«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»
Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды 72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Сәуір, 2019
86
Абдығали Жанеля
5В051000-Мемлекеттік және жергілікті басқару
2-курс студент
Ғылыми жетекші: э.ғ.к., доцент Г.А.Пернеева
ҚазМемҚызПУ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ОДАҚТАРҒА ЕНУ
КЕЗІНДЕГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІК КӨРСЕТКІШТЕРІ
Abstract. In sovereign Kazakhstan, it is a member of the Union to strengthen its international community and to
ensure national security. Conditions that affect the growth of the economy and the development of the integration
system: As the conversion of the world commodity and an increase in its production factors, it is necessary to deepen
the linkages between the countries' sustainable production products.
Аннотация. В суверенном Казахстане он является членом Союза для укрепления своего
международного сообщества и обеспечения национальной безопасности. Условия, влияющие на рост
экономики и развитие интеграционной системы. По мере конверсии мирового товара и увеличения его
производственных факторов необходимо углублять связи между устойчивыми производственными
продуктами стран.
Қазіргі таңда, экономикасы жоғары дәрежедегі мемлекеттер интеграциялық одақтар құрып,
төңірегіне басқада мемлекеттерді топтастырып дүниежүзілік шаруашылықтың дамуына елеулі үлес
қосып отыр. Егеменді Қазақстанда өзінің халықаралық қауымдастықта нығайту, ұлттық қауіпсіздікті
қамтамасыз ету үшін арнайы одақтарға мүшелік етеді. Экономиканың өсуіне, интеграциялық жүйенің
дамуына әсер ететін жағдайлар: әлемдік тауардың айырбасталуы мен оны өндіретін факторлардың
артуы болғандықтан елдер арасындағы тұрақты өндірістік өнімдерді өткізу байланыстарын тереңдете
қалыптастыру қажет. Осы байланысты қалыстастыруға қандай факторлар әсер етуі мүмкін?
Ең алдымен, тауардың мемлекеттер арасындағы қозғалысы, экономиканың дамуы үшін сауда-
саттықты стратегиялық тұрғыда жоспарлау қажет. Жоспарланған стратегияны ашық түрде
қолданатын болсақ, ол мемлекеттің сауда саясатын өз алдына, еркін жүргізе алатынын дәледейді.
Екіншіден, одаққа мүше елдер арасындағы капитал еркіндігі. Сонымен қатар, нарықтағы
валюта бағамының тұрақтылығы.
Үшіншіден, субъекті қозғалысының мәселесі. Яғни, адамдардың кедендік кедергілерге
соқтығыспай, еркін қозғалысы. Әрине, бұл, саудагерлер мен делдалдардың қозғалысын сипаттайды.
Төртіншіден, өнім туралы ақпараттың, басқада идеялардың қолжетімлігі. Бұл сұраныс, содан
соң еркін қозғалыстың негізгі факторы болып табылады. Осы факторлар негізінде, Қазақстан
Республикасы өзі мүшелік ететін қауымдастықтар (ДСҰ,ТМД, Еуразиялық экономикалық
қауымдастық, Үштік одақ т.б) арасында кедендік одақ құру, одақ тарифтерін белгілеу, ортақ
валютаға көшу мәселелерін қарастырып, оң нәтиже шығару үстінде.
Осы таңда, интеграциялық байланыстың еліміз үшін тағы бір берер пайдасы, көршілес
мемлекеттер мен Кеңес дәуірі төңірегіндегі байланысты қайта жаңғыртып, үлкен өзгеріске алып
келіп. Яғни, мұнда елдер арасындағы байланыстың нығая түсуіне, экспорт көлемінің ұлғаюына,
шығынның азаюына, сапаның жоғарылауына әсер етеді. Сол себепті, ұзаққа көз тікпей, жанымыздағы
алпауыт мемлекеттермен қарым-қатынасымызды ретке келтіруіміз қажет.
Соңғы уақытта Қазақстан мен Ресей арасында сауда әлсіздігі байқалып отыр. 2015 жылы РФ
мен Қазақстан бір-біріне қатысты азық-түлік өнімдерінің экспортына тыйым салуды бірнеше рет
енгізгендері белгілі. Саяси ұстанымдарының ұқсастығына қарамастан, сауда соғысы болмаса да,
Кеден одағы шегінде, Қазақстан мен Ресей мүдделерінің қайшы екенін жасыру қиындап барады.
Қазақстанның сауда осалдығы ДСҰ, КО және ЕАЭО аясында экспортқа шикізаттық емес өнім
шығаруға көптеген кедергілер қалыптасып отыр. Үдемелі индустриалды-инновациялық даму
бағдарламасы тұрғысынан да экспортты жылжыту мәселесінде қазіргі ұстанымды өзгерту керек.
Мысалы, осы бағдарламаны іске қосудың алдында өңдеу өнеркәсібінің үлес салмағы
шамамен 13% болған. Қазір небәрі 10%. Бірақ бұл ҮИИДБ-сы дұрыс жүргізілмеді деген сөз емес.
Осы тұста аталған бағдарламаны іске асыру барысында жіберілген түбегейлі кемшіліктерді айту
қажет.
«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»
Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды 72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Сәуір, 2019
87
Бірінші стратегиялық қателік – тау-кен өнеркәсіп секторының даму деңгейін өңдеу
өнеркәсібінің даму қарқынымен сәйкестендіру керек еді.
Екінші кемшілік – экспортқа бағытталған шикізаттық емес тауардың үлес салмағы күтілгендей
ұлғаймайды. Себебі құқықтық-заңнамалық тұрғыдан үлкен қателік жіберілді. Мысалы, қолданыстағы
Салық кодексінде қосымша құн салығын экспортшыларға қайтарып беру туралы норма бар. Демек,
Үкімет шикізат өнімдерін экспорттаушыларға ҚҚС-ны қайтарып отырды. Үкіметтің өзі ҮИИДБ –қа
қарсы экономикалық соғыс ашты. Дамыған елдерде тауар экспрттаушылар дайын, барынша өңделген
өнім шығарған жағдайда ғана ҚҚС-ны экспортшыға бюджеттен қайтарады.
Осы орайда, Бірыңғай кедендік тариф өзгеруінің ықпалына тоқталған жөн. Бұл өзгеріс КО
мүше мемлекеттеріне және экономиканың салаларына әсер еткен.
Еуропа Комиссиясы Бірыңғай кедендік тарифтің өзара саудаға және өндіріске қысқа мерзімдегі
ықпалын зерделеген.
Өзгеріске ұшыраған Бірыңғай кедендік тарифтың КО елдерінің өзара саудасына, ішкі
өндірісіне және үшінші елдерден тасылатын импортқа ықпалы.
Елдер
2010
жылдан
кейінгі
өзгерістер
Орташа адвалорлық
тариф
Үшінші елдердің
импорты
КО мүше
мемлекеттерден
импорт
Ішкі өндіріс
Ресей
-0,62
0,57%
-0,01%
-0,09%
Беларусь
-1,05
0,98%
-0,07%
0,22%
Қазақстан
3,61
-3,26%
0,6%
0,70%
Елдер
2012
жылдан
Кейінгі
өзгерістер
Орташа адвалорлық
тариф
Үшінші елдердің
импорты
КО мүше
мемлекеттерден
импорт
Ішкі өндіріс
Ресей
-0.30
0.27%
0.00%
-0.05%
Беларусь
-0.26
0.23%
-0.07%
-0.04%
Қазақстан
-0.10
0.09%
0.00%
-0.03%
Дерек көзі: Экономика интеграции: монография/ под ред. д.э.н., профессора Мадияровой Д.М. –
Астана, 2016. – 266 с. [1]
Нәтижеде КО 2010 жылы құрылғаннан кейін КО мүше үш елдің кедендік баждары әлемнің
басқа елдеріне байланысты әр түрлі өзгерген: орташа кедендік тариф Ресейде 0,62% – дықтармаққа,
Беларусияда – 1,05 п.т., ал Қазақстанда кедендік тариф орташа 3,6 п,т өскен.
Нақты елдік интеграцияны бағаласақ, онда тұтас кеңістікте сыртқы және ішкі сауданың
дамуын, байқалған үдерістерді және осылардың негізінде нақты интеграцияның дәрежесіне мән беру
керек. Үштік одақтың нығаюына, еліміздегі ұлттық өндірушілер мен тұтынушылардың мүддесін
қорғауға мән беруіміз қажет. Осы нәтижеге қол жеткізген Қазақстан ғана, басқа мемлекеттермен,
одақтармен тікелей көшбасшы ретінде байланыса алады.
Мемлекет пайда болғаннан бастап өзінің тәуелсіздігін сақтау жйне сырттан агрессияға жол
бермеу арқылы ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Халықаралық қатынастарда өзара әсер етудің
нығаю кезінде немесе жаһандану жағдайында барлық байланыстардың бір-біріне тәуелділігінің өсуі
аймақтық және халықаралық қауіпсіздік мәселесін бірінші орынға қояды. Оған жетудің бірден-бір
жолы – ел тыныштығы, халықтар татулығы мен қауіпсіздіктің нығаюы.
Әдебиеттер:
1. Экономика интеграции: монография/ под ред. д.э.н., профессора Мадияровой Д.М. – Астана,
2016. – 266 с.
2. Тарифные обязательства Казахстана по ВТО: сайт Национальной палаты предпринимателей
Казахстана:
http://palata.kz\ru\pages\143
3. Экономикалық интеграция аясында Қазақстан сауда осалдығының кейбір ерекшеліктері/
А.А.Рахимбаева// «Тұран» университетінің хабаршысы. – 2017. - № 1. -34-40 б.