«Жастар және ғылым: бүгіні мен болашағы» 71-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция аясындағыстуденттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдардың «smart nation. Kz» ғылыми марафоны Сәуір, 2018


«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»



жүктеу 10,14 Mb.
Pdf просмотр
бет47/226
Дата04.02.2020
өлшемі10,14 Mb.
#28209
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   226

 «ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»               

Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды  72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы               

Сәуір, 2019 

 

88 



 

Амантаева Балжан 

5В011400-Тарих, 1-курс 

Ғылыми жетекшісі: т.ғ.к., қауымдастырылған профессор А.Т.Қаипбаева  

ҚазМемҚызПУ 

 

 

ӘЛ-ФАРАБИДІҢ РУХАНИ МҰРАЛАРЫНЫҢ МӘҢГІЛІК ЕЛ ИДЕЯСЫМЕН 



САБАҚТАСТЫҒЫ 

 

Аннотация. Статья посвящена преемственности наследия аль-Фараби с вечной идеей современности и 



особенностям философских взглядов великого мыслителя. 

Abstract. The article is devoted to the continuity of the heritage of al-Farabi with the eternal idea of modernity 

and the features of the philosophical views of the great thinker. 

 

Әбу  Насыр  әл-Фараби  870  жылдары  Отырар  қаласында  дүниеге  келген,бойына  көптеген 

мәдениеттердің- ирандық және үнділік, гректік,арабтық және түркілік жасампаз күштерінің самалын 

сіңірген,біақ өзінің шығармашылық қуатын көпқырлы ислам мәдениетінің рухани тыныс-тіршілігінде 

іске асырған ортағасыр дәуірінің асқан ірі ойшылы болып табылады.Әль-Фараби Қыпшақ даласынан 

шыққан  ұлы  энциклопедист  ғалым,  ойшыл,  философ,  математик,  астролог,  музыка  теоретигі.Ол 

Отырар  медресесінде,Шаш,Самарқан,Бұқара,Харран,Мысыр,Халеп(Алепо),  Бағдат  шахарларнда 

білім алған. Әль-Фараби түркі ойшылдарының ең мәшһүріАристотельден кейінгі «әлемнің ІІ ұстазы» 

атанған ғұлама. Үндіні, Орталық Азияны, Орта Шығысты, Еуропаны байланыстырып тұрған қыратта 

орналасқан Иранның Еуропа мен Азияның арасындағы сауда және мәдени байланыстарда маңызды 

дәнекер  болғаны  сияқты,  қазақ  даласы  да өзінің  географиялық  орналасу  ерекшелігімен  Шығыс  пен 

Батыстың  сауда  және  мәдени  қарым-қатынасына  септігін  тигізді,  өйткені  Ұлы  Жібек  жолы  әлемге 

Әл-Фарабиді  сыйлаған  территория  бойынша  тартылып  жатқан  еді.  Яғни,  Ұлы  Жібек  жолындағы 

Қазақстан  территориясы  бойымен  тауарлар  тиелген  керуендер  ғана  жүріп  өтпей,  Сығанақ,  Тараз, 

Иассы, Баласағұн, Отырар сынды қалалар әлемге өзінің жоғары мәдениетімен және олардың даңқын 

паш ететін- әл-Фараби, Дулати, Қожа Ахмет Иасауи, Баласағұни сияқты көрнекті өкілдерімен белгілі 

болды.  Әл-Фарабидің  мұраларын  түбегейлі  зерттеу  XX  ғ.  60-жылдары  қолға  алынды.Оның 

бастамасшысы  қазақ  ғалымы,  фарабитанушыАқжан  Машанов  «оның  заманы  Ұлы  Жібек  жолының 

бойындағы  қалалардың  экономикасы  мен  мәдениетінің  дамыған  кезімен  дәл  келді»-деп  ұлы 

ойшылдың оқып-жетілуіне себеп болған алғышартты көрсетті [1,8-12 б.]. 

Ғылым  Академиясының  Философия  институтында  Фарабитану  бөлімі  зерттеумен 

айналысады.  Ғалымның  жиырмадан  астам  трактаты  қазақ  тілінде  жарыққа  шықты.  Ұлы  ойшылдың 

1100  жылдығы  ЮНЕСКО  көлемінде  аталып  өтті.  Қанша  уақыт  өтседе  ғалым  еңбектері  мен  ұлы 

ойлары  айшықтанып,ұрпаққа  қызмет  етуін  жалғастыруда.  Әль-Фарабиді  Орта  Азия  халықтарының 

көбі  өздерінен  шыққан  деп  есептеген.Алайда,  бір  қолжазбасының  аяғына  «мұны  жазған  Қыпшақ 

Фараби»  деп  қолтаңба  қалдырған.Сондықтан,  қазақ  халқы  ғұламаны  ғылыми  негізде  өздерінің 

тұңғыш  ғалымы  ретінде  мақтан  етеді.Әль-Фараби  туралы  ерте  заман  оқымыстылары  да  жазып 

қалдырған.  Араб  ғалымы  Әль-Хаукаль(Китап  Әль-Масалик,Уә-л-Намалик)атты  еңбегінде  «Әль-

Фарабидің  арғы  аталары  Тархан,Ұзлағ»  деген  дерек  келтірген.Бұлар  таза  түркілік  ұғымдар  еді.Ол 

туралы  ауызекі  аңыз  әңгіме  де  жетерлік.Соның  бірі  «Шам  билеушісі  күнделікті  жиналып  кеңес 

құратын  оқымыстыларға;  әркім  өздеріңізге  лайық  орындарыңызды  тауып  отырыңыздар  деп 

тапсырыпты.  Фараби  билеушінің  жанына  барып  жайғасыпты.Орныңа  лайықтысыңба?- 

дегенде,тақсыр  мен  70-ке  жуық  тіл  білуші  едім,  мененде  көп  білетіндер  барма  деп,  жан-жағына 

қарапты,сонда  билеуші  жетелеп  өз  орнына  отырғызыпты»  деп  аяқталатын  бұл  әңгіменің  текке 

тумағаны  белгілі.  Өйткені  Әль-Фараби  Орта  Азия,  Парсы,  Ирак,  араб  елдерін  аралап  білім 

жиды.дүниедегі барлық ілім-ғылымды бойына жинаған, зерделеген ойларын адамзатқа арнап хаттап 

қалдыра  білген  ғұлама.  Оның  философия,  логика,  этика,  математика,  тіл  білімі,  жаратылыстану, 

география, медицина, музыка ғылымдарына байланысты 164 трактаттар жазып қалдырғаны белгілі. 

Бүгінгі күні халықаралық аренада еліміз егеменді ел ретінде танылған, сол себепті«Мәңгілік 

ел» идеясын жариялаудың тарихи тамыры тереңде. «Мәңгілік ел» идеясының  көрінісі ерте кезеңнен 

басталған. Дегенмен, қазіргі күні идеяның тариxи мәселелерін ашып,айқындау маңызды болып отыр.  

Еліміздік  тәуелсіздікке  қол  жеткізу  –  қоғамның  кез-келген  саласындағы  түбегейлі 

өзгерістердің  орын  алуына  жағдай  жасады.  Осы  бағдары  айқын,  дамуы  тұрақты  жылдар  ішінде 

елімізде  толағай  табыстарға  қол  жеткізіліп,  жаңа  белестерді  бағындыра  алдық.  «Мәңгілік  Ел» 




 «ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»               

Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды  72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы               

Сәуір, 2019 

 

89 



идеясының  бүгінде  ұлттық  идеологиямыздың  негізгі  өзегіне  айналып,  қоғамның  бірігуі  мен  елдің 

тариxи санасын жаңғыртуда орны ерекше. Біздің ұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры сияқты. 

Әль-Фарабидің  философиялық  көзқарасы  да  дүние  мәңгілік,таным  болмысқа  тәуелді  және  ақыл 

парасат  құрайды  деген  үш  бағытта  зерделенді.  Қазақ  жеріндегі  «Мәңгілік  ел»  идеясының  тарихи 

бастауларының  бірі  ретінде  «Мәңгілік  Ел»  әл-Фарабидің  саяси-теориялық  философиясына  ерекше 

маңыз  беріп  атап  өтеміз.  Ортағасырлық  ойшылдың  ежелгі  грек  философиясы  мен  шығыстың 

мұсылман  ілімдерін  байланыстыра  отырып,  түркі  дүниесінің  «Мәңгілік  Ел»  философиясының 

теориялық негіздемесін жасап кеткендігін баяндауға болады. Әл-Фараби «Мәңгілік Ел» теориясының 

негізгі ережелерін «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы», «Мемлекет билеушінің 

нақыл  сөздері»,  «Азаматтық  саясат»  шығармаларында  баяндаған  [2].  Бақытқа  жету  жолында 

адамдардың  арасындағы  қайырымдылық  пен  түсінушілік,  бір-біріне  көмек  беру,  достық  пен 

бейбітшілік,  тәрбие  мен  тәлім  –  әл-Фарабидің  тұтас  әлеуметтік-саяси  теориясының  ажырамас  бір 

бөлігін құрайды. Мемлекет пен қоғамның кемелденуі туралы әлеуметтік-саяси теориясында мемлекет 

басқарушылары  мен  сол  қоғамда  өмір  сүретін  адамдардың  да  ұстануы  тиіс  мемлекетті  басқарудың 

императивтері  мен  механизмдері  көрсетілді.  Сондықтан,  бұлардың  бәрі  қазіргі  таңда  түркі  тілдес 

мемлекеттердің ұлттық құндылықтары ретінде саналуы тиіс. Әл-Фараби мемлекеттің міндетін және 

оның  ішкі,  сыртқы  міндеттерін  толық  анықтап  берген.  Сыртқы  міндеті  ретінде  мемлекеттің 

қайырымды  қала  тұрғындарын  немесе  мемлекетті  сыртқы  жаулардан  қорғау,  яғни,  күшті  қорғаныс 

ұйымдастырумен  жүктеледі.  Ішкі  міндеті  ретінде  мемлекеттің  өз  халқының  бақытқа  жетуі  үшін 

көрнекті шараларды іске асыру керек: олар – әділеттілікті орнату, халықты оқыту, керекті ғылыммен 

толықтыру,  адамгершілікке  тәрбиелеу,  қайырымдылықты  тарату  және ең жақсы  бақытқа жеткізетін 

әдеттерді  бойға  сіңіру.  Қалған  мәселелердің  бәрі  –  экономикалық  және  саяси  мәселелер  –  негізгі 

міндетке  бағынады,  яғни,  адамдардың  бақытқа  жетуі  олардың  рухани  жетілуіне  тәуелді  [3]. 

«Қайырымды  қала  тұрғындарының  көзқарасы»,  «Мемлекет  қайраткерлерінің  қанатты  сөздері» 

трактаттарында қайырымдылық пен бақыт мәселесін көтеріп,бақытқа жету жолында әрекет жасайтын 

қауым  қайрымдылыққа  икемді  деп  тұжырымдайды.  Адамдардың  көздеген  мақсатына  жетуі,  оның 

өзіне ғана байланысты деген ой түйіндейді. Адам рухани жағынан үнемі өзін-өзі жетілдіріп отыруы 

керек,адам  тек  ақиқатты  айналадағы  дүниені  танып  білу  арқылы  жетіледі  деп  ой  тұжырымдайды. 

Ғалым  этиканы  жақсылық  пен  жамандықты  ажыратуға  мүмкіндік  беретін  ғылым  деп  қарастырған. 

Адам баласы жан иесі атаулының биік шоқтығы, сондықтан да оны құрметтеу, қастерлеу керек деп 

түсіндірген.Фараби  жасаған  қорытындының  түйіні-білім,мейірбандық,  сұлулық-үшеуінің  бірлігінде. 

Фарабидің гуманистік идеалары әлемге кең таралды. Ол ақыл-ой мен білімнің биік мәнін дәріптеді. 

Қорыта  айтқанда,  өскелең  ұрпақты  бір  идеяға  жұмылдырып,  кеңінен  насихаттау  заман 

талабынан туындап отырғаны ақиқат. Өйткені, ұлтымыздың жүріп еткен, мемлекет болып қалыптасу 

жолына мән берсек тарихта ел басқарған бабаларымыз терезесі тең ел болуды армандаған. Осы жолда 

барын  салып,  келер  ұрпаққа  осы  асыл  идеяны  аманат  еткен.  Бабалар  арманы  бүгінгі  күннің 

шындығына  айналып  отыр.  Сондықтан  орындалған  бабалар  арманы  мен  «Мәңгілік  ел»  болуға 

талпыныс  жасап  отырған  егеменді  еліміз  арасындағы  тарихи  сабақтастықтың  түп  негізі  осы  да 

тұжырымда болса керек. Сонымен, көне тарихтан бастау алған, сондай-ақ, әл-Фарабидің тағлымдық 

мәні  зор    мұраларымен  жалғасқан  ұлттық  идеямыз  қазірде  тарихи  сабақтастықты  бастан  кешіріп, 

тәуелсіз  мемлекетіміздің  рухани  тұрғыдан  тұрақты  даму  ресурсына  айналып  отыр.«Мәңгілік  ел» 

идеясы  және  оның  негізгі  мақсаты  мен  міндеттері  алдымен  өскелең  ұрпақтың  санасында  берік 

қалыптасуы негізінде рухымыздың биік болуы-ұлт идеалогиясының мәңгілік діңгегі. «Мәңгілік Ел» 

идеясының пайда болуына алғышарты болып табылатын оқиғалар мен бұл ұғымның қалыптасуы мен 

даму жолын жастар оқып, біліп терең түйсініп, насихаттау және кейінгі ұрпаққа аманат етіп табыстау 

сияқты асыл қасиеттерді сіңіріп, өмірлік ұстаным ретінде әрдәйім назарға алу басты борышымыз деп 

білеміз.  

Әдебиеттер: 

1.  Машанов А. «Әл-Фараби». Алматы.«Жазушы» баспасы. 1970. 8-12-беттер 

2.  Қабылдинов З. Астана ақшамы, Тегі асыл ел тарихын түгендейді. -Астана, 2014 жыл, 10 ақпан. 

3.  Арынғазиева  Б.Б.Ғылыми  білім  беруде  «мәңгілік  ел»  ұлттық  идеясы  негізінде  ойға  ой  қосуды 

қалыптастыру үрдістері. // 

group-global.org/ru/publication/...

 

 

 



 


жүктеу 10,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   226




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау