оның ішінде мүгедектерді кәсіби оқыту жұмыс берушілердің еңбек нарығының қажетілігін есепке ала отырып Заң шеңберінде жүргізіледі.
Осыған орай, жергілікті атқару органдарымен 29 жастан асқан азаматтарды Қазақ соқырлар қоғамы және Қазақ саңыраулар қоғамының мекемелерінде оқыту мүмкіндіктері және өндірістік тәжірбие базаларын ұйымдастырумәселелері зерделенді. Жүргізілген жұмыстардың қорытындысымен аталған мекемелерді жоғарыда көрсетілген кретерилерге сәйкес келген жағдайда, мемлекеттік білім беру тапсырсы шеңберінде оқытатын мекемелер тізіліміне өңірлік комиссиялар қарауына жіберу туралы шешім қабылданды.
Сонымен, осы шешімді жүзеге асыру мақсатында 2016 жылы Жамбыл облысында колледж бітірген 6 түлек Қазақ соқырлар қоғамының мекемелерінде өндірістік тәжирбиеден толық көлемде өтті.
Костанай облысында оқыту және әлеуметтік жұмыс орын ұйымдастыру және жастар тәжирбиесін өткізу бойынша жұмыстар атқарылуда.
Астана қаласы әкімшілігінің мәліметіне сәйкес «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің оқу-өндірістік мекемелеріне 16 адам ақы төленетін жұмысқа орналастырылды, ал «Қазақ саңыраулар қоғамы» ҚБ оқу-өндірістік мекемелеріне 1 адам әлеуметтік жұмыс орыныа орналастырылды.
Атырау және Карағанды облыстарында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде Қазақ соқырлар қоғамы және Қазақ саңыраулар қоғамының мекемелерінде көз жанары бойынша 60 мүгедек, оның ішінде 29 жастан асқан адамдарда компьютерлік сауаттылығын арттырды.
66-тармақ. Мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері немесе мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдар ұсынатын немесе жеткізетін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мониторингтеу
Қоғамдық бірлестіктерге, мүгедектердің ұйымдарына мемлекеттік қолдау көрсету, олардың мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жұмыс орнын дамытуына және сақтауына экономикалық жағдайын жақсарту мақсатында 2011 жылы Тауарларды өндіретін және (немесе) тауарларды беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) әзірленген болатын.
«Мемлекеттiк сатып алу туралы» ҚР Заңы (04.12.2015 ж.) жаңа редакцияда қабылдануына байланысты Тізбе Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1181 қаулысымен қайта бекітілді.
Мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері немесе мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдар ұсынатын немесе жеткізетін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер бірінші кезекте «Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1065 бұйрығымен бекітілген мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері немесе мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынады. Аталған ұйымдарда 2,5 мыңнан астам мүгедектер жұмыс істейтін, оның ішінде Қазақ соқырлар қоғамында – 1 100 адам, Қазақ саңыраулар қоғамында – 848 адам, басқа ұйымдарда – 581 адам.
Тізбені жаңарту мақсатында 2016 жылғы 20 маусымда Еңбекмині жұмыс тобын құрды. Жұмыс тобының құрамына Жоғарғы сот, Қорғаныс Күштері, Қазақстан Республикасы қаржы, ішкі істер, инвестициялар мен даму, мемлекеттік қызмет істері, қорғаныс, білім және ғылым, ақпараттар мен коммуникация, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрліктерінің, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың, «Нұр Отан» партиясы, жергілікті атқарушы органдар, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері мен мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің 17 өкілі кірді.
2016 жылғы 3 тамызда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Қ. Жақыпованың төрағалығымен мүдделі ұйымдардың ұсыныстары мен ескертпелері қарастырылған жұмыс тобының отырысы өтті.
Жұмыс тобы отырысының нәтижесі бойынша Тізбенің 32 тармағының 11-ін алып тастауға, ішінен 26 тауар, жұмыс және қызмет түрлерін алып тастаумен 12 тармақты өзгертуге және 9 тармақты қолданыстаға редакцияда сақтап қалу ұсынылды.
Сәйкес өзгерістер «Тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1181 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 27 желтоқсандағы № 861 қаулымен қабылданды.
67-тармақ. Мүмкіндіктері шектеулі әйелдерді кәсіпкерлік қызметке тарту арқылы оларды қолдау
2016 жылғы қүйкүйектің аяғында Қазақстанда «Даму» қоры мен «Шырақ» мүгедектігі бар әйел адамдар бірлестігінің «Мүгедектігі бар әйел адамдардың кәсіпкерлік машықтарын дамыту» бірлескен жобасы басталды. Жоба Ресейғ Жапония, Германия тәрізді елдердің тәжірибелерін басшылыққа ала отырып әзірленген.
Жобаның өзгешелігі – мүгедектігі бар әйелдермен қатар, жұмыс бреушілерге де арналған: біріншіден, Жоба психологиялық және кәсібилілік тұрғыдан дайындайды – оқытады және тәжірибе алмасуды қамтамасыз етеді, жұмысқа орналасу кезінде ілесіп жүреді; екіншіден, мүгедектігі бар жұмысшыны жұмысқа алу кезіндегі тәуекелді азайтуға көмектеседі, кеңестер мен тәжірибелік ақпарат береді.
Бүгінгі күні Жобаның 1 кезеңі бойынша еліміздің 16 өңірінде 230 мүгедектігі бар әйел оқытылды (оқытудың мақсаты – ішкі кедергілерді жеңіп шығу және көшбасшылық қасиеттерді дамыту), оның ішінен 90 әйел бухгалтерлік есеп, тігін ісі және киімдерді жөндеу, бизнес-жоспарларды әзірлеу, call-орталығының операторы және офис-менеджер жұмысы бағыттары бойынша қайта даярлау курстарын өтуге 2 кезеңге өткізілді. Жобаның 3 кезеңі бойынша 12 бизнес-тренер тренерлер үшін жұмыс орнында тәжірибеден өтуді ұйымдастыру және мүгедектігі бар әйелдер үшін бизнес-коучинг жүйесін құру бойынша 3 күндік тренингтен өтті.
68-тармақ. Мәдениет объектілерінің: концерт ұйымдарының, театрлардың, мәдени-демалыс ұйымдарының, кітапханалардың, музейлер мен музей-қорықтардың, цирктердің қолжетімділігін қамтамасыз ету
Қолданыстағы әлеуметтік және көлік инфрақұрылымын түгендеу (паспорттау) 2011 жылы Іс-шаралар жоспарының бірінші кезеңі шеңберінде бастау алды және мүгедек адамдар үшін бейімдеуге жататын объектілердің үлесін анықтауға бағытталды.
Бекітілген мүгедектердің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін объектілерді түгендеудің және бейімдеудің өңірлік жоспарлары (бұдан әрі – өңірлік жоспар) жыл сайын Еңбекминінің сайтында «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау» (http:// convention.enbek.gov.kz/ru/adaptation_maps) бөлімінде орналастырылады.
Объектілерді түгендеудің және бейімдеудің өңірлік жоспарларын жүзеге асыруға жүргізілген мониторингке сәйкес 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 27.8 мың объект (жоспарланғанның 98.6 %-ы) паспортталды. 2016 жылы бейімдеуге жататын 4 640 объектінің 316-ы мәдениет саласына тиесілі, бұл жалпы бейімделуге жататын санының 6,8 % құрайды.
МСМ ақпаратына сәйкес мүгедектер, оның ішінде көру қабілеті бұзылған адамдар үшін кинотеатр объектілері мен қызметтерінің қолжетімділік жағдайлары республикамыздағы облыстар мен қалалардың барлығында бірдей қамтамасыз етілмеген.
Мәселен, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы қаласындағы кинотеатрлар мүгедектерге қолжетімсіз.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қарағанды облыстарында қолжетімділік тиісінше деңгейде қамтамасыз етілгенін атап өткен жөн.
Республикада тифлотүсіндіруі бар фильмдерді қарауға арналған жалғыз кинотеарт Алматы қаласында жұмыс істейді.
Бұған қоса, МСМ ұлттық фильмдерге тифлотүсіндіруді жасау мәселесін пысықтайтын болады.
Сонымен қатар Солтүстік Қазақстан, Атырау және Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдіктері кинотеатр басшыларының атына қолжетімділікті, оның ішінде көру қабілеті бұзылған адамдарға қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдау туралы хаттар жолдады.
ҚР Ұлттық кітапханасында мүгедектердің қоғамның мәдени өміріне қосылудың барлық жағдайы жасалған. Кітапхана пандуспен жабдықталған, лифттері бар, оқу залдарында қолжетімді ашық қорлар қарастырылған.
2016 жылғы қазан айынан бастап ҚР Ұлттық мұражайында мүгедектердің мұражайда жүріп-тұруына ыңғайлы болу үшін мүгедектер арбасын уақытша қолданысқа тегін беру қызметі бар. Бұл қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық музейдің әлеуметтік жобасы шеңберінде Астана қалалық «Нұр Отан» партиясы филиалы, «Цеснабанк» АҚ әріптестігінің нәтижесінде табысталды. Мүмкіндіктері шектеулі адамдардың Ұлттық мұражайға кіруі тегін.
69-тармақ. Мүгедектігі бар адамдар үшін спорт объектілері мен ғимараттарының қолжетімділігін қамтамасыз ету
МСМ-нің ақпараты бойынша 2016 жылы спорт ғимараттары мен құрылыстарының жалпы саны облыстар, Астана, Алматы қалалары бойынша 29 087 бірлікті құрады, оның ішінде 19 204 бірлігі (66%) мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қол жетімді.
Бүгінгі күні республика бойынша спорт және дене шынықтыру мекемелеріне баратын мүгедектер саны 25 мыңнан астам адамды құрайды, оның ішінде ауылдық жерлерде 9 мыңнана астам адам. Ең көп мүгедектер саны Шығыс Қазақстан, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан және Қарағанда облыстарында.
Мүгедектер баратын құрылыстар, секциялар, үйірмелер саны 9 816 құрайды, оның ішінде ауылдық жерлерде 5 756 бірлік.
Мүгедектердің спорт объектілеріне баруы үшін ағымдағы жылы Ақмола, Алматы, атырау, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарында жалпы сомасы 600 млн. теңгеге жуық қаражат бөлінді. Солтүстік Қазақстан және Алматы қ. мүгедектердің спорт ғимараттарына баруы ақысыз негізде ұсынылады.
Сондай-ақ өңірлік жоспарлардың жүзеге асырылуының мониторингіне сәйкес 2017 жылдың 1 қаңтарына 27,8 мың объектке (жоспарланғаннан 98,6 % ) пастортизация өткізілді, оның ішінде 400-ден астам объект спорт және дене шынықтыру объектілері. 2016 жылы бейімдеуге жоспарланған 4 640 объектілердің мәдениет саласындағысы 395 объект, ол жалпы бейімдеуге жататындардың 8,5 % құрайды.
70-тармақ. Концерт ұйымдарын, театрларды, мәдени-демалыс ұйымдарын, кітапханаларды, музейлер мен музей-қорықтарды, цирктерді мүгедектерге арналған арнайы құрылғылармен (электрондық ақпарат жеткізгіштер, аудио- және бейнеплеерлер, Брайль қарпімен басылған кітаптар, арнайы пернетақтамен жарақталған компьютерлер және т.б.) қамтамасыз ету
Мүгедек адамдардың қоғамның мәдени өміріне қатысуын кеңейту мақсатында, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрінің 2015 жылғы 29 шілдедегі № 259 бұйрығымен «Мемлекеттік мәдениет ұйымдары өткізетін мәдени-ойын-сауық іс-шараларына мүгедектердің қол жеткізуін қамтамасыз ету» ең төмен әлеуметтік стандарты бекітілді.
Стандартқа сәйкес мемлекеттік мәдениет ұйымдары өткізетін мәдени-ойын-сауық іс-шараларына бірінші және екінші топ мүгедектері мен он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балалар бюджет қаражаты есебінен қатысады, ал үшінші топ мүгедектері көрсетілетін қызметтердің – 50 %төлейді.
МСМ ақпаратына сәйкес Алматы қаласындағы «Республикалық зағип және көзі көрмейтін азаматтарға арналған кітапхана» ММ (бұдан әрі - Республикалық кітапхана) мен Астана қаласындағы «Ұлттық академиялық кітапхана» ММ көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған компьютерлік техникалармен, құралдармен жабдықталған. Аталған кітапханаларда мүгедектерге арналған компьютерлік класс, электрондық ресурстар залы, психологиялық, құқықтық кеңестер беру үшін оңалту кабинеті жұмыс істейді.
Республикалық кітапхана 2005 жылдан бері көзі көрмейтін және көзі нашар көретін адамдар үшін «РБНСГ - Вести» атты интернет-газет шығарады. Сонымен бірге, CD нұсқада екі тілде «Менің жолым» - «Мой путь» атауымен дыбыспен берілетін газет айына 1 рет жарық көріп тұрады.
2016 жылы Республикалық кітапханада зағип оқырмандардың қатысуымен 70 іс-шара өтті, 31 кітап көрмесі ұйымдастырды.
ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Казахстанский путь» атты кітабы бедерлі-нүктелі Брайль қарпінде және DAISY стандартында шығарылып, кітапхана оқырмандары мен үкіметтік емес ұйымдардың мүшелеріне арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
1971 жылдан бастап Ақмола облысында ғимаратқа арнайы кіре-берісі мен маягі, сөйлейтін бағдаршамы орналасқан көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кәтапхана жұмыс істейді. Кітап қоры 23 841 дананы құрайды, оның ішінде арнайы басқышта 10 140. 2015 жылы қор кітапхана қоры 417 дана бедерлі-нүктелі қаріптегі кітаптармен толықты. Облыста көзі нашар көретін бірінші және екінші топтағы мүгедектерге үйде қызмет көрсету абонементі бар. Тапсырыс телефон арқылы беріліп, қызмет көрсету үй жағдайында жүргізіледі.
Алматы облысындағы С. Сейфуллин атындағы облыстық кітапханада Брайль қарпі бар кітаптар мен аудио-, видеоплеерлер бар.
Атырау облысындағы зағип және көзі көрмейтін азаматтарға арналған кітапхананың 5 абонемент залы, оқырман залы, 2 дауыстап оқу үйірмесі бар. Мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесе отырып тұрақты негізде әдеби–мәдени шаралар, Брайль қарпімен басылған кітапттарды оқу сабақтары өткізіледі. Кітапхана қоры Брайль карпімен басылған 9 000 кітаппен қамтылған. 2017 жылы облыстық мұражайларға мүгедектерге арналған электрондық ақпарат жеткізгіштер орнату жоспарланған.
Батыс Қазақстан облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана бедерлі-нүктелі Брайль қарпінде тактиль құралдарымен жабдықталған, автоматтандырылған жұмыс орны бар. Кітапхана қоры 41 448 данадан тұрады, оның ішінде 22 962 арнайы форматтағы әдебиеттер, яғни бедерлі-нүктелі қаріп түріндегі, сөз шығаратын, электронды және бедерлі-графикалық әдебиеттер.
Жамбыл облысының 199 мәдени ойын-сауық ұйымдарының 51-і электрондық ақпарат жеткізгіштермен жабдықталған, 288 кітапхана аудио- және бейнеплеерлер, Брайль қарпімен басылған кітаптар және электрондық ақпарат жеткізгіштермен қамтылған.
Қарағанды қаласында тифлокомплекспен, мүгедектерге арналған арнайы құрылғылармен жабдықталған зағип және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапхана, Естімейтін адамдарға арналған мәдениет үйі, зағип және нашар көретін азаматтарға арналған мәдениет үйі бар. Облыста көркемөнерпаздар, егде жастағы адамдарға арналған клубтар жұмыс жасайды. 2016 жылдан бастап аптасына бір рет субтитрлары бар фильмдер көрсетеді. «Бірінші Президенттің тарихи-мәдени орталығы» МКҚК нашар еститін келушілерге мультимедиа киоскісін орнатты.
Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханалар Ақтөбе, павлодар, қостанай, маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында мүгедектер үшін арнайы құрылғылармен, арнайы дыбыс сигналдарымен, «сөйлейтін» кітаптармен, рельефті-ноқатты қаріптерімен Брайль жүйесі бойынша кітаптармен, табанды басып шығарылған кітаптармен және т.б. жабдықталған.
Қызылорда облысының тарихи-өлкетану мұражайының бірінші қабаты мұражай экспозициялары және экспонаттарымен танысуға мүмкіндік беретін сенсорлы моноблокпен жабдықталған.
Астана қаласының «Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театры» МКҚК нашар көретін және еститiн адамдар үшін аппараттары бар, Астана қаласының «М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры» МКҚК әлеспе аударумен жабдықталған.
71-тармақ. Мүгедектер арасында аудандық, облыстық және республикалық спорт жарыстарын ұйымдастыру
МСМ ақпаратына сәйкес еліміз бойынша жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен айналысатын мүгедектердің саны 2016 жылы 27 440 адамды немесе дене шықтырумен және спортпен айналысуға медициналық көрсетілімдері бар мүгедектердің жалпы санының 10,2 %-ын құрады (2015 жылы 25 220 немесе 9,7 %).
Елімізде мүгедектер арасында спортты дамыту бойынша спорт ұйымдары жұмыс істейді.
2003 жылы Қазақстанның Ұлттық Паралимпиада комитеті құрылды, 2011 жылы – Қазақстанның Сурдлимпиада Федерациясы, 1990 жылы – «Спешиал Олимпикс» қоғамдық бірлестігі, сондай-ақ коляскадағы би және пара-дзюдо федерациясы.
2016 жылы МСМ тарапынан 36 республикалық жарыс өткізілді.
4 жылда бір рет МСМ Қазақстанның барлық аймағынан спортшылардың қатысуымен 3 кезеңнен тұратын (аудан, облыс, республика) Мүгедек спортшылар спартакиадасы, Паралимпиада ойындарын өткізеді.
2016 жылдың қорытындысы бойынша аудандық, облыстық және республикалық 894 спорт жарысы, оның ішінде облыстарда өткізілген аудандық жарыстардың саны – 628, облыстық – 180, республикалық – 86, Астана және Алматы қалаларында 72 қалалық спорттық жарыстар өткізілген.
Аудандық және қалалық деңгейдегі 205 спорттық шара ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап өткізілді.
2017 жылдың қыркүйегінде Атырау қаласында мүгедек спортшылар арасында спорттың 11 түрінен V ҚР Жазғы спартакиадасын өткізу жоспарланған. Бұл ойындарға 1 000-ға жуық мүгедек спортшы қатысады деп күтіліп отыр.
72-тармақ. Мүгедек спортшыларды халықаралық жарыстарға даярлау және қатыстыру
2016 жылы МСМ тарапынан 37 халықаралық спорт жарысына шамамен 3000 мүгедек спортшы қатысты.
2016 жылғы 5-16 шілдеде Якутск қаласында өткен «Дети Азии» (Саха Республикасы) халықаралық спорт ойындарында біздің спортшыларымыз 4 медаль (пауэрлифтинг бойынша 2 алтын және 1 күміс, еркін күрестен 1 күміс) жеңіп алды.
2016 жылғы 7-18 қыркүйек аралығында Рио-де-Жанейро қаласында (Бразилия) XV жазғы Паралимпиада ойындары өтті. Жарыс қорытындысы бойынша спортшыларымыз бір алтын және бір күміс медаль ұтып алды.
МСМ 2016 жылы мүгедек спортшылар арасында 17 оқу-жаттығу жиындарын өткізді және 18 халықаралық жарыстарға қатыстырды.
Мүгедек спортшыларды және Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарына қатысушылардың ҚР құрама командаларының жаттықтырушыларын ынталандыру мақсатында «Халықаралық спорттық жарыстардың тізбесін, халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) жаттықтырушылары мен мүшелеріне ақшалай көтермелеу төлемдерінің мөлшерін және оларды төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1345 қаулысына өзгерістер енгізілді, яғни Паралимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің төлемдері Олимпиада ойындарымен бірдей теңестірілді.
1-орын – 250 мың доллар 4-орын – 30 мың доллар
2-орын – 150 мың доллар 5-орын – 10 мың доллар
3-орын – 75 мың доллар 6-орын – 5 мың доллар.
«Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Заңға сәйкес Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері атағын жеңіп алған спортшылардың, жаттықтырушылардың (кемінде жиырма жыл еңбек өтілі бар) 24 АЕК көлемінде материалдық қамтамасыз етуді алу нормалары және Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру нормасы көзделген.
73-тармақ. Кедергісіз орта құру жөніндегі ақпараттық бейнероликтерді орналастыру
АКМ ақпаратына сәйкес 2016 жылы республикалық және өңірлік БАҚ-та мүгедектердің құқықтарын қорғау және өмір сүру сапасын арттыру туралы 14,1 мың материалдар, оның ішінде республикалық телеарналарда – 2359 сюжеттер, республикалық баспаларда – 1870 мақала, интернет –ресурстарда – 1621- жарияланым, жергілікті басылымдарда – 8253 материал жарияланды.
Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жағдайы оның ішінде мүгедектерді қоғамдық орындарда алып жүру мәселесі бойынша роликтер «Мүмкіндігі шектеулі азаматтар», «Мен қазақстандықпын», «Жігері мықты», «Балаларға өмір сыйла» дайындалып, республикалық телеарналарда жүйелі түрде көрсетілуде.
Достарыңызбен бөлісу: |