«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»
Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды 72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Сәуір, 2019
92
Аитова Диана
Құқық және экономика негіздері
3курс/бакалавр
Ғылыми жетекшісі: т.ғ.к.,доцент А.Д.Кожабекова
ҚазМемҚызПУ
ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ҚОЛ СҰҒАТЫН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ
СИПАТТАМАСЫ
Abstract. At present, natural-human relations are characterized by the effectiveness of
anthropogenic environmental impact. Today, the main problem is the problem of protecting and preserving
environmental values. Environmental crime, which affects plants and wildlife, is a combination of
dangerous, guilty and illegal actions against flora and fauna. This set can harm not only the environmental
security of the individual, but also the environmental security of the population, society and nation, as well
as the negative impact of the sustainable development of the state.
Аннотация. В настоящее время природно-человеческие отношения характеризуются
эффективностью антропогенного воздействия на окружающую среду. Сегодня основной проблемой
является проблема защиты и сохранения экологической ценности. Экологическая преступность,
которая затрагивает растения и животный мир, представляет собой совокупность опасных,
виновных и незаконных действий против флоры и фауны. Эта совокупность способна причинить
вред не только экологической безопасности личности, но и экологической безопасности населения,
общества и нации, а также негативному влиянию устойчивого развития государства.
Қазіргі кезеңдегі табиғат пен адам арасындағы қарым-қатынас қоршаған ортаға антропогендік
ықпалдың пәрменділігімен сипатталады. Бүгінгі күні негізгі мәселе ретінде экологиялық құндылықты
қорғау және сақтап қалу проблемасы алға шығып отыр. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне қол
сұғатын экологиялық қылмыстылық өсімдіктер мен жануарлар дүниесін құрайтын құндылықтарға
қарсы бағытталған қоғамға қауіпті, кінәлі, заңға қайшы әрекеттердің жиынтығынан тұрады. Бұл
жиынтық тек қана жеке адамның экологиялық қауіпсіздігіне ғана емес, жалпы халықтың, қоғамның,
ұлттың экологиялық қауіпсіздігіне зиян келтіруге қабілетті және мемлекеттің тұрақты дамуына кері
ықпал етеді.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы Қылмыстық Кодексі экологиялық қылмыстармен
тиімді күресу үшін құқықтық негіз болып табылатын табиғатты қорғау нормаларының кең ауқымды
жүйесін қамтиды. Құқықтық қорғау объектісінің біртектілігі мен маңыздылығына сүйене отырып,
Қазақстанның қылмыстық заңнама тарихында алғаш рет Қазақстан Республикасының Қылмыстық
кодексінің Ерекше бөлімінің жүйесінде экологиялық қылмыстардың құрамын анықтайтын нормалар
топталған жеке тарауға бөлінді. Алайда, Қылмыстық кодекс «Экологиялық қылмыс» деген ұғымның
нормативтік анықтамасын бермейді. Ал бұл ұғымның тұжырымы іс жүзінде жүзеге асырылатын
көптеген мақсаттарға қол жеткізу үшін өте маңызды. Экологиялық қылмыстың жалпы түсінігіне
бірқатар белгілерге тән түрлік мағынасы жатады. Әдебиетте қылмыстық заңда көрсетілгендей,
қылмыстың жалпы белгілеріне сәйкес, қол сұғушылықтардың анықтамалары берілген. Әдетте, олар
қылмыстық іс-әрекет объектісінің анықтамасымен байланысты немесе одан туындайды. [1, 12 б.].
Экономикалық қатынастардың қылмыстылықпен байланысы жайында тек соңғы кездері ғана
айтыла бастады. Соның өзінде де толық емес, экономикадағы кейбір кемшіліктерге талдама жасау
түрінде ғана. Дегенмен ғалымдар қоғам өміріндегі кез келген проблеманың түбірі экономикалық
қатынастарда жатқандығын мойындайды.
И.И. Карпецтің пікірінше, «қылмыстылық әлеуметтік сипаты бар заңды құбылыс: оның
себептері біздің қоғамымыздың дамуындағы қайшылықтар мен кемшіліктерде жатыр» [2, 44 б.].
Сондықтан да, қылмыстылық қоғамда бар себептерден туындайды. Қылмыстылық көбейгенде ондай
іс-әрекет жасауға бұрын қатыспаған адамдар онымен айналыса бастайды, әртүрлі әлеуметтік топтағы
адамдар - әскери қызметкерлер, ғалымдар, студенттер және т.б. қылмыскерлер қатарын толтырады.
Қоғам келбеті өзгергенде қылмыстылықтың келбеті де өзгереді. Бұл жерде айта кететін бір
ерекшелік: қылмыстылық, өз кезегінде, қоғамдық қатынастарға теріс ықпал жасай алады.
«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»
Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды 72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Сәуір, 2019
93
Қылмыстылық – адамның мінез-құлқы нысандарының бірі, ал қылмыс – адамның саналы түрде
жасаған әрекеті, нақты қылығы. Адамның тұлғасын сипаттайтын қасиеттердің бәрін біліп алмай, жеке
адам қылмысының себебін немесе жалпы қылмыс себебін біліп-түсіну мүмкін емес.
Қылмыскер тұлғасы қылмыстылыққа итермелеуші әлеуметтік өмір жағдайы мен осы жағдайдың
салдарынан болған қылмыстың арасын жалғастырушы буын болып саналады.
салынған, қоғамға қауіпті іс-әрекетті кінәлі түрде жасаған адамның жеке тұлғасы. Қылмыстың
жасалу фактісі берілген жеке тұлғаны қоғамға қауіпті ретінде сипаттайды, бірақ ол оның бүкіл
мазмұнын қамтымайды және түсіндірмейді. Қылмыс жасаған адамнан, құқық бұзушылықтан гөрі
үлкен нәрсені көру керек. Әр азамат өз мемлекетімен мыңдаған өмірлік жүйкелермен байланысты,
және бұл азаматтың өз бетінше осы жүйкелердің біреуін кесіп тастауы, мемлекеттің барлық
жүйкелерді кесіп тастауына құқық бере ме? Мемлекет құқық бұзушының өзінен де адамды, өзінің
тірі бөлігін, отанын қорғауға міндетті сарбазын, сот даусына құлақ салатын куәгерін, қоғамдық
мемлекеттің азаматы ретінде санауы қажет. [3, 119 б.].
Қылмыстылық – адамның мінез-құлқы нысандарының бірі, ал қылмыс – адамның саналы түрде
жасаған әрекеті, нақты қылығы. Адамның тұлғасын сипаттайтын қасиеттердің бәрін біліп алмай,
жеке адам қылмысының себебін немесе жалпы қылмыс себебін біліп-түсіну мүмкін емес.
Қылмыскер тұлғасы қылмыстылыққа итермелеуші әлеуметтік өмір жағдайы мен осы
жағдайдың салдарынан болған қылмыстың арасын жалғастырушы буын болып саналады.
Қорытындылай келе, қылмыскердің тұлғасы - бұл қылмыстық жауаптылыққа тартуға негіз
беретін, заңмен тыйым салынған, қоғамға қауіпті іс-әрекетті кінәлі түрде жасаған адамның жеке
тұлғасы. Қылмыстың жасалу фактісі берілген жеке тұлғаны қоғамға қауіпті ретінде сипаттайды, бірақ
ол оның бүкіл мазмұнын қамтымайды және түсіндірмейді. Қылмыс жасаған адамнан, құқық
бұзушылықтан гөрі үлкен нәрсені көру керек. Әр азамат өз мемлекетімен мыңдаған өмірлік
жүйкелермен байланысты, және бұл азаматтың өз бетінше осы жүйкелердің біреуін кесіп тастауы,
мемлекеттің барлық жүйкелерді кесіп тастауына құқық бере ме? Мемлекет құқық бұзушының өзінен
де адамды, өзінің тірі бөлігін, отанын қорғауға міндетті сарбазын, сот даусына құлақ салатын
куәгерін, қоғамдық қызметтерді жүзеге асыратын қоғам мүшесін, жанұя ағасын танып көруі керек
Қазақстан Республикасының аумағындағы қолданыстағы арнайы заңдармен бекітілген жер, су,
ауа қабаты, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қоса
алғанда қоршаған ортаны,
яғни табиғатты қорғау
тәртібіне қарсы бағытталған осы тарауда көзделген қылмыстарды кінәлі тұлғалардың жасауы
экологиялық қылмыстар деп танылады.
Қылмыстылықтың себептерін зерттеу мен оның алдын алу Республикалық Орталығын құру
қажеттігін және оның бір саласы ретінде Экологиялық құқық бұзушылықтарды сараптау бөлімінің
тиімді қызметі аталмыш қылмыстылық түрімен күресті күшейтетіндігі белгілі.
Әдебиеттер:
1. ҚР Экологиялық кодексі. Алматы, Юрист, 2009.
2. Култелеев. Қазақстан Республикасының Экологиялық құқығы /Алматы 2016
3. Дубовик О.Л. Экологические преступления: Комментарий к главе. 2014. – 352 с.