Батыс Қазақстан (Орал), Атырау (Атырау қаласы), Маңғыстау
(Ақтау қаласы) облыстарында мектеп оқулықтарына арналған
әдістемелік семинарлардың шеңберінде 2017 жылдың 21 қарашасынан 1
желтоқсан аралығында өткізілгенкәсіби бағдар жұмысы туралы
ақпарат
ЖОО-да кәсіби бағдар жұмысы маңызды орын алады. Ол ЖОО-ға
түсушілерді тарту үшін білім беру деңгейінің үздіксіздігін қамтамасыз ету
шеңберінде
ұйымдастырылып,
өткізіледі.
Қазіргі
уақытта
кәсіптік бағдаржұмысы айрықша
маңызға
ие
және
оқу
үдерісін
дайындаудағы
маңызды
кезеңге
айналады. Егер
кәсіптік
бағдар
жұмысы айтарлықтай нәтижеге ие болмаса, онда заманауи ЖОО бәсекеге
қабілетті бола алмайды, себебі бәсекелестіктің басты артықшылығы
студенттер болып табылады.
Сондықтан кәсіби бағдар жұмыс жүйелі түрде жүргізілуі қажет, тек
осы жағдайда ғана оның тиімділігі туралы айтуға болады. Сонымен,
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен
Қазақстан өңірлерінде жақында өткізілген мектеп оқулықтары бойынша
әдістемелік семинарлар аясында практикалық тілдер кафедрасының
профессоры Гүлмира Қажигалиева кәсіби бағдар жұмысын жүргізді.
Атап айтқанда, профессор Гүлмира Қажигалиеваның іскерлік
сапары еліміздің батыс өңірлерін қамтыды: Батыс Қазақстан, Атырау,
Маңғыстау. Профессор Гүлмира АбзалханқызыҚажигалиева мұғалімдерді,
осы семинарларға қатысушыларды Қазақстандағы алғашқы университеті
Абай атындағы ҚазҰПУ-мен таныстырды. Таныстыру барысында
Университеттің
құрылымы,
ғылыми-зерттеу,
мәдени-сауықтыру
іс-
шараларын
ұйымдастырудың
ерекшеліктерімен,
институттардағы
мамандықтар туралы жан-жақты ақпараттар берді. Мұғалімдер Абай
атындағы ҚазҰПУ-ға түсу сынды қызығушылық тудыратын сұрақтар қойды.
Әңгімелесу барысында мұғалімдерге Абай атындағы ҚазҰПУ-дың қызметі
туралы әңгімелейтін ақпараттық парақшалар, газеттер және оқуға түсу
шарттары көрсетілген т.б. материалдар таратылды.
Қазақстанның өңірлерінде кәсіптік бағдар жұмысына арналған іс-
шаралар, Абай атыныдағы ҚазҰПУ-дың институттары мен мамандықтары
туралы ақпараттар беретіндігі сөзсіз, бүгінгі күні жұмыс істейтін көп
деңгейлі білім беру жүйесінде болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндігі
мектеп бітірушілері үшін мамандық таңдауға көмектеседі, өздерінің кәсіби
жоспарларын қалыптастыруға ықпал етеді.
Бұл жұмыс практикалық тілдер кафедрасының профессор-оқытушылар
құрамының кәсіби бағдар жұмысының жалпы жоспары бойынша жүргізілді,
жетекшісі аға оқытушы Раушан Тохтамова.