«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»
Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды 72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Сәуір, 2019
94
Амирканова Айдана Ержановна
5В090500-Әлеуметтік жұмыс
Курс 1
Ғылыми жетекшісі: Қосдаулетова Сандуғаш
КӨП БАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАР ЖӘНЕ БАЛАЛАРДЫҢ ӨМІРЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ:
ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕ РЕТІНДЕ
Аннотация. В данной статье рассмотрены основные социальные, экономические проблемы
многодетных семей, которые являются актуальными в современном обществе.
Abstract. This article describes the main social and economic problems of large families, which are
relevant in modern society.
Қазіргі ХХ ғасырдағы Қазақстан қоғамынның негізгі проблемаларының бірі халықтың
демографиялық көрсеткіші болып отыр. Осыған байланысты қоғамда көптеген әлеуметтік
мәселелерді шеше білу мемлекет пен қоғамның басты мақсаты десек болады. Жекелеген
шаңырақтардағы балалар саны бірқатар жалпы және жеке себептерге, атап айтқанда, елдің
экономикалық
даму деңгейіне
, халықтың
тұрмыс
деңгейіне, оның біліміне, әйелдердің өндіріске
тартылуына, отбасының әлеуметтік қамсыздандырылуына байланысты аз не көп болады. Осы
себептерге байланысты отбасында бала санының 4 немесе одан көп болуы ол отбасының көп балалы
отбасына жататындығын көрсетеді. [1, 254 б]
Көп балалы отбасы – береке-бірліктің үйлескен жері. Адамзат тарихында есімі елге танылған
тұлғалардың көпшілігі көп балалы отбасында дүниеге келген. Қазір көп балалы отбасын көрсек, таңдай
қағып, таңқаламыз. Көпшіліктің көкейінде оның бәрін қалай асырайды деген сауал туындайды. Артынша
«Әр баланың өз несібесі бар» деп жатамыз, оның оқуы, жоғары білім алуы баспанамен қамтамасыз етілуі
– әрбір отбасының негізгі проблемасы.
[5, 36 б]
Біз батыстағы еуропа халқынан, шығыстағы қытай жұртынан әлдеқайда бақыттымыз.Бізде әр ата-
ана оншақты тіпті одан да көп, шектеусіз бала сүюге құқығы бар. Ал, қытайлықтар 1971 жылдан бастап
«Бір бала-бір отбасы» заңы күшіне енгеннен бастап көп балалы отбасы болу бақытынан айырылды.
Еуропаға бұл қауіп төнбесе де, басқа да факторларға (бір жынысты неке, азаматтық неке, ажырасу)
байланысты болып отыр.
Көп балалы болудан көпшілігі неге қорқады? Ол балаларды ертең асырай аламыз ба? Таршылық
көрсетпей өсіре аламыз ба?-деп қорқады. Әрине қорқыныштары орынды. Бала санының көп болуы
маңызды емес. Дегенмен де бір немесе екеумен шектелген де дұрыс болмас. Одан соң сан болған соң,
сапасының да болуын қадағалаған жөн.
Бала туған кезде бір жолғы жәрдемақы: 2019 жылы бірінші, екінші, үшінші балаға арналған
жәрдемақы 95 950 теңге. Төртінші және одан кейінгі балаларға 159 075 теңге. Бала бір жасқа
толғанша әлеуметтік қолдау Бұл төлем жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін аналарға беріледі.
Егер баланың анасы жұмыс істемесе, онда бала өмірге келген сәттен бастап бір жасқа толғанға дейін
жәрдемақы тағайындалады. Бұл төлем ай сайын беріледі. Жәрдемақы сомасы 14 544-тен 22 473 теңге
аралығында. Соңғы үш жылда аталған жәрдемақы көлемі 19 пайызға артты. Егер де баланың анасы
жұмыс істеп, сол үшін әлеуметтік аударымдар жасалса, оған Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру
қорынан әлеуметтік төлемдер бөлінеді. Жүктілік пен босану бойынша төлемдердің мөлшері соңғы 12
айдағы әйелдің орташа айлық табысына байланысты. Өткен жылы осындай төлемнің орташа көлемі
391 170 теңгені құрады. Соңғы 2 жылда орташа айлық табыстан 40 пайыз мөлшеріндегі бір жасқа
дейін баланы күтіп-бағуға арналған төлем. Жұмыс істейтін әйелдердің құқықтары мен кепілдіктері
Мысалы, экономикалық себептер бойынша штатты қысқарту, жұмыс көлемін төмендету негізінде
еңбек шартын бұзуға жол берілмейді. Бұл тұрғыда жұмыс берушіге жүктілігі туралы анықтама
ұсынған аяғы ауыр әйелдерге, сондай-ақ үш жасқа дейінгі баласы барларға және 14 жасқа дейінгі (18
жасқа дейінгі мүгедек баласы бар) жеткіншектерді тәрбиелеп отырған жалғыз басты аналарға
қатысты. «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын
алған, «Ана даңқы» І және ІІ дәрежелі ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға ай сайын
мемлекеттік жәрдемақы төленеді. Жәрдемақы өмір бойы беріледі, яғни зейнетақыға шыққаннан кейін
де тоқтамайды. Жәрдемақы оның табысына қарамай тағайындалады. Қазір ол 16 160 теңге (6,4 АЕК)
және жыл сайын инфляция деңгейіне индекстеледі. Бұл жәрдемақы ең төменгі күнкөріс деңгейіне
байланбайды. «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» алған көп балалы аналар көлік және жер салықтарынан
«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»
Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды 72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Сәуір, 2019
95
босатылады. Тұрғылықты жерін тіркеу кезінде нотариалдық әрі заңнамалық маңызды іс-қимылдарды
жасау кезінде, төлқұжат пен жеке куәлікті алу шараларында мемлекеттік баж төлемейді. Төрт және
одан артық кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларға арнайы мемлекеттік жәрдемақы төленеді.
Бес баланы дүниеге әкелген аналар және оларды 8 жасына дейін өзі тәрбиелегендер 53 жаста
мерзімінен бұрын зейнетке шығады. Аз қамтылған отбасыларға атаулық әлеуметтік көмектің жаңа
тәртібі: Көмек көрсетудің өлшемдері ең төменгі күнкөріс деңгейінен 40 пайыздан 50 пайызға дейін
ұлғайтылды. Жаңа форматта беріледі және ақшалай төлеммен қатар, әлеуметтік қызметтер ұсынады.
Жұмысқа тұру, оқыту, шағын несие беру мен өзге де шаралар қамтылған. Мүмкіндігі шектеулі
балалары бар отбасыны қолдау: Мүмкіндігі шектеулі жеткіншектерді қолдау шаралары 16 жасқа
дейін ай сайын 41 578 теңге сомасында жәрдемақы төлеуді қамтиды. 16-дан 18 жасқа дейін
мүгедектік тобына қарай: бірінші топқа - 57 021 теңге; екінші топқа - 47 220 теңге; үшінші топқа -
35 638 теңге; Кәмелет жасына жеткенше дейін мүгедек баланы тәрбиелеп отырған адамға жәрдемақы:
2019 жылы жәрдемақы көлемі 31 183 теңгені құрады. 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап Мемлекет
басшысының тапсырмасы бойынша 18 жастан асқан бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтімі
үшін жәрдемақы енгізілді. Балалар техникалық қосалқы құралдармен (протездік-ортопедиялық
көмек, сурдо-тифлоқұрал), арнайы қозғалыс жабдықтарымен, шипажайда емделумен және міндетті
гигиеналық құралдармен қамтамасыз етіледі. Асыраушысынан айырылған отбасыны қолдау:
Асыраудағы бір адамға 25 541 теңгеден бастап, алты және одан көп балалар болған кезде 62 663
теңгеге дейін. Егер де асыраушы адам жұмыс істесе, онда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру
қорынан қосымша төлемдер ескерілген. Жасы 1-ден асқан балаларға жәрдемақы төленуі мүмкін Бала
бір жасқа толғаннан кейін де көмек көрсету үшін жас шегін ұзартуға, сонымен қатар жәрдемақы
көлемін арттыруға қатысты ұсыныс енгізілмек. Яғни, балалары бар отбасыларға берілетін
жердемақының қолданыстағы жүйесіне сәйкес, бала 1 жасқа толғанға дейін жөргекпұл алады. Оның
көлемі отбасыдағы бала санына байланысты теңгерімді болмақ. 6 ақпан күні Мемлекет басшысының
тапсырмасымен ҚР Үкіметінің жанынан еліміз азаматтарының табысын арттыру, тұрмыс сапасын
жақсарту, сондай-ақ көпбалалы отбасыларға қолдау шараларын күшейту жөніндегі жұмыс тобы
құрылды. Сондай-ақ, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова ҚР
Үкіметінің жанынан құрылған ел азаматтарының табысын арттыру, тұрмыс сапасын жақсарту,
сондай-ақ көпбалалы отбасыларға қолдау шараларын күшейту жөніндегі жұмыс тобы аясында
көпбалалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету мәселесі ерекше қарастырылатындығын айтты.
Демография Соңғы 10 жылда бала туу көрсеткіші 10 пайызға өсті. 2008 жылы 356,6 мың бала; 2018
жылы 391 мың бала дүниеге келді. [4]
Көп балалы анаға берілетін жәрдемақы тағайындау кезінде ҚР-да тұрақты тұратын
шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар ҚР-ның азаматтарынмен бірдей жәрдемақы алу құқығын
пайдалана алады. Көп балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы заңға шолу
жасап өтсек, аталған заңның «Көп балалы анаға берілетін жәрдемақыны тағайындау және төлеу»
бойынша 9-бабында нақты атап көрсетілген. Осы заңның күші сонымен қатар ҚР-да тұрақты
тұратын азаматтарына және оралмандарға да қолданылады.[5, 36 б]
Қорытындылай келсек, халқымызда «Бір қозы туса, бір топ жусан артық шығады» деген
мақал бар, алайда өмірге келген әр бала ҚР-ның азаматы болғандықтан мемлекеттің қолдауын қажет
етеді. Егер туылған бала көп балалы отбасынан болса онда бұл мәселе одан да күрделірек болуы
мүмкін. Яғни отбасының әлеуметтік, экономикалық жағдайының төмен болмауы үшін мемлекеттік
жәрдемақылардың қажеттілігі арта түседі.
Әдебиеттер:
1. Биекенов К.У., Биекенова С.К., Кенжакимова Г.Ә. Әлеуметтану тарихы: оқу құралы.
Алматы, 2010. -338 б.
2. Маульшариф М. Әлеуметтану. –Алматы: «Қазақ университеті», 2010, -198 б.
3. Әлемдік әлеуметтану антологиясы. 10 томдық. –Алматы: «Қазақстан», 2008.
4. ktk.kz
5. Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы N 63 Заңы.