32-тармақ. Жеке оңалту бағдарламсына сәйкес (әлеуметтік мәселелер картасы шеңберінде) өңірлердің мүгедектіктің қарқынды көрсеткіштері бойынша рейтингтерін қалыптастыру
01.01.2017 жылғы жағдай бойынша республикада 651,9 мың мүгедек өмір сүруде, соның ішінде 79,7 мың мүгедек бала. 2016 жыл бойынша мүгедектер саны 14,7 мың адамға өскен (01.01.2016 жыл бойынша 637,2 мың мүгедек), ал мүгедектердің жалпы тұрғындар санына қарағандағы үлес салмағы 3,7% құрады( 2015жыл қорытындысы бойынша – 3,6%).
Мүгедектік көрсеткіштері демографиялық көрсеткіштермен де (халық санының өсуі, өмір сүру уақытының ұзақтығы, бала туудың өсуі, халықтың өлімінің төмендеуі), ауыру көрсеткіштерімен де (87,5% созылмалы аурулар ауыртпашылығының ішінде 4 тәуекел факторы (жоғары артериалдық қан қысымы,холестериннің жоғарғы деңгейі, шылым шегу және алкоголь пайдалану) және әлеуметтік-орта жағдайларымен де (экологиялық ахуалдың төмендеуі және жанұялардың әлеуметтік берекесіздігі).
2016 жылдың нәтижелері бойынша республика бойынша алғашқы мүгедектіктің қарқынды көрсеткіштерінің 0,9-ға өскені байқалады (2015 жылы 10000 адамға 28,5 және 2016 жылы 29,4, халық саны 1 мамырға), өсу тенденциясымен жоғарғы көрсеткіштер Маңғыстау (38,8), Оңтүстік Қазақстан (34,6), Қарағанды (34,0), Қызылорда (32,0) Атырау (31,8) және Ақмола (30,4) облыстарында байқалады.
Сонымен қатар оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес әлеуметтік оңалту бойынша өткізілген іс-шаралар, әлеуметтік қызметтерді қоса есептегенде республика бойынша 67,8 % құрады.
Жоғарғы көрсеткіштер Қызылорда (96,0 %), Павлодар (90,3 %) облыстары және Астана қ. (79,8%) бойынша.
Орындаудың ең төменгі көрсеткіштері Қарағанды (43,0%) және Ақмола (51,6%) облыстарында.
Сонымен қатар, егер ым тілі маманының қызметіне әлеуметтік оңалту бойынша іс-шаралардың орындалуы – 96,8 % құраса, жеке көмекші қызметіне – 95,2%, міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге – 94,8 % құраса, тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз ету және арнайы әлеуеттік қызмет көрсету 50,7%-дан, сурдотехникалық құралдармен қамтамасыз ету - 51,3 % құрады.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде өңірлердің рейтингтік бағалары төмендегідей болады:
Қолайлы өңірлер – Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары;
10 өңірге назар аудару қажет;
Тәуекел өңірлері – Қарағанды, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстары.
Науқастанудың және мүгедектіктің алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасы денсаулық сақтаудың дамуының «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасында 2016-2019 жылдарға халықтың денсаулығына ең көп ауыртпалықпен әсер етуші ауруларды ерте анықтау бойынша ең өзекті скринингтік бағдарламаларды әрі қарай дамыту, және де олардың тиімділігіне үнемі мониторинг пен бағалау жүргізу көзделіп отыр. Өңірлер мен аудандарды жекелегендегі мүгедектік көрсеткіштері, жыныстық-жастық мінездеме Еңбекмині құрастырған Әлеуметтік мәселелер картасында көрсетілген.
33-тармақ. Протездік-ортопедиялық бұйымдардың сапасын арттыру және оларды уақтылы ұсынып отыру үшін «Республикалық протездік-ортопедиялық орталық» АҚ мен Травматология және ортопедия ҒЗИ өзара әрекеттестігі жөніндегі пилоттық жобаны жүргізу
Протездік-ортопедиялық бұйымдардың сапасын арттыру және протездік-ортопедиялық бұйымдарды мүгедектерге уақытылы ұсынып отыру мақсатында 2015 жылдан бері «Республикалық протездік-ортопедиялық орталық» АҚ (бұдан ары – «РПОО» АҚ) мен Травматология және ортопедия ҒЗИ мүгедектерді алғашқы протездеу бойынша пилот өткізді.
Пилот аясында 2016 жыл ішінде «РПОО» АҚ Петропавл филиалында Астана қ. екі пациентіне ерте протездеу жасалып, бұл ампутациялау операциясы жасалған сәттен бастап протездеуге дейінгі кезеңді 76 күннен 44 күнге дейін қысқартты.
Пилоттық жобаға Травматология және ортопедия ҒЗИ протезисттерінің тексеріп қарауы, ампутациялау операциясына дайындау, протезді таңдау мен протездеу, тұқыл күтімі әдістемесін үйрете отырып медициналық-әлеуметтік оңалту кірді.
Сондай-ақ мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек көрсетуді әдістемелік тұрғыда қамсыздандыру аясында «ДСӘДМ «Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығы» РМҚК операциядан соңғы 4 айға дейінгі кезеңде 3 мүгедектің санын протездеді.
Пациенттерге стационардан шыққаннан кейінгі операциядан соңғы кезеңде кеңестер берілді, тұқыл күтімі жөнінде ақыл-кеңестер беріліп, икемді етіп таңу компрессиялық терапиясын пайдалануға кеңес берілді. Протездеу жасалып, протезді пайдалану үйретілді.
Ерте протездеуден соңғы екі айдан кейінгі динамикада, пациенттердің айтуынша, протезді қиындықсыз (бір балдаққа таянып қозғалады) игеріп, жүру кезінде ыңғайсыздық пен қолайсыздықты сезбейді.
Пилоттық жоба нәтижесінде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражатына протездік-ортопедиялық бұйымдармен қамсыздандыру мәселесін кезең-кезеңімен кіргізу жөнінде шешім қабылданды, бұл пациенттің ерте оңалтылуына көшуге мүмкіндік беріп, пациенттің жол-бағытын қысқартады, әлеуметтік қызмет түрлерін алудағы әкімшілік кедергілерді азайтады.
34-тармақ. Медициналық-әлеуметтік сараптама жасау, оңалту және әлеуметтік қолдау бойынша мүгедектерге электронды композиттік қызметті ұсыну
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық департаменттері 2016 жылы мүгедектілікті белгілеу және әлеуметтік қорғау шараларын айқындау мемлекеттік қызметімен 244,9 мың адамды қамтыды.
2016 жылғы ақпанның 15 бастап мүгедектікті және жалпы жұмыс істеу қабылетінің жойылу дәрежесін алғашқы белгілеу кезінде куәландырылатын адам, композиттік қызметті көрсету аясында, мүгедектігі бойынша жәрдемақыны және жұмыс істеу қабылетінен айырылуына байланысты әлеуметтік төлемді тағайындау (композиттік қызмет) жөнінде МӘС бөліміне арыз бере алады.
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің (бұдан ары – ЕӘҚКК) мәліметтері бойынша композиттік қызмет көрсетіліп жатқан кезеңде 45 696 адам алғашқы рет мүгедек деп танылып, оның 33 941 жағдайында электронды форматта жәрдемақыларды тағайындауға арналған құжаттар қабылданды, бұл 74,3% құрап отыр. Проценттің ең көбі үш өңірде – Қостанай (94%), Алматы (86%) және Қарағанды (82%) облыстарында байқалып отыр.
11 755 жағдайда композиттік қызмет көрсету үшін құжаттар қабылданбаған, бұл 25,7% құрайды. Негізгі себептер мыналармен байланысты:
алғаш рет мүгедек болып танылғандар контингентінің ішінде белгілі бір зейнетақы төлемінің мөлшерін құзырлы мамандар қосымша есептеуі қажет болған зейнеткерлік жастағы адамдардың болуымен – 3 713 жағдайда
тәрбиесіндегі мүгедек-балаға жәрдемақы тағайындау үшін қамқоршылардың Мемлекеттік корпорацияның бөлімшелеріне қосымша өтініш беру қажеттілігімен байланысты алғаш рет мүгедек болып танылғандар ішінде 18 жасқа дейінгі балалардың болуымен – 5 798 жағдайда;
құжаттар пакетінің толық болмауымен – 835 жағдайда және т.б.
35-тармақ. Атқарылған зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша Тіршілік-тынысы мен денсаулықтың қызмет етуінің, шектелуінің халықаралық жіктемесінің ережелерін ескере отырып мүгедектікті белгілеу критерийлерінің балдық жүйесін әзірлеу бойынша ұсыныстар әзірлеу.
2016 жылы «Астана медицина университеті» АҚ (бұдан әрі – АМУ), 40 астам мамандардың, олардың 11 медицина ғылымдарының докторлары, 17 медицина ғылымдары кандидаттарының қатысуымен зерттеу жүргізілді. Көрсетілген қызметтердің жалпы құны 13 млн. теңгені құрады.
Зерттеу жұмысы бойынша қорытынды есепте Тіршілік-тынысы мен денсаулықтың қызмет етуінің, шектелуінің халықаралық жіктемесінің ережелерін (ТХЖ), ТХЖ енгізудің оң және теріс жақтарын, Ресей Федерациясының медициналық-әлеуметтік сараптаманың мемлекеттік мекемелерімен медициналық-әлеуметтік сараптаманы іске асыру кезінде қолданылатын жіктеменің және критерийлердің артықшылығы мен кемшіліктерін көрсетумен мүгедектікті белгілеу бойынша халықаралық тәжірибе баяндалды.
Зерттеу жұмысы шеңберінде Қазақстан Республикасында әрекеттегі мүгедектікті белгілеу жүйесі, жалпы еңбек ету қабiлетiнен айырылуына және 2013-2015 жылдардағы кезең бойынша Қазақстан Республикасында мүгедектікке алғашқы шығу көрсеткіштерінің талдауы жүргізілді.
10-шы қайта қарау халықаралық аурулар жіктемесі бойынша әрекеттегі параметрлеріне сәйкес және 60 астам нозологиялық нысандар (14 тараудың) ТХЖ ережелерін есепке алумен мүгедектікті белгілеудің негізгі критерийлері әзірленді.
АМУ жүргізген зерттеу негізінде барлық жастағы мүгедектердің және аурулардың денсаулығын, қызметтегі мәртебесін бағалау үшін Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесінде ТХЖ қолданудың практикалық аспектілері басым болып табылатыны туралы қорытынды жасалды..
АМУ оңалту іс-шараларының нәтижелігін объективті бағалауға мүмкіндік беретін тараулар бойынша медициналық оңалтудың және балдық жүйе бойынша тиімділігін бағалаудың негізгі принциптерін әзірледі.
АМУ-нің осы зерттеулерін және ұсыныстарын ескере отырып ТХЖ есепке алумен мүгедектікті белгілеудің балдық жүйесінің сандық критерийлерін және организм функцияларының бұзылу дәрежесін есептеу калькуляторының прототипін барлық өңірлерде пилоттық режимде апробациялау ұсынылып отыр.
Ол мүгедектікті белгілеуге тәсілдердің әр түрлілігін объективті бағалауға және ТХЖ есепке алумен мүгедектікті белгілеудің балдық жүйесін пайдалану бойынша проблемалық сұрақтарды анықтауға мүмкіндік береді. Мүгедектікті белгілеудің балдық жүйесін апробациялауын жүргізу барысында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық департаменттерінің ұсыныстарын ескере МӘС жүргізу кезінде практикалық пайдалану мақсатында өңдеу жүргізіледі.
36-тармақ. Егде жастағы адамдарда қанайналымы жүйесінің ауруларын, онкологиялық ауруларды, глаукоманы, қант диабетін анықтауға арналған скринингті мониторингтеу
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің «Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы» 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығына сәйкес мүгедектер оңалтудың жеке бағдарламасының негізінде мемлекеттік бюджет есебінен міндетті гигиеналық құралдармен (жөргектермен, нәжіс, несеп қабылдағыштармен) қамтамасыз етіледі.
2015 жылдан бастап міндетті гигиеналық құралдардың нормасы: жылына берілетін жөргектердің саны 480-нен 730-ға дейін, несеп қабылдағыштардың саны 12-ден 365-ке дейін, нәжіс қабылдағыштардың саны 12-ден 365-ке дейін ұлғайтылды.
2015 – 2016 жылдары осы мақсаттарға республикалық бюджеттен 5,0 млрд. теңге бөлініп, 73 мыңнан астам адамды қамтылды. 2015 жылы 34 мың адамды қамтитын 1,9 млрд. теңге игерілген болса, 2016 жылы «2016 – 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 972 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 8 қазандағы № 579 қаулымен республикалық бюджеттің нақтылануына байланысты 3,0 млрд. теңге игеріліп, 43 мыңнан астам адамды қамтыды.
Сондай-ақ, Республикалық бюджет комиссиясы отырысының 2016 жылғы 30 маусымдағы № 16 хаттамасына сәйкес 2017 – 2018 жылдары бұл мақсаттарға 7666,4 млн. теңге, оның ішінде 2017 жылы 3696,0 млн. теңге, 2018 жылы 3970,4 млн. теңге көзделген.
Жоғарыда айтылғанның негізінде, аталған бағыт бойынша жұмысты жалғастыру мүмкін деп есептейміз.
37-тармақ. Шалғайдағы ауылдарда тұратын мүгедектерге оңалту құралдарын (протездік-ортопедиялық бұйымдарды қоспағанда) үйге жеткізіп беруді ұйымдастыру
Аталған жұмысты ұйымдастыру үшін 2015 жылдың наурызында ҚР ДСӘДМ «ЗТМО» РМҚК, ҚР ИДМ «ХҚО» РМК және «Қазпочта» АҚ арасында өзара түсіністік пен серіктестік туралы меморандумға қол қойылды. ЖАО оңалту құралдарын (протездiк-ортопедиялық құралдарды қоспағанда) үйге жеткізуді ұйымдастыру бойынша нұсқаулық хат жолданған болатын.
«Нөлдік тарифтік мөлшерлеме бойынша шалғайдағы ауылдарда тұратын мүгедектерге оңалту құралдарын (протездік-ортопедиялық бұйымдарды қоспағанда) үйге жеткізіп беруді ұйымдастыру» туралы «Қазпочта» АҚ-ның 2015 жылғы 26 тамыздағы № 103 бұйрығымен облыстық филиалдарға қызмет көрсетуді қамтамасыз ету тапсырылды.
ЖАО ақпаратына сәйкес сурдотехникалық құралдарға мұқтаж 16 038 адамның 8 230-ы қамтамасыз етілді, оның ішінде 778 адамға үйге жеткізілді. Сурдотехникалық құралдарды үйге жеткізу Ақтөбе (77 адам), Атырау (20 адам), Шығыс Қазақстан (78 адам), Жамбыл (61 адам), Батыс Қазақстан (206 адам), Қарағанды (48 адам), Қостанай (8 адам), Қызылорда (18 адам), Маңғыстау (114 адам), Павлодар (64 адам), Солтүстік Қазақстан (1 адам) және Оңтүстік Қазақстан (83 адам) облыстарынжа жүзеге асырылды. .
Тифлотехникалық құралдарға мұқтаж 23 277 адамның 11 803-і қамтамасыз етілді, оның ішінде үйге жеткізумен 4 718 адам қамтылды.
Кресло-арбаларға қажеттілігі бар 17 874 адамның 11 181-і қамтамасыз етіліп, 1 485-не үйге жеткізілді.
Міндетті гигиеналық құралдарға мұқтаж 46 807 адамның 44 383-і қамтамасыз етіліп, 7 132-не үйіне жеткізілді.
Жеткізуге қажеттіліктің болмауымен байланысты Ақмола облысын қоспағанда, сурдо-, тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдарды үйге жеткізу еліміздің барлық облыстарында жүзеге асырылды. Қостанай облысында жеткізу аудандар мен қалалардың жұмыспен қамту бөлімшелері, ауыл округтерінің әкімдіктерімен де жүзеге асырылды.
Осылайша техникалық құралдарды алушылардың барлық санының 19 % бюджет, «Қазпочта» АҚ қаражаты есебінен үйге жеткізу қамтамасыз етілді.
Бұл шаралар оңалту құралдарын ұсынудың қолжетімдігін, мобильдігі мен дер кезінде жеткізілуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ мүгедектердің аудан орталығына жол жүру шығындарын қысқартуға мүмкіндік берді.
38-тармақ. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету деңгейінде егде адамдар клубтарын ұйымдастыру мониторингі
МСАК денсаулық сақтау ұйымдарында жүректің ишемиялық ауруы, созылмалы жүрек аурулары және қан тамырлары, артериялық гипертензия, егде жастағы деменция, егде және қарт жастағы остеопороз, ІІ типті қант диабеті және оның асқынулары, созылмалы асқазан-ішек аурулары, қартаюмен байланысты сезім органдарының аурулары, зәр шығарудың бұзылуы мәселелері және басқа да аурулар, үлкен жас топтың адамдарына тән ретінде негізгі бағыттар бойынша халықтың үлкен жас топтарын диспансерлеу және есепке алуды жүргізеді.
Республиканың барлық емханаларында егде жастағы адамдарға күту үшін барлық жағдайлар жасалған, күту залымен жекелеген тіркеу ұйымдастырылған (салауатты өмір салты туралы жарнамалық шығыршықтармен теледидар, жаңалықтар, ыстық шәй және т.б.). Сонымен қатар егде адамдар үшін емханада анализдерді жеке қабылдау, үйде анализдерді қабылдау ұйымдастырылған (мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін).
ҚР ДСМ-нің ақпараты бойынша әрбір МСАК ұйымында оның ішіне қарттар кіретін, бронх демікпесімен, қант диабетімен, жүрек қан тамырлары ауруларымен диспансерлік есепте тұрған, пациенттер баратын бейінді денсаулық мектебі бар.
ЖАО-дың деректері бойынша 2016 жылы қарттардың 370 клубтарын 403 МСАК ұйымының деңгейінде 63,0 мың адам барды. Келушілердің ең көп саны Шығыс-Қазақстанда (28 611 адам), Батыс-Қазақстанда (15 222 адам, Алматыда (8 629 адам) және Қарағанды облысында (6 113 адам) өткізіледі.
Сонымен қатар штаттық нормативте геронтологтар лауазымы қарастырылған («Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы» ҚР ДСМ 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығына сәйкес).
Барлық жерде егде пациенттермен емханада, дәрігерлік амбулаторияларда әлеуметтік- психологиялық жұмыс жүргізіледі. Ойын-сауық іс-шаралар өткізіледі, концерттерге, қалалық және республикалық байқауларға қатысады, атаулы датаны, туған күндер мен мерекелерді атап өтеді.
Пациенттермен салауатты өмір салтын сақтау, дұрыс тамақтану, салмақты қалпына келтіру тәсілі, қысым бойынша әңгімелесу жүргізіледі, тақырыптар бойынша фильмдер көрсетіледі, ақпараттық материалдар, кітапшалар, жадынамалар беріледі.
39-тармақ. Егде жастағы адамдарда қанайналымы жүйесінің ауруларын, онкологиялық ауруларды, глаукоманы, қант диабетін анықтауға арналған скринингті мониторингтеу
2008 жылдан бастап елімізде Ұлттық скринингтік бағдарлама енгізілді. 2016 жылы скринингтік бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде республикада 11 104 264 ересектер және балалардың мақсаттық тобы скринингтік зерттеуден өтті. Зерттеу бағдарламасын сәйкес 2016 жылы тексеру жоспарланған (6 481 329) ересек адамдардың 6 541 660 немесе 100,9 % тексеруден өтті. 2015 жылы көрсеткіш 101,2 % құрады.
Жалпы республика бойынша ересек халықтың мақсаттық топ сырқаттануының 249 920 жағдайы тіркеліп, 2015 жылдың деңгейінде сақталып, 3,8 % құрады.
Анықталған науқастардың ішінде ересек халықтың мақсаттық тобының 90,8 % құрайтын 224 741 адам диспарсерлік есепке алынды (2015 ж. – 92,0 %).
Ғылыми-зерттеу институттары мен ғылыми оратлықтардың мәліметі бойынша:
1. Қан айналымы жүйесінің аурулары (ҚАЖА) – ересек халықтың мақсаттық тобының 100,5 % құрайтын 1 458 506 адам тексеруден өтті, 106 129 адам 7,3 % науқас анықталды; анықталған науқастардың ішінен «Д» есепке 100 333 адам 94,5 % алынды.
2016 жылы жоспарланған санынан қаралғандардың жоғарғы пайызы Маңғыстау облысында – 104,4 %, төменгі пайызы Алматы мен Қостанай областарында – 99,7 %.
2. Қан диабеті (ҚД) – тексерумен 1 474 894 адам 101,1 % қамтылған, қант диабетімен ауыратын 9 486 адам 0,6 % анықталған, анықталғандар санынан 9 229 адам 0,6 % «Д» есепке алынды. Ауруларды анықтау көрсеткіші 2015 жылдың деңгейінде сақталған.
Облыстар бөлінісінде ең көп қаралған науқастар Астана мен Маңғыстау облыстарына – 104,6 %,ең төмен 99,8 %Батыс Қазақстан облысына тиесілі.
3. Глаукома – скринингтік тексеруден өткен 1 620 665 (101,6 %) адамның 0,3 % құрайтын 4 653-інде глаукомамамен ауыратындар анықталып, оның 91,4 % құрайтын 4 253-і «Д» есепке алынды.
4. Ісікалды аурулар мен жатыр мойны обыры – 100,3 % құрайтын 376 552 әйел тексеруден өтіп, 5,8 % құрайтын 21 646 науқас анықталып, оның 20 283 әйелі (93,7 %) «Д» есепке алынды.
2016 жылы облыстар бөлінісінде жатыр мойны ісікалды ауруларын алдын алу бойынша 100 % скрининг тексеру Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан; Павлодар облыстары мен Астана, Алматы қалаларында байқалады.
5. Қатерсіз ісіктер мен сүт безі обыры – жоспарланған көлемнің 99,6 % құрайтын 389 352 әйел қаралып, тексерілгендердің 25,9 % құрайтын 100 689 ауру анықталды, 85,3 % құрайтын 85 891 әйел диспансерлік есепке алынды.
6. Ісікалды аурулар мен жуан ішек обыры – 796 781 еркек пен әйелдер (101,4 %) тексеруден өтті, жуан ішектің обыр және ісікалды 1 481 жағдайы (0,2 %) тіркелді, оның ішінде диспансерлік есепке 1 870 адам (97,1 %) алынды.
7. Ісікалды аурулар және өңеш пен асқазан обыры – 317 587 еркек пен әйелдер (жоспарланғанның 99,8 %) тексеруден өтті, зерттелгендердің ішінен 0,9 % құрайтын 2 812 ауру анықталып, 96,2 % құрайтын 2 705 науқас диспансерлік есепке алынды.
8. Ісікалды аурулар мен қуықасты безі – жоспарланғанның 100,2 % құрайтын 106 946 еркек тексеріліп, зарарсыз гиперплазиясы мен қуықасты безінің обыры бар 2 294 науқас (2,2 %) анықталды.
Скринингтік тексеріс жүргізу нәтижелерін жан-жақты салыстырмалы талдау скринингтің сапалы көрсеткіштерінің жоғарылауын көрсетті.
40-тармақ. Егде жастағы адамдарға ақылы қызметтерді қоса алғанда, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді мониторингтеу
2016 жылдың қорытындысы бойынша 823 субъектілер 125 мыңнан астам өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетті, оның ішінде 47 мыңнан астамы егде жастағы адамдар:
6 мыңнан астам адам стационар жағдайында;
3,5 мыңнан астам адам күндіз болу жағдайында;
0,8 мыңнан астам адам оңалту орталықтарында;
35,3 мыңнан астам адам үйде қызмет көрсетубөлімшелерінде;
1,7 мыңнан астам адам ҮЕҰ арқылы.
Өз кезегінде, жергілікті атқарушы органдардың мәліметтері бойынша 2016 жылы ақылы арнаулы әлеуметтік қызметтер тек Астана қаласында «Астана қаласы әкімдігінің Қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесі» ММ-нің базасында 49 адамға, оның ішінде 37 егде жастағы адамдарға көрсетілді.
41-тармақ. Балалардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, олар үшін жалпы білім беретін мектептердің қолжетімділігін қамтамасыз ету
Қазақстанда инклюзивті білім беру жарияланған, ол дегеніміз барлық білім алушыларға ерекше білім қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, білім алуға тең қол жетімділікті білдіреді.
Елімізде балалардың білім алу құқықтарын 7 449 күндізгі мемлекеттік жалпы білім беру мектептері, 20 - Назарбаев Зияткерлік мектептері, 11 – халықаралық, 100 – мүмкіндіктері шектеулі білім алушыларға арналған арнайы мектептер, 111 – жеке мектептер жүзеге асырады.
Бүгінгі күні 44,8 % мектептер көтергіш құралдармен, пандустармен, санитарлық бөлмелерде арнайы құрал-жабдықтармен, арнайы парталармен және мүмкіндіктері шектеулі балаларды білім беру процесіне қосу үшін қажетті т.б. құралдармен қамтамасыз етілген.
100 арнайы мектептердің 52-і зерде бұзылыстары бар балаларға арналған, 19 - есту қабілеті бұзылған балаларға арналған, 10 - көру қабілеті бұзылған балаларға арналған, 9 - психикалық дамуы тежелген балаларға арналған, 7 - сөйлеу тілі бұзылған балаларға арналған, 3 - тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған.
Арнайы мектептерде денсаулығында түрлі ауытқулары бар 19 102 бала білім алады.
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес (бұдан әрі – ББҒДМБ) 2020 жылға дейін инклюзивті білім беруді дамыту үшін 70 % мектептерде арнайы жағдайлармен қамтамасыз ету қарастырылған (5000 мектептен аса).
Соңғы жылдары мүмкіндіктері шектеулі балаларға юілім беру үшін жағдай жасаған мектептер үлесінің тұрақты даму тенденциясы бақылануда.
Қазіргі уақытта, ББҒДМБ-ға сәйкес, аталған көрсеткіш 55 % немесе 3905 мектепті құрайды.
42-тармақ. Үйде оқитын мүгедек балалардың жеке ерекшеліктерін, мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, оқу орындарын компьютерлік техника кешенімен және бағдарламалық қамсыздандырумен жабдықтау, осы орындарды кең жолақты Интернетке қосу
Мүгедек-балаларды оқытуды ұйымдастыру үшін жағдайларды жақсарту мақсатында ББҒДМБ-мен қашықтықтан білім беру қарастырылған. Осыған орай, мүмкіндігі шектеулі балалар компьютерлік техникамен және бағдарламалық қамтамасыз етумен қамтамасыз етіледі.
2016 – 2017 оқу жылдарында елімізде компьютерлермен 2 180 мүгедек балаға сәйкес диагнозына және ата-анасының тілегі бойынша қамтамасыз етілген. Олардың ішінде басым көпшілігі Алматы (811 адам), Атырау (157 адам), Жамбыл (596 адам), Батыс Қазақстан (185 адам), Солтүстік Қазақстан (195 адам) облыстарына, ең төмені – Павлодар облысына (14 адам) келеді.
Сондай-ақ, сабақ барысында оқу жылы басталысымен 1 159 оқушылар кең жолақты Интернетке қол жеткізді және 2 562 бала жеке ерекшеліктерін ескере отырып, бағдарламалық қамтамасыз етумен қамтамасыз етілді.
43-тармақ. Көру қабілеті бұзылған балаларды ірі қаріптері және Брайль қарпі бар оқулықтармен және ОӘК-мен кезең-кезеңімен қамтамасыз ету
ББҒДМБ шеңберінде республикалық бюджеттен Брайль шрифты бойынша (көрмейтіндерге) және үлкейтілген әріптермен (көру қабілеті нашар көретін) басылып шығарылған оқулықтарды әзірлеуге қаражат бөлінді.
ҚР БҒМ қазіргі уақытта көрмейтін және нашар көретін бірінші сынып балаларына арналған оқулықтарды әзірлеу және апробациялау бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде.
2017 жылы көрмейтін және нашар көретін екінші сынып балаларына, ал 2018 жылы 3-сынып балаларына арналған оқулықтарды әзірлеу және апробациялау жоспарланған.
Сондай-ақ, Жамбыл облысында жалпы сомасы 5 млн. теңгеге көру қабілеті бұзылған 102 бала оқулықтар мен ірі қаріптері және Брайль қарпі бар ОӘК-мен қамтамасыз етілген.
Оңтүстік Қазақстан облысында 499 бала оқулықтар мен ірі қаріптері және Брайль қарпі бар ОӘК-мен қамтамасыз етілді.
Осы айтылғандарды ескере отырып, қызметкердің өтініші бойынша 43-тармағы орындалған деп саналсын және бақылаудан алынсын.
44 тармақ. Мүмкіндіктері шектеулі балаларды оңалтудың жеке бағдарламаларын даярлау мәселелері бойынша ПМПК және МӘС-пен өзара іс-қимылды ұйымдастыру және оны іске асыру.
Республика заңнамасына сәйкес, («Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі №343 заңы, «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын,оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысы, «Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 04 шілдедегі № 258 бұйрығы) кемтар балаларға баланың туғаннан бастап, кәмелеттiк жасқа толғанға дейiн, әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау жүргiзiледi.
Жергілікті атқарушы органдардың мәліметтеріне сәйкес, 2017 жылдың 1 қаңтарына, республика бойынша 57 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар қызмет етуде (бұдан әрі-ПМПК).
ПМПК-ның есебінде 144 мың. мүмкіндігі шектеулі балалар тіркелген, олардың ішінде мүгедек бала санатында - 43 695, (мүгедек балалардың барлығына бірдей оқу шектелмеген және түзеу арқылы оқытуды қажет етеді).
Аумақтық облыстарды салыстыру барысында, мүмкіндігі шектеулі балалар бойынша Қостанай облысында көрсеткіш жоғарғы деңгейде (аймақ бойынша 1000 балаға шақтағанда 53,1), ШҚО (аймақ бойынша 1000 балаға шақтағанда 43,5).
ПМПК мүмкіндігі шектеулі балаларға жеке оқу бағдарламасының ұсыныстарына сәйкес, түзетіп, білім беру мақсатында жасақтайды.
Аталған мүмкіндігі шектеулі балалардың оңалту шараларының санаттары бойынша ұсыныстар:
Жалпы мектептерде инклюзивті білім, үйде, жалпы мектептердің түзету сыныптарында, оңалту ұйымдарында білім беруге бағыттау мақсатында (арнаулы балалар бақшалары, мектеп-интернаты, логопедтiк пункттер, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерi, оңалту орталықтары);
Медициналық қызметтер көрсету (арнаулы мамандар кеңестері, медициналық қызметтер көрсететін ұйымдарға жолдау: ана мен баланы қорғау ұйымы, алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымы, диагностикалық-консультативті емханалар, медициналық оңалту орталығы, тәуелсіз құқықтық-ұйымдастыру нысаны);
Әлеуметтік және кәсіптік оңалту, оның ішінде: техникалық және компенсаторлық құралдармен жабдықтау, әлеуметтік қызметкерлердің қызмет көрсетуі және басқалары.
2016 жылдың қорытындысы бойынша республикада 126 аумақтық бөлімшелер сараптама жүргізуде, оның 16 әдістеме және бақылау, ал 110 медициналық - әлеуметтік сараптама бөлімдері.
Жыл сайын МӘС бөлімдерінде 250 мыңнан астам адам куәландырылады, оның ішінде-18 % балалар. Мүгедектердің орталықтандырылған деректер қорының мәліметтері бойынша 2016 жылы 37,5 мың бала 18 жасқа дейін «мүгедек» деп танылды, оның -32,9 мыңы 16 жасқа дейінгі «мүгедек бала» санатындағылар. 15,8 мың мүгедек балаға жеке оңалту бағдарламасының әлеуметтік және кәсіптік бөлімдері жасақталып, мүгедек болып танылғандардың 43 % құрады.
Олардың 3,5 мыңына жеке оңалту бағдарламасының - кәсіптік бөлімі: үйден оқытуға, тірек - қимыл қызметінің нашарлауы, есту, көру және сөйлеу қызметтерінің төмендеуімен, мектеп-интернаттарға, көмекші бағдарламаларымен ПМПК-ның ұсыныстарын есепке ала отырып, жасақталды.
Бұл ретте, мүгедек балалар негізінен медициналық оңалтуды қажет ететіндігін айтып өту керек, ал балаларды оқыту мәселесі жеке оңалту бағдарламасынсызда, ПМПК ұсыныстары негізінде шешіледі.
Мысалы, 2016 жылы мүгедек баларға жеке оңалту бағдарламасының 27,4 мыңнан астам медициналық бөлімі жасақталып, жалпы мүгедек балаларға жасақталған бағдарламалардың 73% құрады. ПМПК мен МӘС- тің біріге жұмыс жасауын қолдау мақсатында, аумақтарда біріккен семинар - жиындар, дөңгелек үстелдер, қызметтік кездесулер ұйымдастырылып, мүгедек балалардың мәселелері бойынша (2008 жылғы ДДҰ ұсынысы бойынша тірі туу критериін енгізу, сәби және баларар шетінеуі, туа біткен ақаулар, жүйке аурулары,балалар арасындағы психикалық аурулар, психологиялық және педагогикалық түзетулерді қажет ететін, ата- ана денсаулығы, экологиялық жағдайдың нашарлауы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар және т.б критерияларын енгізу), МӘС-ке жолдау, ПМПК қорытындыларын ескере отырып, жеке оңалту бағдарламаларын жасақтау сұрақтары қаралды.
Сонымен қатар, мамандар мүгедек балалардың құқықтарын қорғау және мүгедектер мәселесі бойынша аумақтық Координациялық кеңестерге қатысты.
Осылайша, әлеуметтік даму мақсатында мүмкіндігі шектеулі балаларды коррекциялық - педагогикалық қолдау, оның ішінде мүгедек балаларды қоғамда табысты интеграцияға қол жеткізу үшін инклюзивтік білім беруді, ПМПК-мен МӘС-тің біріге іс-қимыл жүргізе отырып қызметін жалғастыруда.
45-тармақ. Үйде, жалпы білім беретін мектептерде, арнайы (түзету) мектептерде оқитын балалар бойынша статистикалық мәліметтерді ұсыну
Облыстық ПМПК деректері бойынша 2015 – 2016 жылдар аралығында 141 821 білім беру қажеттілігі ерекше балалар анықталды, оның ішінде 3 жасқа дейінгі балалар – 6 831, мектепке дейінгі жастағы балалар – 37 818, мектеп жасындағы балалар – 97 172.
Бүгінгі күні 10 201 білім беру қажеттілігі ерекше балалар үйде оқытылады (47 бала мектепке дейінгі бала, 10 154 мектеп жасындағы бала), білім беру ұйымдарына 17 657 арнайы сыныптар мен топтар енгізілді (97 3 жасқа дейінгі бала, 4 497 мектепке дейінгі бала, 47 441 мектеп жасындағы бала), арнайы білім беру ұйымдарында 19 102 бала оқытылуда (333 3 жасқа дейінгі бала, 5 336 мектепке дейінгі бала, 13 433 мектеп жасындағы бала),
47-тармақ. МӘМ-де әлеуметтік-педагогикалық қызметтер көрсету тәсілдерін қайта қарау
2016 жылдың қорытындысы бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтермен 125 мыңнан астам адам қамтылды, оның ішінде жергілікті атқарушы органдардың мәліметтері бойынша 21 мыңнан астам адам әлеуметтік-педагогикалық қызметтермен қамтылған, 16,8 %.
Өз кезегінде Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес әлеуметтік-педагогикалық қызметтермен үш жастан жиырма үш жасқа дейінгі адамдар қамтылуға жатады.
Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар медициналық-әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік-педагогикалық қызметтерді сапалы көрсету мақсатында мыналарды ұсынады:
стационарлық үлгідегі ұйымдардағы персоналдың ең аз штаттық нормативтерін ұлғайту (логопед және психолог бірліктерін ұлғайту) (Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары);
медициналық-әлеуметтік мекемелерде қызмет алушылар санатының ерекшеліктерін ескере отырып, арнайы оқу бағдарламаларын әзірлеу және енгізу (Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары);
қызмет алушыларды стационарлық үлгідегі МӘМ-нен жартылай стационарлық МӘМ-ге ауыстыру кезінде үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға және психоневрологиялық аурулары бар мүгедектерге арналған күндіз болу бөлімшелерін кең дамыту (Қостанай облысы).
Өңірлер ұсынған тәсілдерді қарау нәтижесі бойынша ҚР БҒМ-неарнайы оқу бағдарламаларын әзірлеу туралы хат жолданды. Сондай-ақ жұмыспен қамсыздандыруды одан әрі дамыту шеңберінде 2017 жылдан бастап өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарды қамтуға бағытталған мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған әлеуметтік қызмет көрсету үйлері мен шағын бала-бақшаларды құру жоспарланған.
Сондай-ақ арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж қызмет алушыларды қамту үшін бөлімшелер жүйесін дамытуға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жүзеге асырылуда.
Бұл ретте, ең аз штаттық нормативтерді ұлғайту мәселесі бойынша штаттық нормативтер жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұлғайту мүмкіндігі жайлы түсіндірме берілді.
48-тармақ. Мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші органдардың отырыстарында инклюзивті білім беруді енгізу және дамыту нәтижелерін қарау
Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру процесіне енгізу білім беру ұйымдарында арнайы жағдайлар жасау бойынша іс-шаралар шеңберінде жүзеге асырылады.
Инклюзивті және арнайы білімді дамыту мақсатында ҚР БҒМ инклюзивті және арнайы білім мәселелерін қарастыру бойынша жұмыс тобын (ҚР БҒМ-нің 02.02.2016 ж. № 182 бұйрығымен бекітілген) құрды. Жұмыс тобының құрамына мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері енгізілді.
2016 жылғы 11 сәуірде жұмыс тобының отырысында арнайы және инклюзивті білім саласында нормативтік құқықтық базасын жетілдіру, мүмкіндігі шектеулі балаларды, оның ішінде мүгедек балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау мәселелері және т.б. талқыланды.
Сонымен қатар, инклюзивті білім беруді енгізу және дамыту нәтижелері:
Ақмола облысында 2016 жылғы 6-7 қазан, 17-18 қарашада облыстық арнайы ұйымдарының, түзету кабинеттерінің, ПМПК басшыларының, арнайы түзету мектептері басшыларының және облыстың инклюзивті мектептері өкілдерінің қатысуымен өткен консультативтік-кеңесші органдарының отырыстарында
Атырау облысында 2016 жылғы қазанда 250 адам қатысқан «Арнайы және инклюзивті білім: ғылыми көзқарас, қоғамдық пікір» облыстық ғылыми-тәжірибелік семинарында;
Шығыс Қазақстан облысында 2016 жылғы 25 ақпанда Өскемен қ. «Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледж» КММ базасында «Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін инклюзивті білімді интеграциялау» облыстық семинар өткізілді. Онда оқу жұмысы бойынша директорлардың орынбасарлары, бастауыш сыныптардың мұғалімдері, инклюзисті білім жағдайында жұмыс жасайтын педагог-пән берушілер қатысты.
Қарағанды облысында 2016 жылғы 15 қаңтарда Инклюзивті білімді дамыту жөніндегі кеңестің отырысында, 2016 жылғы 25 мамырдағы Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің отырысында;
Қостанай облысында 2016 жылғы қыркүйекте «Нұр Отан» партияның сайлау алдындағы «Жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау» бағдарламасының отырысында;
Қызылорда облысында 2016 жылғы 13 мамырда облыстық Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы кеңестің отырысында, 2016 жылғы 21 қазанда кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның отырысында, 2016 жылғы 16 қарашада облыс әкімі Қ.Е. Көшербаевтың төрағалымен өткен аппарат мәжілісінің отырысында;
Мағыстау облысында 2016 жылғы 19 желтоқсанда облыстық Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы кеңестің отырысында;
Павлодар облысында жыл сайын Мүгедектер істері жөніндегі облыстық кеңестің отырысында;
Солтүстік Қазақстан облысында 2016 жылғы 7 қазанда әкім облысы жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi комиссияның отырысында, әкімдік жанындағы мүгедектер істері жөніндегі кеңестің отырысында;
Оңтүстік Қазақстан облысында 14 ауданда «Инклюзивті білімді дамыту» тақырыбына семинар өткізілді;
Алматы қаласында 2016 жылғы 30 наурызда Алматы әкімдігінің отырысында талқыланды.
49-тармақ. Техникалық және кәсіптік білім беретін, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беретін оқу орындарында мүгедектігі бар адамдарды оқытуға квота белгілеуге арналған мамандықтар тізбесін жыл сайын нақтылау.
«Білім туралы» ҚР Заңына сәйкес, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде 1 және 2 топ мүгедектеріне, бала кезінен мүгедектерге, мүгедек балаларға квота қарастырылған.
Осыған орай, 2016-2017 оқу жылына:
Мәдениет және өнер саласында мамандар даярлау ТиКО-ға 4 квота бөлінген;
ЖОО-да күндізгі оқу бөлімінде мамандар даярлауға 233 квота бөлінген, оның ішінде ала бойынша: білім беру-37, гуманитарлық ғылымдар-7, құқық-1, өнер-2, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес-5, жаратылыс тану ғылымы-15, техникалық ғылымдар және технологиялар-104, ауыл шаруашылық ғылымы-17, қызмет көрсету-9, денсаулық сақтау және әлеуметтік камсыздандыру (медицина)-29, ветеринария-7.
Сонымен қатар, Қазақстан-Британ техникалық университетінен - 2 квота, Халықаралық информациялық технологиялар университетінен - 5 квота, Қаржы академиясынан - 1 квота бөлінген.
ЖОО –да қысқартылған сырттай оқу бөлімінде мамандар даярлауға 3 квота бөлінген.
Сонымен қатар, мамандар даярлауда жүргізілетін ерекше жағдайда білім беру қажеттілігіне білім беруге ҚР БҒМ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім үшін оқыту мерзімдері және білім беру деңгейлері бойынша кәсіптер мен мамандықтардың тізбесіне 60 мамандық енгізілген.
Мамандықтар бойынша есту мүмкіндігі шектеулі адамдарға ТиКО ның бір үлгілік оқу жоспарлары әзірленген: 1211000- Тігін өндірісі және киім моделін жасау,304000- Есептеу техникасы және программалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша); мамандықтар бойынша тәжірибелік жұмыс оқу жоспары 1304000 «Есептеу техникасы және программалық қамтамасыз ету».
50-тармақ. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерге тең жағдай мен кедергісіз қолжетімділік жасау.
Қатысушы мемлекеттер мүгедектердің білім алуға құқықтарын таниды. Осы құқықтарды кемсітусіз және мүмкіндіктерінің теңдігі негізінде іске асыру мақсатында қатысушы мемлекеттер барлық деңгейлерде инклюзивті білім беруді және өмір бойы оқытуды қамтамасыз етеді.
Білім беру нысандарына мүгедектер және халықтың ұтқырлығы төмен топтардың қол жетімділігі үшін 2012 жылдан бастап аймақтарда паспорттандыру түрінде әлеуметтік және көлік инфрақұрылым нысандарына баға беру жүргізілуде.
2016 жылы 31 нысан паспорттандырудан өтті,оның ішінде 513 нысан бейімделуге жатады, бүгінгі күнге дейін 1114 нысан бейімделген.
Барлық деңгейлерде инклюзивті білім беруге баға берудің бір индикаторы «Орта сапасы» болып саналады.( инклюзивті білім беру үшін барлық қажетті жағдайларды жасаған орта білім беру ұйымының үлесі).
Индикаторға кедергісіз ортаның сапа көрсеткіші, инфрақұрылымдардың қолжетімділігі,әлеуметтік және медициналық-психологиялық- педагогикалық сүйемелдеу,білім беру бағдарламаларының бейімділігі және бағалау жүйесі,тең құқылық атмосфера кіреді.
Аталған индикатор аумақтарды дамыту бағдарламасына енгізілген (мақсат – 2020 жылға дейін 70 мектепте кедергісіз орта жасау).
51-тармақ. Мүгедектердің білім алуы үшін жағдайлар жасалған техникалық және кәсіптік білім беретін, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беретін оқу орындарын мониторингтеу.
Қазақстанда жоғары білім міндетті болып саналмайды, осыған қарамастан білімін жалғастырып және мамандық алу үшін өте көп мектеп түлектері ЖОО түсуге ұмтылады. Жоғары білім алуды Қазақстанда 130 жоғары оқу орындары қамтамасыз етеді («Назарбаев Университеті» автономдық білім беру ұйымы-1,ұлттық-10,мемлекеттік-33,азаматтық емес-13,халықаралық-1, акцонерленген-17,жеке-55).
ҚР БҒМ 20.03.2015 жылы № 173 бұйрығымен Қашықтықтан білім беру технологиялар бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекітілген. Қағиданың негізгі мақсаты мүмкіндігі шектеулі азаматтарға білім алуға қолжетімділікті қамтамасыз ету.
Қимыл-қозғалыс және басқа да функциялардың орнын толыратын заманауи техникалық құрылғылардың пайда болуына байланысты үйде оқитын балаларға және олардың әлеуметтік ортаға енуіне қашықтықтан білім беруді дамыту арқылы сапалы білім алу мүмкіншілігі пайда болуда.
Қазіргі таңда қашықтықтан білім беру технологиялар бойынша оқыту еліміздің 42 ЖОО жүргізіледі, онда еліміздің ЖОО оқитын барлық мүгедектер санынан ( 929 мүгедек) 3,3% ( 31 мүгедек) оқиды.
Сонымен қатар, ҒБЖМБ мен келесі көрсеткіштері қарастырылған:
«Ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерге тең жағдай мен кедергісіз қолжетімділік жасаған жоғары оқу орындарының үлесін 2016 жылы 25 % жеткізу жоспарланған,2019 жылы-100% жеткізу».
«Ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерге тең жағдай мен кедергісіз қолжетімділік жасаған жоғары оқу орындарының техникалық және кәсіби білім беру үлесін 2016 жылы 20 % жеткізу жоспарланған,2019 жылы 40% жеткізу».
Техникалық және кәсіби білім беру жүйесі- бұл қоғамда одан әрі әлеуметтендіру үшін қажетті білім алатын Ерекше білім беру қажеттіліктері бар жасөспірімдерге арналған білім аясы.
2016 жылы елімізде 798 колледждердің 161-де ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерге тең жағдай мен кедергісіз қолжетімділік жағдай жасаған,яғни үлесі 20% құрайды.
Колледждерде кедергісіз қолжетімділік және сапалы білім беру мақсатында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға жағдай жасалған:
пандустары бар (132 колледж,)71 ымдау тілінің маманы,37 тифлоқұралдар, мамандар даярлау бойынша 44 арнаулы жұмыс оқу жоспарлары құрылған.
Осы колледждерде 2,5 мыңға жуық бала оқиды (Ақмола облысында – 132, Ақтөбе облысында – 114, Алматы облысында – 143, Атырау облысында – 25, Жамбыл облысында – 75, Батыс Қазақстан облысында – 112, Қостанай облысында – 143, Қызылорда облысында – 134, Маңғыстау облысында – 112, Павлодар облысында – 246, Солтүстік Қазақстан облысында – 90, Астана қаласында – 108).
2019 жылға қарай студенттерге ерекше білім беру қажеттіліктері бар тең жағдай мен кедергісіз қол жетімділік колледждер саны 322 астам бірлікті құрайды.
Баяндалғанның негізінде ҚР БҒМ министрлігіне осы бағытта жұмысты жалғастыру бойынша тапсырма беруді ұсынамыз.
52 тармақ. Техникалық және кәсіптік білім беретін, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беретін оқу орындарында мүгедектігі бар адамдарды оқытуға арналған квотаның орындалуын мониторингтеуді жүргізу
Техникалық және кәсіптік білім беру орындарында 2 464 мүгедектер оқиды, олардың 1 741 бала кезіңнен мүгедектер, 725 – 1 және 2 топтағы мүгедектер.
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы №264 қаулысына сәйкес мүгедектер үшін квота мөлшері 1% құрайды.
Мүмкіндігі шектеулі жандар келесі мамандықтар мен мамандарға оқи алады: құрылыс жұмыстары шебері, әрлеуші-сырлаушы, ағаш шебері, емдеу ісі, ауыл шаруашылығы техникасының слесарь-жөндеушісі, автомеханик, тігу ісі, киім модельдеу, аяқ киім жөндеу шебері, дизайн, музыкалық аспаптарда орындау, ақпараттық жүйелер, т.б.
Зағип жандар келесі мамандықтарға оқи алады: массаж (медициналық колледж), фортепьяно, хореография, музыкалық аспаптарда орындау (музыкалық колледж), кітапхана ісі.
Баяндалғанды ескере отырып, 52 тармақ орындалды деп, бақылаудан алынуын ойлаймыз.
53-тармақ. Сыйымдылығы шағын әлеуметтік үйлердің, әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының желісін дамыту мәселесін қарау
2016 жылдың қорытындысы бойынша 823 субьектілер 125 мыңнан астам өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетті.
Өз кезегінде, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мақсатында, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мен облыстар мен Алматы және Астана қалаларының әкімдері арасындағы облыс тұрғындарын нәтижелі жұмыспен қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау мен қолдаудың атаулылығын күшейту жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған меморандум (бұдан әрі – Меморандумдар) шеңберінде сыйымдылығы шағын үйлер желісін дамыту көзделген, оның ішінде 2016 жылы Алматы облысынан басқа барлық өңірлерде 15 сыйымдылығы шағын үйлерді ашу жоспарланған.
Осылайша, жергілікті атқарушы органдардың ұсынған мәліметтеріне сәйкес, 2016 жылы 8 ден 30 орынға дейінгі жобалық сыйымдылығы бар жалпы 4 сыйымдылығы шағын үйлер ашылды. Көрсеткішке тек 3 өңір қол жеткізді: Жамбыл (100%), Павлодар (200%) және Оңтүстік-Қазақстан (100%) облыстары.
Сыйымдылығы шағын үйлерді ашу бойынша нәтижелерге қол жеткізбеген өңірлер осы тармақтың орындалмау себептері жөнінде анықтама хаттар ұсынды.
Өз кезегінде, Меморандумдарға сәйкес 2016 жылдың орындалмаған жоспарын есепке алмағанда, 2017 жылы 15 сыйымдылығы шағын үйлерді ашу жоспарланып отыр.
54-тармақ. МӘМ-ді әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарына кезең-кезеңімен қайта құру мәселесін пысықтау
Өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарды кемсітуді болдырмау мақсатында 2015 жылы стационарлық үлгідегі МӘМ-ді арнаулы әлеуметтік қызмет алушылар санатын көрсетпей әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарына (бұдан әрі – ӘҚКО) қайта құру жоспарланған.
Осылайша, 2016 жылы 71 стационарлық үлгідегі МӘМ ӘҚКО-на қайта құрылды, ал Меморандумға сәйкес 42 МӘМ қайта құру жоспарланған болатын.
100 % орындалуды Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстары және Алматы қаласы қамтамасыз етті.
2016 жылғы жоспардан тыс орындау Ақмола, шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында байқалды. Бұл ретте, қайта құрылған МӘМ ең көп саны Шығыс Қазақстан (15 МӘМ), Қостанай (11 МӘМ), Ақмола (10 МӘМ), Батыс Қазақстан (9 МӘМ) облыстарында байқалады.
Меморандум көрсеткіштерінің орындалмауы (0%) Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарында және Астана қаласында орын алды.
Аталған өңірлердің жергілікті атқарушы органдарының мәліметтеріне сәйкес МӘМ-ді қайта құру бойынша жұмыстар қазіргі уақытта жүргізілуде. Іс-шараның атқарылу мониторингі 2017 жылы да жалғастырылады.
55-тармақ. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру
Жеке сектор субъектілері (оның ішінде, үкіметтік емес ұйымдар) ұсынатын арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетумен қамтылған адамдардың үлесі 2016 жылдың қорытындысы бойынша 5,5 % құрады (2013 жылы – 6 %, 2014 жылы – 5,4 %, 2015 жылы – 5,3 %).
Арнаулы әлеуметтік қызметтер нарығындаүкіметтік емес сектордың дамуы бәсекеге қабілетті ортаның дамуына, өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтерге қол жетімділігіне және арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж адамдардың санын төмендетуге мүмкіндік берді.
Барлығы 2016 жылы ҮЕҰ қызметтерімен 6,3 мың адам қамтылды, оның ішінде ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен – 4 421 адам, оның ішінде 2031 мүгедек-бала, 1262 егде жастағы адамдар, 861 психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектер, 181 мүгедектер және 86 адам саудасының құрбандары (2014 жылы – 5120 адам, оның ішінде ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен – 3482, 2015 жылы – 5079 адам, оның ішінде ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен – 3488).
ҮЕҰ-да мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру үшін ағымдағы нысаналы трансферттердің көлемі 2016 жылы 702,9 млн. теңгені құрады, оның ішінде жартылай стационар мен үйде қызмет көрсетуге – 679,1 млн.теңге, адам саудасының құрбандарына – 23,8 млн.теңге (2013 жылы – 625,2 млн.теңге, 2014 жылы – 576,1 млн.теңге, 2015 жылы – 586,7 млн.теңге).
ҮЕҰ ең көп саны Шығыс Қазақстан (17), Павлодар (15), Ақмола (12), Жамбыл (10), Қарағанды (7) облыстарында.
Бұл ретте, ҮЕҰ-да ең көп қызмет алушылар саны Шығыс Қазақстан (1089 адам), Павлодар (970 адам), Жамбыл (937 адам), Оңтүстік Қазақстан (766 адам) байқалды.
Ең аз ҮЕҰ саны, 1 ҮЕҰ ғана жұмыс жасайтын Маңғыстау, Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарына келеді.
Өз кезегінде, 2017 жылы үкіметтік емес секторда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру үшін 1 122,8 мың теңгені қамту жоспарлануда.
56-тармақ. Мүгедек балаларды тәрбиелеуші ата-аналарға психологиялық көмек пен кеңестер беретін онлайн-қолдау қызметін ұйымдастыру
Еңбекмині «Азаматтарға арналған үкімет» коммерциялық емес акционерлік қоғам филиалының – «Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық» дирекциясының және «Қазақстан-Ресей медицина университеті» (бұдан әрі – Университеті) қолдауымен 2015 жылдың маусым айынан мүгедек балаларды тәрбиелеуші ата-аналарға арналған психологиялық көмек және кеңес көрсетуге онлайн-қолдау бойынша жоба іске асырылуда.
Мүгедек балаларды тәрбиелеуші отбасыларға кеңес беру көмегін көрсету және мүгедек балаларды тәрбиелеуші адамдарға психологиялық қолдауды көрсету отбасы ішінде жағымды әлеуметтік-психологиялық ахуалды, психологиялық денсаулықты қалыптастыруға жағдай құру онлайн қолдау қызметінің негізгі мақсаты болып табылады.
Психиатрия, наркология кафедрасының білікті мамандары неврология, жалпы медициналық психология және педагогика курстарымен бірлесіп, психологиялық көмек және кеңес ұсынады.
Қызметін жұмысы «SKYPE» бағдарламалық қамтамасыз етуі арқылы Интернет желісін қолдануымен ұйымдастырылған
2016 жылы қорытындысы бойынша 573 отбасыға кеңес беру қызметі көрсетілді, олардың 218 өтініш білдірген ата-аналар психологиялық көмек алуға мұқтаж болды, 182 ата-аналар медициналық көмек мәселелері бойынша өтініш білдірді, 97 әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек мәселелері бойынша ақпарат алуға өтініш білдірді, 60 ата-аналар педагогикалық қызмет бойынша кеңес алуға өтініш білдірді, 59 адам өзге сұрақтар бойынша өтініш білдірді.
Жергiлiктi атқарушы органдарымен (бұдан әрі – ЖАО) жылдың басынан халыққа ақпарат жеткізу мақсатымен келесі іс-шаралар өткізілген:
Қалалық және облыстарының бұқаралық ақпарат құралдарында («Егемен Қазақстан» қоғамдық-саяси газетi, «Жаңа дәуір», «Нұр», «Вечерний Степногорск», «Новости Приишимья», «Ишим») психологиялық көмек және кеңес көрсетуге онлайн-қолдау бойынша мақалалар жарияланған;
Ақмола облысында мүгедек балаларды тәрбиелеуші әр ата-аналарға жеке мекенжайларына бұл онлайн-қолдау жүмыстарына қатысты хаттар жолданған, сондай-ақ ақпарат радиоканалдарында мерзімді хабарланады;
Павлодар облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен «Казахстан-Павлодар» және «Ирбис» телеарналарында осы мәселесі бойынша ақпаратымен шыққан;
Барлық өңірлер ақпаратты жеткізу бойынша жұмыстар өткізуде (стендтар, ақпаратты сайттарына орналастыру, қызметтін атқарып жатқан жұмытарын түсіндіру бойынша мүгедек балаларды тәрбиелеуші ата-аналармен кездесу өткізу).
Атап айту қажет, Еңбекмині тоқсан сайын Университеттің берілген деректері негізінде ЖАО-на онлайн-қолдау қызметін ұйымдастыру бойынша талдауымен және ақпаратты жеткіздіру және түсіндіру жұмыстарын күшейту керек екендігі бойынша хаттар жолданған.
Алматы облысына 78,1%, Атырау облысына 8,7%, Шығыс-Қазақстан облысына 3,4%, Оңтүстік Қазақстан облыстарына 2,4%, Қарағанды облысына 1,9%, Батыс-Қазақстан облысына 0,4%, Ақмола облысына 0,3% және Жамбыл облысына 0,3% келетінің көрсетті.
Министрлік Университет және ЖАО бірлесе мүгедек балаларды тәрбиелеуші ата-аналарға психологиялық көмек және консультация беру бойынша онлайн-қолдау қызметін ұйымдастыруды мониторингтеу бойынша жұмыстары тоқсан сайын өткізіледі.
Қызмет жұмысы «Әлеуметтік жаңғырту басымдықтарына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру» бірлескен жобасы шеңберінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасынын (БҰҰДБ) есебінен қаржыландырылады, осылайша 2016 жылға 3360,5 мың тенге қаржыландырылған, 2017 жылға 10 мың доллар жоспарланған.
57-тармақ. Мүгедектер мен егде жастағы адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын қызметкерлердің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру
2016 жылда жергiлiктi атқарушы органарының есептері бойынша Мүгедектер мен егде жастағы адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын қызметкерлердің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру бойынша 1305 маманға біліктілігін көтеруді жоспарланған.
Осылайша, 2016 жылдың қорытындысы бойынша 1363 маманға біліктілігін көтерілді. Сонын ішінде 57 адам республикалық бюджет есебінен (қаржыландыруы 385 мың тенге), 1193 адам жергілікті бюджет есебінен (қаржыландырылуы 10 млн тенгеден астам).
Өз кезегінде, Министрлікпен әлеуметтік қызметкеркерлерді оқыту бойынша: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Кадрлардың біліктілігін арттыру курсы ММ 2015 жылда 420 әлеуметтік қызметкерлерге, 2016 жылда 325 адамға оқыту жүргізілген.
- БҰҰ Даму бағдарламасының «Әлеуметтік жаңғырту басымдылықтарына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру» бірлескен жобасы шеңберінде «Medical University Center» КҚ филиалы Ұлттық балаларды оңалту орталығының базасында 105 күтім бойынша әлеуметтік қызметкерлер, дефектологтар, логопедтер, ЕДШҚ нұсқаушылары және еңбек терапия нұсқаушылары біліктіліктерін арттырды.
- 2016 жылдың қараша айында адам саудасы құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша әлеуметтік қамсыздандыру саласының мамандарына екі күндік оқыту семинар-тренингтері өткізілді. Семинар жұмысына 20 маман қатысты.
- 2016 жылдың басынан Министрлік ішкі істер органдарының, әлеуметтік қамсыздандыру, үкіметтік емес ұйымдардың мамандарына адам саудасын тоқтату және алдын-алу, сондай-ақ адам саудасы құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындаға заңнаманы түсіндіру бойынша топтық семинарларға (жылдың басынан Алматы, астана және қарағанды қалаларындағы семинарларға қатысты) қатысты.
Аталған семинарлар Қазақстандағы АҚШ елшілігінің және астана қаласындағы ЕЫҚҰ кеңсесінің қолдауымен ҚР ІІМ-мен ұйымдастырылды.
58 тармақ. Мемлекеттік қолдау шараларын пайдалана отырып, мүгедектерді нәтижелі жұмыспен қамтуға тарту
2016 жылғы «Жол картасы» бағдарламасына 6,2 мың денсаулығына байланысты еңбек етуге қарсы көрсетілімі жоқ мүгедек қатысты. Оның ішінде 5,9 мың мүгедек жұмыспен қамтылды: 4,6 мың тұрақты жұмыс орыны болса, 1,3 мың уақытша жұмыс орыны.
«Жол картасы» бағдарламасы бойынша 311 мүмкіндігі шектеулі жандар қайта даярлау курстарымен қамтылды, оның 280-і оқуын аяқтап, 83% (232 адам) жұмыспен қамтылды, оның 229-і тұрақты жұмыс орындары.
Кәсіпкерлікке баулу мақсатында 180 мүмкіндігі шектеулі жан оқытудан өтті, 491 мүгедек шағын несие алып, 156-ы өз ісін ашты. Сонымен қатар, шағын несие алушылармен қосымша 86 жаңа жұмыс орындары ашылды. «Жол картасы» бағдарламасының үшінші бағыты бойынша экономикалық әлеуеті төмен елді мекенде тұратын 19 еңбеке қабілетті жастағы мүмкіндігі шектеулі жан экономикалық әлеуеті жоғары орталықтарға қоныс аударып, 5-еуі тұрақты жұмыс орынымен қамтамасыз етілді.
Осыған орай, Павлодар облысында Павлодар қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бөлімі жолдауымен 2016 жылы Қазақстан саңыраулар қоғамы мекемелерінде 10 адам жұмыспен қамтылса, оның 7-еуі мүмкіндігі шектеулі жандар.
Сол секілді Қазақстан соқырлар қоғамы Екібастұз қалалық филиалына 20 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 17-і мүмкіндігі шектеулі жандар. Ал Жамбыл облысында 3 адам УПП КОС мекемелеріне жұмысқа орналастырылды.
59-тармақ. Жалпы орта, кәсіптік және техникалық, жоғары білім алғаннан кейін мүгедектігі бар бітірушілерді жұмыспен қамту туралы мәліметтерді ұсыну
2015 – 2016 оқу жылында:
9 сыныпты – 184,7 мың. оқушы, оның ішінде 718 мүгедек бала бітірді, сондай-ақ 453 мүгедек жұмысқа орналастырылды (Ақмола – 54, Ақтөбе – 45, Атырау – 38, Жамбыл – 23, Батыс Қазақстан – 35, Қарағанды – 27, Қостанай – 33, Қызылорда – 35, Маңғыстау – 22, Павлодар – 54, Солтүстік Қазақстан – 13, Оңтүстік Қазақстан облыстарында – 74 адам жұмысқа орналастырылды);
11 сыныпты – 104,8 мың. оқушы, оның ішінде 445 мүгедек бала бітірді, сондай-ақ 207 мүгедек жұмысқа орналастырылды (Ақмола – 25, Ақтөбе – 28, Атырау – 23, Жамбыл – 8, Батыс Қазақстан – 14, Қарағанды – 25, Қостанай – 18, Қызылорда – 25, Маңғыстау – 2, Павлодар – 31, Солтүстік Қазақстан облыстарында – 5 адам жұмысқа орналастырылды);
ЖжКБ – 113,6 мың түлектер, оның ішінде 514 мүгедек бітірді, сондай-ақ 283 мүгедек жұмысқа орналастырылды (Ақмола – 19, Ақтөбе – 30, Атырау – 27, Жамбыл – 15, Батыс Қазақстан – 4, Қарағанды – 33, Қостанай – 33, Қызылорда – 13, Маңғыстау – 51, Павлодар – 30, Солтүстік Қазақстан – 13, Оңтүстік Қазақстан облыстарында – 9, Астана қ. – 26 адам жұмысқа орналастырылды).
Достарыңызбен бөлісу: |